Экономические науки/12.Экономика сельского хозяйства.
Капанова Ш.А. Бекешева Д.А.
Қорқыт Ата атындағы
ҚМУ «Қаржы» кафедрасының аға оқытушылары,
Қызылорда қаласы
Аймақтағы аграрлық өндірістегі маркетингтік
қызметтің ұйымдастырылуын талдау
Қызылорда
облысының АӨК-де маркетингтік қызметтің дамуы
үшін біршама алғышарттар қалыптасқан. Бұл,
бастапқы ретте аймақтың аграрлық секторында еркін
кәсіпкерліктің дамуы, көпқырлы экономиканың
қалыптасуы, бәсекелік орта мен аграрлық нарықтың
пайда болуы және оның инфрақұрылымының дамуы
болып саналады.
Қазіргі
таңда ішкі нарық ресурстар мен уақытты үнемдеуді талап
ете отырып, әрбір аймақтық бірліктердің алдына мал
шаруашылығы саласындағы әрбір қатысушылардың
қызметін үйлестіру міндетін алға қояды. Мұндай
жағдайда ең бастысы аймақтық бірліктер арасында
тығыз экономикалық байланыстар орнату, яғни шикізатпен
қамтамасыз ету, дайын өнім өндіру және т.б
қызметтер көрсету болып келеді. Расында, мұндай нарықтық
қатынастар жағдайында әрбір ауданның мал
шаруашылығы өнімдерін өндіру, өткізу қызметтерін
басқаруда маркетингтік қызметті кеңінен
қолданудың мұқтаждығын айқындайды.
Сонымен
қатар, аймақтың АӨК-дегі маркетингтік қызметтің дамуын бағалау
нарықтық қатынастарды дамытудың негізгі тірегі болып
табылады, бұл өз кезегінде оның бәсекелік
қабілеттілігін жоғарылатуға және мал шаруашылығы
өнімдерінің өткізу жүйесін тиімді
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әрі мұндай
жағдайда ең маңыздысы - маркетингтік қызметтің
ғылыми негізделген, әрі тиімді әдісін қолдана білу
және де әрбір аймақтардың дамуын анықтау
негізінде маркетингтік қызметті ұйымдастыру мүмкіндігін
бағалау керек. Бірақ, Қызылорда облысының АӨК-де
маркетингтік қызметті дамытудың негізгі бағыттарын
анықтау үшін аймақтардағы қалыптасқан
құрылымдық өзгерістерге терең зерттеулер
жүргізу және олардың тиімділігіне бағалау жасау
қажет болды.
Қызылорда
облысында Кеңес дәуірінде Қазақстанның
басқа да аймақтары секілді жалпы кеңестік мүддеге сай
ауыл шаруашылығы құрылымдары құрылған
болатынын айтып кеткен болатынбыз. Бірақ айта кететін жәйт, ауыл
шаруашылығы саласының көптеген кәсіпорындары негізінен
бұрынғы шаруашылық байланыстардың ыдырауынан
экономиканың басқа салаларына қарағанда қатты
құлдырауға ұшырады [1].
Облыстық
статистика басқармасының мәліметтері бойынша ауыл
шаруашылығы өндірісінің құлдырауы 1990 жылдан
басталып, айрықша 1993-1995 жж. күшейді. 2004 жыл ауыл
шаруашылығы өндірісінің тұрақталу
кезеңінің басы болды, ал 2004 жылдан бастап барлық аудандарда
біршама экономикалық өсу беталыстары байқалды.
2000 ж.
қарағанда 2001 ж. ауыл шаруашылығы өнімі көлемі
артқанымен, бұл барлық аудандар үшін
тұрақталу кезеңінің басы болып саналмайды.
Мәселен, 2004 ж. барлық әкімшіліктер мен аудандарда құлдырау
біршама тоқтатылды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі
көлемінің серпінін талдау ауыл шаруашылығы
өндірісінің, АӨК-нің дамуы жалпы
тұрақталғандығын көрсетті. Мал шаруашылығы өнімдері
және оны қайта өңдеу өнімдері өндірісінің
ұлғаюында оң қозғалыстар байқалуда.
Азық - түлік импортының деңгейі төмендеуде, ауыл
шаруашылығы техникасы және жабдықпен жарақтандыру
өсуде. Сонымен бірге, аграрлық саланың деңгейі
әлі қанағаттанарлық жағдайда емес.
Аймақтың мал шаруашылығы өнімдерін өндіру
ұсақ және технологиялық жағынан жетілмеген.
Аграрлық саланың негізгі құрал - жабдықтарын
жаңарту қажет. Аграрлық саланың бәсекелік
қабілеттілігін қамтамасыз ету, аграрлық өндірісті
индустриаландыруға және АӨК өнімінің негізгі
түрлері бойынша оның тиімді өсуіне негізделген және
тұрақты дамуын болжайды.
Агроөндіріс
кешенінде маркетингтік қызметті жетілдіру үдерісі белгілі себептерге
байланысты өте баяу жүруде. Бұл алғашқы ретте
агроөндіріс кешенінің экономиканың басқа салаларына
қарағанда өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып саналады.
Агроөндіріс кешенінде маркетингтік қызметтің баяу дамуына
әсер етуші мәнбірлер бұл біріншіден, ұлттық
экономиканың ең монополиясыз саласы бола отырып, мал
шаруашылығы өнеркәсіп
саласының азық - түлік тауарларын өндірушілері
тарапынан тұрақты баға үстемдігін көріп отырады.
Бір жағынан, барлық дамыған елдерде өндіріс
құралдары мен өндірістік қызметтерге деген
бағалардың өсуі мал шаруашылығы өнімдерінің
бағасының өсуінен артық болады. Бұл өз
кезегінде мал шаруашылығы өндірушілерінің олардың
табыстарымен салыстырғанда шығындарының өсуіне
әкеледі. Екінші жағынан, өңдеуші және сауда
кәсіпорындарының монополиясы мал шаруашылығы өнімдерін
өткізу үшін қолайсыз жағдайларды қалыптастырады.
Мұның нәтижесінде, өткізілген бір бірлік тауарға
есептегенде оның өндірушілерінің абсолютті және
салыстырмалы түрде табыстарының қысқару үрдісі
байқалады.
Екінші
мәнбір - ауа райының өзгерісіне байланысты мал
шаруашылығы өндірушілерінің табысының
тұрақсыздығы. Мысалы, аймақта бес жылдың екеуі
қолайсыз болып табылады, бұл орташа жылдық көрсеткіштермен
салыстырғанда табыстардың едәуір айырмашылығына алып
келеді. Сонымен қатар ауа
райының өзгерісі ішкі
азық - түлік нарығына тұрақсыздандырушы
әсерін тигізеді, яғни тауарлар бағасының
өзгерісіне әкеледі.
Үшінші
мәнбір – азық - түлік тауарлары мен мал шаруашылығы
өнімдері нарығының тұрақты ашықтығы
және осыған байланысты экономиканың жаҺандануы
және әлемдік нарықтардың интернационализациясы
жағдайында отан өндірушілерінің бағалық
үстемдік көруі.
Нарықтық қатынас жағдайында
меншік түрінің өзгеруі, басқару жүйесін
қайта құру, агроөндіріс кәсіпорындарының
экономикалық дербестігіне мүмкіндік туғызды.
Осы жағдайларда ерекше орынды маркетинг алады.
Мал
шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінде
нарыққа қайта бағдарлану үрдісі жүріп
жатыр. Бүгінде агроөндірістік кәсіпорындарда
коммерциялық қызметпен айналысатын және маркетингтің
кейбір қызметтерін орындайтын (яғни клиенттерді іздеу,
бағаларды талдау, жарнама) арнайы бөлімшелер құрылды.
АӨК
кәсіпорындар маркетингтік қызметті дамыта отырып
мамандандырылған ұйымдармен қарым - қатынастарын
жөнге келтіруде. Маркетингтік қызметтер нарығында нарықты
зерттеу саласы бойынша тәжірибесі бар ұйымдар пайда болды.
Қазірде
мал шаруашылығы құрылымдарында әртүрлі меншік
нысанындағы және әртүрлі ұйымдастырушылық
құрылымдарда маркетинг жүйесі әртүрлі
құрылған.
Әлдеқайда ірі мал шаруашылығы кәсіпорындарында
маркетинг бүкіл өндірістік - өткізу қызметінің
негізі болып саналады. Маркетингті әртүрлі дәрежеде,
әртүрлі нысанда барлық мал шаруашылығы
кәсіпорындары қолданып отыр.
Мал шаруашылығы
кәсіпорындарында маркетингті басқару жүйесінің
тиімділігін бағалау үшін сауалнама жүргізген болатынбыз.
Маркетингті басқару тиімділігін бағалау объектісі ретінде Қызылорда обылысының өнеркәсіп
саласы типіндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындары кірді. Зерттеуге
маркетинг бөлімі мен маркетинг қызметтерін орындайтын 5
кәсіпорын қатысты. Олар:
«РЗА» акционерлік қоғамы (Қазалы ауданы), «Шөгірлі»
шаруа қожалығы (Қызылорда
қаласы), «Мырзабай» шаруа қожалығы
(Жаңақорған ауданы), «Алиакбар Ата Агро» шаруа
қожалығы (Сырдария ауданы) және «Сәрсенбек» шаруа
қожалығы (Шиелі ауданы). Сауалнама сұрақтары
маркетингті басқарудың әрбір бағыты бойынша,
яғни қызметті
басқару, функцияны басқару, сұранысты басқару
бағыттары бойынша берілді. Талдау нәтижесі бойынша 20%
кәсіпорынның маркетингтік
басқару жүйесіне ие екендігі, 30% басқару жүйесі орташа
деңгейде және 50% дейінгі кәсіпорындардың төмен
көрсеткіштерге ие екендігі анықталды (Кесте 12).
Әртүрлі
кәсіпорындарда қызметкерлер саны әртүрлі және бір
жүйеге келмейді. Кәсіпорындарда маркетингті басқару
тиімділігінің деңгейі тауарлық өнімнің өсу
қарқынына әсерін тигізеді. Әрине басқарудың
маркетингтік факторы мал шаруашылығы кәсіпорынының
өндірістік - экономикалық көрсеткішіне әсер ететін
жалғыз фактор емес.
Кесте 1
Маркетингті
басқару қызметінің тиімділігін
бағалау үшін жүргізілген сауалнаманың нәтижелері
|
Сауалнама сұрақтары |
Сауалнама нәтижесі, % |
|
Жоғары басшылықпен бекітілген нарықтық
стратегияға ие кәсіпорындар |
46 |
|
Нарықтық стратегияда көрсетілген мақсатттар
түрі - нарықтық мақсаттар - экономикалық мақсаттар - сатып алушылармен өзара қарым - қатынасты
ұйымдастыру - тауар таңбасының танытымы |
46 38 9 7 |
|
Кәсіпорын сатып алушыларын - рангілеу көрсеткіштері белгілі кәсіпорындар - рангілеу көрсеткіштері белгісіз кәсіпорындар |
15 84 |
|
Маркетингтік қызметті басқару басымдылығына ие кәсіпорындар |
23 |
|
Құрылымдық бөлімшелер тарапынан
ақпараттардың ұсынылу жылдамдығы мен жеткіліктілігіне
ие кәсіпорындар |
30 |
|
Маркетинг қызметтерін атқаруға қатысуы және
жауапты болуы тиіс маркетингтік бөлімдерге ие кәсіпорындар |
23 |
|
Сатып алушыларды кәсіпорынға бағыттайтын себептер мен
көрсеткіштер маңыздылығына қарай - баға деңгейі -жеңілдіктер жүйесі -төлем нысандары мен түрлері |
46 31 23 |
|
Нарықтық стратегияны жүзеге асыру тиімділігін арттыру
үшін жасалатын шаралар -құрылымдық бөлімшелердің жұмысын
жақсарту -маркетинг бөлімі мен өнім өткізу
қызметінің тиімділігін арттыру |
69 30 |
|
Маркетингті басқару қызметінің тиімділігіне ие
кәсіпорындар -жоғары басқару жүйесіне ие кәсіпорындар -орташа деңгейдегі басқару жүйесіне ие кәсіпорындар
-төмен көрсеткіштерге ие кәсіпорындар |
23 30 47 |
|
Е с к е р т у -
жүргізілген сауалнама нәтижесінде авторлармен
жинақталған |
|
Мал
шаруашылығы кәсіпорындарында маркетинг қызметін
құру мүмкіндігін бағалау және маркетинг
бөлімін ұстау шығындарын (жылына 5 - 10 мың доллар)
есепке ала отырып, сондай-ақ шаруашылықтардың тауар айналымы
көлемдерін салыстыру арқылы Қызылорда облысының
барлық аудандарын топтастыру жасалды.
Маркетинг
қызметін өз бетінше құру мүмкіндігінің
жоғарғы үлесіне ие, яғни мемлекет тарапынан
көрсетілетін көмектің төмен пайызын қажет ететін
шаруашылықтар үшінші топтағы аудандар қатарына енеді.
Бұл аудандарда мал шаруашылығы өндірісіне маркетингті ендіру
үшін жақсы жағдайлар қалыптасқан. Ал қалған аудандарға
жоғары дәрежеде мемлекет қолдау көрсетуі тиіс,
яғни бұл орталықтандырылған маркетингтік
орталықтар және ақпараттық - кеңес беру
қызметтерін құру арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Талдау нәтижесі бойынша, 3 топқа топтастырылуы қажет
Қызылорда аудандарын тек 2 топқа топтастыра алдық (кесте 2). Өйткені,
мемелекеттік қолдауды төмен пайызда қажет ететін және
маркетингтік қызмет көрсету орталықтары толығымен
қызмет ететін аудандар (3 топқа енетін) облыс көлемінде
әлі күнге дейін қалыптасқан жоқ.
Кесте 2
Қызылорда
облысының 2012 жыл бойынша агроқұрылымдарын маркетинг
қызметін ұйымдастыру
әлеуеті бойынша топтастыру
|
Аудандар мен қалалар |
Шаруашылықтардың саны |
Зиянды шаруашылықтардың
үлес салмағы (%) |
Тауар айналымының көлемі бойынша
шаруашылықтарды топтастыру (%) |
Өндірілген өнім көлемі,
млн.тенге |
||
|
50 млн. тенгеге дейін |
50 млн - 150 млн |
150 млн. Жоғары |
||||
|
І топ |
||||||
|
Жаңақорған ауданы |
793 |
20 |
87 |
13 |
- |
3373,5 |
|
Қармақшы ауданы |
213 |
15 |
90 |
10 |
- |
2398,5 |
|
Қазалы ауданы |
313 |
17 |
88 |
12 |
- |
2647,1 |
|
Арал ауданы |
244 |
25 |
98 |
2 |
- |
821,2 |
|
ІІ топ |
||||||
|
Сырдария ауданы |
398 |
11 |
82 |
18 |
- |
3673,3 |
|
Шиелі ауданы |
482 |
9 |
84 |
16 |
- |
3521 |
|
Жалағаш ауданы |
255 |
8 |
80 |
20 |
- |
4227 |
|
ІІІ топ |
||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Е с к е р т у – Қызылорда облысының АШБ-ның
мәліметтері негізінде авторлармен жинақталған |
||||||
Аймақтағы
агроөндірістік кешенде маркетингтік қызметтің дамуына бірнеше
алғышарттар құрылғанын, бірақ маркетинг қызметін жетілдіру
үшін аудан деңгейінде ақпараттық - маркетингтік
қызметті ұйымдастыру жұмыстарын, шаруа
қожылықтарының өткізу
жұмыстарын ұйымдастыру да мемлекет тарапынан бірнеше қолдау іс - шаралары
атқарылуы қажет екені байқалады.
Кез келген
аймақтың дамуының күшті және әлсіз
жағы болады. Қызылорда облысының негізгі күшті
жағы:
- мал
шаруашылығын тиімді дамытуға мүмкіндік жасайтын қолайлы
топырақты - климаттық жағдайы;
- тамақ
өнеркәсібін дамыту үшін жергілікті шикізаттың болуы;
-
өндірістік - экономикалық әлеуеттің болуы;
-
экспортқа бағдарланған өндірістің болуы.
Қызылорда
облысының агроөнеркәсіп кешенінің дамуының
күшті және әлсіз жақтары толығырақ SWOT-талдауында
қарастырылған (кесте 3).
Кесте 3
Қызылорда
облысының мал шаруашылығы өндірісінің дамуына (SWOT)
талдау
|
Күшті жақтары: |
Әлсіз жақтары: |
|
- Тамақ өнеркәсібін дамыту үшін жергілікті
шикізаттың болуы; - Экспортқа бағдарланған өндірістердің
болуы; - Бәсекелестікке қабілетті өзара байланысты өнім
шығаруға қабілетті кәсіпорындар тобы кластер
құру үшін жағдайлардың болуы; - Шағын және орта бизнестің дамуы; - Еңбек ресурстарының болуы. |
- Мал шаруашылығын дамытуға қолайлы
топырақтық - климаттық жағдайы; - Мал шаруашылығы өндірісі құрылымында шикізат
салаларындағы өнімдердің басымдылығы; - Өңір аграрлық кәсіпорындарының басым
көпшілігіндегі жабдықтардың табиғи және
моральдық тозуының жоғары дәрежесі; - Мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мәселелері; - Өңірдегі инновациялық белсенділіктің
төмен деңгейі; - Өңірдегі жетекшілікке көрші мемлекеттер тарапынан
бәсекелестіктің өсуі. |
|
Мүмкіндіктер: |
Қауіп - қатерлер: |
|
- Импорттық тауарлардың пайдасына ішкі және
сыртқы нарықтардың жоғалуы; - Аудандардың экономикалық дамуының өзгешелілігі; - Мал шаруашылығы өнімін және қайта
өңдеу өнімдерін өткізуге ішкі және сыртқы
нарықтардың болуы; - Өндірістік - экономикалық әлеуеттің болуы; - Саланың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату
жөніндегі шараларды жүзеге асыру арқылы жүйелі
түрде инвестиция тарту; - Қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру
есебінен тауар өндірушілер өнімдері мен тауарларының
бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату; - Саланың ақпараттық - маркетингтік қамтамасыз
ету шараларын жетілдіру арқылы тауар өндірушілердің
тауарлары мен өнімдерінің өтімділігін қамтамасыз ету. |
- Ұсақ шаруаларға II–ші деңгейлі банктердің
несие беруіндегі қиындықтар; - Төтенше табиғи жағдайлардың әсерінен
қуаңщылық – судың жетіспеуі немесе су алып кету
жағдайлары. Нәтижесінде - өнім өндірісі күрт
төмендейді. |
|
Е с к е р т у - Теориялық, статистикалық және баспа
мәліметтерін талдау негізінде авторлармен құрылған |
|
Қызылорда
облысының негізгі әлсіз
тұстары:
-
Жоғарғы сапалы түрде өндірілген өнімдермен
және де қызметтермен қамтамасыз етуші қазіргі
заманғы технологияның жетіспеушілігі;
- Облыс
бюджетінің субвенциялылығы;
- Инженерлік
және байланыстық инфрақұрылымдар деңгейінің
төмендігі;
-
Энергоресурстардың тапшылығы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Сагадиев К.А, Нурсеитова А.Ш.,
Алтынбаева Б.А. Маркетинг и инфраструктура рынка: проблемы становления. -
Алматы: Экономика, 2004.- С.219.
2. Қазақстан
Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің ресми интернет
ресурсының мәліметтері негізінде алынған.