Абжанова А.Е. – қаржы магистрі, аға оқытушы
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Аймақтың экономикасының даму
бағыты мемлекеттік реттеудің негізі ретінде
Қазақстанда экономиканы реттеудің
тиiмдi үлгiсі жасалды. «Стратегия 2050» анықталған жаңа
стратегиялық бағытты жүзеге асыру үшін, экономикалық
саясат облысындағы басты үйлестіруші орган ретінде министрлік келесідей
бағыттарға көңіл аударады [1, 2].
Біріншіден. Жоғарғы
технологиялар мен жасыл экономиканы дамыту негізінде аймақтық экономиканы
жаңғырту. 2013 жылы әлемнің 30 дамыған
елдердің қатарына кіру туралы тұжырымдама жасалды. Тұжырымдама
әлемдік экономиканың дамуын демографиялық, экономикалық
және технологиялық трендерді есепке ала отырып,
Қазақстанның 2050 жылына дейінгі негізгі стратегиялық
даму бағыттарын нақтылайды. Онда үшінші индустриалды
революцияға дайындығы туралы сұрақтар, кластерлік
тәсілді енгізу, отандық өндiрiстiк активтердiң
жаңғыртылуы, шикізат емес экспортты кеңейту,
Қазақстанның аймақтық, жаһандық
тауарлар мен қызметтердің нарығына енуі қарастырылатын
болады. Елбасының жасыл экономикаға көшу шеңберінде
айтылған мәселесі, қоршаған ортаны қорғау
Министрлігі және үкімет басымен біріге отырып, жасыл
экономикаға көшудің ұзақ мерзімді Стратегиясын
өңдеуге көшті, оның басты мақсаты әр
түрлi экономика салаларындағы табиғи ресурстарды тиiмдi
және ұтымды пайдалану болады. Стратегия келесідегідей
салалардың ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, су ресурстары,
бiлiм, энергетика сияқты сфералардың тұрақты дамуының,
кешенді тәсілдерін анықтайды.
Екiншiден.
Макроэкономикалық тұрақтылықты және
экономиканың бірқалыпты өсуін қамтамасыз ету.
Еліміздің экономикасының дамуын қамтамасыз ету бойынша Министрлік
салааралық шоғырлануды күшейтуге бейімделген. Осы
мәліметтер бойынша әлемдік экономикадағы жағымсыз
құбылыстар 2012 жылына қарағанда азырақ болады.
Дамыған елдердегі нашар арту жағдайында экспортты
әртараптандыру және экономикалық өсу көздерін
күшейту қажет және сыртқы нарықтағы ішкі
сұранысқа қысқартылған сұранысқа
бейімделу қажет. Экономиканың дамуының негiзгi факторы
сыртқы және ішкі инвестициялардың өсуі, әсіресе
экономиканың шикізат емес секторы болып табылады.
Құрылыс,
инфрақұрылымның дамуы, ауыл шаруашылығы ретіндегі
капитал құраушы салаларға бейімделу отандық
құрылыс және металлургия дамуына қосымша күш
береді. Дағдарысқа қарсы сезінудің
көпдеңгейлі жүйесін енгізу мақсатымен оперативтік
мониторинг жағдайының жүйесіне аймақтар мен ірі
кәсіпорын жүйелерін құрушылар қатарын
дамытудың көрсеткіштері енгізілетін болады. 2020 жол картасы толық
деңгейде дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге
асырудың құралы болуы мүмкін [3].
Үшiншiден. Инвестицияларды
қолдаудағы мемлекеттiк
саясаттың қалыптасуы. Аймаққа
жаңа тiкелей инвестицияларды тарту және сыртқы
нарықтардағы капиталды iздестiру осы кезеңдегі экономикалық
саясаттың басымдылығы болады. Дамыған елдердегі нашар артуы жағдайында инвесторлар
тұрақты макроэкономикалық және саяси ортасымен
дамыған елдердегі инвестициялық мүмкіншіліктерді және
жаңа нарықты іздестіреді. Осыған байланысты,
экономиканың барлық басымдылықтарында инвестицияны тарту
үшін әлемдік капитал нарығында әлеуетті инвесторлармен мақсатты
жұмыс өткізілетін болады. Мемлекеттік кәсіпорындарын жеке
секторларға, стратегиялық емес сипаттағы мемлекеттік
сыңайлы компаниялардың, кәсіби емес активтерін тапсыру
жолымен жекешелендірудің екінші кезеңін өткізу тұр.
Төртiншiден. Бюджеттiк саясаттың
тепе-теңдiгiн қамтамасыз етуi және мемлекет шығындарының
тиiмдiлiгін жоғарылату. 2013 жылдың бірінші тоқсанында
жаңа бюджеттік саясаттың Тұжырымдамасы жасалды, оның
басты мақсаты - макроэкономикалық және экономиканың
тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықтың
әл - ауқат жағдайын жақсарту және бюджеттен
бөлінетін ақша қаражаттарын тиімді пайдалану болып табылады.
Бюджеттік
жоспарлаудың тиімділігін арттыру үшін, елімізде жақсы
қорытындыға қол жеткізу мақсатында бюджеттік
жүйені жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақты
нәтижелерге қаражатты бөлумен байланысты есебінен және
қаржыландырудағы нақты мұқтаждығынан бюджет
қалыптасатын болады. Әр түрлi бағдарламаларға қаражат
құралдарының бөлінуі аралық
нәтижелердiң жетiстiгiмен байланыстырады және тиiмсiз
шығындар ең нәтижелi бағдарламаларға қайта
бөлiнуі керек. Бесiншiден. Тиiмдi салық саясатын жүргiзу.
Экономиканың шикізат емес секторларындағы дамытудағы
олардың ынталандырушы рөлін күшейту мақсатында салық
жеңілдіктерінің тиiмдiлiгiн жоғарлату мақсатымен,
бірінші жарты жылдықта қолданыстағы салық
жеңілдіктеріне тексеру жасалынады. Сонымен қоса, жерді пайдалану
тиімділігін артыру мақсатында, оның ішінде жерге салықты
көбейту жолымен АӨК салық салуды реформалау жоспарлануда.
Алтыншыдан.
Мемлекеттiк басқару жүйесін әбден жетiлдiру және
жоспарлау. 2013 жылы мемлекеттік басқару жүйесінде елеулі реформалауды
жүзеге асыру жалғасады. Мемлекеттiк органдардың
қызметтерінің басымды бағыттары - жақсы қызмет
көрсету және халықтың мұқтаждықтарын
қанағаттандыру, осыған сәйкес мемлекеттiк қызмет
көрсетудiң сапасын жаңа деңгейге алып шығу. Одан
әрi жетілдіруді стратегиялық жоспарлау жүйесі алады.
"Қазақстан - 2050" Стратегиясы» ережесінің
ағымдағы жылдың соңына дейін барлық
қолданыстағы бағдарламалық құжаттарға
тексеріс және үйлестіру жүргізіледі. ОНП жоспарына сәйкес
мемлекеттік органдар дың стратегиялық жоспарларына түзетулер
бойынша жұмыстар басталды. Стратегиялық және бюджеттік
жоспарлауды байланыстыруды қамтамасыз ету үшін олардың стратегиялық
мақсаттарға, міндеттерге, жұмсалуын қадағалауда
толық түсініктеме беруде бюджеттік өтініштерге және
бюджеттік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарларының көлемін жетілдіру шамаланады.
Жетіншіден. Әлеуметтік саясаттың жаңа
қағидаттарын қалыптастыру. Әлеуметтiк
жаңғыртуың негiзгi бағыттары барлық
Қазақстандықтар үшін өмiр бойы тең
мүмкіншіліктер құру, олардың тұрмыс
сапасының стандартты қалыптасуын қамтамасыз ету,
үздіксіз білім алу, әлеуметтік- еңбек қатынастарының тиімді
үлгісін қалыптастыру болып табылады. халықты жұмыспен,
өніммен, әлеуметтік тиімділікті қалыптастыру. Қойылған
есептерді жүзеге асыру мақсатымен аз ғана әлеуметтік
стандарттар жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстар басталды, оны
жүзеге асыру сәйкес келетін заң шегінде реттелетiн болады. Көш- қоң сферасындағы саясат еліміздің
тұрақты артуына ықпалын тигізу керек. Осыған байланысты
көш -қоң мәселесін шешу бойынша, шетелдік білікті
мамандардың ағымын және отандық мамандарды сақтау
үшін қолайлы жағдай туғызуда кешендік жоспар
өңделетін болады.
Сегiзiншiден. Интеграциондық үдерістердің дамуы. 2013 жылына ең басты есебі келешектегі ӘСҰ ену және КО
және БЭО шегінде интеграциондық үдерістер есебімен экономиканың
өзгермелі жағдайын уақтылы сезіне білу болып табылады. 2013
жылы одан әрі интеграциондық үдерістердің даму
бағытын қайта өңдеу, КО және БЭО халықаралық
келісім шарт кодификациясы, КО және БЭО құқықтық
базаның дамуы бойынша тізбекті жоспарды жүзеге асыруда негізгі
жұмыстар тосылуда. Отандық өндірушілердің
мүддесін қорғау мен алға жылжытуда КО және БЭО бойынша
еліміз- серіктестерде және импорт кезінде кедергіні шеттету бойынша
күш жұмсалатын болады [4].
2013 жылы
«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізу және
дайындау шегінде басты күш Тіркеу мәліметінің жобасын бектуге
және өңдеуге, сонымен бірге 2013-2018 жылдарына «ЭКСПО-2017»
өткізу және ұйымдастыру бойынша бекітілген Ұлттық
жоспарларды жүзеге асыруға шоғырланатын болады. Бюджеттiк реттеудiң мақсаты мемлекет
шығыстарын бір деңгейде ұстау, толық көлемінде
мемлекеттік қызметтердің орындалуын, мемлекеттік
шығыстардың тиімділігін арттыру, экономикалық өсудің
тұрақты шапшаңдығын қолдауға әсерін
тиізуді, сонымен бірге халықтың әл-ауқатын
жоғарылатуды қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстанда салықтық реттеу
салықтық ауыртпашылығын жеңілдету жолымен республика
мен аймақтың экономикасына қаражаттың
жұмсалымының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қорыта келгенде, жоғарыда көрсетілген мемлекеттiк
реттеудiң бағыттары, аймақтардағы экономиканың
тиiмдi дамуына мүмкiндiк туғызады.
Әдебиеттер :
1. Қаржы секторының
дамуы тұжырымдамасы 2011 - 2013жж. // www.minfin.kz
2. Қазақстан
Республикасының тәуелсiздiгіне 20 жыл : қорытынды және
келешек./ халықаралық ғылыми - практикалық
мәліметтер ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына,
арналады.
3. Постановление Правительства РК от 10.06.2010г. № 556 «О некоторых мерах по
реализации Программы «Дорожная карта бизнеса 2020» (с изменениями и
дополнениями по состоянию на 17.05.2013 г.)
4. Токсанова
А.Н. Таможенный союз: первые результаты и перспективы развития // www.grоup-glоbаl.оrg/publicаtiоn
5. Социально-экономическое
развитие регионов Республики Казахстан, 2008г. - www.stаt.kz