Сартанова
Н.Т. – э.ғ.к., ассоциирленген профессор
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
ҚР
қаржылық секторы: мәселелері мен оны жетілдіру
бағыттары
Нарықтық экономикадағы мерзімділік дағдарыстары - дұрыс
құбылыс. Қазіргі кезеңдегі әлемдік
экономиканың дамуы, барлық елді қамтыған жаһандандыру қаржылық- экономикалық дағдарысы, жалпыәлемдік
және ұлттық деңгейдегі қаржылық
қатынастар үлгісінің кемшіліктерін ашып көрсетті. Сонымен
қатар, кемшілігі мен әлсіз тұстары тек мемлекеттік реттеу (араласуы)
құрылымында ғана емес, қаржылық институттар
қызметінде де айқындалды. Қаржылық
институттарының негізгі мәселелері несиелеудің
теңестірілмеген саясатында, тәуекелді басқарудың
жетілмеген жүйесінде, жеткіліксіз корпоративтік басқару мен
жағымсыз беталысындағы сезімталдығындағы
қаржылық секторда тиімсіз таңдап алынған бизнесті
жүргізуде айқындалды [1].
ҚР қаржылық секторының дамуының негізгі
мәселелері 2012 жылдың кеңес беру қорытындысы бойынша
ХВҚ қорытынды өтініш беру миссиясында анықталған
болатын және келесідегідей тоғыз тармақтарға
жүгінеді [2]:
- әлемдік қаржылық- экономикалық
дағдарысының даму формуласы ;
- сыртқы қаржыландыру көздерінің шектелуі;
- жинақталған пайыздық табысының
жоғарғы деңгейі;
- банктік секторындағы төменгі бәсекелестік [3];
- мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының одан
әрі дамуының қажеттілігі;
- зейнетақы қорындағы активтерді пайдалану
тиімділігінің аздығы;
- тәуекелді
басқару сұрақтары;
- одан әрі корпоративтік
басқарудың дамуы: біріншіден, корпоративтік басқаруды мемлекеттік басқарумен
шатастырмау керек, сферасы мемлекеттік секторды басқару болып табылады, екіншіден, корпоративтік басқару өзінің әлеуметтік
қызметін орындаумен, әлеуметтік жауапкершілігімен және
іскерлік этиканы сақтаумен айрықшаланады. Корпоративтік
басқару толығымен инвестициялық тартымдылықты
арттырады, ұзақмерзімді инвесторларды жұмылдыруға
көмектеседі, несиелік ресурстар құнын азайтуға
және компанияның нарықтық құнын
көбейтуге мүмкіншілік береді. Компанияның корпоративтік
басқару жүйесінің түбегейлі элементі «корпоративтік
басқарудың алдыңғы тәжірибесі»
көзқарасынан, дамыған шығыс елдерінің
тәжірибесіне негізделген директорлар Кеңесі болып табылады.
2020 жылына дейінгі ҚР стратегиялық даму жоспарында, «экономиканың
сапалы артуы: инфрақұрылымдардың жаңартылуына, еліміздің
индустриалды-инновациялық дамуына ықпалын тигізетін адамзат
ресурстарының дамуына және институционалдық базаларының
нығаюына» негізделетіні атап өтілген [4]. Қазақстан
экономикасын реформалаудың ең бір негізгі бағыты бұл-
қаржылық сектор. Ол үшін жақсы дамуын банктік сектор
алды және күні бүгінге дейін қаржылық жүйенің
негізі болып табылады. Банктік жүйенің өткізілетін реформасы
банк тұрақтылығын арттыруға, олардың
капитализациясының өсуіне, банк қызметінің
жеткіліктілігінің артуына, тәуекелді басқару
жүйесінің дамуына бағытталған. Қазақстанда
банк жүйесінің дамуы экономиканың басқалай
салаларының реформалану шапшаңдығын басып озды.
Толығымен, Қазақстанда макроэкономикалық
жағдайы күрделі болып қалса да, басқарылатын болып
табылады. Туындаған жағдайдан шығу үшін мемлекеттік
органдар тарапынан белсенді іс- шаралар қабылдау талап етілді. Негізі
ретінде қызметінің 5 бағыты анықталды: қаржылық
сектордың тұрақтануы; тұрғын үй
секторының дамуы; шағын және орта бизнесін қолдау; АӨК
дамуы және азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
ету; инновациялық, индустриалдық және
инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру. Сонымен
қатар, мемлекетіміздің ҰБ Басшылығының
тапсырмасына сәйкес қаржылық қадағалау Агенттігі
және РҚАО қызметін реттеу бойынша Агенттігімен бірлесе (қазір
Агенттік - Комитет) ҚР қаржылық секторының даму
Концепциясының жобасын дайындады [3]. ҚР қаржылық
секторына мемлекеттің ықпалы суретте көрсетілген.



Сурет –ҚР
қаржылық секторына мемлекеттің ықпал ету дәрежесі
Осы Концепцияға сәйкес қаржылық секторының
дамуының келесідегідей негізгі бағыттары анықталған:
1. Еліміздің
экономикасының дамуының негізгі қаржыландыру тетігі ретінде
мемлекеттік- жеке серіктестік
институттарын қолдану. Инфрақұрылымдық кешенінің
обьектісін құру Қазақстанның экономикасының
дамуының ең негізгі басымдықтары болады. Мемлекеттік -жеке
серіктестік тетігін пайдалану ТКК, энергетика, химиялық
өнеркәсіп, транспорт және телекоммуникация
инфрақұрылымы ретінде экономиканың стратегиялық
маңызды салаларын жетілдіру үрдістерін негізгі
құраушысы болуы қажет. Серіктестіктің осы түрі
жеке кәсіпкерлік бастамашылықтар әлеуеттілігін дамытып
жүзеге асыруға және бір жағынан, институционалдық
инвесторлардың қаражатын жұмылдыруға, екінші
жағынан, экономиканың әлеуметтік маңызды секторында
мемлекеттің қызметін сақтауға мүмкіншілік береді.
2. Қаржылық секторды қадағалау мен реттеудің кезеңділікке
қарсы қағидаты. Әлемдік қаржылық қауымдастығымен
ағымдағы дағдарыс салдары негізінде және одан әрі
ерекше назар аударуды талап етуде жасалынған түбегейлі
қорытынды– осы сияқты дағдарысты болдырмау және реттеу
жүйесін жаңарту мақсатымен реттеудегі
кезеңділіктің ең аз шамасына жеткізу болып табылады.
Кезеңділікке қарсы тәсілді енгізу шамаланады,
экономикалық арту кезінде қаржылық секторды
қадағалау мен реттеу қатаяды, құлдыраған
кезінде –жұмсарады.
3. Орташамерзімдегі келешекте өзекті бағыты теңгерімсіздіктің
жинақталуын шеттетудің үйлесімді тетігін өңдеу,
нақты және қаржылық активтер нарығында пайда болуы, сонымен бірге жүйелілік
тәуекел шамасының пайда болуы болып табылады. Осы
бағыттағы мемлекеттік саясаттың болашақтағы
үлгісі макропруденциалдық реттеу қағидаттарын
жүзеге асыруға негізделетін болады. Макропруденциалдық
реттеудің дамуы субьектілер (институттар), обьектілері (қызметі,
нарығы) бойынша және жүйелі сипаттағы тәуекел
зонасы бойынша түбегейлі шешім қабылдауды шамалайды
4. Толығымен жаhандық дағдарыс сабағынан,
қаржылық сектордың қатынасын реттейтін,
заңдылықтар қарастырылатын болады.
Қазақстандық қаржылық жүйе
нарықтық шоғырландырудың жеткілікті жоғары
деңгейімен сипатталады. Әсіресе, бұл еліміздің банктік
және зейнетақылық секторларына қатысты. Қазақстанның
қаржылық секторы үшін дағдарыстың салдары мен
осыған ұқсас беталыстарының бар болуы, ірі
қаржылық институттардың тәуекелі барлық
қаржылық жүйенің жағдайына қысым
көрсететіні жөніндегі дәстүрлі теорияны
дәлелдеді.
Бүгінгі күні экономиканың әртараптандырылуы,
инфрақұрылымның және қаржылық
секторының дамуы қазіргі телекоммуникация жүйесі мен
инфокоммуникациондық технологиясыз мүмкін емес. Инфокоммуникациондық
технологияның бейімделуі мен дамуы экономикалық
көрсеткіштерге ықпалын тигізіп қана қоймай,
адамның салауатты өміріне де әсерін тигізе
қоғамды жаңартудың маңызды факторы болады.
Қазіргі инфокоммуникациондық кеңістікті қалыптастыру
мақсатымен телекоммуникация салаларын дамытуды ынталандыру, қазіргі
инфокоммуникациондық технология сферасының
инфрақұрылымын құру, телекоммуникационды және
электронды қызметтер тарату, ақпараттық қоғам
негізін қалыптастыру жалғасуда [5].
Сондықтан, жоғарыда аталғандардан, қаржылық
жүйе ҚР барлық экономикасының негізі болатыны
айқын, ал экономиканың одан әрі дамуы үшін
кезеңділік алдындағы мерзімде қаржылық секторды
сауықтырудағы мемлекеттің рөлін арттыру арқылы экономиканы
әртараптаныру бойынша бірқатар іс- шаралар жүргізу
қажет. Сондықтан өзара тығыз байланыстағы
экономикалық, қаржылық, және әлеуметтік саясатты
жетілдіру мен дамыту, қалыптастыру арқылы еліміздің
экономикасын нығайтуға көңіл аударған жөн.
Әдебиеттер:
1. Абдрахманова А.Т.
Особенности финансового рынка Республики Казахстан. // Аль Пари, 2012. - № 1-2.
– С. 123-125
2. «Республика
Казахстан - заключительное заявление миссии МВФ по итогам консультаций 2012 года
в соответствии со Статьей IV» от
05.12.2012г. - www.nationalbank.kz
3. Концепция развития
финансового сектора Республики Казахстан в посткризисный период. – Указ
Президента РК № 923 от 01.02.2010г.
4. Стратегический план
развития Казахстана до 2020 года
5. Высокие цели будут
достигнуты. // Финансы Казахстана, 2013. - № 2. - С. 5