Экономические науки/15.Государственное регулирование экономики

Талапбаева Гульнар Едиловна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к

СейдалиеваМауе Ондалиевна

Экономика мамандығының 4 курс студенті

 

Дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекеттік реттеу тетіктері

 

 

Тиімді, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге және ғылыми білім беру және техникалық технологиялық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің барлық шаралары дәл осы дағдарыстық құбылыстарды ескерту аспектісінде дағдарысқа қарсы реттеудің шаралары болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеу шараларының бір бөлігі ерекше дағдарысқа қарсы сипатта болады. Алайда дағдарыстан шығу, әрі одан кейін экономикалық өсу динамикасы мемлекеттік күшімен емес, оның уақытпен парапар дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау қабілеттілігімен анықталады. Дағдарыстың сыртында бастысы айналасында институционалдық реформалар жасалуы тиіс жаңаның өскіндерін көре білу.

Қазақстан нарықтық реформа жолына банкроттық жөнінде ешқандай заңды базасы болмай түсті. Сондықтан бір Қазақстандағы банкроттық процедурасы қазіргі уақытта жолға қойылмаған деп айта аламыз. Алайда дәл осы нарықтық экономика жағдайларында басқаруды тиімді емес меншік иесінен өте тиімді меншік иесіне беруді мүмкін етеді. Дағдарысқа қарсы реттеудің құрамында кәсіпорынды дағдарысты жағдайдан қорғауға, банкроттың алдын алуға немесе олардың әрі қарай жұмыс істеуінің тиімсіздігі жағдайларында таратуға бағытталған, мемлекет тарапынан ұйымдық-экономикалық және нормативтік құқықтық ықпал ету шаралары бар макроэкономикалық категория екенін еске алайық.

Дағдарысқа қарсы реттеу бұл – кәсіпорынды дағдарысты жағдайдан сақтауға және олардың банкроттығының алдын алуға бағытталған мемлекет саясаты. Ол мезодеңгейде және макродеңгейде жүзеге асырылады және сызба болып саналады. Дағдарысқа қарсы реттеу үшін мәліметтердің сенімді базасы, зерттеудің ерекше әдістемелерін жасау, біліктілігі жоғары мамандарды тарту, сондай-ақ экономика ахуалын тұрақтандыратын шараларды жүзеге асыру.

Мемлекет қазіргі жағдайда Қазақстанның нарықтық шаруашылығындағы кемшіліктің орнын толтыратын қуатты механизм болып табылады. Өйткені заңдар мемлекеттің араласуынсыз автоматты түрде жұмыс істемейді. Батыс елдеріндегі экономиканың дамуын реттейтін экономикалық заңдардың төрт мыңы ішінен бізде тек бірнеше жүзі ғана қабылданған. Нарық ақауларын жөндеу мемлекеттің белсенді араласуынсыз мүмкін емес.

Біздің пікірімізше дағдарысқа қарсы реттеу шараларын үш топқа бөлу қажет (1- суретке сәйкес).

Заңның күшіне сүйене отырып, мемлекет тек қоғамдық мүдделерді ғана емес, жекелеген адамдар мен бизнес мүдделерін сыртқы және ішкі қауіптерден қорғауға ұмтылады. Сондықтан мемлекет өзінің қызметінде түрлі әлеуметтік экономикалық салт-дәстүр қызметін келістіру және олар үшін ортақ жұмыс істеу шарттарын қалыптастыруды, нарықтың барлық қатысушыларына тең құқықты белгілеуі, меншік құқығын және нарықтағы бәрі үшін бірдей ережені бекітуі, бәсекелестікті қолдауы және бәсекелестердің арам іс-әрекеттерінің жолын кесуі тиіс. Сөйтіп мемлекет адамдар мен бизнесті өте тиімді және өнімді жұмысқа ынталандыруға, инфляциялық емес ұзақ мерзімді экономиканың өсуіне қол жеткізуді теріс тенденцияларды басынан өткеруді, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және бюджеттік тапшылықты жоюды қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс [1].

Соңғы жылдарда біздің мемлекет дағдарысқа қарсы реттеу бойынша шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, нақты қадамдар жасалды және проактивті саясатқа, яғни стратегиялық мақсаттарды инвестициялауға бағыт алынды.

 

Ескерту – Автордың құрастыруы

 

1сурет – Дағдарысқа қарсы реттеу шаралары

 

 

Сөйтіп, Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберінде мынадай шаралар қабылданды:

- Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету (4 млрд АҚШ доллары бөлінетін болады);

- Қозғалмайтын мүлік нарқын тұрақтандыру (3 млрд АҚШ доллары бөлінеді);

- Агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту және дамыту (1 млрд АҚШ доллары);

- Алға басатын инновациялық инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру (1 млрд АҚШ доллары) [1, б.648].

Жалпы ұсынылған шаралар елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға қолайлы әсерін тигізуі тиіс. Әсіресе, жылжымайтын мүлік нарқын тұрақтандыру қажеттігін ерекше атап өту керек. Бұл жерде тұрғын үйді үлестік салуға қатысушыларға дағдарыс әсерін төмендетуге ерекше назар аударылуы тиіс. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру кезінде бөлінген қаржылардың өзіндік тиімділік беретінін атап өту керек. Құрылыс саласын дамыту ілеспе салалардағы (құрылыс материалдары өнеркәсібінде) өндіріс көлемінің өсуіне әкеледі, кәсіпкерлік қызметті жандандырады. Алайда, мемлекеттің кез келген дағдарысқа қарсы саясаты жаңа проблемалардың пайда боулына әкелуіне тиіс екенін ұмытпау керек.

Қазіргі кездегі күрделі жағдайда мемлекеттің шағын және орта бизнесті ынталандыру мен қолдауына араласпайынша да болмайды. Бұл кәсіпорындарды сақтап қалу жөніндегі ықпалды тетік салықтық ауыртпалықты төмендету болып табылады деп санаймыз. Сондықтан біздің мемлекет теңдесі жоқ салықтық түзетулер қабылдады. Корпоративтік кіріс бойынша салық ставкасы 2009 жылы 30% дан 20% дейін қосылған құнға салық 13%дан 12% дейін төмендеді.

Бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде түсінікті дағдарысқа қарсы бағдарлама әлі күнге дейін жоқ. Көптеген елдердің қабылдап жатқан шаралары әзірге тек жергілікті сипатта болып тұр.

Біздің пікірімізше дағдарысқа қарсы реттеудің тиімді бағыттары:

- Банкроттық туралы заңды базаны жетілдіру;

- Арбитражды және конкурсты басқарушыларды дайындау немесе қайта дайындау кезінде ықпал жасау өте жаңа, жетілген және өмір сүруге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

- Салық салу жүйесін жеңілдету жолымен кәсіпорындарды ынталандыру болып табылады.

Осы бағыттарды іске асыру үшін мемлекетке мына шарттарды қамтамасыз ету қажет:

1.Құқықтық – дағдарысқа қарсы басқарудың құқықтық негізін жасау, жасанды және алдын ала ойластырылған банкроттық жағдайларын анықтау тақырыбына сараптама жүргізу;

2.Әдістемелік – кәсіпорын ахуалына, олардың банкроттығының, сот процедураларының алдын алуға мониторинг, сондай-ақ қауқарсыздық фактісі пайда болу жағдайында санация жүргізуге әдістемелік қамтамасыз ету;

3.Ақпараттық – ірі, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік жағынан маңызы бар кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін есепке алу және талдау;

4.Әкімшілік – оны тұрақтандыру мақсатында экономикаға ықпал етудің тиімді шаралары мен әдістерін қолдану;

5.Ұйымдық – борышкердің қауқарсыздығы мәселесі бойынша барлық таластарды өркениетті шешу үшін жағдай жасау;

6.Әлеуметтік – олар үшін жұмыс орындарын ашудан, оларды қайта дайындаудан, жәрдемақылар төлеуден бөлінетін банкрот – кәсіпорынның жұмысшыларын әлеуметтік қорғау;

7.Кадрлық – кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқару жөніндегі мамандарды іздеу және дайындау, олардың біліктілік деңгейін арттыру;

8.Экологиялық – кәсіпорын қызметі нәтижесіндегі ластанудан қоршаған табиғи ортаны қорғау [2,3].

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Киреева А.А. Меры государственного регулирования антикризисного управления. Бизнес, наука, образование: грани сотрудничества/ Материалы международной научно-практической конференции. – Алматы: Эверо, 2008. – с. 648.

2 Валентинова Л. Новые пути финансирования экономики // Промышленность Казахстана. – 2005. – № 1. – С. 32-34.

3 Юн Г.Б. Методология антикризисного управления. – М.: Дело, 2004. –     432 с.