Экономические
науки/1.Банки
и банковская система
Жеңсікбаева Кулаш
Мырхықызы
Қорқыт Ата
атындығы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділік тәуекелін
бағалау мен басқарудың қазақстандық
тәжірибесі
Әлемдік қаржы-экономикалық
дағдарысы жылдары Қазақстанның банк секторы
қиындықтарды бастан кешірді. Сырттан қаржыландыру
көздерінің қол жетімділігінің шектелуі,
Қазақстан нарығынан жеке капиталдың жылыстауы,
сыртқы экономикалық конъюнктурасының нашарлауы салдарынан
қаржы жүйесіне сенім білдірудің күдік келтіру ішкі қаржы нарықтарыфның барлық
сегменттерінде тұрақсыздыққа әкеп соқты. Өз
кезегінде атап көрсетілген барлық оқиғалардың бір
сәтте жүзеге асуы -банк секторында бірінші кезекте өтімділікке
қауіп төндірді.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30
қыркүйектегі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген
«Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар
жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 359 қаулысында
берілген анықтама бойынша «өтiмдiлiк тәуекелi» -
банктiң өз мiндеттемелерiн толығымен және уақтылы орындамауымен байланысты
туындайтын тәуекел болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің сараптамалық зерттеу бөлімдерінің
мәлімдеулері бойыша Қазақстанда өтімділік
тәуекелінің туындауына ықпал ететін басты факторлар 1-суретте
берілген.
Өтімділіктің орын алуы - бұл банкті банкроттыққа әкелетін аса қауіпті
жағдай. Банктер үшін өтімділікті бағалау мен
басқарудың аса маңызды болуы осыдан
көрінеді. Содан келіп
банктік қызметті реттеудің
әлемдік тәжірибесін
соның ішінде экономикасы
дамыған елдердің банктері қолданатын өтімділікті басқару
механизмдерін зерттеудің қажеттігі туындайды [1,б.13].


Е С К Е Р Т У - [1,б.13] алынған
Сурет
1. Өтімділік тәуекелінің туындауына ықпал ететін басты
факторлар
Банк ісін жүргізудегі әлемдік көпжылдық
тәжірибе негізінен банк өтімділігін басқарудың 3 тәсілін
қолдануды қалайды:
1) активтерді
басқару арқылы өтімділікті қолдау;
2) пассивтерді
басқару арқылы өтімділікті қолдау;
3) активтер мен
пассивтерді басқару арқылы өтімділікті қолдау.
Жалпы банк
жүйесінде қорландыру көздерінің
жетіспеушілігі өзекті мәселелердің
бірі болып саналады. Сол себепті өтімділік проблемасы банктерде
жиі туындайды.
Өйткені банктер
өздерінің қызметін
негізінен тартылған
қаражаттардың есебінен жүзеге асырады. Егер банктер
депозиттері бойынша міндеттемелерін
мерзімінде орындай алмаса
және бұл факт
жиі әрі тізбекті
қайталанса осы кезден бастап өтімділік тәуекелі туындайды. Бұл жағдай орын алмау үшін
банктер өтімділіктің қажетті/адекватты деңгейін сақтауға
мәжбүр болады.
Банктік қадағалау жөніндегі Базель
комитетінің «Basel III: International framework for liquidity risk
measurement, standards and monitoring» ұсынымдарына сəйкес өтімділіктің қажетті/адекватты деңгейін
отандық банктік қадағалау органы анықтайды
және сол арқылы банктердің өтімділігін қадағалап
отырады. Жалпы әлемдік банк
тәжірибесінде банктің өтімділігін бағалауда негізінен 2
тәсіл қолданылады:
1) коэффициенттік тәсіл (нормативтер мен коэффициенттер
белгілеу);
2) ақшалай
ағымдарды талдау негізінде бағалау тәсілі (ГЭПталдау-Gap
Analysis, төлемдік календарь құру, стресс тестілеу
тәсілі және басқадай)).
Енді соларға жекелеп тоқталатын болсақ,
коммерциялық банктердің
өтімділігін бағалау үшін белгілі бір
көрсеткіштер жүйесі (нормативтер,
коэффициенттер) қолданылады. Көптеген елдерде
өтімділік көрсеткіштері
заңмен бекітіліп жарияланады. Жарияланған өтімділік көрсеткіштерін коммерциялық банктер
қатаң сақтауға
міндетті. Ал қадағалаушы органдар
өтімділік көрсеткіштерінің сақталуын қадағалайды.
Қазақстан Республикасының қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау Агенттігі
басқармасының 2005 жыл 30 –қыркүйектегі
өзгертулер мен толықтырулар енгізілген “Екінші деңгейдегі
банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп
айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы
нұсқаулықты бекіту туралы” № 358
қаулысы бойынша
Қазақстандағы ЕДБ-дің өтімділігі келесі коэффициенттермен
:
a) к4 банктің ағымдағы
өтімділік коэффициентімен;
b)
к4-1, к4-2
және к4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерімен;
c)
к4-4, к4-5
және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік
коэффициенттерімен сипатталады [2,б.6].
Ақшалай ағымдарды
талдау негізінде бағалау тәсілі - ақшалай кірістер мен
шығыстарды мерзімдері бойынша салыстыру немесе активтер мен
міндеттемелерді мерзімдері бойынша
қарама-қарсы қою арқылы атқарылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау мен қадағалау комитетінің 01.10.2012 жылғы мәліметтері
бойынша Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер
2009-2011 жылдары және 2012 жылдың
10-қазанына
өтімділіктің пруденциалдық нормативтерін орындаған
(01.10.2012 жылы - к4 – 0,84; к4-1 – 7,04; к4-2 – 5,09; к4-3 – 2,94).
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі жəне Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі (қазіргі ҚҚК) 2012 жылдың
желтоқсан айындағы Қазақстанның
қаржылық тұрақтылығы туралы есебінің
тәуекелдерді зерттеу саласындағы нәтижесі бойынша қорландыру
көздерінің құрылымында қысқа мерзімді міндеттемелердің
үлесінің айтарлықтай көп болуы, сондай-ақ
қосымша өтімділікті тарту, оның ішінде ҚРҰБ-нен кредит алу үшін кепілдердің
шектеулі болуы себебінен отандық банктер еріксіз өтімділіктің
жоғары деңгейін сақтап отыр.
Банктердің өздерінің сыртқы
міндеттемелерін өтеу аясында ұзақ мерзімді
қорландырудың орнын басудың болмауы экономиканы
ұзақ мерзімді кредиттеудің əлеуетін тарылтуда. Осы
жағдайда банктерге орташа жəне ұзақ мерзімді
қорландыруды бере алатын əлеуетті потенциал инвесторлар -
жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру
ұйымдары болуы мүмкін [3,б.19].
Келешек перспективада Қазақстан Республикасы
жалпы әлемдік ұсыныстарды ескере отырып қаржы
ұйымдарында ішкі бақылау мен тәуекел-менеджментінің
тиімді жүйесін жасауды көздеп отыр. Бұл мәселелер Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №923 Жарлығымен
мақұлданған «Қазақстан Республикасының
қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту
тұжырымдамасында» қарастырылған. Тұжырымдаматалаптарын
іске асыру үшін қадағалау органының қаржы
ұйымдары қолданатын тәуекелдерді басқару мен
корпоративтік басқару жүйелерінің сапасын және
тиімділігін бағалау тәсілдері мен рәсімдері, оның
ішінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
жүйелерін өзін-өзі бағалау бойынша қосымша
талаптар белгілеу арқылы жетілдіріледі [4,б.6].
Қорытындылай
келе екінші деңгейдегі банктердің өтімділік
тәуекелін бағалау мен басқарудың
қазақстандық тәжірибесін одан әрі
жетілдірудің келесі жолдары ұсынылады:
- қаржыландыру
көздерін әртараптандыру
және ұлғайту;
- жекелеген
банктердің өтімділікпен байланысты құрылымдық
проблемаларын шешу;
- банкте әлеуетті
өтімділік тәуекелін анықтауға,
қадағалауға, мониторинг жүргізуге және
бақылауға мүмкіндік беретін өтімділік тәуекелін
тиімді басқару жүйесін жетілдіру;
- банктегі
өтімділік тәуекелін басқаруды автоматтандыру деңгейін
жоғарылату және ақпарат көздерінің толықтығын
қамтамасыз ету.
Осы ұсыныстар өтімділік тәуекелін қолайлы
басқаруға мүмкіндік беруі мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Екінші
деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар
жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» қаулы. Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы. 30
қыркүйек 2005 жыл. № 359
2. “Екінші
деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша
есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы
нұсқаулықты
бекіту туралы”. Өзгертулер
мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау Агенттігі
басқармасының қаулысы.
№ 358, 30.09.2005 жыл
3.
Өтімділіктің, қорландыру
құрылымымен жəне валюталық позициямен байланысты
тəуекелдер. Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау
комитетінің есебі. 1.10.
2012 жыл. www. nationalbank kz
4.
«Қазақстан Республикасының қаржы секторын
дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы». Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы 01.02. 2010 жыл, №923