ӘОЖ 657.372

 

С. К.Байдыбекова – э. ғ. к, доцент

А.С.Cадеева  – ЖМУ магистранты

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Қазақстан

 

БАСҚАРУ  ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорын ішінде де, оның сыртында да пайда болатын ақпарат көлемін едәуір ұлғайтуды ұйымнан талап етеді. Сыртқы кәсіпорындар тарапынан кәіпорынның қызметіне немесе оның қызметінің нәтижесіне нақты қызығушылық туындайды.

Шығарылатын өнімге сұраныс, белгілі бір жағдайлар мен талаптарда өнімді өткізу мүмкіншілігі, бұл өнімнің өндірісін материалдық – техникалық қамтамасыз ету, негізгі өндіріс, өндірістің техникалық дайындыңы, өндіріске шығындар мен белгілі бір бұйымдарды шығарудың тиімділігі және т.с.с. жайлы ақпарат көлемі ұлғайады.

Ұйымдардың қызметін басқару табыс алуға негізделген кәсіпкерлікті дамыту және қазіргі нарықта тауар өндірушінің бәсекеге қабылетті болуымен байланысты басқару есебінің теориялық және әдістемелік негізінің мәселелері қажетті ақпаратты қалыптастыруға нақты көзқарасты талап етті. Бухгалтерлік есептіѕ қазіргі жүйесі барлық деңгейдегі менеджерлерді жедел ақпараттармен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп, өзінің ерекшеліктеріне орай, құрылымдарды ішкі басқару үшін жедел ақпарат ұсынуға мүмкіндігі жоқ. Кәсіпкерлік қызметті басқару механизмі технологиялық, жоспарлы, есептік –аналитикалық ақпараттар негізінде іске асырылады. Ұйымдарда оның құрылымдық бөлімшелерінің болашақтағы дамуын бюджеттеу, жоспарлау аналитикалық есептеулер, ішкі есеп берулер негізінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, басқару персоналын қамтамасыз етуге арналған ақпараттар жүйесі қазіргіге қарағанда көлемді түрде ұсынылуы керек. Өндірістік ұйымдар ішінде ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған бухгалтерлік есепті жетілдіру қажет. Қазіргі кездегі ақпарат кәсіпорындарда, соның ішінде, оның құрылымдық бөлімдеріндегі процестердің ағымдағы жағдайы туралы есеп мәліметтері бойынша дайындалуы қажет. Мұндай ақпарат өндірістік, технологиялық операцияларды табысты орындау үшін, тек қана ішкі емес, сонымен қатар сыртқы жағдайлардың қысқа жәее ұзақ мерзімді кезеѕдегі өндірісіне болжам жүргізу үшін қажетті болып табылады[1,108б.].

Кеңестік бухгалтерлік есептің кері әсері, бұл басқарау есебіне жетік мән берілмеуінде болып отыр. Бұл ақпараттық қамтамасыз етудің жалпылай кәсіпорын, министрлік бойынша жоспардың орындалуына бақылау жасаудың орталықтандырылуына бағытталуымен түсіндіріледі. Жұмыс түрі бойынша шығындар мен кірістерді басқару мақсаты қадағаланбады. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін жоғарлату, қатаң бәсекелестік жағдайында өмір сүру жолдары, коммерциялық құпияны сақтау және т.б. ізденістер қолға алынбады. “Шығындарды, жұмыс, қызметті есепке алу тиімділігі” ұғымы болмады. Есептің басқару аспекті тоталитарлық сипатта болып, бухгалтер мемлекеттік бақылаушы статусына ие болды.

Отандық экономикада басқару есебін жаңа құбылыс түрінде қарау қателік болар. Бухгалтерлік қызметтің атқаратын жұмысы совет өкіметінің кейінгі жылдарымен салыстырып қарағанда, 20-30 жылдардың басында едәуір кеңірек болған. Сол заманның бухгалтері есептік те, сондай-ақ жоспарлы –талдамалық жұмыстарымен де айналысқан. Социалистік шаруашылық жүргізу жүйесі мен орталықтандырылған жоспарлауды нығайтуды көздейтін елдердің даму деңгейлерінде біртіндеп бухгалтерлік қызметтен жоспарлы және қаржылық бөлімдерінің бөлінуі, оларға бухгалтерлік өкілеттіктің бір бөлігін беру орын алды. Осының нәтижесінде бухгалтердің бұл қызметі іс жүзінде кәсіпорынның шаруашылық өмірінің фактілерін есептік тіркеумен ғана шектелгені баршаға мәлім[2,98б.].

Қайта құру кезінде, нарықтық экономиканың пайдасына орталықтандырылған басқару жүйесінен бас тартып, бірақ жоспарлаудың ролін дәлелсіз төмендетудің салдарынан –кәсіпорынның техникалық -өнеркәсіптік –қаржылық жоспарының мәні жойыла бастағаны байқалды. Басқарушы есебіндегі бюджеттеу, көбінесе отандық тјжірибеде қолданылған техникалық –өнеркәсіптік –қаржылық жоспарды жасаудың тәртібін еске салады.

 Кеңестік экономикасының, тұсында басқарушы есептің бір тұжырымдамасы (концепциясы) – жауапкершілік орталықтары бойынша басқару болып табылды, яғни осының бір белесіндей көрінген, ішкі шаруашылықтың есеп айырысуды енгізуге бірқатар табанды талпыныстар жүргізілді.

 Бірақта, қазіргі кезде тек шығындарда ғана басқарып қоймай, жабдықтау процесі, өндіру және өткізу немесе қызмет көрсетуді де басқаруға болады. Сондай-ақ, әрбір процестің аумағында нақты жұмыстар жүргізіледі, сондықтан ақпаратты дайындауды әр процестің ішіндегі жұмыс түрлері бойынша жүргізу қажет. Осыған орай, біздің пікірімізше, бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланумен қатар, жоспарлауға, талдауға, бақылау мен болжауға жатқызылатын жұмыс түрлеріне сәйкес аналитикалық есеп шоттары бойынша аналитикалық ақпараттардың кең кәлемін дайындау қажеттігі туындайды. Мұндай функцияларды басқару есебі орындайды.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жетілдіру мәселелерін шешу үшін, қаржылық бухгалтерия мен өндірістік бухгалтерияны болу, сонымен қатар басқару есебін қалыптастыру қажет.

 Басқару есебін қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (басқарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық және калькуляциялық) құру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, оны шоғырландырудың өсуімен, капиталды орталықтандырумен, ірі компанияларды құрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау кажеттілігімен байланысты болып келеді[3,153б.].

Бүгінде зерттеушілердің басым көпшілігі басқарушы мен қаржы есебінің өзара байланысты екендігін мойындағаны жөнінде айтуға болады, ал ол өз кезегінде басқарушылық процестерді ынталандырады. Бұл есептің екі түрінің өзара байланысты екеніне саяды, бірақ сонымен қатар есептің әр қайсысы өздеріне тән қызметтерді атқаруға арналған.

 

Өзара әрекеттесу критериясы

Басқарушы (өндірістік) есеп

Қаржы есебі

1. Ақпараттар

Жедел ақпараттың қолдануы

 

Шешім қабылдау үшін

Қаржылық құжаттарын жасау үшін

2. Алғашқы ақпаратты жүргізу

Алғашқы ақпараттың бір-ақ дәркін жәргізілуі

3. Есепті жүргізу қағидалары

Мақсаттар мен міндеттерді таңдауда олар біртұтас жалпы қабылданған бабы бойынша жүргізіледі

4. Есептің объектілері

Біртұтас объектілер (объектілерінің бір тектестігі

5.Есептің әдістері

Қолданатын әдістерінің ортақтығы: құжаттау, түгелдеу бағалау және калькуляциялар, топтастыру, есеп беру (ішкі және сыртқы) шоттар

 

Қазақстандық тәжірибе көрсеткендей, қаржы есебі сыртқа есеп берулерді (негізінен салық салу мақсатында) жасауға арналған, ал басқарушы есеп болса басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет. Қаржы есебінің мәліметтері басқарушылық мәліметтерінен ерекшелігі бар, бірақ дәл қазір қазақстандық есепте ол жоқ.

Қаржы мен басқарушы есептері бухгалтерлік есептің өзара тәуелді және өзара уәделескен біртұтас компоненттерін білдіреді. Есептік екі түрін біріктіретін маңызды ерекшелігі болып, олардың ақпараттары негізінен шешім қабылдау үшін пайдаланады.

Есеп түрінің әр қайсысында өзіндік ерекшеліктердің болуына қарамастан, оның құру қағидаларында, қолданылатын әдістерінде ортақ сипаты болады, еңбастысы басқарушы және қаржы есебінде ағымдағы өндірісті басқару процесінде біртұтас объектілер ретінде еңбек құралы және еңбектің өзі, яғни материалдық және еңбек ресурстары алға шығады.

Мәселен, қаржылық бухгалтерлік есептің мәліметтері инвесторларға инвестициялаудың мақсаттылығын, потенциалын және перспективасын бағалауға көмектессе, ал басқарушы есепте басқару мәселелерін (тауқыметтерін) кең өрісте шешу үшін менеджерлер пайдаланды. Бірқатар авторлардың пайымдауынша, оларды бір ұғымдық тұрғысынан түсіну немесе тек механикалық өзгешілігі бойынша ажырату, біреуін жете бағаламау, екіншісін артық бағалауға әкеледі деп ой толғайды. “Қаржы мен басқарушы есебінің арасындағы жалпы қабылданған айырмашылықтары бизнесте айтарлықтай емес”, деп жазды басқарушы есеп саласының ірі ғалымы проф. Райан Боб. Біздің пікірімізше, әрбір есептің өзіне тән табанды айырмашылықтары да бар сияқты. Дегенмен де, басқару есебі көп жағдайда, қаржы есебінің жалғасы болып танылады.

Басқару есебі қандайда бір ақпараттарға қатаң шектеу қоймайды. Біздің көзқарасымыз, оны жетілдірумен бірге басқарма қажетін қанағаттандыратын, мәні бар ақпараттармен қамтамасыз ететін есеп беру нысандарын енгізудің толық мүмкіндігі туып отыр.

Сонымен, басқару есебі өндіріс қызметін басқарудың негізгі механизмі болып отыр. Нарықтық экономиканың қалыптасуымен қатар, есеп жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындады. Осыған орай, басқару есебінің өзі әрдайым басқарманың өскелең талаптарына жауап беруі қажет болды[3,155б.].

Қазақстан Республикасында 1997 жылдың қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес бухгалтерлік есепті қайта құру бағдарламасы жасалды. Қайта құрудың мақсаты, нарықтық экономиканың талаптары мен қаржы есебінің халықаралық стандарттарына сәйкес ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін, аталған талапқа сәйкес келтіру болып табылады. Бұл мақсатқа – кәсіпорын өзін-өзі тиімді басқару үшін қажет ақпараттар жүйесін қалыптастыра алса ғана жетеді.

Есеп жүйесін жетілдіру процесінде, біздің пікіріміз, басқару есебінің төмендегі міндеттерін бөліп көрсету керек:

Басқару есебінің мақсаты:

 - Нарық жүйесінде басқару есебінің орны мен ролін анықтау

  - Басқару есебінің сұрақтарын ашу:

-шетелдік тәжірибе;

   - теориялық мәселелер;

 - методологиялық мәселелер;

-ұйымдастыру мәселелері.

  Басқару есебінің мақсаты – ұйымдарда шаруашылық процестерді бақылау, жоспарлау және басқару үшін пайдаланушыларды ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында уақытылы жинау және өңдеу.

Егер қаржылық есеп шаруашылық субъектініѕ есеп саясатында және қаржылық есеп берудің халықаралық стандартында белгіленгендерді қатаң сақтаса, басқару есебі бойынша маман есеп және талдаудың тәсілдерін, формалары мен әдістерін өз еркімен таңдайды.

Осыған орай, басқару есебі бір жағынан – бұл шаруашылық субъектінің ақпараттық жүйесінің бір бөлігі, басқа жағынан – қызметтер немесе жұмыстарды жоспарлау мен шешім қабылдау үшін басшыны қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, жедел түрде басқару мен бақылауға көмек беру, белгіленген бағдарламаны орындау барысында шаруашылық субъектінің қызметкерлерін ынталандыру, ұйым ішіндегі басқару аппаратының, жеке қызметкерлердің, бөлімшелердің қызметтерін (жұмыстарын) бағалау мақсатындағы жасалатын іс әрекет.

Осыдан келіп, басқарушы есептің мақсаты болып, өткен құбылыстарды талдау негізінде болашаққа ұсыныстар жасау болып табылады. Міне, сондықтан басқарушы есепті кейде болашаққа талдау жасау деп те атайды. Осы мақсаттарға қол жеткізу ұшін басшылар басқарушы есеп бойынша оларға мамандар дайындап берген қажетті ақпараттармен істес болуы қажет. Есептің бұл тұрі салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды, ол шаруашылық субъектінің ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан, дәстүрлі қаржы есебінің жалпы ерекшеліктеріне ие, бірақта оның одан айырмашылығы болуы да міндетті емес.

Қазіргі жағдайда Қазақстанда басқару есебі қаржы есебімен тығыз интегралданған, өйткені шоттардың стандартты жоспарында өндірістік шығындар есебі мен қызметтерінің нәтижесі үшін арнайы шоттар қарастырылған[4,87б.].

 Біздің елдегі нарықтық қатынастарға, барлық меншік нысандарын дамытуға және шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістерін енгізуге бағытталып жасалып жатқан шаруашылық механизм, сондай-ақ өндіріс аясында басқарушы есептің барлық басты элементтерінің пайда болуы және басқарушылық пен қаржылық немесе қаржылы-экономикалық талдаудың қалыптаса бастауы, жалпы бухгалтерлік есептің бірнеше салаға бөлінуі, яғни бұларда және басқалары да, өндірісті басқарудың экономикалық механизмін жасаудан тұратындықтан (немесе туындайтындықтан), олар міндетті түрде аталған салаға күрделі өзгерістерді әкеледі.

 Нарықтық экономика жағдайында, яғни қатал бәсекелестік күресте, табыс табу мен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, өнімнің өзіндік құнын төмендету, ал ол үшін өндіріс шығындары мен өнім бірлігінің өзіндік құны туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.

Осыдан келіп, өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есептің атқаратын ролі ең алдымен “басқарушылық шешімдерді жасау” мәселесін шешумен анықталады, бірақта бұл үшін бір мезгілде, өндірісті басқаруда жақсы жағдайы болу керек.

 Басқарушы есептің ролі – бұл екі бапты ұйлестіру немесе өндірісті басқарудың барлық шешуші элементтерін, бизнесте ірі жетістікке жетуге бағышталған бір бүтінге айналдыру.

 Яғни, болашақта кәсіпорынды тиімді басқару мақсатында, оның қаржылық жаңдайын талдау, есеп беруді жасау және ағымдағы есепті қамту қызметтерін біріктіретін бухгалтерияның ролін түбегейлі өзгертуге тура келеді. Бұл: Біріншіден, нарық жағдайында меншік құрылымының өзгерісін түсіндіреді және мемлекеттік меншік сол меншіктің бір ғана түрі; шаруашылық субъектісінің қызметінің нәтижесіне көптеген мүдделі жаңа меншік иелері пайда болады, өйткені оған олар өз қаржысын жұмсайды;

 Екіншіден, шаруашылық субъектісінде қажетті қаржылық және бәсекелестік күресте жеңіске жету үшін басқарушылық шешімдерін іздеуге мәжбїр болады. Осы мақсатта нарықтық коньюнктураны зерттейді, өзінің қызметін өз бетінше дербес жоспарлайды, жабдықтаушылар мен сатып алушыларды табады, бағаны белгілейді және т.б.

 Үшіншіден, бюджеттік қаржыландыру мен мемлекеттік несиелендіру көп жағдайда шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көзі болып табыла бермейді. Олар қаржыландырудың басқа да көздерін іздестіреді. Сондықтан шаруашылық субъектісі бәсекелестік күреске тек сатып алушылар мен өткізу нарығы үшін ғана енбейді, сонымен қатар коммерциялық банктердіѕ несиелері үшін, басқа да потенциалды инвесторлардыѕ қаражаттарын тарату үшін де енеді.

 Осының барлығының нәтижесінде шаруашылық субъектісіде, бір жағынан, басқарушылық шешімдерді қабылдау және олардың нәтижелерін бағалау үшін, толық және дер кезінде ақпараттардың болуына деген қажеттілік туындайды. Басқа жағынан, шаруашылық субъект өзіне өз қаражаттарын салуға (немесе салуға ниеттенуге) сәйкес ақпараттар беріп отыруы керек. Сонымен бірге, нарық жағдайында салықтық аударылымдардың дұрыстығы туралы мемлекетке есеп беру қажеттілігі сақталады.

 Әкімшіліктің жаңа мүддесін қанағаттандыру мүмкіндігіне тек қана менеджер ғана ие, себебі ол шаруашылық субъектінің экономикасын ұғынуға қабілетті, қаржылы-есептік мәліметтер негізінде, оның олқы жерлерін анықтай алады, және де ол салықтық жоспарлауды жасайды[5,160б.].

Экономика дамуының көптеген салаларында, яғни сауда, қаржы және басқа да бөлімдерінде жетекші орынды өндіріспен немесе қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындар алады. Олардың қызметі ұлттық нарықтармен ғана емес, дүниежүзілік нарықтармен де байланысты болып отыр.

Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жүргізудің ұтымды жолдарын қарастыруда, іздену жұмысымызды: стратегия – кәсіпорын – кәсіпорынның экономикалық стратегиясы тізбегінде жүргіздік.

«Стратегия» терминіне анықтама беруші ғылыми еңбектерді зерделей отырып, стратегияны - ұзақ мерзімді мақсаттарды қалыптастыру және оларға жету жолдарын таңдау үрдісі деп бағалаймыз.

Ал кәсіпорынды – пайда табу мақсатымен ақша қаражаттарын және мүліктерін бірлестіруге шешім қабылдаушы тұлғалар арасындағы келісім негізінде құрылған нысан деп қарастыруға болады.

Теориялық және тәжірибелік тұрғыдан, барлық бөлімдер мен салалардағы кәсіпорындар қызметінің нәтижелері экономикалық стратегияның нысанына, яғни оның қызмет ету қағидаларына, дамудың заңдылығына, шарттары мен факторларын білуге негізделетін ақпараттық мәліметтер көмегімен бағаланады.

Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының теориялық және тәжірибелік жақтарын зерттеумен айналысқан экономист-ғалымдардың көзқарастарын жалпылай келе, біздің пікірімізше: «Экономикалық стратегия – кәсіпорынның экономикалық мақсаттарын, саясатын және іс-әрекеттерін үйлестіретін үлгі немесе жоспар» - деп тұжырымдауға болады.

Кәсіпорынды басқарудың әр түрлі деңгейлеріндегі экономикалық стратегия өз мақсаттары бойынша алуан түрлі болады. Олар басқару деңгейлерінің әр түрлі стратегиялық бағыттарымен, сондай-ақ экономикалық категориялардың бірі-бірінен өзгеше қызметтерімен ерекшелінеді. 

Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының дұрыс жүргізілуі көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Зерттеу жұмысымызда экономикалық стратегияға ықпал етуші факторларды былай топтастырамыз: сыртқы және ішкі факторлар.

Сыртқы факторларға жатқызуға болатындар: нарықтағы жағдайлар,  инфляция және бағаларды реттеу саласындағы мемлекеттік саясат.

         Ішкі факторларға жататындар: шығарылатын өнімнің өзіндік құны, оның сапасы, бәсекелестік қабілеттілігі және бағалар саясаты[6,144б.].

Ықпал етуші факторларды ескере отырып, кәсіпорынның экономикалық мәселелерін шешудің ең дұрыс жолы - ұйымдастыру құрылымдарын орталықсыздандыру мен жаңа дербес құрылымдарын құрудың қажетті екендігіне көз жеткізуге болады.

Ол үшін бәсекелестердің нарықтағы алар орынына мән берудің рөлі үлкен. Зерттеу барысында, бәсекелестіктің теориялық негіздерін зерттей отырып, кәсіпорын стратегиясының бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру үрдісін бірнеше кезеңге бөлдік:

        -   саладағы (салалық нарықтағы) бәсекелестік ортаны талдау;

        -   бәсекелес кәсіпорындардың жағдайын бағалау;

        - кәсіпорынның өзінің (оның нақты жағдайы мен мүмкіндіктерінің тұрғысынан) бәсекелестік қабілеттілігін талдау;

        - кәсіпорынның бәсекелестіктегі тұрақты орнының деңгейі туралы қорытындыларды дайындау;

        - кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарына жету бойынша іс-әрекеттердің (құралдардың, іске асыру нысандарын) бағдарламаларын дайындау;

        - мақсатты (бәсекелестік артықшылықтарға жетуді), құралдар мен әдістерді (іс-әрекеттер бағдарламаларын), және басқа да мүмкіндіктерді (ресурстық әлеуетті) анықтау.

Экономикалық стратегиялардың экономикалық міндеті (бағдары, бағыты) нақты бағдарламаларда көрсетілген көмекші экономикалық міндеттердің кешенімен қамтамасыз етіледі.

Әлемдік тәжірибеде экономикалық стратегияны жетілдірудің көптеген әдістері мен жолдары бар, бірақ оларды Қазақстанның экономикалық дамуына толық қолдану мүмкін емес. Сондықтан, дүниежүзілік тәжірибеге сүйене отырып, іздену жұмысымызда экономикалық дамудың деңгейіне сәйкес келетін кәсіпорынның экономикалық стратегиясын реттеудің жолдарын қарастырдық.

Ең жетілген стратегия уақыттың өтуіне қарай өзгерістер мен түзетулерді талап етеді, сондықтан бұрын қабылданған және өзгермейтін түрде әрекет ететін стратегияны басшылыққа алып, жемісті жұмыс істейтін кәсіпорынды  кездестіру қиын. Нарықтың қиын жорамалданатын дамуы кәсіпорындарды өз стратегияларын түрлендіруге мәжбүрлейді. Сол үшін, оларды дайындау мен іске асыру үрдістері еш уақытта тоқтамайтын, ұласпалы сипатта болуы тиіс.

          Оны дағдарысты жағдайдан шығару бойынша экономикалық стратегияларын даярлау мысалындағы ұсыныстар экономикалық стратегиялардың құрастырушы бөліктерін тиімді етудің нұсқаларымен экономикалық стратегиялардың нысандары бойынша қалыптастырылған.

          Стратегияны тиімді жүргізудегі ұсынылған бағыттарын қолдану қысқа мерзімде банкке қарызды қайтаруға, қарыз ресурстарды қажеттілігі бойынша және керекті көлемде пайдалануға, ал пайда алатын кезде, қарыз қаржыларының құрылымын жеңілдететін, ай сайын банкке жүйелі түрде негізгі қарыз бен пайыздардың бөлігін қайтаруға мүмкіндік береді.

          Кәсіпорын қызметіне болжам жасаудың қажеттілігі бұл келешекті бағдарламалардың ұзақ кезеңі үшін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми – техникалық дамуының тұжырымдамалары мен аймақтық саясатты жасауға қажетті ақпараттық базаны құрудағы мемлекеттің, ірі макроаймақтар мен экономикалық аудандардың, территориялық-өндірістік кешендердің аса маңызды мәселелерді оңтайлы шешуде өзара бағындырылуында.

Зерттеу нәтижелерін сараптау келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: экстраполяциялық талдау жақсы зерттелген салалар үшін салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығына нақты  нәтиже бере алады. Күрделі құбылыстардың техникалық өлшемдері мен функционалдық мүмкіндіктер әдісі ұзақ мерзімді жобаларды болжамдауда  жеткіліксіз және де оны қолдану  дамудың нақты  барысынан  үлкен ауытқуларға әкеледі.

Кәсіпорын қызметінің экономикалық стратегиясының мақсаттары және мәселелері жеке,  кешенді болжамдардың өзара бағыныштылығы мен өзара байланыстылық сызбасын ұсынуды қажетсініп отыр. Кәсіпорын қызметінің экономикалық стратегиясын жақсартудың мақсаты болып ұдайы өндірістік үрдістің дамуының объективті тенденцияларын анықтау, сондай-ақ таңдалған даму тенденцияларына сәйкес мөлшерлі баламалардағы өндіріс үрдістерінің өзара байланысы, ғылыми-техникалық прогресстің ескерілуі мен ресурстық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық т.б. да шектеулердің үлестірілуі мен тұтынылуын белгілеу болып табылады.

        Экономикалық стратегия кәсіпорын ресурстарын анықтау және алдағы уақытта олардың дамуын бағалау, тәуекелдіктер мен олардың мүмкін болатын өзгерістерін бағалау негізінде қалыптастырылады. Бұл негізде, кәсіпорын стратегияны іске асыруды, ұйымдастыру құрылымын, персоналды басқаруды және жалпы менеджментті жетілдіруде қалаған нәтижелерге жетеді[7,179б.].

                           

                                   ӘДЕБИТТЕР

1. Назарова В.Л., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Управленческий учет. – Алматы, 2010.-108б.

2. Назарова В.Л., М.С. Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. – Алматы, 2005.-98 б.

 3. Әбдіманапов Ә.Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» /Ә. Ә. Әбдіманапов. - Алматы: АЙАН, 2009- 153-155 бб.

4. Управленческий учет / Под ред. В. Палия и Р.Вандер Вила. - М.: ИНФРА-М,2007. -87с.

5. Мюллендорф Р., Карренбауэр М. Производственный учет. Снижение и контроль издержек. Обеспечение их рациональной структуры: Пер. с немецкого М.И.Корсакова. — М.: ЗАО «ФБК-ПРЕСС», 2006. - 160с.

6. Кондратова И. Г. Основы управленческого учета. - М.: Финансы и статистика, 2008. - 144с.

7. Скоун Т. Управленческий учет / Пер. с англ. под ред. Н.Д.Эриашвили. — М: Аудит, ЮНИТИ, 2010. – 179с.