Государственное управление/3.Взаимодействие разных ветвей власти
Бажигалиева
М.Б.
Аблайханова Т.А.
Восточно-Казахстанский государственный
университет им.С. Аманжолова Магистрант 2 курса по специальности «Государственное и местное
управление»
Восточно-Казахстанский государственный
университет им.С. Аманжолова К.э.н., заведующий кафедры «Бизнеса и делового администрирования»
Қазақстан
Республикасындағы жергілікті өзін-өзі
басқарудың моделін
жетілдіру жолдары
Жергілікті маңызы бар
мәселелерді шешудегі дербестікке ие болатын, демократия мен
орталықсыздандыруға негізделген жергілікті өзін-өзі
басқару аймақтардың әлеуметтік-экономикалық
әлеуетін тиімді жүзеге асыруға, аймақтық, жалпы
мемлекеттік және жергілікті
мүдделердің оңтайлы үйлесуіне жәрдемдеседі [1].
«Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңжобасын
және Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі
басқарудың теориялық негізін әзірлеу кезінде
бүгінгі таңда жергілікті өзін-өзі басқару
түсінігіне анағұрлым жақын келетін дуалистік
муниципалды концепцияны және әлеуметтік қызмет көрсету
теориясын негізге алуды ұсынамыз.
Біріншіден, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының басқару пәндерін қалыптастыру әдісі
дуалистік концепция пайдасына екендігін көрсетеді. Бұл
әдістің негізінде екі жақтық қарама-қарсы
бастама жатыр: жергілікті өзін-өзі басқару органдарына кейбір
жергілікті бірлестіктер үшін маңызды функцияларды жүктейтін
тұрғындар жағы және тек қана нақты
бір муниципалды ұжымның ғана емес, жалпы мемлекеттің
мүдделерін білдіретін жергілікті билік органдарына кейбір мәселелер
қатарын шешуді тапсыратын мемлекет жағы. Жергілікті
өзін-өзі басқарудың екі жақты қасиеті –
жергілікті билік органдары қызметінің көптеген аспектісін
зерттеудің жолы болатын оның негізгі маңызды сипаты.
Екіншіден, әлеуметтік қызмет көрсету теориясы
Қазақстандағы қазіргі жағдайды толық
көрсетеді. Әлеуметтік қызмет көрсету теориясының
барлық муниципалды қызметінің негізгі мақсаты комунна
тұрғындарының әл-ауқаты деп айтуға болады. Жергілікті
өзін-өзі басқару мемлекеттік басқарушылық
қызметтің анағұрлым демократиялық формасы болып
табылады. Ол мемлекеттік билікті орталықсыздандыру механизмінде ерекше
орынды алады, жалпы экномика дамуына әсер етеді,
қоғамдық қажеттіліктерді және жергілікті
халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Заманауи қазақстандық өзін-өзі басқару
құрылысының тәжірибесі жинақтала отырып,
жергілікті өзін-өзі басқару үш айнымас және
өзара байланысты құрамдас бөліктерді белгілеп алу
жөн екендігіне сүйенеді: біріншіден, белгілі бір
аумақтың халқы құрған
бұқаралық билік; екіншіден, бұл мемлекеттік
құрылымның элементі, мемлекеттік саясат жүйесінің
маңызды құрамдас бөлігі, үшіншіден, бұл
азаматтық қоғам институты [2].
Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті маңызы бар
мәселелерді азаматтардың тікелей өздерінің немесе
жергілікті халықтың өмірін жақсарту үшін
сайланған органдар арқылы өз бетімен шешу
құқығы [3].
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары
қызметінің құқықтық негіздерін
халықаралық нормалар мен елдің заңнамалары
құрайды, аймақтық негіздерін елдің
әкімшілік бөліну ерекшелігі, ұйымдастыру негіздерін
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мәртебесі мен құзыреті, ал қаржылық негіздерін –
бюджетті қалыптастыру көздері құрайды.
Шетелдік
құқықтануда жергілікті өзін-өзі
басқаруды құқықтық реттеу мәселесіне
аса маңыз беріледі. Көптеген демократиялық елдерде бұл
институт тарихи қалыптасты, ал өзінің заңдық
бекітілуін ол тек ХХ ғасырда ғана алды. Шетелдік
заңнамалық тәжірибенің қызықтығы
сонда, Қазақстанның қазіргі кезде алдынан шығып
отырған мәселелерін
шетелдік мемлекеттер сол кезде-ақ бастан өткерген.
Шетелік заңнаманы талдау негізінде
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі
басқару туралы заңнама мәселелеріне жүргізілген зерттеу келесі қорытындыларды
шығаруға және соған сәйкес ұсынымдар мен
ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
1)
Қазақстан
Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне
қатысты заңнамасы жетілдірілмеген болып табылады, жергілікті
өзін-өзі басқарудың негізін қалайтын
көптеген принциптер заңнамамен бекітілмеген;
2)
Қазақстан
Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың
құқықтық, ұйымдастыру және
қаржылық негіздерін жергілікті өзін-өзі
басқарудың Еуропалық Хартиясына сәйкес келтіру керек;
3)
жергілікті өзін-өзі
басқаруды заңнамалық бекіту саяси, құзыретті,
бюджетті, фискальді жекеленуден тұратын алдағы уақыттағы
жекеленусіз мүмкін емес;
4)
Қазақстан
Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамасын
жетілдіруге кешенді жақындау қажет, ол
құқықтық базаны талдаудан, нормативті актілерге
қажетті өзгерістер анықтау және өзгерістер
енгізуді қажет ететін нормативті актілер шеңберін анықтаудан
тұрады.
5)
Қазақстан
Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамасы
декларациялық сипатқа ие, онда белгілі
құқықтар, жарлықтар, жаңа ережелер
жазылған, бірақ берілген нормаларды орындауды заңнамалық
қамтамасыз ету жоқ;
6)
Шетелдік тәжірибе ҚР жергілікті өзін-өзі
басқару туралы заңнамасының қай жерінде кемшіліктер бар
екендігін анықтауға көмектеседі. Бұл өте
маңызды, өйткені Қазақстан
Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесі жұмыс істемейді, сондықтан заңнамалық
мәселелер тәжірибе жүзінде проблемалар туындатпай
тұрғанда, оларды жою мүмкіндігі бар [4].
Атап өтілген
жағдайлар жергілікті өзін-өзі басқару саласын
құқықтық реттеу мен мемлекеттік басқару
реформасының тиімділігі арасындағы өзара байланысты дәлелдейді.
Жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы
заңның негізігі даулы жері жергілікті өзін-өзі басқарудың функционалды
бағыттылығы мен оның саяси және құзыретті
мәртебесі болып табылады.
Жергілікті
өзін-өзі басқаруды дамыту негізінен орталық және
жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін модернизациялау мен
орталықсыздандыру аясында
қазақстандық заңнамамен қамтамассыз
етіледі. Сонымен қатар Қазақстандағы ұтымды
жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы тек
жергілікті өзін-өзі басқарудың автономды органдары құрылып, кейін
бөлініп шыққанда ғана мүмкін.
Осыған байланысты
біз «Мемлекеттік жергілікті басқару» және «Жергілікті
өзін-өзі басқару» туралы екі дербес заң қабылдау
керек деп ойлаймыз. Екі заңның болуы қазіргі
аймақтардың кейбіріндегі
«Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық
емес ұйымдар туралы» және «Тұрғын үй
қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы заңдары
негізінде құрылған азаматтардың өзін-өзі
басқаруының түрлі нысандарының құқықтық
реттелуін жетілдіріп қана қоймай,
төменгі әкімшілік-аумақтық ұйымдарда
толық жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға
мықты негізді қалыптастырады [5].
Қазақстандағы
жергілікті өзін-өзі басқарудағы
қоғамдық қатысу өте төмен деңгейде
тұр, өйткені қажетті заңнамалық базасы жоқ.
Бұл жағдайды жолға қою үшін жергілікті
өзін-өзі басқару туралы заңдағы
азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға
қатысу формаларының тізімін кеңейту керек.
Қатысудың қоғамдық аумақтық
өзін-өзі басқару, азаматтық кеңестер,
қоғамдық тыңдаулар сияқты формаларын қосу
керек. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі
басқарудағы азаматтардың ұсынымдық қатысуын
міндетті қатысу мәртебесіне өзгерту қажет. Жергілікті
өзін-өзі басқару ерекшелігі оның басты міндеті –
жергілікті мүдделерді қорғайтындығында.
Азаматтардың пікірін ескерусіз мұндай қорғау
мүмкін емес. Ол бейнелік сипатқа ие болады да, даму үшін
алғышарты болмайды.
Шығыс
Қазақстан облысындағы жергілікті өзін-өзі
басқару деңгейін анықтау бойынша Өткізілген
іс-шаралардың нәтижесі азаматтардың жергілікті деңгейде
шешім қабылдау үрдісіне қатысуы облыстың қалалары
мен аудандарында едәуір шектеулі деген қорытынды жасауға
негіз болды. Бұл төмендегі факторларға байланысты.
Біріншіден, азаматтық қатысу мен жергілікті өзін-өзі
басқару арасында, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі
басқару және жергілікті мемлекеттік басқару арасында
нақты ажыратулар жоқ. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі
басқарудың қаржыландыру көздері белгісіз және
үшіншіден, халықтың және билік органдарының
бірнеше жылдан бері әртүрлі ақпараттық және
оқыту семинар-тренингтері мен басқа да іс-шараларының
өткізіліп отырғанына қарамастан,
құқықтық сауаттылығы төмен. Заңнамалық базаның
жетілдірілмеуі және «Жергілікті өзін-өзі басқару
туралы» жеке заңның жоқтығы да маңызды
ықпал ететін факторлар болып табылады.
Нәтижелерге
жасалған талдау көрсеткендей, жергілікті билік органдары азаматтармен өзара әрекеттесуде
жасанды қызығушылық танытып отыр. Дегенмен, бұл облыстың
барлық қалалары мен аудандарына тән емес. Міне
сондықтан «ШҚО аймақтарының 2011-2015 жылдарға
арналған даму бағдарламасын» жүзеге асыру арқылы
жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың механизмдерін
дайындау үшін пилотты аудандар ретінде Ұлан және Глубокое
аудандары мен Риддер және Өскемен қалалары таңдап
алынды. Бұл қалалар мен аудандарда азаматтық бастама барынша
белсенді және билік олардың дамуына көмек көрсетуге
дайын.
Жергілікті
мәселелерді ескере отырып, оларды шешуге көмектесетін механизмдерді
әзірлеудің қазіргі кезеңде аса өзекті
қажеттілігі туындап отыр. Ал мұндай механизмдердің жасанды
сипатқа ие болмай, жұмыс істеуі үшін олар сынақтан
өткізілуі тиіс. «ШҚО аймақтарының 2011-2015
жылдарға арналған даму бағдарламасын» бастай отырып, бір
мезгілде осы жобаны жүзеге асыру жергілікті өзін-өзі
басқарудың даму үрдісін айтарлықтай жеделдетуге
және жергілікті деңгейде шешім қабылдауға азаматтарды
тартуға мүмкіндік береді. Келесі қадам алынған
тәжірибені жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, облыстың
басқа қалалары мен аудандарында тарату болуы мүмкін [6].
Жергілікті
өзін-өзі басқарудың негізгі билік көзі –
аудандарда, ауылдық округтерде, шағын мөлтек аудандарда,
поселкелерде тұрақты түрде мекендейтін тұрғындар
болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарын
халық өз аумағында
тұрақты тұратын адамдардың ішінен сайлауы арқылы жүргізілуі
керек.
Қорыта
келе, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде
бюрократияны болдырмау үшін біреуі басқарып, екіншісі иеленіп,
үшіншісі тек еңбек етпеуі керек. Керісінше, ол басқаруы
керек, жұмыс істеуі керек және иеленуі. Яғни үш
қызмет те бір тұлғаның бойынан табылуы керек.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
өкілеттілігін белгілеу ісіне аса жауаптылықпен қарау керек.
Халық билігінің аталған институты толық күшінде
жұмыс істеуі үшін заң дейгейінде қызмет етудің
материалдық негізін анықтау керек, бірінші кезекте –
тұрақты қаржы көздері. Қалыптасу мен даму
кезеңінде салық төлемдерін төлеуде жеңілдіктер
берілуі қажет.
Әрине,
өзін-өзі басқарудың болашақ жүйесі тиісті
экономикалық жағдайлардың, мемлекет пен жергілікті
өзін-өзі басқару арасындағы басқару нысанын
ажыратып беретін нақты құқықтық
базаның болуын, бұқаралық сана-сезімнің,
құқықтық мәдениет және
адамдардың мінез-құлқының өзгеше сапалы
деңгейінің болуын көздейді. Бұл үрдіс
ұзақ мерзімді және күрделі, заң
шығарушылардың, жергілікті мемлекеттік басқару
органдарының тәжірибелік жұмыскерлерінің,
үкіметтік емес ұйымдардың және
қоғамдастық өкілдерінің тарапынан парасатты
және еңбекті көп керек ететін жұмысты талап етеді.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Абулова М.С, Сафонова
Н.В.. Жергілікті өзін-өзі басқарудың және
азаматтық қатысудың жаратылысы мен маңызы. «Жергілікті
өзін-өзі басқарудың қалыптасуындағы
азаматтық қатысудың рөлі», әдістемелік
құрал,2010.
2. Аймақтағы жергілікті өзін-өзі
басқару және азаматтық қатысу, Өскемен: ШҚО
ішкі саясат басқармасы «Жергілікті өзін-өзі басқаруды
дамыту орталығы» ҚҚ. 2011.
3. Сафонова Н.В.,
Чернышов О.В., Дүйсебаева Л., «Жергілікті өзін-өзі
басқару әліппесі» қалта анықтамасы, Өскемен: 2011.
4. Сафонова
Н.В., Қалиев Д.Е.. ҚР жергілікті өзін-өзі бсқару
саласындағы заңнамаларын талдау. Қазақстан
Республиасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың
жағдайы мен болашағы: Халықаралық семинарлардағы
баяндамалар жинағы. – Өскемен,
2008.
5. Чернышов
О.В., Сафонова Н.В., Галяпина Г., Қазақстан Республикасында
жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың
мәселелері мен болашағы. Өскемен: 2012.
6. Фунтова Л.Г., Джангурчинова
Ф.С. жалпы редакциясымен, «Жергілікті өзін-өзі басқару және
азаматтық қатысу»: брошюра. Өскемен. 2011. 54б.