Нуралшина Г.Т.
Т.Рысқұлов
атындағы Қазақ экономикалық университетінің
магистранты
(Қазақстан, Алматы қ.)
Заманауи
ақпараттық жүйенің даму бағыты және оны талдау
Ақпараттық жүйе мен
ақпараттық технологиялардың дамуы толығымен
компьютерлік техникамен байланысты. Бәрімізге белгілі ең
алғаш ЭВМ күрделі сандық есептеулерді шығару үшін
пайдаланылған. Алғашқы компьютерлер үлкен көлемді
ақпараттарды өңдеуге арналмаған болатын, себебі қоректену көзінен өшіргеннен
кейін кіші көлемді оперативті жады ақпаратты
сақтамаған. Программаның мәтіні машина тілінде
және қосымша жұмыстары программисттің өзімен
енгізілген. Бұл технология қазірге дейін әр түрлі сыртқы
жады құрылғыларында қолданылады. 1954 жылы ІВМ фирмасы
бірінші қатты магниттік дискке бағытталды.
Келесі есептеуіш технологияның даму
деңгейінің маңызды ролі компьютерлік желі пайда болғалы
ақпараттық жүйені құрудағы технологияны
тұрғызу болды. Ара қашықтықтағы
ақпараттарды жіберу үшін желі құрылды, сонымен
қатар қолданушыға қашықтықта
тұрған мәліметтерді қолдану мүмкіндігі пайда
болады. Ең алғашқы локальді желі Ливерморсктегі зертханада
1964 жылы өңделіп шықты.
Революциялық оқиға тек қана
ақпараттық жүйе құрылған бағыты
ғана емес, сонымен қатар «адам – компьютер» өзара
қарым-қатынасы персоналдық ЭЕМ пайда болуы болды. Бұл
революциялық оқиға болу себебі нақты бір маманды
автоматтандыруға мүмкіндігі пайда болды. Ол нарыққа
шығуға және автоматтандырылған әр түрлі
мамандықтарға арналған үлкен көлемдегі
ақпараттық жүйелерді еркін таратуға мүмкіндік
берді.
Ақпараттық технологияның
логикалық даму қадамы логикалық компьютерлік
жүйенің дамуы болды (өткен ғасырдын 80 жж. ортасында).
Енді автоматтандыру мүмкіндігі тек бөлек жұмыс үстелін
ғана емес, бүкіл бөлімді және ұйымды
автоматтандыру мүмкіндігі туды. Сонымен қатар, қызметкерлер
орталық ақпараттар қорымен және бір жобамен бірігіп
жұмыс істеу мүмкіндігі немесе бір ақпараттар қорына
кіру мүмкіндігін алды.
Ақпараттық технологияның ең
маңызды атқарған ролі бәріне белгілі болған
бүкіл әлемдік компьютерлік желінің бір уақытта даму
деңгейі мен желінің дамуы
(1992 жылдан бастап) ықпал етті. Ақпараттық жүйе
жаңа сапалық деңгейге біртіндеп шыға бастады. Ол
деңгей бүкіл әлемдік ақпараттар аясының
деңгейі болды [1].
Заманауи ақпараттық жүйені талдау (MBS
Navision, MBS Axapta, SAP, 1С және т.б.) оның типтік
құрамын айқындауға мүмкіндік берді:
· Деректер (data латын тілі) – бұл дерек пен идеялардың
формалданған түрі, ол кейбір ақпараттық үрдісте
жіберу және өңдеу үшін қолданылады.
· Ақпарат – бұл біреу немесе бір нәрсе жайлы әр
түрлі әдіспен сыртқы әлемнен алынған
мәлімет. Ақпарат (information латын тілі – түсіндірме,
мазмұндама, хабардарлық) – ғылмның үлкен бір ортақ
түсінігі, кейбір әдістерді, қандай да бір деректердің
құрамын, білімін және т.б. білдіреді.
· Білім – деректердің құрамын, құрылымын
және әлем жайлы қорытындысын, өзіне объектілердің
құрамын қосатын, үдерістің және
көріністің заңдылықтарын, сонымен қатар бұл
ақпаратты шешім қабылдау үшін қолданады.
· Деректер қоры (ДҚ) – деректер таңдалымының ұйымдатырылған
құрылымы, кез келген физикалық немесе виртуалды
жүйенің мінездемесін сипаттау.
· Білім қоры – бұл деректер қорының айрықша
бөлімі, біліммен басқару үшін өңделген,
яғни жинау, сақтау, іздеу және білім беру.
· Программалық қамтамасыз ету –аппараттық
құрылғылардан тұратын ең маңызды
ақпараттық технология. Сонымен қатар компьютерлік
программалар мен мәліметтері бар, машиналық тасымалдаушыда
сақталатын арнайы есептерді шешу үшін арналған.
Программалық қамтамасыз ету өз алдына мәліметтерді
басқа программаларда қолдану үшін немесе процессор үшін тізбектегі құрал ретінде
өңделген алгоритм болады.
· Сараптамалық жүйе – қолайсыз жағдай
туындағанда рұқсат берген жағдайда
мамандық-экспертті алмастыра алатын компьютерлік программа. 1970 жылдары
СЖ жасанды парасаттың зерттеушілерімен әзірлене бастды, ал 1980
жылдары коммерциялық нығаюды алды. СЖ анықталған білім
аймағында логикалық әдістер қорытындысымен және
шешім қабылдауымен сараптама жүргізу үлгісі сияқты
білім қорымен біріктіріліп қарастырылады, ал білім қоры –
деректер құрамы және таңдалған заттық
аймақтағы логикалық қорытынды ережесі ретінде
қолданылады.
· Локальдіқ жүйе – барлық компьютерлерді бір желіге
бірітіретін желі. Локальды желі арқылы деректерді жіберу жеңіл
болып келеді.
· Ақпараттық қауіпсіздік – объекті құрамын
қорғауын қамтамасыз етуге бағытталған
қызмет (ҚР мемлекеттік стандарты ақпараттық
технологиялар «Ақпараттық қорғау. Программалық
әдістерді компьютердегі вирустарға қолдану» (ҚР МЖБС
21188-2007))[2] .
Ақпараттық жүйені бірнеше белгілері бойынша
жіктеуге де болады (сурет 1):
Сурет 1. Ақпараттық жүйені
әртүрлі бағытта жіктеу
Мысалы: ақпараттық жүйенің
автоматтандырылған деңгейі бойынша жіктеу. Онын өзін бір неше
түрге бөліп қарастыруға болады:
o
Қолмен басқарылатын ақпараттық
жүйелер ақпаратты қайта өңдеу кезінде заманауи
техникалық әдістердің болмауы және барлық
операциялар адам қызметі арқылы орындалуын сипаттайды.
o
Автоматты ақпараттық жүйелер
ақпараттарды қайта өңдеудің барлық
операцияларын, әр түрлі жұмыстарды адамның
қатысуынсыз орындайды. Автоматтандырылған ақпараттық
жүйелер мысалына Интернеттегі кейбір іздеуші машиналарды
жатқызуға болады. Мысалы, Google бұндаға сайтар жайлы ақпараттар
жиыны автоматтық іздеу жұмысы орындалады және адами фактор
ізденістің нәтижесіне әсер етпейді.
o
Автоматтандырылған ақпараттық
жүйелер (ААЖ) – АЖ кең таралған бөлімі. Бұл
үрдісте ақпараттың жиналуын, ДҚ ақпаратты
өңдеуін, адами және техникалық әдстерін
программалық қамтамасыз етуінің қатысуы болжайды.
Автоматтандырылған ақпараттық
жүйелер қолданылатын ақпараттың сипаттамасы бойынша
анықталуы мүмкін.
Ақпаратты-іздеу жүйесі енгізуді,
жүйелендіруді, сақтауды, деректерді қайта өңдеп
сұраныс жасалған ақпараты қиындықсыз
шығару. Мысалы, кітапханада ақпаратты-іздеу жүйесі, темір жол
кассалары.
Ақпаратты-шешуші жүйесі барлық
ақпаратты өңдеу анықталған алгоритм бойынша іске
асады. Бұндай жүйелерді қосымша екі классқа
бөлуге болады: басқарушы және сәйкестілік [3].
Жалып, арнайы талаптар экономикалық
ақпараттық жүйені өңдеу кезінде заманауи
программалық әдістерге қойылады. Оларды берілген ортақ
жүйеден немесе мысалы, ғылыми-техникалық
ақпараттық жүйеден ерекшелейді, қазірге дейін
нақты негізделмеген. Негізгі программа әдістеріне және оларды
жұмыс барысында қолданылатын талаптарды анықтайтын
экономикалық басқару бөліміне арналған
ақпараттық жүйенің ерекшеліктерін сипаттайды.
Қорыта айтқанда,
ақпараттық жүйенің нарықтағы заманауи
күйінің анализі ақпараттық жүйені
ұйымдасытрудағы басқарудың сұраныс деңейі
үлкен екендігін көресетеді. Дегенмен, интегрирленген жүйені
басқару негізінде сұраныстың өсу деңгейі артуда.
Бөлек функцияның автоматизациясы, мысалы, бухгалтерлік есеп немесе
дайын өнімнің сатылуы көптеген өндіріске өткен
деңгей болып табылады [4]. Осы айтылғандарға сүйене
отырып, ақпараттық
жүйе жалпы барлық бағыттағы басқарылатын
қызметтерде қолданылатынын есте сақтағанымыз
дұрыс. Яғни, функционалдық, бухгалтерлік есеп, қаржы,
еңбек ресурстарын басқару, маркетинг және т.б.
аймақтарды жатқызуға болады.
Заманауи ақпараттық жүйенің дамуы инженерлі желі
сияқты үлкен жүйелердегі мақсаттарды
басқаруға көмектесетін кешендер пайда болғаны
бәрімізге мәлім. Бұндай кешендер жобалау, модельдеу, сапалық
бағалау және шешеім қабылдау қызметтерін
атқарады. Мақалада жазылған ақпараттарды
қорытындылай келе, көп жағдайда ақпараттық
жүйені әр түрлі деңгейдегі және
функционалдық бағыттағы ақпаратты қамтамасыз ету
мен мақсатқа жету немесе шешім қабылдау үшін
құруға арналған болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. В.Ю. Пирогов. Информационные системы и базы данных: организация и
проектирование: учеб. пособие. – СПб.: БХВ-Петербург, 2009 – 528 с.: ил. –
(учебная литература для вузов).
2. Информационная
безопасность. Понятие защищенной информационной системы. Состав, требования,
классификация. http://inf-bez.ru/?p=810
3. Топерец А.Ю. Информационные технологии в экономике. Учеб. пособие. Москва,
2005- 68 с.
4. Грекул В.И., Коровкина Н.Л., Денищенко Г.Н. Проектирование информационных
систем. М.: Интернет-университет информационных технологий, 2008. – 304 с.