«История»/ 1. Отечественная История

 

Магистрант Қайырбекова Б. Қ., т.ғ.д., профессор, Х.М.Әбжанов,

г.ғ.м. Бугенбаева С.С.

«Қазақ-Қытай» академиясы, Қызылорда қаласы, Қазақстан

 

Қазақ зиялыларының тағдыры

 Құпия архивтегі құжаттарда мыңдаған адамдардың талқыға түскен тағдыры жатыр. КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы көшпелі сессиясының Төрағасы Горячев Қазақ КСРО Ішкі істер халық комиссары, мемлекет қауіпсіздігінің 1-ші рангалы комиссары Реденске 1938 жылдың 26 ақпанында былай деп жазды. «Қылмыстық жазаның ең жоғарғы шарасы атуға бұйырылғандар туралы үкімді орындауға Сіздің  өкім беруіңізді сұраймын». Бұдан соңғы бір параққа 37-адамның тізімі беріліпті. Сейфуллин Сәкен, Жүргенов Темірбек, Жансүгіров Ілияс, Меңдешов Сейтқали, Құрымысов Ізмұқан, Майлин Бейімбетпен қоса Қазмұхамед Күлетовтың де тегі көрсетілген. Бұдан 20 жыл өтісімен 1958 жылғы 29 наурыздағы КСРО Жоғарғы Соты Әскери басылған басқа бір құжатта былай делініпті: «КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының Күлетов Қазмұхамед Кәрібайұлы жөніндегі 1938 жылғы 26 ақпандағы үкімі бұзылсын және қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ол туралы іс тоқтатылсын». Міне, сталиндік сұмдықтан қалған қаніпезерлік қырып жоюдың бір ғана шет пұшпағы осындай. Арманда кеткен есіл ерлердің сондағы кінәсі не дейсіз ғой олар антисоветтік, ұлтшыл, террорлық ұйымда болыпты мыс. Сөйтіп мал орнына балап, таңба салыныпты. Таңбасы Ресей КФСР - інің Қылмыстық Кодекснің 58-11- баптары.

1937- жылғы 1-шілдеде қамауға алып, 1938- жылғы 26-ақпанда Күлетов туралы шығарылған үкімде тек 58-8-бап қана «түсіп» қалыпты. Иә, сондағы «халық жауы» болған Қазмухамед Кәрімбайұлы Күлетов кім еді?

Кейінгі ұрпактың санасынан өшіргенімен, оны аға ұрпақ жақсы біледі. Қазмухамед Кәрімбайұлы Қазақстанның Онтүстік өлкесінде кеңінен танымал болған адам. Ол Республикамызда  кеңес өкіметін орнатуға қатысқан, 1918- жылдан партия қатарында болды. Қызыл Армия қатарында қызмет етті. 1919- жылдан бастап Қазалы РК уездік комитетінің және атқару комитетінің Ташкенттегі  Сырдария облыстық - қалалық комитетінің  төрағасы, 1921- жылдан Түркістан, Қазалы уездік - қалалық комитетінің үгіт - ағарту меңгерушісі,  Түркістан РКП губерниялық комитетінің Сырдария үгіт - насихат меңгерушісі қызметтерін  атқарған.   Орта  Азия мен  Қазақстан - бөлінгенде  Орынборда  РКП Қырғыз  облыстық  комитетінің  меңгерушісі,   Шымкентте  РКП Сырдария губерниялық  комитетінің ұйымдастыру  бөлімінің  меңгерушісі  және  жауапты  хатшысы  (2 хатшы) болып істеді.  1926 - жылдан  бастап  Орал,  Петропавлда  губерниялық  прокуратураның  прокуроры,  Қазақ  АКСР  әділет  халық  комиссары,  Жоғарғы  Соттың Қазақ  бөлімшесінің  төрағасы  болды. 1927- жылы  Москвада  Ресей  КФСР - інің   БХК  жанындағы  Жоғарғы  заң  курсын  бітірді.

1934-1937  ж.ж.  аралығында  Оңтүстік  Қазақстан облыстық тұтынушылар  қоғамының  төрағасы,  БК(б)П  облыстық  комитетінің  төрағасы,  БК(б)П облыстық  комитетінің  кеңестік  сауда  бөлімінің  меңгерушісі  болып  істеді.

Сөйткен  асыл  азаматты  ұлы державалық  империяның  зұлымдық  саясаты  ақыры  жалмап  жеді.  Зұлымдығына  найза  бойламайтын,  тек өз  мүддесіне  бола бірлі - жарым азаматы  түгіл тұтастай  бір  халықты  құртуды  көздейтін  бұл  саясаттың  астарында  көп   сыр бар.  Әйтпесе,  1937  жылы  қайтадан  Оңтүстік   Қазақстан  облыстық  атқару  комитетінің  төрағасына  жоғарылатылып,   облыстық  партия  комитетінің  бюро мүшесі,   БК(б) П - ның  XIV съезіне,  Түркістан  коммунистік  партиясының  съездеріне  делегат,   облыстық,  уездік  партия  комитеттеріне  мүше  етіп  сайлап,  қазалы электр станциясына  атын  беріп,  содан  соң  біреудің  қолымен  от  көсетіп,   біреудің  қолымен  дегенін  істеп,  арыдан  ойластырған  зұлымдық  істерін  жасыру  үшін  құрбандыққа шалып  жібермес  еді ғой?  Жер  бетіндегі  пәле - жала  атаулыны  басына үйіп - төкпес  еді?

№ 11020  тергеу  ісі  бойынша  Қазмұхамед  Кәрібайұлы  Күлетовке  «контрреволюционер,  ұлтшыл»  атағы   тағылып,  атақ  даңқтан  жұрдай  етілмес  еді  ғой.   Тіпті  бұл   аздай,  Күлетовтен  белгі  қалмастай  етіп  оның  жора - жолдастарын,    таныс - білістерін де жоймас еді. 

Ол  ол ма,  есіл  ердің  үрім  бұтағын да  түк  қалдырмай  отап,  түп - тұқиянына  дейін  тып-типыл  етуге   кіріскен  де  шектен шығу  емей  немене?  Хайуан  да  мұндай  қастандық  жасамас.

«1932 - жылдың  1  тамызынан  1934  жылдың  15 - қаңтарына  дейін  Жоғары Соттың Төрағасына Қазмұхамед  Кәрібайұлы  Күлетов  тағайындалған.

1938 - жылғы  репрессияда  КСРО  Жоғарғы  Соты  Әскери  алқасының  көшпелі  сессиясы  ату  жазасына  кескен».

Біздің  алдымызды  еліміздің   Ұлттық  Қауіпсіздік  Комитеті  архивінен  алынған  Қазмұхамед  Кәрібайұлы  Күлетовтың  «қылмысын  әшкерелейтін»  тергеу  ісі.

Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  НКВД  басқармасының 3  бөлім  бастығының  орынбасары  аға  лейтенант  Яковлев  1937  жылдың  29  маусымында  жазған  ақпарында  Қ.К.Күлетов  революцияға  қарсы «ұлтшыл  ұйымының мүшесі  есебінде  оның  тапсырмасы  бойынша  контрреволюциялық  жұмыс  жүргендіктен  оны  тұтқындап,  РСФСР  Қылмыстық  Кодексінің  58 - статьясының  10,11 баптары  бойынша  жауапқа  тарту  қажет  деп  есептеймін»  деп  атап көрсеткен.  Прокурор  оған  сол  күні - ақ  келісімен  берген.

Екінші құжат Қ.К.Күлетовты  тұтқынға  алу  туралы  қаулы.  НКВД облыстық  басқармасының  бастығы  капитан С.Ф. Пинталь  оны  1  шілдеде бекітіпті. Мұндай шешім қабылдауға республикалық НКВД бастығы 2  рангалы  комиссар Залиннің телеграф арқылы берген өкімі негіз болған.  Біздіңше,  ең алдымен прокурор келісімі болады, оны Алматыда - НКВД бастығына  хабарлайды,  сосын  ол «жарайды,  тұтқындай  беріңдер»  деген болуы керек.

Күлетов сияқты  адамды  түрмеге  қамау  үшін формальді түрде  болса да басшы орындармен,  тиісті  лауазым  иелерімен  алдын ала  келісіп алу керек.  Өйткені  қалай дегенмен де ол  облыс  басшыларының  біреуі ғой.  Сол кезде  Оңтүстік Қазақстан облыстық Советі атқару комитеті төрағасының  орынбасары. Оған жапқан «кінәні» дұрыс - бұрыстығына  келсек,  ол  бөлек әңгіме. Ал «ұлтшыл ұйымының  мүшесі, контрреволюцияға қатысы бар»   сияқты жалпылама сөзден Күлетовтың не қылмыс жасағанын айырып, түсіну  мүмкін бе?

№ 11020 - іс.  «тұтқын  анкетасына»  тоқталайық.  Қамалған  адамның өзі жазған.  Енді  соған  бір сәт назар аударайық.

Қазмұхамед Кәрібайұлы Күлетов,  1897 - жылдың 6  қазанында Түркістан өлкесі  Сырдария облысындағы Қазалы  ауданының № 1 Қарашеңгел  ауылында  туған. Шымкент қаласының Бекет батыр көшесіндегі №5 үйде тұрады.  Қызметі - Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  Советі  атқару комитеті төрағасының орынбасары.  Арнаулы мамандығы жоқ, совет қызметкерлері одағының мүшесі.  Білімі төменгі. Отбасы: әйелі - Әсимә, 33 жаста, қыздары - Гүлрай 14- те,  Клара 9-да, Райхан 7-де, ұлы Еркін 12-де. Анкета 1937 - жылдың 29 маусымында толтырылған.

«Кім, қашан тұтқындады» деген жерге - Ибрагимов, 1937 жылдың 1 шілдесіне деп  көрсетіліпті.

Сөйтіп,  осы  құжатқа сенсек, Қ.К.Күлетов  1 - шілдеде  тұтқындалған.  Ал  анкета неліктен күні бұрын толтырылған? Түсініксіз.  Біз   оқыған  тергеу  ісінің көп  жерінде  Күлетов 2 - ші  шілдеде  тұтқындалды  деп  көрсетілген.  Әйтеуір  не  керек,  дүмәмәл,  бір - біріне   сәйкес  келе  бермейтін   деректер   істе  аз  емес.  Сөйтсе  де  мұндай  «ұсақ - түйек »  нәрселерге  көп  назар  аудармай - ақ  қылмыстық істегі  көрген - білгенімізді құжатта  қалай  жазылса,  солай  баяндағанымыз  дұрыс болар.

1- шілде күні  Күлетовтың  үйінде,  кеңестінде тінту  жүргізіліпті.

Үйінің  тәркіленген  нәрселер  - 33. Соның  кейбіреулері - жеке  өзінің құжаттары  (паспорт,  партия  билеті,  Қазақстанның  ХV  жылдығы знагогінің  куәлігі,  Каз ЦИК-тің  осы  значокпен марапаттау  туралы  хаттамасы               «Правда»  газеті (29.12.1929), «қызыл ту»  газетінің  қиындысы  (№ 50).  Голощекинге  демалысқа  шығуға  рұқсат  беруін  сұрап  жазған  хатының  көшірмесі,  Затаевичтің  «1000 әні» т.б.).   Ал  кеңседен  алынған  заттар - үшеу:  1)  алфавиттік адрес  блокноты,  2)  79 бетті дәптер, 3) іс күнпарағы.

Міне,  осындай мүлікке хаттамалар  жасалып,  тәркіленген.  Мұның  қылмыстық  іске  қаншалықты  қатысы  барлығын түсіну қиын.

Қ.К.Күлетовтен  1937 жылдың 13-шілдесінде  НКВД  басқармасы  4 -бөліміндегі 7-бөлімшенің  бастығы  лейтенант  Катков  жауап  алған. Бірінші рет. Сұрақ  қойған  да,  хаттаманы  жазған да тергеушінің  өзі. Ең алдымен  айыпталушының  өмірбаянына  байланысты  деректер анықталады. Негізінен анкетада  сөз болған  жайлар.  Оны  қайталамай - ақ  бұрын  айтылмаған кейбір  мағлұматтарды  келтіре  кетейік.  Олар  мыналар:  «Революцияға  дейін  және  одан  кейінгі  мал - мүлкі 1 үй,  1 сиыр,  10 ұсақ  мал.  Партияның  шақыру  бойынша  1919 - жылы  екі  жарым  ай  Ақтөбе - Ембі   темір  жол участогін  күзету  отрядында  әскери  қызмет  атқарған.  Бірнеше  рет партия  және   совет  органдарына,  оның  ішінде  облыстық  партия  комитетінің  бюро мүшелігіне  дейін  сайланған».

Қ.К.Күлетовтың  тікелей  жеке  басына  байланысты  осындай фактілерді  сұрап  алған  соң,  катков  енді  негізгі  мәселені  анықтауға   кіріседі.  Мұны  қазақшаға  аудармай - ақ  сол  қалпында  келтіруді  жөн  көрдік.

«Вопрос». Вы являетесь членом контрреволюционной  националистической  организации.  Дайте показание.

Ответ.  «Я  членом  контрреволюционной  организации  не  являюсь».

Бұдан  біздің білгеніміз мынау. Тергеушінің айыпталды деп,  есептелген Күлетовтың  өмірбаяндық  мәліметтерін  былай қойсақ, НКВД қызметкері тікелей қылмысты іс жөнінде бар сұрап - білгені  жаңағы  түпнұсқада келтірілген шағын  үзінді ғана.  Бұл жауаптан тергеушінің  не  анықтағаны беймәлім, біз болсақ, одан Күлетовтың қандай қылмыс жасағанын көре алмадық.  Бұл бір.  Ал, екіншіден,  ештеңе  зерттелмей - ақ,  анық-қанығы  белгілі болмай жатып, бірінші жауап алудаң  өзінде  тергеушінің  бірден «контрреволюциялық  ұйымның  мүшесіз»  деп  қаралай сөйлеуін  қалай  түсінуге  болар екен?

Осы  жәйға  қарамастан тергеуші істің мерзімін одан әрі  ұзартуға  әрекет  жасайды және ол тиісті  қолдау да табады.  Осыған  орай  төмендегі  құжатқа  назар аударайық.

«Бекітемін»

ҚКСР  Ішкі  Істер Халкомының орынбасары, мемелекеттік қауіпсіздігінің майоры Володбко 1937 - жылдың  28 - қаращасы, Алматы.

Мен, Ішкі Істер Халкомы МҚБ 4-бөлімінің жедел өкілі мемлекеттік  қауіпсіздігінің кіші лейтенанты Садықов, тергеу істерін қарап, РСФСР  Қылмыстық  Кодексінің  58-статьясының  10,11 баптарымен айыпталғандар  мыналар деп таптым.

1.                 Құрманғалиев  Рамазан                            4.10.37  тұтқындалды

2.                 Күлетов  Қазмұхамед                     2.08.37 тұтқындалды

3.                 Жүргенов Темірбек                        3.08.37  тұтқындалды

4.                 Жансүгіров  Ілияс                            11.08.37  тұтқындалды

5.                 Меңдешов Сейітқали                       24.09.37  тұтқындалды

6.                 Орынбаев   Мұқаш                          10.08.37 тұтқындалды

7.                 Бекжанов  Шайхыслам                    6.10.37 тұтқындалды

8.                 Ибрагимов  Насыр                          23.07.37  тұтқындалды

9.                 Құрамысов Ізмұхан                        17.09.37  тұтқындалды

Осы  аталған  адамдардың  бәрі  троцкистермен және  оңшылдармен айланысты  советке  қарсы  ұлтшыл  ұйымның мүшелері болып табылады. Белсенді түрде  советке ұлтшылдық жұмыстарды  жүргізуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:

1.       Историческая наука Советского Казахстана (1917-1960 гг.). Очерки становления и развития. А., 1990; Козыбаев И. М. Историография Казахстана: уроки истории. А., 1990; Соныкі. Историческая наука Казахстана (40-80-е годы XX века). А., 1992.

2.       Ленин В. И. Шығ. толық жинаған 53- 247 бет

3.        Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А., 1991; Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. Ташкент, 1925; Златкин И. Я. История Джунгарского ханства. М, 1983; Моисеев В. А. Джунгарское ханство и казахи. XVII—XVIII вв. А., 1991; Соныкі. Россия и Джунгарское ханство в XVIII в. Барнаул, 1998; Касымбаев Ж. К- Под надежную защиту. А., 1989 және басқалар.

4.        Кар.; Козыбаев М. Актуальные проблемы изучения отечественной истории //Отечественная история, 1998, № 3; Соныкі. «История России есть история страны, которая колонизируется» //Столичное обозрение. 1998, 8 мая; Соныкі. Академик К. И. Сатпаев и проблемы вхождения Казахстана в состав России. / К. И. Сатпаев и общественные науки Казахстана. А., 1999, 54-73-6.

5.       Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар, 1999. Т. 1.-521б.

6.       Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995.368б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Резюме

 

С 23 февраля по 5 марта 1937 года состоялся печально известный Пленум ЦК ВКП(б), на котором 3 марта с основным докладом «О недостатках партийной работы и мерах ликвидации троцкистских и иных двурушников» выступил И.В.Сталин, повторивший свой известный вывод об обострении классовой борьбы. Он заявил: «…чем больше будем продвигаться вперед, чем больше будем иметь успехов, тем больше будут озлобляться останки разбитых эксплуататорских классов, тем скорее будут они идти на более острые формы борьбы, тем больше они будут пакостить Советскому государству, тем больше они будут хвататься за самые отчаянные средства борьбы как последние средства обреченных». Главными врагами советского государства были объявлены троцкисты, превратившихся, по мнению Сталина, «…беспринципную и безыдейную банду вредителей, диверсантов, шпионов, убийств, работающих по найму у некоторых разведывательных органов». Он призвал «в борьбе с современным троцкизмом» применять…» не старые методы, не методы дискуссий, а новые методы, методы выкорчевывания и разгрома» Фактически это была четко сформулированная перед НКВД СССР задача на уничтожение «врагов народа». В заключительном слове на Пленуме 5 марта 1937 года Сталин, опираясь на результаты партийной дискуссии 1927 года, даже назвал конкретное количество «врагов» - 30 тысяч троцкистов, зиновьевцев и всякой другой «шушеры: правые и прочее..» К моменту пленума уже было арестовано 18 тысяч человек «врагов народа». Оставалось арестовать по Сталину еще «всего» 12 тысяч человек. Они, впрочем, представляли угрозу для партии, для страны, т.к. могли «напакостить и нагадить» 3 марта 1937 года по докладу Н.И.Ежова «Уроки вредительства, диверсий и шпионажа японско-немецко-троцкистских агентов» пленум принял резолюцию, где были одобрены «мероприятия ЦК ВКП(б) по разгрому антисоветской, диверсионно-вредительской, шпионской и террористической банды троцкистов и иных двурушников».* В ходе пленума и после его окончания сразу начались аресты по всей территории страны. С 14 по 29 мая 1937 года были арестованы и расстреляны представители высшего командного состава Красной Армии: М. Н. Тухачевский, И.Э. Якир, И.П.Уборевич и другие. 15 марта 1937 года был расстрелян бывший член Политбюро, член Коминтерна, редактор газеты «Известия Н.И.Бухарин. Печальная участь постигла участников февральско-мартовского Пленума 1937 года. На Пленуме выступило 72 человека. Из них были арестованы и расстреляны 52 человека, 2-е покончили жизнь самоубийством. (Ведь они в своих выступлениях и в голосовании поддержали мнение Сталина находить и уничтожать «врагов народа». Имена некоторых выступивших на Пленуме и расстрелянных органами НКВД в 1937- 1938 годах.

 

 

 

 

 

Summery

 

From February 23 to March 5, 1937 hosted the infamous Plenum MIC (b), which on March 3 with a keynote «On the shortcomings of party work and measures liquidations Trotskyist and other hypocrites» gave Stalin, who repeated his well-known out of exacerbation of class borby.On said: «.. chembolshe will move forward, the more we will have success». He said: «.. chembolshe we move forward, the more success we have, the greater will be the broken remains embittered eksplutatorskih classes, the sooner they will go for the more acute forms of Borba, the more they will pokasatsya Soviet state, the more they will hvastutsya most desperate means of struggle as a last resort obrichennyh».The main EROPA sovetko state have been declared Trotskyists, have turned the opinion of Stalin «unscrupulous and unprincipled gang of wreckers, saboteurs, spies, murder, to be employed by nekotyrye razveditelnyh Orgon». He called «Borba in a modern Trotskyism, do not use old methods, not methods Discus and new techniques, methods and uprooting pa»In fact it was a well-defined task in front of the NKVD on unichtovenie «enemies» zaklyuchitelnym. In remarks at plenyume 5 marta1937goda Stalin opera on Results Party diskussiy1927goda even nozval kankretno kolichestvo «nemies» 30tysyach-Trotskyites, and any other Zinovievistsand any other «riffraff: right and stuff ..» By the time pleniuma already arestovano18tysyach man «enemies». remained arrested by Stalin still only 12,000 chelovek. Oni however, pridstavlyali threat to the parties for. The sides, tkmogli «mischief and shit» 3marta 1937goda on dakladu N.I.Ezhova «lessons sabotage, subversion and espionage Japanese-German-Trotskyite agents» plenium took rezolutsiyu which have been approved by «event of the CPSU (b) to defeat the anti-Soviet subversive and sabotage, espionage and terorristicheskoy gang totskistov and other hypocrites». During the plenary and after the arrests began immediately across teretorii strany. S 14 po 29 May 1937goda arestovony and were murdered in the representatives of the top commanders of the Red Army: Tukhachevsky, Yakir, I.P.Uborevich and others. 15 marta 1937 goda Rastrelli was a former member of the Political Bureau, member of the Communist International, a newspaper editor «News of the participants suffered N.I.Buharin.Pechalnaya consider the February-March Plenum plenuma 1937 goda. Na acted cheloveka. Iz 72 were arrested and 52 people murdered in,2-e pakonchili life Suicides. (After all, they are in their presentations and in Stalin's opinion golosovaniypodderzhali find and unitchtozhat «enemies».