ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРДЫҢ
МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕСІ
Сырайлова Р.Т.
Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы
Тарихи ұзақ дамудың
нәтижесінде, қазақтың халықтық аспаптық
музыкасында домбыра, қобыз және сыбызғыда орындалатын
күйлердің белгілі жанрлары қалыптасты. Бұларға аңыз
күйлер, тарихи күйлер, тұрмыс-салт күйлері,
лирикалық күйлер және тартыс күйлері болып бөлінніп шықты.
Аңыз куйлер - халықтық дәстүрлі
музыка өнерінде ежелден қалыптасқан шығармалар.
Біздің заманымызға дейін жеткен бұл күйлер
халықтың тұрмыс-салтын, өмір сүру жағдайын
көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, оларды
қоршаған дүние, әлем құбылыстары
жайындағы наным-сенімдерін де бейнелейді: «Аққу», «Көк бөрі», «Нар идірген», «Аңшының
зары», «Қорқыт», «Қазан», «Көрұғлы» «Жұмағұл»,
«Жетім қыз», «Жетім бала зары», «Қамбар күй», «Желмая», «Ақсақ
құлан», «Ақсақ
қыз», «Тепен көк» күйлері.
Дәстүрлі
аспаптық музыкасының ертеден келе жатқан бұл жанрлары
мәдени болып табылады, яғни, ауызша әңгіменің,
музыканың, театрлық элементтердің, орындаушылық
өнердің ең басынан бір тұтастығын аңғартады.
Дәстүрлі
күй-аңыздарына мазмұнның алуан түрлілігі
тән. Бұл аңыз-дарда көшпелі малшылардың
тұрмысы, еңбек кәсібі, халықтың эстетикалық дүние
тану көзқарасы бейнеленеді. Академик М. Әуезовтың
пікірінше, күй аңызында «Қазақ эпосы мен фольклоры елінің бір саласы ретінде музыкамен
етене жақын, тығыз байланысты... сыбызғы, қобыз,
домбыра, сөйлейтін көп күйлермен қатар, сол
күйлердің ауызша айтылатын керкем, шебер әңгімесі
болатыны мәлім»[2] делінген.
ХІХ-ХХ ғасырдың
біртуар ғалымдары, жазушылары, шығыстанушылары - Ф.Диц,
Ш.Уәлиханов, П.Остроумов, В.Жирмунский, М.Әуезов,
Ә.Марғұландардың деректері бойынша Қиыр
Шығыс және Орталық Азияның түркі тілдес
халықтары өзінің патриархы ретінде халық
қазынасының сақтаушысы, музыканың бастаушысы
саналған Қорқыт бабаны (ҮШ- IX ғ.ғ.) пір
деп бағалайды[3].
Ол туралы академик А.
Жұбановтың баяндаған аңызын келтіре кетейік: «Халық
шежіресінің айтуынша, Қорқыт аты тек туыстарының
ұнатып қоя салған аты емес. Қорқыт шыр етіп жерге
түскенде, ол айналасын қоршап отырғандарға, шешесіне
кішкене сәби сияқты болып көрінбеген, түрі адамға
ұқсамайтын «қап» сияқты болып көрінген,
жұрт шошып, қашып кеткен, бейшара шешесі ғана қасында
қалған. Қап емес адам тапқанын жүрегі сезген ана,
ғажап заттың ауызын аша бастайды. Әлсіз үнді
сәбиін көреді. Оны емізеді, баланың жылағанын естиді.
Баланың даусын естіп, бағанағы қорқып қашып
кеткендер енді қайта жиылады, балаға «Қорқыт» деген ат
қояды
Бұл аңызды
ХІХ-ғасырда Ш.Уәлиханов жазған, кейіннен А. Диваев
толықтырған, А. Жұбанов қайта жазған.
Жалпылай айтқанда,
қобыз күйлеріне байланысты алғаш айтылар ерекшеліктерге аса
бай бейнелік мазмұнды, нақтылы, әрі әртурлі келетін
тақырыптық байлықты, жиі қолданылатын шеберлік
тәсілдерді, сондай-ақ құрылымдағы жалғыз каданстық
(монокадансовость) пен үнемі қайталанып отырылатын
толғауларды жатқызуға болады.
Қорқыт
күйлері деп жиырмадан астам күйлер аталады. Соның ішінде
әйгілі аңыз-күйі «Желмаяда» бар.
Музыкалық
тәжірибеде әр аспаптарда аттас күйлер жиі кездеседі. Мысалы
қобыздағы "Желмая" - Қорқыттікі болса,
домбырадағы осы аттас күй атақты жырау
Асанқайғыға көптеген тарихи деректермен
дәлелденген.
Аңыз күйлердің тақырыбы мен
мазмұны көбінесе адамның Отанға, артында
қалған туған жерге деген сағыныш сезімдеріне
арналған. Осындай
сезімге толы, сыбызғыда орындалатын, қасында ата-анасы, басында
баспанасы жоқ, көрінгеннен түрткі көрген жетім
баланың мұңлы өмірін бей-нелейтін күйлердің
бірі - "Жетім бала" күйі:
Жалпы айтқанда,
ежелден бері келе жатқан аңыз күйлерде
халқымыздың күнделікті өмір тұрмысы, ертегі -
аңыз бейнелерімен қатар, Отансуйгіпггік, патриоттық
тақырыптар ерекше орын алады. Аңыз күйлер қазақ
елінің өмір тарихын, тұрмыс-салтын және рухани даму
жолдарын көркемдік түрде паш етеді.
Жоғарыда аталып
өткен күйлерге қосымша, халық арасында кең
тараған басқа да аңыз күйлері өте мол. Мысалы, «Аққу»,
«Желмая», «Жетім қыз», «Тепен кек», «Көрұғлы», «Аңшының
зары», «Сары өзен», «Нар идірген», сияқты тағы басқа
күйлердің өзімен бірге айтылатын аңыздары бар.
Аспапты музыканың
ежелгі, көне түрлерінің мағынасы өте зор, себебі
ауызша дамыған әншілік - поэтикалық көне өнермен
қатар, аспапты туындылар да қазақ халқының рухани
өмір тарихының бастау - көзі болып қала бермек.
Тұрмыс-салт
әндеріндегідей, адам өмірінің туу, үйлену, өлу
сияқты тағы басқа ең басты тағдырлы
кезеңдерінің суреттелуі қазақтың аспапты
музыкасында да кең орын алады. Мысалы, ел ішінде көп
таралған: беташар, той бастар, қоштасу, естірту,
жоқтау, аңсау, толғау күйлері адам
өмірінің осы маңызды кезеңдерін терең де
әсерлі бейнелейді. Мысалы,
үйлену тойы дәстүрлі «Той бастар» күйімен ашы-лады:
Мағынасы
жағынан шерлі, мұнды сезімдерге толы «Қоштасу» куйлерінде
туған елмен, туыстармен қоштасу және өмір жайында
толғау, өмірмен қоштасу сияқты тақырыптар,
кеңінен қамтылады. Бұл күйлер тобына әйгілі
Құрманғазының, Дайрабайдың, Т.Момбековтың,
М.Өскенбаевтың (1904 -1982) «Қоштасулары»; Еспайдың «Қош
аман бол, Ақбикеші», «Өтті-кетті» сияқты күйлері
жатады:
Өлім,
қазаға арнап шығарылған тұрмыс-салт
әндерімен қатар аспапты музыкада да жоқтау жанры дамып, жетілді. Халықтың шебер
күйшілерінің шығармашылығында бүл жанр
тұрақты, берік орын алды. Мысалы,
Салауаткерейдің «Салауат күйі», Дәулеткерейдің «Салық
өлгені», Сейтектің «Қорамжан», «Ғазиз» күйлері,
Ықыластың «Ерден» күйі - бұл жанрдың ерекше
әсерлі үлгілері болып саналады:
Академик Әлікей
Марғұлан өзінің Шоқан Уәлихановқа
арнаған мақаласында «жақын адамның өлімін
музыканың көмегі арқылы естіртуді
қазақтардың қалыптасқан дәстүрі деп
есептеуге болады» деп жазды. Мысалы, Шоқанның өлімі туралы
қаралы хабарды оның әкесіне сол кездегі атақты
күйшілер Қанғожа мен Тулақ жеткізген.
Қанғожаны керген Шыңғыс одан бір күй орындауын
сұрайды, бірақ күйдің орнына аса кайғылы
әуен естіледі. Шыңғыс басқа әуен орындауын
өтінеді. Бұл әуен одан бетер қайғылы естіледі.
Осы кезде Шыңғыс Қанғожаға ойынын тоқтатуды
бұйырып, Тулаққа, көңіл аударады: «Тулақ,
сен тартшы! Күйшілер мұңлы әуенді төге береді...
Қайғылы саздардың бірінен-соң бірі естіледі.
Қанғожа қобызда, ал Тулақ сыбызғыда ойнаған
...».
Алғашқыда
әр түрлі өмір кезеңдеріне, салтанатқа, той-думан,
астарға арналып шығарылған әндерді аспапта
сүйемелдеуден пайда болған тұрмыс-салт күйлері,
кейіннен дами келе, өз алдына бөлек жанр болып, халықтың
шебер күйші композиторлары - Еспайдың, Дәулеткерейдің,
Құрманғазының, Динаның және т.б.
халық композиторларының шығармашылық өнерінде
биік шыңға көтерілді.
Қазақтың
дәстүрлі аспаптық музыкасын зерттеушілер күй тартысты
бірнеше түрге бөледі[4]: бірінші түрі - сайысқа
түсетін күйшілердің жеке орындаушылық өнерлерін
көрсететін тартыс. Күйшінің алдына қойьлатын
мақсаттың жеңілдеу болғандығынан, тартыстың
бұл түрі халық
арасында кең
таралған.
Екінші түрі –
күйшінің шығармашылық қабілетін көрсететін
тартыс.
Үшінші - тартыстың
ең күрделі түрі. Онда күйшінің
шығармашылық және орындаушылық өнерімен бірге,
оның жаңа ғана естіген күйді дереу қайталап беру
өнерін қандай дәрежеде меңгергенін керсететін тартыс.
Халық жадында тартыстың
осы түрлеріне мысал бола алатын, көптеген ауызша деректер,
әңгіме аңыздар көп сақталған. Біздің
дәуірімізге XIX ғасырдың аяғында Қоңырат
жерінде болған атақты тоғыз күйшінің арасында
болған күй тартыс жөніндегі деректер толық жетіп отыр.
Бұл қазақ
халқының рухани өмірінде аса жарқын із
қалдырған ірі оқиғалардың бірі болды.
Сайысқа Орынбай, Дүкенбай, Қаратөс-Аймағамбет пен
Қаналы төре сияқты атақты күйшілер қатысты.
Сайыстың шарты бойынша әр күйші алпыс екі Ақжелең
күйлерін толық орындауға міндетті еді. Осы кезге шейін
белгісіз болып келгсн күйші Қазанғап, жарысушылардың
арасынан алға суырылып шығып, алпыс екі Ақжелеңді
нақыштай орындауымен көзге түсті. Әсіресе оның "Күй
шақырғыш Ақжелеңі" ұтымды орындалды. Сайыс
жүлдегері Қазанғаптың аты қазақ даласына
кең тарады[6].
Қазірге дейін халық есінде
Құрманғазы меи Дәулеткерейдің,
Қазанғап пен Усен Төренің, Тәттімбет пен Найман
қызының, Аққыз бен Әбікен Хасенұлының
күй тартыстары анық сақталған.
Тарихи күйлер бізге белгілі болған замандардың рухани
белгісіндей болып, әр дәуірде де тартылып келген. Тіпті ежелгі
сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларынан жеткен
ән- күй мұралары туралы нақтылы деректерде бар.
Бұған мысал ретінде,
жоғарыда келтірілген, ХІҮ-ғасырда жазылған
Әбдіқадыр Мұрағидың «Зубдәтел әдуар»
атты еңбегіндегі: «365 немесе 366 күй туралы» мақаланы
айтуға болады. Грек тарихшысы Квант Курций Руф жазған «Ескендір
жорығы» еңбегінде де Орта Азия көшпелілерінің күй
тарту үрдістері сөз болған. Міне, осындай деректерде
көшпелі ру-тайпалардың аспапты музыкасының тарихи негіздері
хатталған.
Жалпы Шығыстағы
тарихы мен дәстүрі сақталған басты
тақырыптардың бірі - Александр
Македонский сияқты ұлы тұлғаға байланысты
айтылады.
Батыс пен
Шығыстың кептеген елдерін бағындырған атақты
қолбасшы Александр Македонскийдің (IV- ғ.б.з.д.) көркем
бейнесі көне дәуірден бері әртүрлі елдердің
қызығу-шылығын тудырып отырған. Шығыс елдеріндегі
осы тұлғаға қалам тартқан ұлы ақындар
Фирдоуси - өзінің "Шахнаме" поэмасыньң үлкен
бөлімін қолбасшының ұлы жорықтарына арнаса,
Низами – «Искандер-наме» дастанын соған әдейі арнап жазған.
Осы туындыларда зерттеуші Е.Бертельс шынайы атап өткендей, ұлы
Ескендір (Александр) негізгі үш тұрғыда, жаулаушы — патша,
философ-патша; пайғамбар –патша ретінде бейнеленген.
Ескендір жөніндегі
әлем әдебиетінен қазақ фольклоры мен әдебиеті де
сырт қалған жоқ. Бұған мысал ретінде «Мүйізді хан» атты ертегілер тізбегін немесе
ұлы Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы мен Ыбырай
Алтынсариннің «Ұлағатын»
атасақ та жетеді.
Халық күйлері «Кеңес», «Шубар ат», «Шыңырау»,
«Аққу», «Сары өзен», «Бозайғыр» сияқты тағы
басқа күйлердің Қорқыт баба дәуіріне дейін
шыққаны жөніндегі деректер мол. ХУ-ХУІ
ғасырлар шамасында қазақ хандығы қалыптасып, ол
үш жүзге бөлінген уақыт болатын. Тарихи әндер
сияқты, тарихи күйлерде халықтың басынан өткен
үлкен оқиғаларға байланысты шығарылған.
Мұндай үлкен тарихи оқиғаларға 1723-1774
жылдардағы «Ақтабан шұбырынды, алқа көл
сұлама» атанған Жоңғар басқыншылығы, Сырым
Датов (1783) және Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов
бастаған халық көтерілістері (1836-1837), Есет Серкебаев пен
Бекет Көтібаров бастаған шаруалар көтерілісі (1852-1853),
соңғы кезеңдегі көтерілістер - 1916 жылғы
Амангелді Иманов басқарған ұлт азаттық көтерілісі
және басқалар жатады.
Осындай ұлт есінде
мәңгі қалатын тарихи оқиғалар
халықтың аспаптық музыкасында да кеңінен орын алып,
күй тілінде асқан шабытпен кескінделіп қалды.
Ел тарихындағы елеулі
оқиғалар халық аспаптарында күй тілімен суреттеліп,
ерекше рухани естелік ретінде сақталып келді.
Халық басына
төңген қаралы күндерді суреттеген тарихи күйлерді
«Зар заман», «Ел айырылған», «Қос айырылған», «Қазақ-ноғайдың
айрылысу күйі» деген топтарға біріктіруге болады. Осы топтардағы күйлер дәстүрлі қоштасу жанрына жатады. Бұл күйлерден халықтың шерлі қайғысы, мұң-
зары, жоқтауы естілгендей көрінеді[10].
Мысалы,
«Қазақ - ноғайдың айырылысу» күйінде түрлі
жанрдың элементтері: қоштасу, жоқтау, тарихи үрдістер
тоғысқан. Бұдан қазақ күйлеріне тән
көпжанрлық ерекшелікті де байқауға болады: Күйдің өнбойынан ұлттық
әуездің табиғаты білінеді: онда ән өнеріндегідей
сыңсу да, жылау да, қимастық та бар.
Ұлы Отан соғысы
жылдарында ел басына түскен ауыр қайғыны, қоштасу-айырылысуды,
батырлар ерлігін суреттейтін патриоттық күйлер пайда болды.
Мұндай күйлер қатарына Дина Нұрпейісованың «Ана
бұйрығы», «Жеңіс», Манарбек Ержановтың «Үш балам»
күйлерін, сондай-ақ Мұрат Өскенбаев пен Ашырали
Шынғожаевтардың бірнеше күйлерін атап өтуге болады:
Ел бірлігі, туған жерге
деген махаббат сезімі, басқыншыларға қарсы халық
күресі сияқты тақырыптар тарихи поэмалар мен әндердегі
сияқты, тарихи күйлерде де кең орын алған.
Дәстүрлі
күйлерінің құрылымдық, орындаушылық ерекшеліктері
оның жанрлық сипатына, ішкі мән-мағынасына, көркемдік
тіліне, дыбыс бітіміне, үндік ерекшелігіие де байланысты бөлініп
қаралады.
«Күй
аңыздарының жанрлық ерекшелігі, тарихи кезендері,
деректілігі, көркемдік қасиеттері, күйдің эстетикалық,
эмоциялық қуатын арттырар синкретті сипаты жөнінде
тарам-тарам зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әңгіме
өрбіту келер күндердің мәртебелі міндеті» - деп жазды
ғалым-жазушы Ақселеу Сейдімбекұлы күй жанрлары туралы
ғылыми еңбегінде.
Қазақтың
халықы музыкалық-аспаптық күйлерінде әуенін
шығарып қоймай сонымен қатар күйдің тілімен
тарихты сөйлетіп баяндай білген, қазіргі заманда ол
дәстүрді жалғастырып жатқан күйші-сазгерлерде сол
ұстанымды сақтап поэма, пьесалар жазуда.