Педагогика секциясы
Қашықтықтан
оқыту технологиясы жайында
Ишанов
П.З. философия докторы Ph.D.
Каппасова А.Ш. магистрант
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қазіргі
ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңі
саналатын ХХІ ғасырда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
мазмұны жаңарып, білім беру парадигмасы өзгерді. Бүгінгі
таңда білім сапасын көтеру және жүйелі білім беру мақсатында оқытудың
жаңа технологиялары кеңінен қолданылуда. Тәуелсіз елімізде де келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беру үшін оқытудың жаңа технологияларының
маңызы зор. Сондай-ақ Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз
болашақтағы жоғары технологиялы және ғылымды
көп қажетсінетін өндіріс үшін кадрлық келешек
істің басын бастап қоюымыз керек. Кеңінен, ауқымды,
жаңаша ойлайтын қазіргі менеджерлерсіз және білім
берудің қазіргі заманғы жүйесінсіз, біз
инновациялық экономика құра алмаймыз» [1, 2] деп
көрсеткендей білім берудің қазіргі заманғы
жүйесін жасап, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге
бағыт алуымыз керек.
«Білім
беру технологиялары білім беру қызметін жүйелік ұйымдастыру
тәсілін, оның жалпы мақсаттық және
мазмұндық бағытталушылығын, мемлекеттік
бағдарламада және білім беу стандартында берілген
ұйымдық құрылым мен форманы бейнелейді және
бірыңғай білім беру кеңістігін дамытудың жалпы
стратегиясын көрсетеді» [2. 80].
Білім беру технологиясы аса
кең ұғым, ол педагогикалық технология және
оқыту технологиясы сынды екі ұғымнан тұрады. Оқыту
технологияларының дәстүрлі, жеке, топтық және
ұжымдық, кредиттік, модульдік, қашықтықтан
оқыту сияқты түрлері бар. Соның ішінде
қашықтықтан оқытуға соңғы жылдары
көп көңіл бөлінуде. Себебі, бүгінгі таңда
ақпаратты технологиялардың дамыған кезі және
қашықтықтан оқыту технологиясына
қызығушылық одан әрі арта түсуде.
«Қашықтықтан
білім беру – жаңа ақпараттық технологиялар мен
мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, сырттай
оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше жетілген
түрі» [3. 129].
Қашықтықтан
оқыту кезіндегі оқып үйренушінің жеке кесте бойынша
өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі
болады, оқудың арнайы құралдар жиынтығы өзінде
бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы
оқытушылармен байланыс жасай алады. Ең бастысы, әлеуметтік
қорғаны жоқ және дене бітімінің жетілмеуіне
байланысты білім мекемелеріне баруға мүмкіндігі жоқ адамдарға
қолайлы оқу процесі. Қашықтықтан оқыту
басқа білім беру нысандарынан икемділік, модульділік, интерактивтілік,
бейімділік, әлеуметтілік, интернациналдылық,
ынтымақтастық сияқты принциптермен ерекшеленеді. Е.А.Полаттың
айтуынша, «қашықтықтан оқыту – білім, білік
дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту
поцедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы
мен тыңдаушының аумақтық алшақтығына
қарамастан жаңа ақпараттық және
телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге
асырылады» [4].
Шведтік зерттеуші С.Холбергтің
пікірінше, «қашықтықтан оқытуда ең бастысы
студенттің оқу материалдарын өзіндік жұмыстар
процесінде игеруі» [5.12]. Басқару,
кеңес беру, оқыту, топтық жұмыстарды ұйымдастыру,
тексеру және білімді бағалау – бұлардың бәрі
білім алушының өзіндік жұмысына қолғабыс етуші
оқыту процестерінің құрастырушылары болып табылады. «А.А.Андреев
өз еңбегінде қашықтықтан оқытудың
артықшылықтарын оның өзара байланысқан төрт
компонентінде: мотивациялық-нысанды, мазмұндылық,
әрекетті-процессуалдылық, бақылау-бағалануы деп
көрсеткен» [5.12].
Дүниежүзіндегі
қашықтықтан білім беруді үш түрге бөліуге
болады. Біріншіден, қашықтықтан оқытуда қазіргі
заманғы технологиялық жаңалықтарды қабылдайтын,
дүниежүзінің индустриалды-дамыған елдері. Қазіргі
уақытта еуропа елдерінде бұл оқу процесімен жұмыс
істейтін арнайы топтар құрылған.
Екіншіден,
соңғы уақытта қарқынды дамушы халық
көп қоныстанған елдер (Қытай, Индия, Пакистан т.б.),
аталған елдердегі бұл жүйенің таралуы, негізінен
мектептегі білім берудің жалпы деңгейін арттыру, оқытушы
кадрлар даярлау, ең алдымен денсаулық сақтау
саласындағы мәселелерді шешу мақсатын көздейді.
Үшіншіден,
бұл үшінші әлем елдері деп аталатындар (бірінші кезекте,
африка елдері). Қазіргі уақытта қашықтықтан
оқыту проблемалары көптеген африкалық мемлекеттердің
білім беру саясатындағы негізгі элементке айналуда. Оңтүстік Африка республикасындағы
қабылданған «Білім берудің технологиялық деңгейін
арттыру бағдарламасы» соның дәлелі.
Әлемдегі
ең бірінші қашықтықтан білім беретін білім ордасы ол – 1969
жылы құрылған Ұлыбританиядағы Ашық
Университет. Бұл университет әлі күнге дейін қашықтықтан
оқытудан әлем бойынша көш бастап тұр және
өзінің жасап шығарған бағдарламаларымен
басқа да мемлекеттерде төрт жүздей оқу
орталықтары жұмыс жасайды. Ал біздің елімізде
қашықтықтан оқыту жүйесі енді қолға
алынды. Көптеген ғалымдар
білім берудің оқыту технологияларын, сонын ішінде
қашықтықтан оқыту технологиясын жан-жақты
зерттеп, зерделеп жатыр. Көбінесе экономикалық университеттерде
қолданылып келе жатқан қашықтықтан оқыту
технологиясының тиімді және тиімсіз жақтары тереңнен
саралану үстінде. Бүгінгі күнде көптеген
университеттерде – қашықтықтан
оқыту технологияларын толық көлемде пайдалана отырып, білім
беру процесін іске асыратын, білім беру ұйымдарының
аумақтық-оңашаланған бөлімшелерінде сырттай-қашықтықтан
оқыту формасы бойынша мамандар даярлайды. Университеттерде
қашықтықтан оқытудың кейстік және желілік
технологиялары пайдаланылады. Оқу процесінде электрондық
оқу-әдістемелік кешен қолданылады. Мұндай электронды
кітапханалар қашықтықтан оқыту жүйесінің жүйе
құраушысы ретінде қарастырылады.
XXI
ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби
бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін
өзекті қоғам талабы. Сондықтан кәсіби маман жасап
шығару үшін заман талабына сай оқытудың жаңа
технологияларын пайдаланған жөн.
Қазіргі жас ұрпақтың
саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты -
оқу орындарындағы білім
беру процесіне жаңа инновациялық
технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті.
Сондықтан ғылыми-техникалық
прогрестен қалыспай, жаңа
педагогикалық инновацияларды дер кезінде
қабылдап, өңдеп,
нәтижелі пайдалана білу – әрбір
ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
Байқағанымыздай, сол
жаңа оқыту технологияларының бірі саналатын
қашықтықтан оқыту технологиясына жоғарыда
қысқаша шолу жасалды. Заман талабына сай қалыптасқан
бұл оқыту жүйесінің тиімді жақтары мен тиімсіз
жақтарын уақыт өте келе көретін боламыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.А. Послание
Президента Республики Казахстан «Казахстан
на пути ускоренной экономической, социальной политической модернизации» //
Казахстанская правда. – 2005. -18 февраль. – С.1-3.
2. Аймаганбетов Е.Б., Егоров В.В., Ибышев Е.С.,
Кенжебаева С.К. Қашықтықтан-кредиттік оқыту
технологиясы: Оқулық. – Алматы: Білім, 2010. 446 б.
3. Ишанов П.З. Современные образовательные технологии:
Учебное пособие. – Караганда: ТОО «САНАТ-Полиграфия», 2008. – 162 с.
4. http://www.google.kz.
5.
Әлиева А.О. Қашықтан оқытуда студенттердің
танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Автореферат. – Алматы,
2010. – 27 б.