Тұрсынбаев А.З.,  Демеубаева Ұ.О., Омарова Г.,Т.

 

Электрондық оқулықтарды пайдаланудың қазіргі жағдайы мен оларды жасаудың технологиялық мүмкіншіліктері

 

         Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен  жұмыс істеуде. Солардың ішінде оқушы үшін электронды  оқулықты пайдалану арқылы:

-  оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді;

-  абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;

-  оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;

-  мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.

  «Технология пәні. Ақпараттандыру технологиясының элементтері    (8-9 сынып қыздар)» атты электронды оқу әдістемелік құралын  қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасау мүмкіншілігіне ие болады:

-  Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

-  Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі тексеруге;

-  Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;

-  Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;

-  Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

-  Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.

          «Технология пәні. Ақпараттандыру технологиясының элементтері (8-9 сынып қыздар)» атты электронды оқу әдістемелік құралын  пайдалану арқылы:

·        сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

·        мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;

·        оқушының пәнге қызығушылығы;

·        алынған білім, дағды деңгейі;

·        білімнің тереңдігі;

·        тексеру түрлері, бағалау;

·        практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.

Соңғы жылдары білім беру саласы деңгейін жоғарылату мен оны жетілдіру  проблемаларының шешімін іздестіру бірқатар мемлекеттік құжаттарда және маңызды заң актілерінде көрініс табуда.  Жоспарда дәстүрлі және ақпараттық-компьютерлік технологияларды интеграциялайтын, білім берудің бүгінгі  заманауи талаптарын қанағаттандыратын оқытудың ақпараттық-компьютерлік орталықтарын құрудың кешенді тәсілдерін қарастырады [1].

Қоғам мен білім беруді ақпараттандыру-жауапкершілік сезімі мол, терең білімді, жаңа қоғамды  түсініп,  жасаушы тұлғалар санының арта түсуін талап етеді. Барлық типтегі оқу орындарын, соның ішінде, мектеп    бітірушілердің даярлығына қойылатын талаптар да күшейтілуде. Білім берудің пәндік құрамы да толықтырыла түсуде. Аќпараттандыруда - білім беру жүйесі және онымен  байланысты  адамзат әрекеттерінің түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда ол заманауи технологияның әсерімен маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып оларға ықпал етеді. Бұл мәселеде, әсіресе, орта білім беруді жетілдірудің алатын орны ерекше.

Ақпараттық-компьютерлік технология – объектінің, үдерістің немесе құбылыстың жай - күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтер жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үдеріс. Жоғары сынып оқушыларының технологиялық білімін ақпараттық-компьютерлік технологиялар  негізінде қалыптастыру  білім, іскерлік дағды үштігінің бірлігінде қарастырылады.

Біз осының бәрін ескере отырып және педагогтар мен психологтардың іс-әрекет даярлығын мотивациялық, танымдық, эмоционалды-еріктік компоненттерінің бірлігі ретіндегі көзқарасын бөлісе отырып, күнделікті іс-әрекеттерде ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдалануға даярлық түсінігін жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеттерде ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдалану тәжірибесін меңгеру деңгейін көрсететін қасиеті тұрғысында және субьектілік деңгейде мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттерді біріктіретін біртұтас жүйе тұрғысында анықтаймыз.

Оқушылардың ақпараттық-компьютерлік технологияны  іс-әрекеттерде пайдалануын “ақпараттық-компьютерлік технологиялар бойынша даярлық” деп түсінеміз.

Жоғары сынып оқушыларының технологиялық білімін  ақпараттық  технология негізінде қалыптастыру жүйесінің құрамында біз мына компонеттерді қарастырамыз:

-мазмұндық (ақпараттық-компьютерлік технологияны сабақтағы іс-әрекеттерде пайдалануға байланысты білім жүйесі);

-іс-әрекеттік (ақпараттық-компьютерлік технологияны сабақтағы іс-әрекеттерде пайдалану іскерлігі және осы іскерліктер қалыптасып, дамитын іс-әрекет түрлерін пайдалану іскерлігі);

-технологиялық (ақпараттық-компьютерлік технологияны сабақтағы іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау үдерісін қажетті әдістер, құралдар және бағдарламалар жүйесі арқылы ұйымдастыру ерекшелігі).

Біз осының бәрін ескере отырып, жоғары сынып оқушыларының технологиялық білімін ақпараттық технология негізінде қалыптастырудың моделін жасадық[2].

Модель мынадай элементтерден: кәсіби мақсаттан, оқушылардың  АКТ-ны технологиялық білімін қалыптастыруда жүзеге асыру міндеттерінен, даярлықты қамтамасыздандыратын  әдіснамалық тұғырлардан, оқушылардың  іс-әрекетінің әдіснамалық негізін қамтамасыздандыратын  ұстанымдардан, ұстанымдардың негізінде жасалған мазмұнның құрылымдық компоненттерінен, даярлық негізінде күтілетін нәтижеден тұрады.

Зерттеліп  отырған жоғары сынып оқушыларының технологиялық білімін ақпараттық технология негізінде қалыптастыру өлшемдері мен көрсеткіштері беріледі.

Жоғары сынып оқушыларының ақпараттық технологияны технологиялық білімін қалыптастыруда пайдалану даярлығы қалыптастырылғандығының өлшемдері ретінде мотивациясы (қызығушылығы, ұмтылысы, т.б.), технологиялық және  АКТ-ға қатысты білімдері, технологиялық қызметтерді  орындауы алынды. Осы өлшемдерді басшылыққа ала отырып, модельдің негізінде жоғары сынып оқушыларының ақпараттық-компьютерлік технология негізінде  технологиялық білімін қалыптастырудың төрт деңгейі анықталды, олар: жоғары, жеткілікті, орта, төменгі деңгей.

Жоғары деңгей: технологиялық білімге деген ынта-ықыласы, талпынысы жоғары, білімдері шыңдалған, өздігінен дербес ізденеді, ақпараттық компьютерлік технологиялардың жетістіктеріне қажетті тұрғыда талдау береді, қазіргі заманауи коммуникациялық құралдарымен еркін байланыс жасайды. Интернетті жетік меңгерген; АКТ-ның білімді қалыптастырудағы қажеттілігін  өте жақсы түсінеді; компьютер арқылы оқудың мүмкіндігін жетік меңгерген, өзінің компьютерлік  білімін білім алудағы іс-әрекетте пайдаланады.

      

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

1.        Кошкарова Ш.З., Сайлыбаева А.Н., «Совершенстование содержания профессионально-педагогического образования студентов», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, п.ғ.д., профессор Әли Мүсілімұлының 70 жылдығына арналған «Сапалы білім беру -  Қазақстанның индустриялануының және инновациялық дамуының негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция, сәуір, 2011 жыл. 

2.        Жүнісова Ә.Т., Шильдебаева Л.К., Сайлыбаева А.Н., «Технология  сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру», «Дәулет» ғылыми-педагогикалық журналы, №3, 2012 жыл.