Сабаева Гүлбаршын
ҚазИТУ оқытушысы, магистр
Қазақстан,
Алматы қаласы
Кәсіптік
қазақ тілін оқытудың әдісі
Еліміздегі ЖОО-да кәсіптік қазақ тілі
пәнін оқыту басты мәселелердің бірі
болып отыр. ЖОО-да мамандық салалары бойынша
жүйелеу, әр
мамандыққа қатысты тақырыптар мен мәтінді дұрыс пайдалана білу керек. Мемлекеттік тілді оқыту, оның ішінде – іс-қағаздарын
дұрыс жазу ережелері, дұрыс
сөйлей білу, мамандық бойынша
терминдер мен сөздерді дұрыс қолданыла білу студенттердің міндеті болып табылады.
Қазақ тілі – мемлекеттік
тіл ретінде заңға
енгеннен бастап, орыс аудиторияларында
пән ретінде
жүргізіліп келе жатқаны белгілі. ЖОО-да әр түрлі мамандық негізінде тілді
оқыту мәселесі
бүгінгі күннің басты талабы болғандықтан,
қазақ тілінің
оқылым, жазылым, сөйлесім мәдениетімен бірге мамандық салаларына қатысты
атаулар мен терминдерді қарастыру. Алайда кәсіп салаларына
қатысты
қолданылатын тілдік ерекшеліктер
мен кәсіби терминдерді,
құжат үлгілерін, сөйлеу мәдениетін дұрыс қалыптастыра білу болып
табылады.
Студент
кәсіби сөйлеу бағытында оқылым, тыңдалым,
сөйлесім ерекшеліктерін,
тәсілдерін игереді. Қай
мамандық саласы болмасын,
мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан
Республикасының
әрбір азаматына
міндетті болып табылады.
Кәсіптік
қазақ тілі
пәнінде, оқу материалдарының тақырыбы мамандыққа
қатысты болып табылады.
Мәтін бойынша, студент
жұмыс жасай отырып,
сөз тіркестері құрылымын, омоним, антоним, синоним,
тұрақты сөз тіркестерінің сөйлемде қалай
қолданылуын анықтайды.
Берілген
мамандыққа
қатысты мәтін бойынша
терминдер мен жалпылама қолданылатын сөздердің сөйлемдегі орнын, қызметін анықтау студенттің тіл
ерекшеліктерін
аңғаруға
мүмкіндік береді.
Студент кәсіби бағдарлы
қазақ тілінен көптеген жаттығулар
жасау, ауызша және
жазбаша жұмыс жасауы
тиіс.
Студенттердің сауатты
жазу, диалог құрастыру,
сөздікпен жұмыс
жасау барысында грамматикалық ерекшеліктерді қайталауы тиіс. Нұрмұхамедова Қарлығаштың мақаласы бойынша
кәсіптік
қазақ тілі
пәнін оқыту барысында студенттердің үйренетін мәселелерін атап
көрсетеді. Олар:
Өзара сөйлесу;
– Мемлекеттік тілге қатысты
мәліметті әңгімелеуді;
– Іс қағаздарын сауатты
толтыруда;
– Сызбалар негізінде іс
қағаздарды құрастыруды;
– Деңгейлік тапсырмалар негізінде
сауатты жазуға;
– Кеңселік іс
қағаздарын дұрыс толтыру;
– Іскерлік іс қағаздарының
түрлерін;
– Іскерлік іс қағаздарды
стандарттық талаптарға сай құрастыру;
– Мемлекеттік тілде іс
қағаздарды компьютерде басып шығаруды;
– Қызметтік хаттардың
түрлеріне ажырату;
– Қызметтік хаттарды сауатты
және стандарттық талаптарға сай құрастыру;
– Көпшіліктің алдында
сөз сөйлей алу;
– Түрлі мәліметтер бойынша
есеп жазуға;
– Мамандығына байланысты тілдік
қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;
Орыс тілді
аудиториядағы студенттердің мемлекеттің тілде сөйлеу
дағдысын дамыту, ауызша қарым-қатынас жасау кезінде
коммуникативтік тілді қолданулары үшін сөздік қорларын
байыту, өз ойларын жүйелі түрде айтуға
машықтандыру. Әр түрлі жанрдағы жеңіл мәтіндерде
айтылған ойдың негізгі мазмұнын түсіну,
сөйлемдерді, мәтін және сұхбаттарды мәнерлеп оқу;
фонетикалық, грамматикалық, лексикалық,
лексико-грамматикалық жаттығуларды орындай білу. Аударма,
кәсіби бағыттағы сөздіктерді пайдалана білуге
үйрету, қазақша дұрыс мәнерлеп сөйлеу
машығын қалыптастыру. Белгілі бір кәсіби қатынас
саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті
ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге
дағдыландыру.
Ә.Қошманованың айтуы
бойынша:
«Кәсіби қазақ тілінің» мақсаты -
қазақ тілін кәсіби деңгейде меңгеру. Бұл
пәнді аяқтаған тіл үйренушіге қойылатын талаптар:
– мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан
өзіне, өз мамандығына қажеттісін таңдап алып, оны
коммуникативті-функционалдық бағытта қолдана білуі керек;
– мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны
дәлелдеп, қорғай білуі;
– өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын,
қазақ тіліндегі сөздік қорын, терминологияны
үнемі дамытып отыруы;
– мемлекеттік тілде өз мамандығы аясында шешен сөйлеуге
дағдылануы;
– кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білуі;
– проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік
тілде көркем жеткізе білуі керек және т.б.
Кәсіби қазақ
тілін оқытудағы еңбектерді атап өтетін болсақ, Ф.Ш.Оразбаеваның ғылыми диссертациясы,
Г.К.Бейсенбаеваның
«оқылым әрекеті арқылы
оқыту әдістемесі», Б.Ақбұзауованың «Кәсіби
қазақ тілі», Б.А.Ахметбекова «мамандыққа
қатысты сөздік
жұмыстарының
әдістемесі», Ш.Құрманбаева «Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге
жеделдете оқытудың
ғылыми-әдістемелік негіздері» атты еңбектерді атаумызға болады.
Қорыта келе,
кәсіптік қазақ тілі пәнінің мамандық салаларына қажетті құрал болып табылатындығын айтқым
келеді.
Әдебиеттер:
1.
Р.Шаханова. Техникалық
жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде
қазақ тілін мамандыққа қатысты
оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. АДД. – Алматы,
2003.
2. Иманқұлова Салтанат
«Кәсіби қазақ
тілін оқытудағы
даулы мәселе»