Филологические науки/ 1.Методика  преподавания

языка и литературы

 

магистрант А.Б. Насимуллина

 

Батыс Қазақстан Гуманитарлық Академиясы, Қазақстан

 

Ағылшын жазушысы Ш. Бронтенің «Джен Эйр»  романынын     аударудың лингвистикалық және стилистикалық сипаты.

 

      Аударманың адам қызметінің ең көне түрі екендігі даусыз. Әуел баста ақ аударма тілі басқа адамдардың бір – бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды  әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдениетімен танысуына кең жол ашып, басқа халықтардың мәдениетімен тұрмыс – тіршілігімен танысуына жол ашып, сол арқылы әлем әдебиеттері мен мәдениеттері араласып, баюына жағдай жасайды. Шетел тілін білу кітаптың түпнұсқасын сол  тілде оқуға негіз бола алады, ал бір адамның кітаптарды әдеби тілдердің баршасында, тіпті көпшілігінде оқи алуы мүмкін емес. Рудаки мен Омар Хаямның, Шекспир мен Гетенің, Толстой мен Достаевскийдің, Абай мен Шәкәрімнің теңдесі жоқ шығармалары аударманың арқасында ғана күллі адамзаттың игілігіне айналды.

      Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Олай дейтін себебіміз – көркем аудармада шығармашылық белгі сипаттардың және мәдениеттанушылық  қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді.

Ағылшын жазушысы  Шарлотте Бронтенің «Джен Эйр» романы тұтастай алғанда тілі жеңіл, сөз саптау шеберлігі тілтанудың заңдылықтарына сәйкес. Жазушы шығармасында сиқырлы сөз сазы да көптеген жазушыларға алдыртпай келе жатқан асу. Бұл көркем шығарманың жекелеген тұстары, тұрақты сөз тіркестері жатық, табиғи шыққанымен, сырлы саздылық, төгілген тіл өрнегі, метафора айшықты ашылған. Бұл бөлімдерді аудару арқылы мен тілдің ішкі мүмкіндігін аша түстім. Оның үстіне, кейбір күрделі шығармаларды аудару кезінде олардың сәтті бола қалуы мүмкін емес те екендігі тағы бар. Осы тұрғыдан қарағанда ағылшын жазушысы Шарлотта Бронтенің «Джен Эйр» романын аудару революциясы – мен үшін қызғылықты тақырып болып орын алды.

     Ол әрбір халықтың тарихының, тұрмысының, сенім-нанымның, әдет-ғұрыптарының, үйренген үрдістерінің, талғамының ерекшелігінен құралады. Аудармашының еңсеруіне тура келетін қиындықтарының ең үлкенінің бірі ұлттық пішіннің ерекшеліктерін дәл ұстай білу.

    Шарлотта Бронтенің «Джен Эйр» көркем шығармасының мазмұны тереңде жатыр. Көркем шығарманы оқи отырып шығарманың тақырыбынан белгілі, осы тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге дейін баратын кейіпкердің мінезін, дүниетанымын, іс-әрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эститикалық идеалына жетудің жолдарын көреміз. Сонымен, автор көркем шығармадағы шындықты, яғни адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтауды типтендіру тәсілімен жүзеге асырған. Мен осы бір көркем шығарманы аудару барысында әдебиеттің жалпы мәні мен маңызына жағалай теліне беретін жағдай, жалаң уағыз емес, жаппай жапсырыла беретін жамау емес, терең шығармашылық сипаттағы орасан күрделі мәселе екенін аңғардым және аударма жасауда автордың ойын толық жеткізуге тырыстым.

Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт екенін көрсетеді. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп білу керек. Автор кейіпкердің,яғни Джен Эйрдің мінезін – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы екенін жақсы суреттей білген. Оны біз мына үзіндіден көре аламыз:

                                                      A man in Black

    My screams changed to sobs when I heard steps running along the outer passage. The key turned. Bessie and Abbott entered.

   “Miss Eyre, are you ill?” cried Bessie, white-faced.

“ Take me out !” I begged. “ Put me in the nursery!”

“ What for? Are you hurt ?” Bessie demanded, I clutched her hand.

“ I saw a light, and I thought a ghost would come,” I stammered.

“what is all this?’

It was my aunt’s voice. She came along the passage, her gown rustling stormily.

“ I gave orders that Jane Eyre should be locked in the red  room till I let her out myself,” she snapped.

“ Miss Jane screamed so loud, ma’am,” pleaded Bessie.

“let go of her hand,” was the answer. “Jane Eyre, you will now stay here an hour longer, and I will only let you out then if you have been still and quiet”.

“let me be punished some other way!” I begged. “ I shall be killed if – “

“ Silence!” cried Mrs. Reed, and she thrust me back into the room.

    The door slammed shut, and the key turned in the lock. I heard the rustle of her gown as she swept away. I stared all round the dark room, filled with fright and terror. Then I fainted and darkness closed the scene.

                                                          Қара киімді адам.

     Кенет дәлізден жалғыз адамның жүрісін естігенде мен енді айқайды қойып, жылай бастадым.  Есіктің құлпы ашылды. Ішке Бесси мен Аббот кірді.

“Эйр бикеш, сіз сырқатсыз ба?” – деді Весси түрі бозарып, шошынған қалпы.

“Шығарыңдар мені !” – дедім мен жалынып, “мені өз бөлмеме апарыңдар, өтінемін!”

“Бірақ не үшін? әлде сіз ауырып қалдыңыз ба?”деп сұрады Бесси. Мен екі қолын қысып:

“Мен жарық көрдім, және ол елес деп ойлаймын,” дедім қорыққанымнан тұтығып.

“Мұнда не болып жатыр?”

Бұл менің тәтемнің дауысы еді. Оның көйлегінің сылдыры маған дәлізде келе жатқан бейне бір құйындай елестеді.

“Мен сендерге Джен Эйрді өзім босатқанша қызыл бөлмеде ұстаңдар деген бұйрық берген едім ғой,” - деді ол тістене сөйлеп.

“Джен бикеш ханым деп соншалықты қатты айқайлаған соң... “– деді Бесси озін кінәлі сезінгендей баяу сөйлеп.

“Жіберіңдер оның қолын! Джен Эйр! Сен мұнда енді бір сағаттан да артық отырасын және дыбысынды шығармай тыныш отырсан ғана мен сені босатамын”

“Өтінемін! Мені басқаша жолмен жазалаңыз” дедім жалынып. “Мен бұл жерде қалсам өлемін...”

“Тыныш!” - деп зекіп тастаған Рид ханым мені бөлмеге қарай итеріп жіберді.

    Есік тарс жабылды және есікке қайтадан кілт салынды. Мен оның көйлегінің сыбдырынан алыстап кеткенін білдім. Мен қорқыныш пен үрейге толы бөлмеге телміре  қарап тұрдым. Кенет мен есімнен танып, бәрін қараңғылық жаулап алды.

 

white-faced - түрі бозарып, шошынған қалпы.

She came along the passage, her gown rustling stormily-  Оның көйлегінің сылдыры маған дәлізде келе жатқан бейне бір құйындай елестеді.

 I stared all round the dark room, filled with fright and terror- Мен қорқыныш пен үрейге толы бөлмеге телміре  қарап тұрдым

darkness closed the scene- бәрін қараңғылық жаулап алды

       Сөйтіп, ұлы жазушы адам мінезін даралауға асқан жауапкершілікпен қараған, ол өз кейіпкерлерінің ішкі бітімін бүкіл шығармашылық әрекетінің өн бойында бір сәтке болса да көзден таса қалдырмаған, әр адамның ақылын, ойын, сезімін, білімін, мәдениетін ашқан үстіне аша берген. Өзінің осы әрекетінің үстінде өз кейіпкерлері көркем шығармадағы образдан да, ақиқат өмірдегі кәдімгі тірі кісілерге айналып, автордың еркінен тыс, бұл « мүлде қаламаған мінез жасай берген». Кейіпкердің шын тұлғасын, мінезін даралай келгенде, күрделі, тамаша, тартымды бейне болып шыққан. Оны мына бір үзіндіден көруге болады:

                                                      Do not Grieve…

     As the weeks passed Lowood came to seem a better and brighter place. Spring drew on, and flowers peeped out amongst the leaves of the garden. On Thursday afternoons ( half-holidays) Helen and I took walks, and found still sweeter flowers opening by the wayside, under the hedges.

    One evening, at the beginning of June, I stayed out very late with a girl called Mary Ann Wilson. We’d wandered far and lost our way, and it was after moonrise when we got back. A horse, which we knew to be the doctor’s, was standing at the garden door.

     “Someone must be very ill,” said Mary Ann sadly, “ if they’ve sent for Doctor Bates at this time of the evening.”

    She went into the house. I stayed behind a few minutes to plant in my garden a handful of roots I had dug up in the forest. I heard the front door open. Doctor Bates came out, and with him was a nurse. After she had seen him mount his horse and ride away, she was about to close the door, but I ran up to her.

“how is Helen Burns?” I asked.

“ very poorly!,” was the answer, “ The doctor says she’ll not be here much longer.”

                                              Еңсеңді түсірме...

      Апталар өткен сайын Лувудтагы өмір қиыншылықтары бұрынғыға қарағанда аздап біліне бастады. Көктем де жақындай бастады, бақшадағы гүлдер де жапырақтар арасынан бой көрсете бастады. Біз  Елена екеуміз бейсенбі күндері сабақ бітісімен жол жиегіндегі жаңа ашылған гүлдерді тамашалайтынбыз.

     Маусым айының бас кезінде, кешкілік мен Мэри Анна Вилсон атты бір қызбен үйге өте кеш оралдым. Біз жолымыздан адасып көп жүрдік, тек  кешқұрым ғана үйге оралдық. Біз танитын дәрігердің аты бақша есігінің алдында байлаулы тұр екен.

     Мынадай кешкілікте Батес дәрігерді шақыртқанына қарағанда, біреу қатты ауырып қалса керек, - деді Анна мұңайып.

   Ол үйге кіріп кетті. Мен болсам орманнан қазып алған бір уыс тамырды  бақшаға отырғызу үшін артта қалып қойдым. Мен есіктің ашылғанын естідім. Қасында тәрбиешімен бірге үйден  дәрігер Батес шықты. Оның атына мініп, алыстап кеткенін көрген ол есікті жабайын деп жатқанда мен оның қасына дереу жетіп бардым.

Елена Бернстің жағдайы қалай?, деп сұрадым.

“өте нашар! Дәрігердің айтуынша ол мұнда ұзақ болмайды,”-  деген жауапты естідім.

       Шарлотта Бронтенің шығармасынан эпикалық образ – кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, және әбден дараланған тип екенін көреміз. Мүсіндеу мен мінездеу, диалог мен монолог, түрліше сезімдер мен мінездерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көптеген амал-тәсілдері әсіресе эпикалық образ үшін керек. өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге терең, әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар. Оған эпикалық шығарманың өрісі де, құшағы да еркін жетіп жатыр.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Влахов с., Флорин С. Непереводимое в перевлде. Москва, 1999.72с.

2.      Жұмайқызы Г. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы ерекшелңктер.Алматы, 2006.53-54б.

3.      Загидуллин Р.З.Переводоведение в Казахстане;состоние и перспективы.Алматы,2000.63б.

4.      Нелюбин Л.Л.Толковый переводческий словарь.москва, 2003.

5.      Charlotte Bronte. Jane Eyre. Айрис-пресс, 20047