Есенжолова
Санимай Абдирахимовна
Абай
атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
Университетінің 1 курс магистранты
Энергетика
терминдерін аудару барысында кездесетін транскрипция, транслитерация
әдістері
Терминдер – өзіндік
құрылымдық, семантикалық, деривациялық,
функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы
болып табылады. Аталған ерекшеліктерді ескерусіз термин жасау, басқа тілден терминдер алу, калькалау, терминдерді ұтымды қолдану мүмкін емес. Терминдер адам қызметінің
ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми,
кәсіби деңгейлерін айқындайды. Сондықтан терминдер
ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік
салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің
дамуын бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер
қоғамның әлеуметтік құрылымының
біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге
бөлініп, әрқайсысының өз тілі, өзіне
ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын
айқындайды. Термин тілдің ерекше негізін құрайды,
себебі терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде-бір
ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың
дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі
жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен
қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің,
танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен
көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды.
Қазақ
дәстүрлі терминологиясында қазақ тілінің
терминдері, негізінен, семантикалық, құрылымдық
тұрғысынан жүйелі түрде зерттелді, мұнда
терминологиядағы семантикалық және
құрылымдық қатынастардың типологиясына назар
аударылды. Қазақ терминологиясында, сондай-ақ, бүкіл
тіл білімінде тілдің таным шарттары мен құралдары ретіндегі
рөлі мен трансформациялаудағы таңбалау жүйесі болып
табылатынын айқындауға көп көңіл бөлінді.
Мысалы, қазақ тілінің терминдері белгілі шамада
терминологиялық аталымның соңғы нәтижесі,
өнімі ретінде қарастырылды (Ш.Құрманбайұлы),
сонымен қатар лингвистикалық бірліктер ретінде олардың тілдік
қасиеттері мен белгілері толық зерттеліп пайдаланылды. Дегенмен,
қазақ терминдерін аталымдау мен функциялауда адамның
танымдық және менталдық қызметі (когниция)
лингвистикалық зерттеу пәні болып қалыптаса
қойған жоқ. Жалпы терминдер жайлы мағлұматты бере
отыра, төменде энергетика терминдерін аудару барысында
кездесетін транскрипция, транслитерация әдістері қарастырып
кеткенді жөн көрдім. Сондықтан алдымен осы аталған
әдістерге мағлұмат беріп кетсем, транскрипция дегеніміз ол латын тілінің transcrіptіo «қайта көшіріп жазу» –
белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін
пайдаланылатын шартты белгі болатын болса, ал транслитерация дегеніміз латынның әліпбиіндегі trans - арқылы, littera - әріп) — бір жазудағы
әріптерді екінші бір жазудың әріптерімен, яғни бір
әліпбидегі жазуды басқа бір әліпбиге ауыстыру деген
мағынаны білдіреді, басқаша айтатын болсақ, бұл әдістер
терминдерді аудару баламасы болмайтын, аударылмайтын терминдерді аудару
тәсілі боп табылады.
Ағылшын
тілінен енген энергетика терминологиясын аудару үшін жоғарыда аталған
тәсілдерді қолданамыз. Бүгінгі таңда аударма
ісінің тәжірибесінде ең көп қолданыстағысы
– транскрипция әдісі арқылы аударма жасау, яғни,
сөздің орфографиялық қалпын емес, оның
фонетикалық қалпын беру. Ағылшын және қазақ
тілдерінің фонетикалық жүйелерінің айырмашылығы
салдарынан, сөзді аударудың мұндай тәсілі тек шартты
түрде ағылшын дыбысына жуық дыбысты береді.
Энергетикалық терминдерді аудару барысында транслитерация әдісі
көп қолданылатындығы жайлы жоғарыда аталып өткен
еді. Мысалы, antenna
(антенна); feeder (фидер); blooming
(блюминг) laser (лазер) т.б.
сөздер. Жалпы аудармашы аудармада транскрипцияны қолданғанда,
онда әрқашан транслитерация элементтерінің болатынына
көңіл бөлуі тиіс. Жоғарыда айтылғандарды
қорытындылай келгенде, аударма кезінде транскрипцияны қолданғанда,
транслитерация элементтері мына белгілері бойынша анықталады деп
айтуға болады:
-
дыбысталмайтын дыбыстардың
транслитерациясы
-
дауысты дыбыстардың
транслитерациясы
-
екілік дауыссыз дыбыстарды беру
-
оқылудың бірнеше
нұсқасы болған кезде жазылуына ең жақын
нұсқасын таңдау
Қолданылған әдебиеттер
1. А.Құсайынов, Ж.Шотанов. «Электр техникасы және электр
энергетикасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі», 5
баспа табақ.
2. Денисенко Ю.А., Коммисаров В.Н., Черняковская Л.А. «Пособие по
научно–техническому переводу». - М.: 1981
3.
Скороходько Э.Ф. Вопросы перевода английской
технической литературы. – Киев: 1969
4. Пумпянский А.Л. Лексические закономерности научной и технической
литературы. Англо-русские эквиваленты. – Калининград: 1980
5.
Рахимбекова З.М. Материалдар
механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша
түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2