Асет Алия
Абай
атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
Университетінің 1 курс магистранты
Құрылыс терминдерін
аударудағы кейбір өзекті мәселелер
Бұл
мақала заманауи қарқынды құрылыс
саласындағы жетістіктермен Қазақстан Республикасының
аумағында қолданылатын кәсіптік терминдердің
ерекшеліктерін және қазақ тіліне аударудағы кездесетін
өзекті мәселелерді атап өтуге арналған.
Бүгінгі
таңда ғылым мен техника қарқынды дамуда. Күннен
күнге ғылым және техника саласында түрлі жаңашылдық
пайда болуда. Осыған байланысты көптеген елдермен ақпарат
алмасу қажеттілігі туады. Қазақстан Республикасының
басты мақсаттарының бірі – әлем нарығына ену және
халықаралық қатынастарды ұлғайту
болғандықтан айтылған ғылыми-техникалық салада
кәсіби аудармашылардың үлесі мен рөлі аса
маңызды болып табылады.
Халық
шаруашылығы саласында азаматтық құрылыстың алатын
орны ерекше. Қоғамдық даму нәтижесінде
құрылыс саласына қойылатын талаптардың күшейуіне
байланысты, міндеттерінің артып отырғандығы
құрылыс тарихынан белгілі. Елімізде мемелекеттік тіл
мәртебесін көтеру жан-жақты қарқынды түрде
орындалуда. Соның ішінде техникалық терминологияны аудару
мәселесі ең жауапты бағдар. Құрылыс саласына мамандар даярлау, оқу орындарында
терминологиялық сөздіктер мен глоссарийларды пайдалану осы
проблеманы шешуге бағытталған. Қазақ тілінде
жазылған оқулықтардың тапшылығы өзекті
мәселе. Болашақ мамандар осы салада жиі кездесетін
спецификалық терминдердің баламасын үш тілде оқып
меңгеруі кәсіптік біліктілік алуына үлкен ықпал
тигізеді. Бұл жерде ерекше көңіл бөліп атап
өтетін проблема ол-сол терминдердің спецификалық ерекшелігі.
Осы тақырыпты зерттеу маңызында құрылысшылар дайындайтын
оқу орны – Алматы
құрылыс және менеджмент колледжінің оқу
саласындағы материалдарымен терең таныстым. Терминологияны
аударудағы сөздердің түпнұсқасындағы
маңыз мәнінің басқа тілге аударған кезде
мағынасы сақталуы немес өзгеріп кетпеуі маңызды.
Бүгінгі күні аударманың қажеттілігіне ешкім
күмән келтірмеуі керек. Өйткені, біз мәдениетаралық
коммуникация заманында әлемнің көптеген халықтарымен
аралас-құралас тіршілік етіп отырмыз.
Бұрын ести
қоймаған, әуелі кезде құлаққа
жаға бермеген терминдер мен сөздерді ести бастадық. Бұл
заңды. Қазір бұған үйрендік.
Бұрынғы кеңестік қыспақтан босаған,
ашық қоғам құруды мақсат етіп отырған
елімізге жаһандану үдерісі де жаңа ұғымдар алып
келіп жатыр. Мұның бәрі – тілдің тірі организм екенін көрсететін
факторлар. Байлығы, мазмұндылығы жағынан еш тілден кем
де артықта емес қазақ тілінің бүгінгі күні
елеулі түрде баи түскені тіл мамандарына ғана емес,
қарапайым халыққа да белгілі.
Бұл
мәселені шешу үшін екі
тілді еркін меңгерген, іс қағаздарын екі тілде де сауатты
жазатын аудармашылар керек. Өйткені, екі тілдің қыр-сырын
мүлтіксіз меңгермеген адам көпке түсінікті аударма
жасай алмайды. Қазіргі аудармашылар кімдер? Кәсіби мамандар ма
әлде кездейсоқ адамдар ма? Шынын айту керек, арнайы
оқып-үйренген мамандар жоқтың қасы, тек бірлі-екілі
аудармашылар ғана жоғары оқу орнында аударманың
теориясы мен тәжірибесін оқыған болуы мүмкін.
Негізінен, журналистер, филологтар, тарихшылар, орта мектептерде
қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін
мұғалімдер, арасында басқа мамандық иелері де бар.
Нақтылап айтсақ, қазақ тілінде жаза алатын, орыс тілін
білетін әртүрлі мамандық иелері. Арасында орыс тілін
білмейтін, жорамалмен аударатын адамдар да жоқ емес. Аудармадағы
сауатсыздық терминологиялық комиссия бекітпеген, не бұрын
бекітіп, қайта өзгерткен атауларды пайдаланудан да көрініп
отыр. Нәтижесінде сауатсыз аудармалар легі толассыз ағылып жатыр.
Қазіргі кезде
тіліміздің толыққанды қолданылуына қатысты
сөздіктерде де ала-құлалық орын алған. Кәсіби, салалық, ғылыми
терминдердің әр жерде әртүрлі жазылуы бәрімізді
де жаңылдырады. Қайбір басылымдар сөзжасамның неше
түрлі нұсқаларын ұсынып жүр. Олардың
принципіне сүйенсек, аударылмайтын бірде бір сөз болмауы керек.
Қазақ тілінде термин қабылдаудың ғылыми
принциптерін негіздеп, қалыптастыру жолында көп еңбек
сіңірген, термин жасауда тіліміздің мүмкіндігін сарқа
пайдалану керектігін жақтаған ғұлама ғалымдарымыз
– Ахмет Байтұрсынов пен
Құдайберген Жұбановтар халықаралық терминдерді
жаппай аудара беруге болмайтынын ескерткен еді. Сондықтан
аудармашыларға керек жерінде аудару қажет дегенді баса айтқым келеді. Оңды-солды аударудың
салдарынан жұрттың қылжағына айналған
сөздер көбейіп, кейде өз сөзімізді өзіміз
түсінбей жататын жағдайға жеттік.
Аудармашылар
терминдерді аударғанда абай болған жөн. Сондықтан
аудармашы мамандар аударма ісінде төмендегі қағидаттармен
үнемі жұмыс жүргізуі керек:
- ресми
құжат мазмұнын қысқа әрі тұжырымды
тілде жазуда;
-ол
тұжырымдардың дәл, нақты болуында;
-сөздер мен терминдер нақты өз
мағынасында пайдалануда;
-терминдер мен тұрақты
оралымдардың бірегейлігін сақтауда;
-бірнеше нұсқадағы терминдердің
мүмкіндігінше терминологиялық комиссия тарапынан бекітілген немесе
ресми тілде стандартталған, сондай-ақ жазба тілде қолданылу
жиілігі жоғары нұсқасын пайдалануда;
-өзі аударған мәтіндегі
сөйлемдерді (абзацтарды) түпнұсқамен салыстыруда;
-аударманың әрбір сөйлемінде,
қолданылған терминологияның бірізділігін, мазмұндау
логикасының түпнұсқаға сәйкестігін
тексеруде;
-мәтінді аударма тіліне жатпайтын
ұғымдар мен тіркестерден арылтуда;
- мағыналық және
стилистикалық түзетулер енгізуде. Осы жолда әрбір аудармашы
өзімен үнемі жұмыс жүргізуі керек.
Аудармашы жұмысқа қажетті
материалдармен (қағазбен, кеңсе бұйымдарымен),
сондай-ақ жалпы және арнаулы сипаттағы
сөздік-анықтамалық материалмен:
I. Арнаулы сөздіктер
а) Қос тілді арнаулы сөздіктер
б)
Бір тілдегі арнаулы сөздіктер
II.
Арнаулы (терминологиялық)
энциклопедиялар
III. Анықтамалар
IV. Арнаулы әдебиет
V.
Автоматтандырылған жүйенің дерекқормен
уақытылы қамтамасыз етілуі тиіс.
Аудармашы
құрылыс терминологиясын аудару барысында қазақ тілі мен
ағылшын тілінің өзгеше терминологиялық тематикасына
байланысты көптеген қиындықтарды кездестіреді. Кей терминдер ағылшын тілінде сөйлеушіге
түсінікті болса да қазақ тілінде сөйлеушіге ол термин
қазақ тіліне аударылғанның өзінде
түсініксіз болуы мүмкін, себебі аударма тілінің елінде
мұндай ұғым мүлде кездеспеуі мүмкін.
Аталған проблеманы шешу үшін аудармашы терминнің тек
эквивалентін беріп қана қоймай, түсіндірмелі аударма
әдісіне жүгінуі тиіс. Мысалы:
Mobile domestic area (Мобильді
тұрмыстық аймақ)-өндірістік тұрмыс комплексі
Сонымен қатар аудармашының тағы бір
ерекшелікке назар аударуы тиіс ол ағылшын тілінің британдық
ағылшын және американдық ағылшын концепциясы. Мысалы бытовка (тұрмыстық бөлме) құрылыс
темині британдық ағылшын тіліне
workmen's shelters деп аударылса, американдық ағылшын тіліне caravans деп аударылады.
Білікті аудармашыға қойылатын талаптар
төмендегідей болып табылады:
· Кем дегенде бір шет ел тілін игеру (ең болмағанда түсіне
алатын дәрежеде);
· Аударма жасалатын тілді жеткілікті дәрежеде меңгеру, яғни
грамматикалық тұрғыдан білімді болу;
· Жұмыс жасайтын ақпарат көздерін қолдана алу;
· Арнайы терминологиялық лексиканы тек түпнұсқа
тілінде ғана емес, сонымен қатар аударылатын тілде де жақсы игеру;
· Аударылатын мәтіннің жататын техника саласын жақсы білу;
· Түрлі техникалық аударма әдістері мен тәсілдерін
меңгеру;
· Ең дұрысы аудармашының тек лингвистикалық
ғана емес, сонымен қатар арнайы техникалық білімін де игеруі.
Қорыта келгенде, кәсіби техникалық аудармашы тек
ағылшын тілін ғана емес, сонымен қатар техника тілін де
меңгеруі тиіс. Яғни ілеспелі техникалық
құжаттардың бағытына және мазмұнына
байланысты қай жерде тиісті терминді қолдану керектігі жайында хабардар болуы міндетті. Бұл аудармашы жұмысын
әлдеқайда ауырлатады. Дұрыс аударма жасау үшін
сөздік немесе глоссарий қолдана отырып тәржіма жасау
жеткіліксіз. Сонымен қатар
аударылатын құжат мәтіні, яғни оның мақсаты мен міндеті
және т.б. зерттелуі тиіс.