Тулегенова Шынар
Исланбекқызы
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақстан,
Қостанай қ.
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ӘДЕБИ-СЫН
ОЙ-ПІКІРЛЕРІ
Мұқағали
Мақатаев жалпы әдеби
сын- мақалаларды көп жазған ақын емес. Оның
көзі тірісінде талайлардың аузын аштырып,
көзін
жұмғандық деп жүрген ақындар
болған, олар әлі
де бар, яғни, таңдана,
табына қалған сәттерде Мұқағали да
жүректен
шыққан ойын сөзбен өрнектеуге
әбден
мүмкіндігі болған.
Бірақ ол ондай
мақақаларды көп қалдырмаған. Дегенмен
ілгерірек әдеби жыл
қортындысында поэзия туралы
жасаған бір-екі баяндамасы, одан бөлек Олжас Сүлейменов, Еркеш Ибрахим,
Қадыр Мырзалиев туралы шағын мақалалары ақынның, поэзия төңірегіндегі асқаралы талғамын аңғартады.
Әсіресе, Қадыр
поэзиясы жайлы қуанышын, жүрекжарды ой-толғамдарын жайып
салған «Сезім найзағайы» мақаласы
тереңдігімен, шынайы, бүкпесіз айтылған сыни
ойларымен құнды.
Онда ақын:
«Қадыр -
найзағайлы ақын.
Қалайда бір жалт
беріп, тіліп өтпей тыншымайды
ол. Ақынның қадау-қадау, жекелеген
өлеңдерін алып,
оның дүниетанымын,
көзқарасын, алған
бағыты мен азаматтық үнін
аңғарам деу - қиянат. Ал, айтылмыш ақынның ақындық арнасы
мен азаматтық үнін байқау үшін,
оның жаңа
жинағына өзі көтерілген биіктен қараған мақұл.
Алдымен айта
кетейін, азаматтық
үн - Қадырдың
бүкіл
творчествосының
лейтмотиві. Оның осынау «Домбыра» деп
аталатын симфониясында қос
ішекті домбыра сазымен
бірге қоңырау әуенді қобыз үнін,
сызылған сыбызғы дыбысын,
тіптен, әлдеқандай
дүбірге
елеңдеткен
барабанның күркірін
де ұшыратуға болады:
«Ән
әлдилеп күрең
қызыл Шығысты,
Таңның шығын,
Күннің нұрын гүл ішті.
Жер бетіне
қалқып
шыға келгендей,
Көк мұхиттың түбіндегі Тыныштық.
О, адамзат,
дүниенің қожасы,
Ақылыңнан қала
көрме алжасып!
Самолеттің бортындағы бомбалар
Кірпіктердің ұшындағы көз
жасы!...[1].
Қарапайым әрі садақтың оғындай қадалып
айтылған сөз,
сөз емес, поэзия. Таңғы
тыныштықтың
табиғатына
таң-тамаша болған ақын жауыздық пен
жақсылық
тынымсыз майдандасқан мынау
мазасыз
ғаламның
қайғы қасірет
әкелер қатерлі күнінен қауіптенеді.
Мұқағали
Жұбан Молдағалиевтың поэзиясының ерекшеліктеріне назар
аударады. Ақынымыз оның
өзі дүниені қалай түсінсе, дәл солай, бүкпесіз, тіпті бояусыз-ақ батыл, көреген қарапайымдылығына
тамсанады.
Ол
туралы Мұқағали:
«Жұбан - эпик ақын. Лирика дейтін
сұлуымызды эпикаға мықтап қызмет еттіріп
жүрген ақын осы. «Кісен ашқанда», «Ат дүбірі» дейтін өлең лирикалық шығарма тіптен де ұқсамайды. Бұл-
шағын эпикалық поэма. Қазақтай халықтың эмблемасы жылқы
арқылы, оның дүбірі
арқылы
халықтың дәуірлер
психологиясын суреттеу дегеніңіз әркімнің қолынан келе бермейді, «Ат дүбірі» - «Кісен ашқанның»
аполегиясы»деп ойын
түйіндейді.
«Сырбай мен
Жұбан екеуі бір
заманның, бір
қоғамның, тіпті
бір ұрпақтың
ақындары болғанымен, екеуі екі
түрлі. Біріне-бірі мүлдем ұқсамайды,
аралары жер мен көктей. Алайда,
осы екі ақынның
арасында бір творчествалық жақындық,
творчествалық туыстық
байқалады. Сірә да ол ұрпақтас, ұрандас,
тағдырлас, замандастықтарынан болар, әйтеуір, бір творчествалық бауырластықтары айқын
сезіледі. Оны мен екі
ақынның да алған
поэзиясынан, ұстаған
принципінен, әсіресе, екеуінің де асқақ та ұстамды, терең философияға толы азаматтық үндерінен аңғардым.
Соғыс майданындағы,
әдебиет майданындағы бір
полктің
солдаттарының
мұншама
творчествалық туыстықтары
заңды да ғой [22,58].
«Мен аманат етем
саған
Жарқын
өмірбаянымды, бал тәттім.
Соның
өзі-ақ жетер саған -
Ол
- тағдыры коммунистің,
солдаттың»,
-деп Жұбан айтса
[3, 124],
«Туған
елге арнадым жыр-дұғамды,
Берді ол қолға қырмызы туды мәңгі.
Скульптр егерде
соқса мені,
Соқса болды жаралы сол қолымды,
Соқса болды
оқ тескен дулығамды»,- [4] дейді Сырбай. Творчествалық туыстас
ақындар дейтінім осы оларды” - деп әдеби-сын
тұрғысынан
бағалайды.
Жақсы поэзияның қатарына
ізденгіш те тапқыш,
көп оқитын, көп түйіп, көп ойланатын, бейнетқор да еңбекқор ақын
Мұзафар
Әлімбаевтың «Өшпес
от» деп аталатын
кітабына
Мұқағали үлкен баға береді. Онда ол: «Естай
– Қорлан» дастаны,
Мұзафардың
творчествалық та,
поэтиякалық та жеңісі, мақтанышы.
Мұзафар көп
ізденгіш адам.
Өздеріңізге белгілі, іздену дегеніміз
шыңға да шығарады, шыңырауға да
түсіреді. Мұзафар
іздеп тапқан да
болар, таба алмай қарманып қалған жайлары
да болған шығар,
әйтеуір, бұдан ақын
мына «Өппес отында» қорлық көрмепті.
Ақынның «Бозторғай» өлеңде кірпік
қаққандай
өмірдің осы бір
кірпік
қаққандай
сәтін кірпік қаққандай жырмен
айта білу деген
осындай-ақ болар.
Торғай дірілін тоқи
білген ақынның әлдеқандай әумесер жандарға
айтатын өктем үні
де бар
екен.
«Өшпес оттың» өкіндірер
жерлері де баршылық. Әлгіндей әдемі
поэзиядан кейін жинаққа әзіл-сықақ, мақал-мәтел,
рубаилар араласып кетеді де, бәрі бірігіп, бір қоймалжың фолософия
жасайды. Кейде бір ғана
жақсы өлең
ақынның
тағдырын шыңға
шығарып, кейде бір
ғана жаман
өлең ақын тағдырын шыңырауға құлататындығын Мұзафар ақын біледі деп
ойлаймын» [1, 23],- дейді Мұқағали.
Мұқағали Мақатаев
үшін жез қоңырау -
Сағидың поэзиясы.
Ол туралы ақын:
«Сағидың
поэзиясы - мен үшін сол
жез қоңырау. Бірде-бір
артық сөзі жоқ, бірде-бір тәртіпсіз буыны
жоқ, артық өлшем,
жетпей жығылу
дегендерді іздесе таптырмайтын Сағи поэзиясы сол
жез қоңырауды елестеді. Қандай да
затты, қандай да
қимыл- құбылысты
алмасын, Сағи
оған
сағилық әр,
өң, сағилық
мінез бермей қолынан шығармайды. Міне, мен
өз басым, оның
өлеңдеріңдегі
кейде бір ой, тақырып,
образ қайталауы сияқты кінәларын кешіремін. Оқи
отырып, тіпті ол
кемшіліктерін
байқағым да келмейді. Себебі, сиқыр, оллаһи,
сиқыр! Нағыз
лириктің
құдіреті
осынысында болса керек!”
1969 жылы
жарық көрген сәтті
туындыларға ақын
Құдаш
Мұқашевтің «Дүбірін»,
Оразақын Асқардың «Мейірімін»,
Жүсіп Қыдыровтың «Жұлдыздағы жолын», Қайрат
Жұмағалиевтің «Айнамкөзін», ақын
қарындастарының
Рзаның «Жаннат жерін», Ақұштаптың «Назын»
жатқызады.
Сол жылдары
дүниеге келген «Жас
керуен» жөнінде Мұқағали пікір айту
қиындау диді.
Өйткені «Жас керуенге»
58 автор қатынасыпты. Көбінің шығармасын былай
қойғанда, аты-жөндері
де таныс емес
екен. Бұл
жөнінде
Мұқағали: «Шағын жинаққа
енген 58 автордың шағын
өлеңдеріне
қарап , сен
ақынсың, бері кел, сен
ақын емессің, ары
кет деуге аузым бармайды.
Оған қосымша,
жасыратыны жоқ, осы
жинақтың редакторы Сағидың ықпалы, оның жонып, ұштап жіберген авторлары да
аз емес екендігін
түйіндім. Бұл да бір
сын айтуды қиындататын жәйт», -[12;156-б] дейді ақын ағыннан жарылып. Жалпы, ақын
осы «Жас керуенді»
ақындық сапарға
аяқ басқан жастардың өлеңдер
жинақтары деп есептейді. Өйткені, бұл
жинақтан орашолақ ұйқас, орынсыз ырғақтарды табуыңыз қиын, барлығы да
етек-жеңі түрулі,
тап-тұйнақтай
өлеңдер. Қазіргі
қазақ
поэзиясының өлең
құрылымы
үлгілерін жастар мықтап меңгеріп
алғандықтары
көрініп-ақ
тұр. Алайда:
«Жас керуенді» оқи
отырып, өлең
жазудың ғана емес, тіптен ой
түйіндеудің
соншалықты оңай,
жеңілдеп кеткендігінен сақтасбасқа болмайды. Өмір туралы, бақыт, адамгершілік туралы, туған жер, халқымыздың жақсы
дәстүрі туралы жыр
етуге бәрімізде құмармыз. Бірақ осындай жалпы тақырыптың
жалаң
абстракцияға
соқтырмайтындығын
ескере бермейтінін сияқтымыз. Меніңше, жалпы халық
туралы өлең жазудан
гөрі, сол халықтың
жекеленген
мырқынбайлары
жөнінде жырлау әлдеқайда күрделі де қиын. «Жас
керуендегі» ортақ тақырыптылық, бірінің ойын бірі
қайталаушылық
осыдан барып туған.
Жас керуеннің аты - жас
керуен ғой, жастар жыр
сапарына керуен тартқан екен, мақұл, жолдары
болсын, алайда, поэзияның
азабы мен арпалысына
олар төзе ала
ма, жоқ па оны болашақ көрсетер»,- [1] деп
ойын түйіндейді Мұқағали Мақатаев.
Мұқағалидің
тағы бір ақынға сын жазғаны - Мұзафар
Әлімбаев.
«Мұзафар -
ойдың ақыны. Шығыршықтың ішін шыр
айналған
тұтқындағы ақ
тиін іспеттес ойнақы сөзді емес,
сезгені-түйгені мол ойдың
ақыны. Ол сарыла жүріп
тапқан әдемі ойын
оқушысына жеткізу жолында
әсіресе қызыл әсем
сөзді, тастай
қатқан
ұйқасты, ұрдым-пердім
ырғақты тәрік қылуға бар да, ойын көмескілеуге жоқ. Ақынның
жорыққа бірге аттанған құрбысына
арнаған «Шеру» деп
аталатын қысқа ғана
өлеңі бар. Осы жыр, үстірт қараған
адамға, жазылып
біткен көп өлеңнің бірі
сияқты. Алып бара жатқан көркемдігі де шамалы, тіптен ұйқастары да
арзан. Әйтседе,
жүрек шымырлатар бір жылылық, көңілге мұң ұялатар, алыстан үздігіп, әзер естіліп
тұрған бір саз
бар. Ол не?! Ол - адам өмірінің қысылтаяң кезеңіндегі көңіл
күйі. Ол - айналасы
екі-ақ айда есейіп
қалған, қанды майданға апарар жорық
жолына бойларын басқан қаруының
дүмімен із сызып баратақн екі жастың күдігі мен үрейі,
жүрексіне тұрып жасаған бірінің-біріне
деген қайраты мен
жігері» [5,23].
Мұзафарды ойдың
ақыны дегенде,
оның өз талантына, поэзия алдындағы
жалтарып болмас жауапкершілікке алмағайып, аттүсті кетіп, кейде тұщымас
шығармалар
беретіндігін тіптен де жасыра
алмаймыз. Таңдамалыға
енген «Естай- Қорлан» да ақынның шалқар шабыты мен
азаматтық өктем үні, зор таланты әр
қырынан айқын көрінеді. Бұл жөнінде Мұқағали : «Бұл дастан - Мұзафар
творчествасының
бүгінге дейінгі
туындыларының
шырқау шыңы,
мұндай тұяғымен ор
қазған тарлан ақынды аясы алақандай,
тақ - тұқ
рубаиларға қор қылуға болмайды. Мұндай
дастаны бар «Көңіл күні»
кітабінің
өмірінің
ұзақтығына
еш күмән болмасқа керек»,- деген.
Жұбан Молдағалиев туралы былай деседі. «Жұмекен
- жұмбақ ақын.
Тамырын терең салған ойға
бай, тілге сараң суреткер. Ақындарға тән шалқу,
тебіреніс-толғанысының
өзі де
құпия,жасырын. Оқушысының қолына тереңде жатқан ойының бір ұшың ұстады да,
әргі жағын
өзің тауып ал
дегендей, жайлап
шығарып салады. Оның
бүкіл поэзиясында ащы бар сарказм сезіледі, онысының
өзі де қарусыз көзге көріне бермейді. «Гүл туралы баллада да» екі Жұмекен бар. Біріншісі - өзін-өзі сарыла зерттеген, өзі
арқылы өмір сүріп
отырған ортасын қылға тізген қатал, тақуа Жұмекең, айыптаушы Жұмекең. Екіншісі - қара
тастан да ізгілік іздеген
Жұмекең». Ақын сонымен қоса оның
мына өлеңіне
тоқталады:
«Өстің,
тікен, тырмысып,
Ал,
талаптан, талаптан
Тартайын деп
тұрмысың,
Тағы
да бір
балықтан?!»
Сені о бастан
ант ұрды,
«Құдай» сені
кептірсін:
Тағы
да бір
балтырды
Қанаттайын деп тұрсың.
Сен де
қырсық адамға,
Қырсықпаңдар,
қойыңдар.
Тағы
да бір
табанға,
Қадалатын ойың
бар.
Жүрсің әлі
түлеп сен -
Құртар едім
күрсінбей:
Топырағыма гүл өскен
Сен
де өсіп тұрсың
ғой..»[6;159].
«Көріп отырған боларсыздар, ащы да
ауыр өлең.
Ащылығы - дүниенің
қабағын
баққан
қағыгез де
қатыгез
ақынның ішен тынып, мысының құруы, күдігі.
Ауырлығы - бәріміздің
де басымызда бар бақастық. Ұсақ,
қанымызға сіңген қазақы бақастық...» - деп
Мұқағали сын
айтады.
Мұқағалидің
өзі көзі тірісінде
алпыс ақынға пікір
айтса, бір ғана ақынның бір ғана ақынның бір таңдамалысының өзі де, ұяты бар
адамға, үлкен
жүк. Қандайда
ақын болмасын, егер
ол шын ақын болып, ақын атағын
құрметтесе, айтарын айтып,
айтпайтын сырын тереңге жасырып қалады.
Жан дүниесінің
барлығын жайып салып, ағынан жарылып
қарап тұратын ақындар аз. Соның бірі - Мұқағали
Мақатаев дегім келеді...
Пайдаланған
әдебиеттер
1.
М.Мақатаев «Әйелдер-ай» өлең Қаз
мұғалімі 1998-2 наурыз
2. «Қазақ әдебиеті» журналы, 2009ж, № 9
3.О.Асқар. Жазықсыз жазаланған жырлар.
Мұқағали журналы. №2(38) 2009.
4.
«Мұқағали» атты естеліктер кітабы жайлы /Ег.Қаз. 1996-9
ақпан/
5.
М.Мақатаев «Кешірген қала» Жас Алаш 1998-10 ақпан
6. М.Мақатаев.Шығармаларының көп томдығы
І-том, Алматы «Жалын баспасы» 2006ж.