К.Сейтметов

өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор

А.Сейтметова

аға оқытушы, өнер магистрі

            Елубай Өмірзақовтың шығармашылық ерекшеліктері

Қазақ театрының бірінші труппасын құрғандар қатарында белгілі халық өнерін көсіпқой орындаушыларын бірі Елубай Өмірзақов болды. Алғашқы актерлеріміздің  қай-қайсысында болмасын, бір-біріне ұқсамайтын  репертуары – олардың  даралықтарын анықтайды Осындай өзгеше бір  өзіндік ұлттық үйлесімі    бар  орындаушылық өнер түрі кәсіпқой актерлік мектептің біртіндеп туындауына негіз болды. Театрдың алғашқы даму,  қалыптасу кезеңдерінде актерлік өнер драма  өнерінің заңымен  өрбімей  халықтық ұлттық өнер дәстүрінің үлгісінде  дамыды. Сонымен бірге,  бұл  процесс актерлік өнерге өзіндік ерекшелік, ұлттық  бояу, жеке  даралық алып  келді. Мәселен, Елубай  Өмірзақов  бойындағы күлдіргі сипат  ел ішіндегі  комедиялық құбылыстарды тани  білу арқылы, ойнаған рольдерінде күлдіргі тәсілді қисынын тауып қолдану тұсында қалыптасты. Күлдіргі өлең  орындау кезіндегі оның күлдіргі құбылмалы  кескіні  табиғи  болмысынан  туындап  отырған.  Ән салу   кезінде ол үнінің саздылығымен,  әуездігімен,  интонациялық  екпінді дәл  тауып  бере алатын жүйрік қияльмен, актерлік  мимикасымен, яғни бет әлпетіндегі жанды  күлдіргі өзгешеліктерімен көпшілікті күлкіге  кенелетін.  Оның  өнерін  кешегі  ел  арасындағы  қулар дәстүрінің жалғасы   деп   қабылдаған        жөн.

Халықтың қақ ортасынан жарып шыққан   дарынды да таланты Е.Өмірзақовтың өнер   жолындағы   актерлік   өмірінің   даму   сәттерін   есімізге  алсақ,  ол күлдіргіш,  сауыққой  халық  шығармаларының өзегіндегі актерлік өнерге   бейім   тұстарының  бәрін   өзінің  роль  сомдау   сәттеріне   пайдаланып   отырған.  Оның   актерлік   өнерге деген құмарлығы мен құлшынысы    алғашқы көркем  үйірмелерге   қатысып   еңкейген   шал мен бүкшеңдеген   кемпірдің   ролін   ойнаған   табиғи дарынымен сабақтасып жатыр. Ол   алғашқы   кездердің   өзінде-ақ   сахнада   өтетін   өнер түрлерінің бәріне қатысып, сол   уақыттағы  мәдени ортаның  қалаулысына   айналды. Тұңғыш   актердің  ұлттық    театр   табалдырығын   аттаған   кезден   бастап,   оның   актерлік    жұмыстарын   қадағалаған ұлы драматург М.Әуезов: "Өне бойымен сол рольге   құлап   түсіп,   сүңгіп   кетіп, тұтана өртене жүріп, жалындай ойнайды"[1]   деп актер шыншылдығын, жеткен жетістіктерін,   оның актерлік шеберлігінің ерекшеліктері   туралы   тағы  да   былай   түйіндейді:

"Елубай-қызу  қанды, ащы   мысқыл   иесі,  ішінде сахна   өнерінің   қайнар   көзі   бар   жанды   отты ойыншы. Шынымен бабына келтіретін   роль   болса, Елубайдың ішінен тасып   шығатын   қызуы   өте  мол. Мұнда өмір екпіні, өнер оты тіпті   күшті   сияқты. Сондықтан залды баурап билеп, бағындырып алатын албастысы барға ұқсайды".[2]

Актердің комедиялық жанрға құрылған   күлкілі, қызықты әрекеттерге бай  сәтті   ойналған   ролінің   бірі  Е.Ерданаевтың   "Малқамбайдағы" Малқамбай. Көркемдік қиял жүйріктігіне   сүйеніп,  өзінің   қолма-қол   ойлап   тапқыштық   қасиетімен,   сахнада   алуан   түрлі   күлкілі  іс-әрекеттерді   қарастырып,   ұйымдастыра   білетін   қабілетімен, сөзге   шешендігімен   кейіпкерлеріне   жан  бітіретін   шеберлігімен   танылған.   Оның   актерлік   шеберлігіне   Қ.Жандарбеков   былай   деп   баға   береді:  "Елубай,   күлдіргі  рольдерді   ойнағанда    сахнада   еркін    жүреді.   Он    екі    мүшесі   түгел    қатысады.  Сахнадағы    барлық   әрекеттеріне    жұртты    сендіреді,   күлдіреді,    өзі   күлмейді.  

Міне,    күлдіргі    актердің    шеберлігі   де   осында...   Елағаң – өзі   көптеген   ән   шығарған   адам.   Және   халықтың    күлдіргі    әндерін    шебер    орындайды.   Ән    айтқанда    көзі,   қас-қабағы,  бет-аузы    түгел    әннің    сырын    үстемелеп,    ойнақы   

Қ.Байсейітов, А.Шанин  «Зәуре»

Қожақ  – Е.Өмірзақов.

мінез   көрсетіп   отырушы еді".[3] Оның өз ролін   ұйымдастыруының басты тәсілі  халық   арасынан    шыққан    тілге    жүйрік,   іске   тапқыр,   оқымаса   да   тоқығаны   көп    күлдіргіш    қулардың   дәстүрлі амал-айлаларын, күлкілі қимыл-қозғалыстарын    басты   құралы    етіп   алуында.  Актердің өтірік  момақан,    аңқау   адам   қалпына   еніп,  түк    білмеген    кейіп   танытып,    құбыла   ойнауы,  күлкілі,   қызықты   қимыл-қозғалыстарға   барып, бет  жүзін    мың   құбылтып   жігітті  қызға   қызықтыра, еліктіре мақтауы,  алба-жұлба   болып   кіріп  келген   Апайтөске   қыздың    қолын   алуан   түрлі ептілікке  құрылған    әрекеттермен   ұстатуы,   өзін-өзі  сабырлы  да   еркін   ұстауы,   шын  беріле  орындау орындаушының шығармашылық   тәсіліне жатады. Ол сомдаған Малқамбай   ролінен кешегі  Алдаркөсе,  Торсықпай,  Айдарбек   тектес қулардың, яғни    актерлік   өнер   әліппесін   білмесе де, табиғи    өнерімен,   ел    ішінде   өлмес   өнер туындатқан қазақтың  қу   тілді   жігіттерінің   бейнесін көреміз.   Осының   бәрі    біз үшін  қазақ   сахна  өнеріндегі,   тұңғыш   орындаушылардың   роль   сомдау    тәсілдерінің    алғашқы   даму,   қалыптасу    тұстарының    актерлік   мектебіндей   көрінеді. Ең   бастысы    қазақ   актерлері   суырыпсалма   әдісіне   жетік.   Қандай    роль   болса   да   осы   әдіспен    алып   шығуға   дағдыланған   олар, пьесадағы   өмір   болмысын   жіті   аңғарып,   оны өсіре, көркейтіп  суреттеу   арқылы   актерлік   өнерге кәсіби үлгі-әдіс әкелді.    Бұған – театрдың   негізін   қалаған   тума   таланттардың өнерінің   даму   жолы   дәлел.

Сахна   өнерінің   кәсіби    заңдылықтарынан   бейхабар, театр ғылымы мен білімін,   актерлердің   шеберлік   меңгеруіне   Ж.Аймауытов,  Б.Майлин,  Ж.Шанин, О.Бековтардың пьесалары мен    шығармаларының   көмегі   ұшан-теңіз.

Театр  репертуарына   енген   пьесалардың   кейбіреулерінде  Диуана  ролі  жиі  кездеседі.  Орындаушыдан үлкен шеберлікті   тілейтін  бұл   кейіпкердің   сахналық   бейнесі   күрделі.  Труппаның   жетекші актері Елубай Өмірзақов қойылымдағы Диуана  ролінде   актерлік   шеберлігінің   қалыптасып   қалғанын   көрсетті.

Өткен  қоғам   өмірінде  әлеуметтік   орны  бар  бұл   кейіпкердің   қайталанбас  бейнесін   жасап,  көрермен   қауымды  ерекше  қызықтырып   тамсандырған,   актердің  ойынын  М.Әуезов  аса   жоғары  бағалады. "Бұл  көрсеткен   диуана,  жалпы   дуаналық   деген   нәрсеге   жасалған  қатал  сын,  ең   қатал   жаза  сияқты.  Бұл   күнге   шейін   шала-пұла   дәурені  болса,  бұдан  бұлай  ол  жоғалады,  өшеді.  Сондықтан   онымен   үлкен   құрал   ұстап   алысу   керек  емес.  Күлкі,  мазақта   пендені   жерге   жаныштап  кетуге   болады.  Елубай   осы   құралды   ұстанған". [4]  Жалпы,   мұндай  роль   актерден   мол   қажыр-қайратпен   бірге,   күрделі   драмалық   арпалыстарды   аша   алатын   шеберлікті,   мың   құбылған   күлкілі   күйді,   кейде   психологиялық   әрекетті,  ән-би  аралас   сахналық  бейнелеуді    талап    ететін    синтездік   құбылысқа    бару    екенің   бірінің   қолынан   келе   бермейтін    аса   қиын   жұмыс. 

Орындаушының Диуананың жынын    шақырып,    музыкалық   қолдауымен    небір    күрделі    қимыл-қозғалысқа    баруы,    бет-аузын   түрлі     мимикалық     күйге   түсіріп     ойнатуы,   көрермен   қауым   ықыласын   бірден   өзіне   аударып    алуы – нағыз   актерлік   өнер.   Оның    қолына    аса   таяқ    ұстап,   басына    ұшы    сүйір    шошақ    бөрік,    ұстіне  ақ   шапан    киіп,     бет-аузын     жыбырлатып,    жауырынын    күдірейтіп,    күре    тамырын   адырайтып     қарап    тұрып    "ах"    деп,   қызыл    көздерін   қылиландырып,   көрерменге    ерекше    әсер    етуінің   өзі   де   халық    арасынан    "бақсылық"  өнерден    актердің    мол    хабардар   екені    даусыз.

 

Ж.Шанин. «Арқалық  батыр»

Бақсы – Е.Өмірзақов, Қаракөз – З.Атабаева.

 

Ол өзі жасаған Диуана    бейнесін    көптеген    жылдар  бойы   толықтырып,    бақсының    халық    жадында сақталып келген детальдарымен мазмұнын    тереңдетіп,  шын   мағынасындағы    көркемдікке   көтереді.

Ұлттық  актерлік   өнер  осындай    күрделі    кейіпкерлердің бейнелерін сомдау арқылы    дамып, қалыптаса    бастағанын    театрдың   басқа    қойылымдарынан   да   қарастырып    анықтауға    болады.

Актер шеберлігінің   негізгі   халық   өнерінен  бастау алып, әуесқойлық қойылымдарда   тәжірибе  жинақтады, мемлекеттік  театрда  жаңа   сипатта  дамудың   жолына   түсті.  Осы   үш   арнада   тоғысқан   актерлік  өнерді ел   арасынан   жарып   шыққан   таланттар – еріксіз   өркениетті  елдердің    мәдениетіне   қарай   бағыт   ұстатты.  Бұл   кезеңнің    негізгі   бағыт-бағдары  актерлік  өнердің  кәсіпқой арнаға бет  бұруы. Және    бұған   дейін ұлттық пьесалардағы кейіпкерлер   бейнелерін   жасаумен   шектеліп   келген    қазақ   актерлері   енді    басқа   ұлттың,   басқа   елдің   тірлік-тіршілігіне еніп, мүлде бейтаныс   жандардың   рольдерін    ойнауға   тура   келді.  Қойылым   үстіндегі   дайындық   жұмыстары   мен   роль   меңгеру   тәсілдері   де   бұрынғыдан    өзгеше,    ерекшелеу,   режиссерлік   түсіндірме   мен   ұсыныстар   да,   сахналық   әрекеттерді   ұғып-тануда   тың   арнадан   өрбіді.  Мәселен, 1929 жылы М.А.Соколовтың    режиссерлігімен қойылған Н.В.Гогольдің "Үйленуінде" актерлер болашақ спектакльдің                         ой-тұжырымымен   бірге,   оқиға   желісіне   қарай   кейіпкерлердің   көңіл-күй   арпалыстарын,   сөз   айту техникасын,   орыс   мінез-құлқын,   қысқасы,   болашақ   сахналатын   қаһарманның    тұлғасын   өзінің    саналы   іздеуімен   жасау   деңгейіне   көтерілді.  Айталық,  Е.Өмірзақовтың   ойынында  Кочкарев – зыпылдаған жылпос, ширақ   қимылды   адам етіп көрсетілген. Сөйлеген сөзін   сыпылдатып,  зуылдатып, қулық-сұмдығын   ішіне жасырып   байқатпауға   тырысады.   Режиссер   актердің сахнада әрбір кейіпкермен кездесу тұстарындағы әрекеттеріне, қарым-қатынастарына  баса көңіл   аудара   отырып,  кейіпкер   мінез-құлқының күлкілі жақтарына ерекше  мән  берген.  Аяғын әрең сүйреткен Подколесинді (Қ.Бейісов) Кочкаревтың  (Е.Өмірзақов)   қолынан   зорлай   тартқылауымен   қыз   алдына   жеткенше   бүкіл сахнаны аралап, бірнеше   айналып   шығуы,   оның   жасқана   тартыншақтап   жүрмеуі,  Агафья  Тихоновна  (Мәлике  Шамова)   алдында  үрейі   ұшып,   көзі   бақырайып,   аузына сөз   түспей   аңқиып   тұрып  қалуы   тектес   әрекеттердің   бәрі-бәрісі –  екі   актердің   орныдауында    өте   қызықты, күлкілі болып  көрсетілген. Әсіресе, Подколосинді қызға таныстыру  сәтіндегі Е.Өмірзақов бет әлпетіндегі  неше  түрлі ойнақы   мимикалық  құбылыстар,  дауыс, үн   ырғақтарындағы   сыпсың   сөзді    білдіретін   әр   қилы   бояулар,  режиссер   нұсқауымен     бірге   актердің қиял  ойынан, суырып салмалық   қасиеттерінен   туындап   жатқан   ерекшеліктер. Комедияны   кәсіпқой   орыс   режиссерінің   қоюы актерлер үшін жаңа бір белес,   шығармашылық жеңіс болды. 

М.Әуезов  пьесасында  жалшы  Жантастың  әділ  іс  үшін  күреске  келу  жолы  әрі  дәйекті,  әрі  нанымды  етіп  берілген. „Түнгі  сарындағы”  басты  идея  салмағы  осы  бейнеге  жүктелген және  барлық  сюжет  шытырманы да  соған  келіп  тіреледі. Ол  пьесадағы  барлық  драмалық  қимыл-әрекеттің  қозғаушы  күші  сияқты.  Сондықтан  да  спектакльдің  барлық  сахналық  шешімі  ең  алдымен  осы  бейненің  сәтті  шығуына  тікелей  байланысты.  Ендеше  көрермендердің  „Түнгі  сарын” – көтеріліс  жасаған  халықтың  жеңілмес  жігерін  жырлайтын  халықтық  драма  деп.  қабылдауының  өзі  Е.Өмірзақовтың  Жантас  ролінің  кілтін  дұрыс  таба  білгендігін  көрсетеді.

Алайда  қазақ  театр  ғылымында  осы  актерлік  жұмыс  бірсыпыра  дау  туғызды.  „Түнгі  сарынның”  премьерасы  қойыла  сала  газеттерде  Өмірзақовтың  ойынына  бір-біріне  қарама-қайшы  бағалар  берілді. Бір  мақалада  Жантас  ролі  сәтті  шыққан  делінсе,  екіншісінде   Жантас  ролі  нанымды  болып  шыққан  жоқ,  оны  көтеріліс  басшысы,  халық  қаһарманы  деп.  ұғынуға  болмайды  деп.  дәлелдеді. Спектакльдің бүкіл  идеялық-көркемдік тұлғасы, он  революциялық  пафосы,  әлерметтік  бағасының  айқындығы-міне  осының  бәрі  Өмірзақовтың  актерлік  еңбегін  жоққа  шығаруға  титтей  де  жол  бермейді.

М.Әуезов  пьесасында  жалшы  Жантастың  әділ  іс  үшін  күреске  келу  жолы  әрі  дәйекті,  әрі  нанымды  етіп  берілген. „Түнгі  сарындағы”  басты  идея  салмағы  осы  бейнеге  жүктелген және  барлық  сюжет  шытырманы да  соған  келіп  тіреледі. Ол  пьесадағы  барлық  драмалық  қимыл-әрекеттің  қозғаушы  күші  сияқты.  Сондықтан  да  спектакльдің  барлық  сахналық  шешімі  ең  алдымен  осы  бейненің  сәтті  шығуына  тікелей  байланысты.  Ендеше  көрермендердің  „Түнгі  сарын” – көтеріліс  жасаған  халықтың  жеңілмес  жігерін  жырлайтын  халықтық  драма  деп.  қабылдауының  өзі  Е.Өмірзақовтың  Жантас  ролінің  кілтін  дұрыс  таба  білгендігін  көрсетеді.

Алайда  қазақ  театр  ғылымында  осы  актерлік  жұмыс  бірсыпыра  дау  туғызды.  „Түнгі  сарынның”  премьерасы  қойыла  сала  газеттерде  Өмірзақовтың  ойынына  бір-біріне  қарама-қайшы  бағалар  берілді. Бір  мақалада  Жантас  ролі  сәтті  шыққан  делінсе,  екіншісінде   Жантас  ролі  нанымды  болып  шыққан  жоқ,  оны  көтеріліс  басшысы,  халық  қаһарманы  деп.  ұғынуға  болмайды  деп.  дәлелдеді. Спектакльдің бүкіл  идеялық-көркемдік тұлғасы, он  революциялық  пафосы,  әлерметтік  бағасының  айқындығы-міне  осының  бәрі  Өмірзақовтың  актерлік  еңбегін  жоққа  шығаруға  титтей  де  жол  бермейді.

Осыдан  кейін  театрда  „Аманкелді”спектаклін  жас режисер  И.Г.Боров  қойды. Қазақ  халқының  даңқты  қаһарманы  А.Имановтың  сахналық  бейнесін  жасау Е.Өмірзақовқа  тапсырылды. Ол батырдың  өмірі жайындағы материалды зерттеді, тіпті  он ың жүрген  жерлеріне барып  қайтты. Е.Өмірзақов өз ролін  жасау  барысында  ең  алдымен  сырт  бейнесін  айнытпай  келтіруге    ерекше  күш  салды Ол Амангелдіні көрген адамдардың естеліктеріне  сүйенді. Е.Өмірзақов халық сүйген батырдың ең алғашқы жанды бейнесін  қазақ театрының  сахнасында  жасады. Актер  геройдың  гримі, костюмі, жүрісі, күлгенде,  сөйлегенде  бет  пішіні  қандай  екендігі,  оның  аузынан  тастамай  айтып  жүретін  нақты  сөздері  қандай  болуы   керектігіне  дейін  ой  елегінен  өткізіп,  сұрыптап  алды.  Және  осының    бәрін  геройдың   жан   дүниесін  ашып   көрсетуге: оның  алған  мақсатына  деген  қалтқысыз  сенімін,  ерлігін,  революциялық  рухының  беріктігін,  революция  жауларына  деген  қаталдығын  көрсетуге  бағыттады.  Актер  алдында  тұрған  аса  жауапты  жауаптардың  міндеттердің  бірі  Аманкелді  батырдың  халық  бұқарасымен  тығыз  байланыстылығын  және  оның   халықты  бастай  білетін  өнерін  айқын  етіп  көрсету  еді.

М.Г.Насоновтың   театрға  келген  келген  бойда қойған  бірінші  спектаклі  В.М.Киршонның  "Астығы"  еді.  Қоюшы  мен  қатысушылар     стол  басындағы жұмыста  1920-шы  жылдардағы  дәуір  шындығын,  тап  тартысын  көрсетуді  айқындап алуға баса көңіл бөлген. Ол  тіпті  актерлердің  киген  киімі,  гримі,  тұтас  сыртқы  пішіні – өз  кейіпкерлерінің  ішкі  дүниесімен  астасып,  араласып  бірігіп  жатуы керек  деп  түсінген..  Қазақ ктерлері орыс мұжықтарының  мінез-құлықтарындағы, сыртқы түр  келбеттеріндегі,  жүріс-тұрыстарындағы  ерекшеліктерді  өз  хал  қадірлерінше  зерттеуге тырысқан. Әсіресе,  режиссер  топтық  сахналар  арқылы   орыс деревняларындағы астық  науқанына  қатысты   жиналыстардың  өту  сәттерін   қазақ  актерлеріне  түсіндіре  отырып,  оның  сол            елдің мінез-құлықы  мен   психологиясына   сай   өтуін  талап  еткен.  Спектакльге  қатысушы  актерлер  үшін  орыс  мұжықтарының тыныс-тіршілігін зерттеу,  олардың   өмір   болмыстарын  анықтау,  соған  сай  сахнада  әрекетке  бару – актерлік өнердің  өздеріне  таныс  емес   бейнелеу  түріне барлау  жасаудың  жаңаша     бір   жолы  еді.  Олар  осындай алуан  түрлі  ізденістерге  барумен  өз  актерлік  шеберліктерін  ілгері  қарай  дамытуға  тырысты.  Сонымен  қатар,  олар  орыс  большевиктерінің образдарын қарастыру  барысында  өз  актерлік  бейнелеу  құралдарын  байыта түсті.

Қойылымдағы орындаушылардың  мұндай  ізденіс – жаңалықтарын  басқа  актерлердің  ойындарынан   да  толық   байқауға   болады.  Е.Өмірзақов  жасаған  Романов   образында   орыс   халқының ортасынан шыққан кедейдің   қарапайымдылығы  басым  суреттелген.  Ол    әрбір   қимыл-қозғалысы,  бет құбылысы,  әр   түрлі сөз саптасымен өз кейіпкерін  ештеңеден   мойымайтын,   аш,   жалаңаш   жүріп   те   көпті   күлкіге   батыра   алатын  қуақы  мінез   адам   етіп   қарастырған.  Актер   Романовты   тік  жүріп,   тез қозғалатын, жұпыны киінген,   тура   сөйлейтін   адал   адам   бейнесінде   көрген.   Осының    бәрін   орындаушы   өзіне   тән   ақ   жарқын   кұлкімен   жеткізуге   тырысқан.  Жалпы алғанда,   актер   рольдің   негізгі   мәйегін   қазақтың    қуақы,            қу тілді, айла-шарғысы мол жігіттерінің   іс-әрекеттері мен  тіршілігінен   белгі   сипаттарды   орынды   пайдаланған. 

Қазақ актерлеріне "Ақсүйектер"   спектаклінде   өздеріне   мүлде   таныс,   жақын   емес аты шулы ұры-қарылардың мінез-құлықтарымен, психологиясымен, олардың   тіршілік болмыстарымен жақын танысулары  актерлік   мектептің   ерекше  бір  сатысынан  өткендей  болды.  Шынында,  қазақ  актерлеріне  кейіпкерлердің  адамдық  табиғаты,  әлеуметтік   ортасы, психофизикалық әрекеттері   бөлек,   өңі  түгіл  түсінде  көрмеген  жандардың  шынайы бейнелерін жасау–аса қиын шаруа. М.Әуезов пен орыс режиссерлерінің мол   көмегіне,  өздерінің   ізденімпаз   еңбекқорлығына,   талант-зердесінің   қуатына сүйенген  актерлер  шеберлік   меңгерудің   үлгісін   көрсетті.  Пьесаны бақайшағына дейін талдап, түсіндіретін  М.Әуезовтың  сахнаға  қойылатын шығармалар жағдайындағы мақалалары,   актерлермен   өтетін   қисапсыз  дайындықтар   мен бас қосудағы ақыл-  кеңестері, И.Г.Боровтың режиссерлік тұжырымдары,  кейіпкерлердің  әр жағдайдағы  қимыл-әрекеттері,  жүріс-тұрысы, сырт үлгі-пішіндері  тағы-тағылар   дайындық үстінде тоғысып тұтас театрлық  процеске,  роль  үстіндегі   актерлік   ізденіске   ұласып отырған. Сахнадағы     сахнаның  шарттылық    ұғымын  да  режиссерлер  орынды  пайдалана  білуге  осы  тұста  кеңірек  көңіл бөлген.  Ол  актерлердің  әсіре  қызыл   ойын  өрнегіне   түсіп   кетпеуін,  іштей   жинақы   да  ұқыпты   болуын,  спектакльдің   ритм-темпінің   қисынды   күйде  өтуін,  оны   орындаушылардың  іштей  сезіне  жүріп  ойнауын  қадағалап  отырған.  Осылардың  барлығы  қазақ  актерлері  үшін  сахна  білімін  меңгерудің,  оған  төселудің,  іс-жүзінде  роль  сомдау процестеріне араластырудың     тұңғыш   элементтері.

Мәселен,  Е.Өмірзақовтың  қызуқандылығы,   сөз  сөйлеу   кезіндегі   ерекше  шапшаңдығы,   бет  құбылысындағы  мимика   байлығы   Костя-Капитан   ролін   актердің   дұрыс  ашуына   көмектесті.   Ол  бұл  ролін  дайындау  кезінде   базарға  барып  ондағы   ұрылардың   тыныс-тіршілігін, ұрлық жасау айла-шарғыларын,   мінез-құлықтары мен  әдеттерін, бітім-болмыстарын, дене, қол пластикаларын, әсіресе, сөйлеу    өзгешіліктерін  зерттеген.  Сонымен  қатар,  ол  ұры  бойындағы  таза, жаңа өмірге  бет  бұрсам-ау   деген ой  түпкірінде  жатқан  адами   қасиетін,  талпынысын  өзгеше бір нәзік ішкі иірімдері арқылы жеткізуге тырысқан. Айталық, оны өз жолдасының   посылкасын ұрлап келіп, астан-кестенін   шығарып  ақтаруы,  оны   анасының жібергенін   білген  тұстағы  Костяның   өзімен-өзі   іштей   күйзеліске  түсуін,  бойын  бір   түрлі аяныш сезімі билеуін, жан   түпкірінде жылт  еткен  өзгеріс нышанын  актер аңғартуға ұмтылған. Е.Өмірзақовтың   алысқа  телміре  қарап,  үн-түнсіз,  томсырайып  отырысынан, оның ішкі әлеміндегі  күйзелісті,  екі  ұдай  болып  астан-кестен  алысқан   жамандық пен жақсылықтың таласын  елестеткендей  болуы – актерлік  тапқырлық.  Тұжырымдай келгенде Костя-Капитан –  қазақ сахнасының   жаңа  үлгідегі  елеулі   жетістігі.

Қазақ актерлік өнерінің жетілуі мен өсуіне, қалыптасуына ерекше әсер еткен  спектакльдердің   бірі – Н.В.Гогольдің "Ревизоры". Белгілі комедияның сатиралық уытты                стилін жоғалтпай, ерекше шеберлікпен  қазақ сахнасына арнап аударған даңқты  драматург  М.Әуезов. 

«Ревизор» спектаклінен көрініс.

Хлестаков – К.Қармысов,

Осип – Е.Өмірзақов.

Н.Погодиннің "Мылтықты адам"  спектаклі  болды.   Бұл  спектакль  сол  уақыттағы  советтік  тақырыпты  меңгерудегі  ең  күрделі,   ең  жауапты  қойылымдар   қатарына  жатты.  Режиссер  бұл қойылымын   жаңаша   бір  сахналық   тәсілде,  яғни  майдан  даласын,  окоптардағы  солдатттар  тірлігі   мен  тіршілігін  көрсетумен  бастаған.  Сондай-ақ ол көпшілік  сахналарында   революция   өмірінің  қым-қиғаш қызу  атмосферасын  көрсете  білген.  Пьесаның    басты  кейіпкері   жұмысшы  табының   көсемі – Ленинді  театрдың  басты актері Е.Өмірзақов ойнаған. Актер  роль  дайындаудағы  өз  жұмысын  Москва,  Ленинград   қалаларындағы   музейлерден  деректер  жинап,  өзіне  дейінгі  Ленин    ролін  ойнаған  Б.Щукин, М.Штраух  сияқты  ірі  актерлерден  сабақ  алып,  тәжірибе  жинаудан  бастаған.  Сонымен  бірге  ол  Москваның   Кіші  театрында  болып  Лениннің гримін  жасауды  да  үйренген. Осындай  үлкен  ізденістердің  бәрі   актер   қиял   көзін  кеңейтіп,    көсем  ролін  ойнауына  ерекше  көмектескен.  Актер  үшін  басты  мақсат  рольдің  сыртқы   портреттік    пішінін   беріп  қана  қою  емес, халық көсемінің өзіне тән мінез ерекшеліктерін, қарапайымдылығын,  данышпандық  қасиеттерін  ашу  болып  табылған.  Актер ойынының шынайы орындалғаны  соншалық  ол  батыл,  екпінді,  ширақ   жүріспен  кенеттен  сахнаға  шыға  келгенде  халық   тік  көтеріліп,   ду  қол    шапалақтап  қарсы  алған.  Әсіресе,  Ленин  кабинетінде  өтетін  түнгі  сахна  көрінісінде  актердің   кейіпкерінің  ішкі  дүниесін  дәл,   қисынды  жеткізе  білгендігі  соншалық көрермен  көпшілікті  ерекше  бір ықыласта  ұстап,  сезім  толғанысына  енгізіп  отырды.  Оның   сырт   киімін  желең  жамылып,  стол  басында   шам  жарығымен  ынталана  бірдеңелерді  жазуы,   бөлме  ішінде   ұйықтап   жатқан  адамдарды  оятып  алмайын    деген  сақтықпен,  баяу  үнмен   телефонмен  сөйлесуі,  трубканы  қойып    оң  қолымен  стол  ернеуіне  сүйеніп,  үнсіз  қалыпта   ұзаққа   ойлана   көз  тастап  тұрып  қалуы   секілді  іс-әрекеттері – актер  орындауында  халық  қиялындағы  Ленин  образын  толыққанды  етіп  берген.

Міне,  Смольный  баспалдақтарымен  Ленин  халық  алдына  шығып    сәл  езу  тартып,  өзін  қоршаған  қызыл  әскерлерге,  матростарға,  солдаттарға  зор  маңызбен  қарап,  қарапыйым  да  түсінікті  сөздермен  қызбалана  екі  қолын  алдына  сілке   сөйлеп  тұр.  Е.Өмірзақов   өз   кейіпкерінің  жүрісі  мен   тұрысына,  сөз  саптау  тәсілдеріне,  қимыл-қозғалыстарына  арнайы  мән  берген.  Солай  бола  тұра  актер   ойынында  кемшіліктер де болған, әсіресе өз   кейіпкерінің  қызуқандылығын  көрсетемін  деп  еріксіз  ашушаңдыққа да  кетіп қалып  отырған.  Дегенмен  де  Ленин   бейнесі  қазақ  актерлері  үшін  жаңа  бір  жаңалық,  жетістік  болып  табылады.

 

 

Н.Погодиннің «Мылтықты  адам» спектаклінен  көрініс.

Ленин – Е.Өмірзақов, Шадрин – Ш.Айманов.

 

Ұлы Отан соғысы  жылдары (1941-45) Қазақстанға келген  И.О.Пыжова мен И.В.Бибиков екеуі бірлесіп қойған Шекспирдің «Асауға тұсау» спектаклі (1943) Қазақтың Мемлекеттік академиялық театрының ең таңдаулы қойылымына айналып, актерлердің жаңа қырларының ашылуына үлкен мектеп болды. Режиссерлер  қазақ халық өнері   мен  ағылшын  халық  өнері  арасынан  ішкі  сабақтастық  пен  ұқсастық  элементтерді  таба  білген. Бұл спектакльде Е.Өмірзақов  Гремио  ролін  сәтті  ойнаған.   Ол  сөз  астарын  жеткізіп  қана  қоймайды,  тамаша  тыңдай  біледі – серіктестерінің   барлық  репликасын  ұтымды  ұсынады,  айналасындағы  болып  жатқанның  бәрін  өзіне  үйіріп  әкетеді. 

Осымен ойымызды қорыта келе айтарымыз:біздің зерттеу нысанамыз болып отырған  қазақтың алғашқы актерлерінің болған Өмірзақов актерлік шеберлігінің ерекшелігі сөзінен гөрі сахналық қимыл-қозғалысы мен мимикасында, ол әрбір кейіпкерінің мінезін, табиғатын ішкі сезім дүниесіне лайықтап, өзінің бүкіл дене бітімін құбылтып, құлпыртып ойнауға өте шебер сахна суреткері болған.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.М.Әуезов. Шығармалар. 11 том. Алматы, "Жазушы", 1969.

2.Қ.Жандарбеков. Көргендерім  мен  көңілдегілерім. Алматы,  "Өнер", 1989.

3.Құндақбаев Б. Әуезов және театр. Алматы, "Ғылым", 1997.

4.Бел-белестер. Құраст. Б.Құндақбаев. Алматы, "Өнер", 1987.

5.Қ.Қуандықов Тұңғыш ұлт театры. Алматы,  "Жазушы", 1969.

6.Қазақ театрының тарихы. 1-том. /Жауапты шығарушы Құндақбаев