Мұратбекова
Гүлнәр Айтбекқызы
АӘИУ «Жалпы педагогика»
кафедрасының І курс магистранты
«ХІХ ғасыр
баспасөзі тілінің ерекшеліктері»
Шымкент,
Қазақстан
ХІХ
ғасырдың аяғындағы жазба маетриалдарға назар
аударсақ, діни емес немесе орыс тілінде жазылған кітаптар, кейде
оқулықтар біраз уақыт книге
деп аталып келгенін байқаймыз. Сол сияқты дәулет сөзі мен қазақ тілінде мемлекет,
мемлекеттік деген түрк мағынасының бірі қалыптаспай
қалып қойды. Міне, ХХ ғасырдың бас кезіндегі мерзімді
баспасөз тіліндегі араб, парсы тілдерінен өткен сөздер
дегенде, дәл осы кезде бұл халықтардың тілінен тікелей
ауысқан лексемалар айтылмайды. Сонда ХХ ғасырдың бас
кезіндегі мерзімдік баспасөз тіліндегі араб, иран тілдерінен енген
сөздер дегенде, бұдан бұрын кейбір жазба деректерде
қолданылмаған, әдеби тілге сіңбей қалып
қойған. Сондай кірме сөздер мен тұлғалардың
көбі осы кезеңдегі мерзімді баспасөз тілі аясында қалып
қойды, кейбірі әдеби тілге
еніп, кейінгі жылдардағы баспасөз тілінде де қолданыс тапты.
«Айқап» бетінде араб, иран тілдерінен ауысқан ондай кірме
сөздер тақырыбы жағынан әр түрлі болып келеді.
Саяси-әлеуметтік өмірге байланысты мизам, жамиғат, куә, мүдде, мұрат,
мақсұт, ары деген сөздер, оқу-ағарту,
медицина саласында күнделікті өмірге байланысты мәслихат, табиб, кираат, нисап,
майдан, тәржиме тәрізді сөздер қолданылған.
Жоғарыдағы мысалдардан анық көрінетіндей бұл
сияқты сөздер «Айқап» журналы оларды жаңа
мағынада, мағыналық реңкте қолданған.
«Айқап» тілінде милләт пен
ұлт сөздері жанаса
қолданылған. Мысалы: Осындай
ұлттың қамы үшін ашылған оқу ханаға
ақша күші менен һәм тіл күшінен жәрдем
беруін халықпен жүз салыб өтінеді /Айқап, 1914, №
5, 1-б/.
Бұл екі сөздің жарыса
қолданылуы 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілінде де
ұшырасып отырады. Бірақ кейінгі жылдарда жазба әдеби тілінде
осының ұлт сыңары
толық орнықты. Ондай параллель сөздердің саны
«Айқап» тілінде әлдеқайда көп.
Мұхтарам, мархаба сөздерінің
қолданылуында кейбір ерекшелік те жоқ емес. Жанаба - ұлы, құдіретті, ұлы мәртебелі
тақсыр, мұхтарам - қадірлі, құрметті, мархаба -
Хош келдіңіз жақсы ниет білдіру сияқты мағыналарда
қолданылатын араб тілдерінің сөзі.
«Айқап»
қолданған сурет мағынасы кейін қолданыс таба алмады.
Тіл материалы сөздік ретінде жиналатын дәрежеге жеткенге дейін біраз
іріктелу сұрыпталудан кезеңінен өтеді. Яғни
қоғамдағы ірі-ірі өзгерістерге лайықты
тілдің де дамып, өріс алуына мүмкіндік туады. Заман мен
қоғам дамып, білім мен ғылым саласында жаңа
өзгерістер молайған сайын баспасөзде жанданады, әдебиет
пен өнерге деген құштарлық артады, мәдениет пен
экономика да өрге басады. Міне осындай объективті факторлар
жинақтала келе тіл құрылысында өзгерістер пайда болады.
Ғасырлар бойы
халық қажетін өтеп, не қилы ғаламат
ұғым, түсінікті бойында сақтап келе жатқан ана
тілі қазынасы қоғамдық құбылыстардың
дамуына септігін тигізе отырып, өзі де үнемі сұрыпталып,
жүйеленіп келді. Ол сөздер пайдаланыла келе, актив лексика
деңгейіне жетті. Лексиканың қатпарына көңіл
бөліп, оны жинақтау, насихаттау әрекеті ХҮІІІ
ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басынан
басталған. Сол кезеңде жарық көрген қазақ
даласындағы бірлі-екілі басылымдарға назар аударсақ,
ондағы пайдаланылған сөздер термин деп арнайы
аталмағанымен, терминдік қызметі айқындала басталғанын
байқау аса қиын емес. Бұл дәстүр 1920
жылдарға дейін жалғасқан. Бұл аталғандарға
«Түркістан уәлаяты газеті», «Дала уәлаяты газеті»,
«Айқап» журналында беріліп отырған материалдар дәлел болады.
Қазақтың
мәдени өміріне ХХ ғасырдың бас кезінде алуан
түрлі өзгерістер енді. Ол өзгерістер бастапқыда
Қазақстанның Ресейге қосылу нәтижесінде орыс
халқымен қазақ халқының алдыңғы
қатарлы көзі ашық оқыған азаматтары арасында
болып келген жан-жақты қарым-қатынастармен басталған
болатын. Ал соңғы ХІХ ғасыр аяғымен ХХ
ғасырдың басында орыс қоғамында болып жатқан
саяси әлеуметтік, экономикалық жаңалықтар
мұның дамуын өркендете түсті.
Көптеген
зерттеушілердің келтірген мәліметіне қарағанда ХХ
ғасырдың басында (1917 жылға дейінгі мерзім)
қазақ тілінде 200-ден аса әр үрлі кітап
шығарылды. Соңғы жылдары, атап айтқанда 1985 жылы жария
болған деректерге қарағанда революцияға дейін
қазақ тілінде 509 кітап басылғаны мәлім болып отыр.
Қазақ халқына, оның тіліне тікелей қатысы бар
бұл қазынаны алғаш тиянақтап зерттеушінің бірі
ғалым Абдар Харамуллин. Оның дәлелдеуінше 509 кітаптың
432-сі Қазанда басылған екен. Сөйтіп революцияға
дейінгі мерзімде кітап бастыру жөнінде қазақта түркі
халықтары арасынан татарлардан кейінгі әзірбайжандармен қатар
2 орында тұратыны анықталды. Осы басылған кітаптардың
жалпы тиражы - екі миллион 201 мың 105 дана. Бұл кітаптар
тақырыбы жағынан да, алға қойған мәселелері
жағынан да санаулы. Бұл кезеңде жарық көрген
қазақ тіліндегі кітаптардың басым көпшілігі хисса-дастандар,
поэмалар, түрлі мазмұндағы өлең-жинақтар
болып келді. Көбіне араб, парсы хикаяларын, ертегі аңыздардың
бұрынғы шығыс әдебиетіндегі кейбір желілерін пайдаланып
жазған хисса, дастандардың тілінде араб, парсы сөздері, сол
тілдердің кейбір үлгілері діни ұғымды білдіретін
сөздер мен сөз тіркестері көптеп қолданылып
отырған.
Бұларда кейде араб, парсы
тілдерінің элементтері араласып келгенмен оқиға желісі
қиял, ертегі сарында болғанымен, көркемдік сапасы төмен
болуына қарамастан осы сияқты баспа бетін көрген хисса,
дастандар қазақтың жазба әдеби тілі тарихынан
өзінің нақты орнын алды. Сонымен бірге бұл
қисса-дастандар жазылғанда сол кезеңнің өзіне
тән терминдік сөз қолданысы да қалыптаса бастады.
Осыған қарағанда әдеби тіл дамуының
нәтижесі, яғни ол қоғам өміріндегі
өзгерістерге орай өріс алып, дамып, соның мәдени
саладағы айналасына айналып отырады.
Ал қоғам
өміріндегі мұндай өзгерістер әрдайым бір қалыпта
болмайды. Барлық өзгерістер тілде көрініс бермей
тұрмайды. Бәрі тіл дамуының ғасырлар бойы
қалыптасқан заңдылығына орай болады. Осы үрдіске
назар аударсақ, тілдің лексикалық қабаты түрлі
кезеңді бастан өткізген. Әр кезең өзінің
талабына орай байырға сөздерін қайта екшеп, кейбіріне
қосымша мағына жүктеген. Сонда тілдің лексикалық
қабатының бір тұсы жанданып, екінші тұсы
көмескіленіп, неше алуан құбылып, сұрыпталып,
уақыт тезінен өтіп отырғанын байқаймыз. Солардың
ішінен терминологиялық лексиканы ерекше атауға болады. Терминдік
даралық сипат алған сөздер мен сөз тіркестері, бейнелеп
айтқанда, тарихи кезеңдер мөр етіп таңбалаған
тілдік фактілер. Бұл да қоғам дамуының
заңдылығына сәйкес туған лексика болып есептеледі.
Осылардың даму тарихы мен қалыптасу кезеңіне көз
жүгіртсек, оның мейлінше қанат жаюына уақыттың да
өзіндік ерекшелігі бар екендігіне көз жеткіземіз. Сол кезеңнің
алғашқы сәтінен бастап елімізде сауаттылық ұраны
көтеріліп, оқу-өнер, ғылым мен білімге деген талап
күшейді. Осының салдарынан қазақтың
көптеген бұрынғы сөздерінің мағынасы
кеңейіп, жаңаша сипат алды.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
1.Айтбаев Ө. Қазақ
терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. - Алматы, 1988.
2.Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. - Алматы,
1959.
3.Әбілқасымов Б. ХІХ
ғ.екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. -
Алматы, 1982.
4.Балақаев М. Қазақ
әдеби тілі және оның нормалары. - Алматы, 1984.
5.Барлыбаев Р. Қазіргі
қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика. - Алматы,
1978.
6.Вопросы терминологии. - М: 1961.
7.Исаев С. Қазақ
әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері. - Алматы, 1976.
8.Сөз өнері. - Алматы,
1978.
9.Тіл мәдениеті және
баспасөз. - Алматы, 1972.