Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
заң факультеті азаматтық құқық және
азаматтық іс жүргізу құқығы, еңбек
құқығы кафедрасының доценті, з.ғ.к.
Мұқалдиева Г.Б.,
1 курс магистранты Аблаева Ж.
Акционерлік қоғамның
түсінігіне қатысты туындайтын кейбір
құқықтық мәселелер
Нарық
жағдайында маңызды орынды акционерлік
қоғамдар, өз қызметін
жүзеге асыра отырып, өз акцияларын
шығару арқылы бағалы қағаздар
нарығының қызмет етуін
қамтамасыз етеді.
Қазақстанда
акционерлік қоғамның қалыптасуы нарықтық
экономика көшумен және мемлекеттік
кәсіпорындарды жекешелендірумен байланысты болды.
Басқа меншік нысанына қарағанда
акционерлік қоғам ерекшелігі акционерлік
қоғам формасын, жедел түрде ірі
қаржы ресурсын жұмылдыру мүмкіндігі
болып табылады.
Қазіргі экономикалық жағдайларда ұйымның
ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны
ретінде акционерлік қоғамдар болып табылады. Бұл жеке
және заңды тұлғалардың барлық қызмет
аясындағы нарықтық экономиканың дамуымен
түсіндіріледі. Нарықтық экономикаға көшу
Қазақстан экономикасын дамытуда үлкен рөль
атқаратын, біріншіден коммерциялық ұйымдарға
қатысты жалпы құқықтық негіздер мен
субъектілердің функцияларын жүзеге асыру
құқықтарын айқындау үшін біршама
заңдар мен нормативтік құқықтық
актілердің әзірлеуін талап етті.
Акционерлік
қоғамдардың артықшылықтары біртіндеп, даму
барысында байқалып, қазір дүние жүзі
нарықтық экономикасында өз орнын бекітті.
Акционерлік қоғамдардың кең дамуы
корпоративтік заңдардың көптеген түрлеріне
бөлінуіне байланысты және ақырындап дамып, жетілдірілді,
сондықтан осы саланы зерттеу қажеттілі туындауда болашақта
оның рационалды және табысты қолдануы үшін қажет.
Акционерлік қоғам — капиталды
орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды
ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік
қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану
кезеңінде пайда болған.
Акционерлік
қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің
жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал
күнделікті істерге атқарушы орган — басқарма басшылық
етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган — тексеру комиссиясы сайланады.
Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы салықтар
төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді
толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге
және дивидендтер төлеуге жұмсалады. Қазақстан
Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда
“Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы”
Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар
құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты.
Акционерлік қоғамға қатысушылардың
әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына
сәйкес көлемдегі акцияларға ие болады және тиісті
мөлшерде табыс — дивиденд немесе белгіленген пайыз алады.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%BA_%D2%9B%D0%BE%D2%93%D0%B0%D0%BC
- cite_note-2
Кәсіпкерлік
корпорация бола отырып, акционерлік қоғам бес негізгі
құрылымдық сипаттама (белгі): (1) меншікті
құқықтық субъектілік, (2) шектеулі жауапкершілік,
(3) берілетін акциялар, (4) табыстау негізіндегі орталық басқару
жүйесі және (5) акционерлік қоғамның капиталына
салынатын салымдар негізінде акционерлердің меншігі арқылы
сәйкестендіріледі [1, 280 б].
Осы
белгілердің әрқайсысы Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген корпоративтік
заңнамасы нормаларында көрініс тауып және қажетті
деңгейде реттелген. Оның үстіне, осы белгілердің
кемінде бір белгісінің тиісті реттелмегендігі корпоративтік
заңнаманың жоқтығына немесе, қалай дегенде де,
жетілмегендігіне дәлел болады, өйткені бұндай
заңнаманың негізгі қызметі шаруашылық жүргізуші
қәсіпорындар үшін ұйымдық-құқықтық
форманы, яғни осы бес белгіге бірдей жауап беретін форманы пайдалану
мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады [2, 5 б].
Сонымен,
Азаматтық кодекстің 85-бабына және «АҚ туралы
Заңның» 3-бабына сәйкес, акционерлік қоғам болып өз қызметін жүзеге асыру
үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын
заңды тұлға танылады [3]. Осы заңға
сыйымды анықтаманың өзі құқықтық
субъектілік, акциялар шығару
есебінен мүлік қалыптастыру және осы акциялардың
айналымдылығы іспетті үш маңызды дәлелді
көрсетеді. Сонымен акционерлік қоғамның маңызды
белгісі — оның акциялар шығаруы және капиталын оларды
акционерлер арасында орналастыру есебінен қалыптастыруы болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Субъекты гражданского права. / отв. ред.
М.К.Сулейменов. Алматы, 2010г. 480 с.
2. Гражданское право. Учебник для ВУЗов /отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин Алма-Ата 2002 г.
3.
Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан
Республикасының Заңы (2013.04.07. берілген өзгерістер мен
толықтырулармен).