Мектепалды дайындығында педагогикалық практика арқылы студенттердің кәсіби-бағдарын қалыптастыру

П.ғ.к., доцент Базарбаева К.К.,

магистрант Қазкеева Г.

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан Республикасы.

 

Қоғамыздағы әлеуметтік-экономикалық жаңарулар адам өмірінің қай саласы болсын түбірлі өзгерістер жасауда. Оның ішінде дүние жүзілік білім кеңістігіне енуі білім беруге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қояды. Бұл талаптарды жүзеге асыруда жаңашыл оқу үрдістерін толық меңгерген, нарықтық экономика талаптарына өз мүмкіндіктері мен мүдделерін барынша үйлесімді ете алатын, мәдени-әлеуметтік жағдайларға бейімделгіш мамандардың қажеттігі белгілі.

 Педагог мамандарды дайындайтын жоғары оқу орнындарында оқыту-тәрбиелеу процестеріне түзетулер енгізіліп, оқу процесін қайта құруды, болашақ педагогтарды теориялық, пратикалық тұрғыда дайындаудың жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды ұштастыру әрекеттері іздестірілуде.

Жоғары оқу орнының түлегі мектепке дейінгі мекемедегі қазіргі инновациялық өзгерістерге бейім, педагогикалық ипровизацияға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін ізденуге бағдарланған және мектепалды топ балаларымен шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізе алатын болуы керек. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуіне байланысты болашақ ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыда, әдістемелік және практикалық жағынан дайындау негізгі   мақсаттардың біріне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда жоғары білімді мамандар дайындайтын оқу орындарында педагогикалық практиканың алатын орыны ерекше.

Жоғары оқу орнының алдында тұрған ең басты міндет - болашақ мектепке дейінгі мамандарын кәсіби тұрғыда бағдарын қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі таңда, жоғары оқу орнын бітіруші түлектер дербес еңбек жолында бірқатар қиындықтарға жолығатындары тәжірибеде анықталып отырғандықтан, кәсіби бағдарын қалыптастыруда, практика түрлерін барынша жаңа мазмұнды, жүйелі жүргізу міндеті қойылып отыр. 

«Практика» ұғымы философия, психология, педагогика ғылымдарында өзіндік қалыптасу тарихы болғандықтан, ой тұжырымдарды басшылыққа алуды жөн көрдік.

 Қазіргі таңдағы Қазақстандық философия ғылымның зерттеу­ші­лері Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков Ж. Алтаев, Ж. Әбділдин, Қ. Бейсенов және т.б. еңбектерінде  таным процесінде ақиқатқа жетудің негізгі көзі практика дей отырып оның даму заңдылығын тұжырымдаған.

Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық практиканың болашақ мамандардың теориялық білімдерін өздігімен тәжірибеде қолдана білудегі орны туралы О.А.Абдуллина, О.Бабанский, Н.И.Болдыров, Н.В.Кузьмина, А.И.Пискунов, В.А.Сластенин және т.б авторлар еңбектерінде көрсеткен. Дегенмен, педагогика ғылымында педагогикалық практика түрліше бағытта зерттеліп келгендігі анықталды. Бірінші бағыттағы ғалымдар О.А.Абдуллина, Р.В.Кулиш, А.И.Пискунов,В.К.Розов педагогикалық практиканың мазмұны, мақсат, міндеттері, оны өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері және формасы, біріңғай қойылатын талаптары, практика нәтижелерін бағалау өлшемдерін анықтағандар.

Педагогикалық практика барысында ұйымдастырушылық, коммуникативтік, гностикалық және тағы басқа педагогикалық біліктіліктілік пен дағдыны қалыптастыру жолдары мен құралдарын Э.А.Васильева, В.В.Воробьева, Г.А.Засобина, Л.Ф. Линенко, Н.В.Кузьмина, А.В.Маринкевич, Н.М. Черкес-Заде екінші бағыттағы ғалымдар өздерінің зерттеулерінде жүйелеген.

Болашақ педагогтардың педагогикалық практика барысында кәсіптік жеке тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастыру және дамыту үрдісін зерттеген үшінші бағыттағы зерттеушілер И.Н.Водопьянова, А.А.Деркач, В.Г.Максимов, Л.И.Разборова, В.А.Сластинин, Р.И.Хмелюк, Н.Д.Хмель, Л.С.Шубинаның еңбектерінде тұжырымдалған.

Н.К.Абрамович, С.И.Архангельский, Г.А.Арутюнова, К.М.Дурей-Новакова, В.Г. Максимов, Г.В.Пучкова, В.А.Родионова, В.А.Сластенин, М.А.Слудковская С.Н.Полянский, В.С.Öетлик, Г.А.Эснашвилиның ғылыми зерттеулерде педагогикалық практиканы студенттерді мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарымен таныстыратын, болашақ мамандығынан хабардар етіп, олардың кәсіби белсенділіктерін арттыратын үрдіс және педагогикалық әрекетке қызығушылығын туғызу,  кәсіптік бағдары, оқуға түрткі болу, педагогикалық әрекетке бейімдеу, өз әрекетін басқара білу сапаларын қалыптастыру құралы ретінде қарастырылған. Зерттеу тақырыбымызда ғалымдардың педагогикалық практика туралы ғылыми тұжырымдалған педагогикалық ой-пікірлерін басшылыққа алдық.

Қазақстан Республикасы көлемінде А.К. Меңжанова, Ж.А.Әбішева, Ж.А. Исмаилова, О.П.Кереева, С.Н.Жиенбаева, С.Қ.Исаева,  Б.О. Арзанбаева т.б ғалым мамандар мектепке дейінгі тәрбие мамандарының педагогикалық практикасы туралы зерттеулер жүргізіп, практика мазмұнын ашып, әдістемелік құралдар дайындаған. Соның ішінде ғалым Ж.А.Әбішева ²Педагогика және психология² (мектепке дейінгі тәрбие) мамандығы бойынша "Мектепке дейінгі тәрбие студенттерінің қоғамдық-педагогикалық практикасының кәсіби бағыттануы" атты ғылыми зерттеуінде қоғамдық-педагогикалық практиканың құрылымы мен мазмұнын айқындау жолын ұсынып, мектепке дейінгі тәрбие факультеті студенттеріне кәсіби бағдар берудегі практика барысындағы алғышарттар, педагогикалық практиканы ұйымдастыруды жетілдіру туралы әдістемелік нұсқаулар ұсынады. Аталған еңбектерде жоғары оқу орындарындағы педагогикалық практиканы ұйымдастырудың әдістері, жолдары және мазмұны әр қырынан қарастырылғанымен, мектепалды дайындауда педагогикалық практикада студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастыруды талдау күні бүгінге дейін арнайы педагогикалық зерттеу нысанасы болған емес. Байқап отырғанымыздай, болашақ педагогтардың кәсіби-бағдарын қалыптастыруда педагогикалық практиканың мүмкіндіктері мәселесін арнайы зерттеген ғылыми еңбек жоқ. Педагогикалық практика барысында болашақ мектепалды мамандарының кәсіби-бағдарын қалыптастырудың теориялық негізіне әдістемесіне сын көзбен қарамайынша, болашақ кәсіби біліктілік пен дағдыларды меңгерген мамандар тәрбиелеудің негізгі бағыттарын анықтау нақты болмақ емес.

Болашақ мектепке дейінгі мекеме мамандарын педагогикалық практика барысында  кәсіби бағдарын қалыптастырудың мүмкіншіліктерін ашып көрсету, әлі де болса шешімін таппаған мәселелердің бірі. Сондықтан да мектепке дейінгі тәрбие факультеті студенттерінің педагогикалық практика процесінде кәсіби бағдарын қылаптастырудың айқын жүйесі мен сара бағытын, нақты үлгісін жобалау кезек күттірмейтін, көкейтесті мәселе болып отыр.

Жоғары оқу орындарында педагогикалық практиканы ұйымдастыру барысында студенттердің педагогикалық болашақ қызметіне кәсіби бағдарын қалыптастыруға жеткілікті мән берілмегендіктен, педагогикалық процестердің міндеттерін орындауда көптеген қиыншылықтарға кездесетіндігін тәжірибе барысында анықталып отыр. Бұл студенттер үшін педагогикалық практика барысында болашақ кәсібіне байланысты арнаулы теориялық және ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығынан туындайтыны мәлім.

Педагогикалық практика барысында студенттердің оқытушының кәсібі қызметіне тән әрекеттерді меңгеру міндеттері жүзеге асырылады. Бейтаныс ортамен жақындасу, беймаза тәртіп, балалар деңгейінің төмен болу, т.б. студенттердің өз мамандығына деген кері пікірін дамытады. Соған байланысты педагогикалық практиканы ұйымдастыруда мына сәттерге мән беру қажет:

– әрбір студентті практиканың түріне қарай практикалық әрекеттерге біртіндеп үйретіп төселдіру;

– әрбір оқу жылы барысында педагогикалық практика жетекшілері тұрақты семинарлар өткізіп, онда практика мазмұны талдануы қажет;

– педагогикалық практика барысында студенттердің жеке тұлғасын дамыту мақсатында жеке бағдарламалар құрып, оларда педагогикалық дағдылар қалыптастыру міндеттерін айқындау қажет;

– педагогикалық практика барысында студенттерді шағын топтарға бөліп, осы топтар арасында өзара көмек, тәжірибе алмасуды жолға қойған тиімді;

–студенттердің оқыту әрекетін жан-жақты талдап, бағалау керек;

–студенттердің педагогикалық практика барысында тәжірибелі ұстаздарды тәлімгер ете отырып, ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты жолға қойған жөн;

– теориялық білімдерін практикада ұштастыра білуін дамыту;

– тәрбие мен оқыту шеңберіндегі инновациялық процестермен танысу, оны тиімді пайдалану.

 Білім беру жүйесінің бүгінгі таңдағы мәселелері оқытушыға тән сапалық белгілердің бірі оның “кәсіби компетенттілігі” екенін айтып келеді, яғни нақты бір әрекет арқылы оның жан-жақты хабардар болып, беделін жоғалтпауы. Педагогикалық компетенттіліктің бүгінгі күнгі талаптары: өз бетінше оқу,  кәсіби білімін арттыру және жетілдіру, өз мүмкіндігін шамалау, шешім қабылдау, жауапкершілікті сезіну, өмір және еңбектегі өзгермелі жағдайларға бейімделу, жаңа іс-әрекет әдістерін меңгеру.

  Мамандардың айтуы бойынша компетенттің қалыптасуының ең алғашқы белгісі “өмірлік дағдыларға” бейімделу; (өз жеке мәселесін шешу, стресті жеңе білу, өз уақытын үнемді пайдалану, ақыл-кеңес оқу, ереже талапты орындау, іскерлік құжаттарды дайындау) пәндік дағдыларды меңгеру, текст бойынша ақпарат әзірлеу, мақала жазу, іскерлік коммуникация т.б. Бұл аталған компетенттіліктер теориялық деңгейде құрылатынмен, практикада жүзеге асырылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. – Алматы, 1999.- 212 б.

2.  Философия // Ред.басқ. Д.Кішібеков. – Алматы: Рауан, 1991. – 320 б.

3.  Алтаев Ж. Қазақ философиясының қалыптасуы: Философ.ғылым. док.дис.- Алматы, 1997.- 160б.

4.  Абдильдин Ж. Логика гноссологический анализ науки – Алматы: Ғылым, 1990. – 491с.

5.  Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – алматы: Ғылым. 1992. -371 б.

6.  Абдулина О.А. Задачи и место педагогической практики в профессионально-педагогической подготовке будущих учителей. //Вопросы совершенствования руководства педагогической практикой студентов педвуза. – М.: МГПИ им. Ленина, 1976. – с 12-14.

7.  Бабанский Ю.К. Проблемы повышения научного руководство  педагогической практики. – В кн.: Из опыта организации педагогической практики студентов: Тезисы докл.межвуз.конф. – Ростов н/д: Б.и., 1972, с.15-21.

8.  Кузьмина Н.В. Методы иследования педагогической деятельности. – Л., 1970. – 110с.

9.  Пискунов А.И. Основные проблемы и задачи иследований в области общепедагогической подготовки будущих учителей в высшей школе //Вопросы общепед. Под. Будущих учителей. //Под. Ред. А.И.Пискунова). М. 1972. с. 3-10.

10.                 Сластенин В.А., Мажар Н.Е. Диагностика профессиональной пригодности молодежи к педагогической деятельности. – М., Изд. «Прометейң, МПГУ им В.И.Ленина, 1991.

11.                   Абдулина О.А., Загрязнина Н.Н. Педагогическая практика студентов: Учебное пособие для студентов пед.институтов. 2-ое изд.перераб. и доп. – М.:Просвещение, 1989. – с 10-19.