Мектеп кітапханасының қалыптасу тарихы және оқырмандық қызығушылықты дамытудағы ролі

П.ғ.к., доцент Базарбаева К.К.,

магистрант Қараева А.

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан Республикасы.

 

Мектеп кітапханасының қалыптасу тарихы: Кітап туралы көп толғануға болады.Қалайда кітаптың білім бұлағы,ал білімнің өмір азығы екендінде дау болмаса керек.Атадан қалған ұлы мұра-асыл қазына көненің көзі ,ескінің сөзі,атаның өсиеті,ананың мейірі,күннің нұры,білімнің қайнары осы кітапта.Бейнелеп айтқанда,кітап өткенмен де,болашақпен де тілдеседі.Кітапхана рухани игілікті ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізу үшін қор жасайды,кітап қазынасын жинақтайды.

         Қазақстан жеріндегі ең көне және бай кітапхана –Отырар кітапханасын ХІІІ ғасырда моңғол шапқыншыларының өртеп жібергені тарихтан мәлім.Оған дейінгі түрік жазба ескерткіштерінің ең құндысы –Орхон-Енисей ескерткіштері.Түрік бабаларымыздың тарихы таңбаланған бұл ескерткіштер тұрған орынды дала кітапханасы десе орынды.  

         Бертін Қазақстанда мешіт,медреселер салынды.Мұсылман әдебиеттері соларда жинақталды.Сонымен бірге орыс қазақ мектептері үшін көпшілік және қоныс аударушы орыс оқырмандары үшін көпшілік және халықтық кітапханалар жүйесі ұйымдастырылды.Революцияға дейін Қазақстанда 139 кітапхана жұм ыс істеді,оның 44-і қалалық,95-ауылдық кітапханалар екен. Уездік қалаларда халық кітапханалары,оқу үйлері істеген.Кітапханалардағы негізгі қор орыс тіліндегі әдебиеттен бас құрайтын. Сондықтан оқырмандары да негізінен Ресейден қоныс аударғандардан не Қазақстанда айдауда жүрген зиялы орыстардан құралатын.Әрине,кітапхана қызметін орыс тілін білетін қазақтар да пайдаланғандары сөзсіз.

         Ұлы Абай Семей кітапханасынан жиі-жиі кітап алдыртып,қалаға жолаушылап келгенде өзі де оған бас сұғып,батыс және шығыс әдебиеті жаңалықтармен үнемі танысып отырғаны белгілі.Орыс  халқының алдыңғы қатарына мәдениетімен алғашқы рет Семейдегі Н.В.Гоголь атындағы кітапханадан кітап оқу арқылы танысады.Осы кітапханада Абай саяси айдаудағы Е.П.Михаэлиспен танысады.(2,180)Абай көптеген саяси жер аударылғандармен танысып,кейбіреулермен «Степной край» газетінде бірге қызмет істейді.

         Көрнекті орыс кітаптанушысы А.М.Ловиягин кітапқа деген сұранысты басты-басты бес категорияға бөледі. Біріншісіне білім таратуға байланысты әдебиетті яки оқулықтарды жатқызады.Ізденгіш ойға ғылыми әдебиет керек.Бұл-екінші қатардағы категория.  Үшіншісі әсерлену қажеттілігі туындайды.Оған көркем әдебиет ,тарихи кітаптар жатады.Төртінші категорияны бүгінгі толғақты мәселелерге уақытында қанық болу қажеттілігі құрайды.Бұл журналистикаға байланысты басылымдар.Бесіншісі тұрмысты түзеуге қатысты тілек.Оны тұрмыс салт кітаптары өтемек.

         Қазақстанда кітапхана ісі әсіресе мектеп пен училище кітапханаларын алғаш ұйымдастырушысы. Кітапхана ісінің негізін қалаушы педагог Ыбырай Алтынсарин еді.Ол мектеп пен мектеп кітапханаларын ашуға тікелей араласып балалардың сауатын ашып,оқуға үйретумен қатар,олардың кітап оқуына жетекшілік жасау,келешекте мамандығына байланысты кітап байлығын пайдалана білуге үйретуіміз қажет деп санады.

         Ы.Алтынсарин оқытушылардың рухани дамуына күнделікті қамқорлық жасай отырып,олардың мәдени дәрежесінің өсуіне.әдістемелік даярлықтарының жақсаруына жағдай жасауға тырысты.Осы мақсатты Алтынсариннің бастауымен мектептерде оқытушылар кітапханалары құрыла бастады.Мектеп кітапханаларының кітап қорын  толықтыру ісіне тікелей араласа отырып, оқытушыларға сабақ беру жөнінде толық түрде ауызша және жазбаша нұсқаулар берді.    

         Ы.Алтынсарин мектеп пен кітапханаларды қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінің ошағына айналдыруға тырысты.Оның басшылығымен көптеген оқу орындарында кітапхана қорын оқу тәрбие жұмыстарында кезеңде Қазақстанда кітапхана ісі туралы жаңа прогрессивті қөзқарастар қалыптаса бастады.Кітапханалардың оқу орнының бөлінбес бір бөлігі екені дәлелденді.  

         Мектеп кітапханасының оқырмандық қызығушылықты дамытудағы ролі: Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу кажеттігі баса айтылған.

         Қазіргі таңда алдыңғы елдердің қатарынан көрінуіміз үшін жеке тұлғаның қабілетін ашу, оны танытуда педагогика саласының атқаратын қызметі  ерекше.

         Қарыштап дамып бара жатқан заманда мектеп қабырғасынан бастап жеке тұлғаның кабілеттерін ашу ұстаздардың бірден-бір міндеті болып саналады. Өйткені адам қабілетінің ашылуы қоршаған ортаға, қоғамға байланысты. Сондықтан да ұстаз талантты тауып, танып, таныта білуі керек.

         Қай мемлекеттің болсын, даму деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қуатын, өркендеу әлеуетін айқындайтын бірден-бір құдірет оның экономикасы да, әскери күші де, материалдық байлығы да емес, тек қана білім беру жүйесінің  сапасы болып табылады. Әсіресе, дамудың жаңа сатысына көтерілген біздің еліміміз үшін білім саласының атқарар қызметі өлшеусіз.

         Білім беру жүйесі Қазақстаннщ ұлттық даму саясатында белгіленген басымдықтар қатарында ерекше орында тұр. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында да білім беру ісіне үлкен орын берген. Бізге экономикалық және қоғамдык жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.

         Тәуелсіз елді   өркениетгі әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ - егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз.

         Қазіргі жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, отансүйгіштік және тағы басқа да қасиеттер болуы керек. Ол үшін тұлғаға қосымша білім мен тәрбие беруде адалдық, рухани адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет.

         Қазіргі таңда жан-жақты қосымша білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі - мектеп кітапханасы. Кітапхана сол оқу орнындағы білімге ұмтылған жас ұрпақтың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала береді.

         Оқушы кітапхана арқылы ақыл-ойдың інжу-маржанын бойына жинайды. «Кітапсыз өткен бір күн, орны толмас бос күн» демекші, оқушыларды көркем әдебиеттерді таңдап оқи білуге үйрету қажет. Ол үшін оқырмандарды жас күнінен бастап өмір бойы оқи білуге баулу керек, - дейді А.И.Маткулеевич.

         Кітапханада  оқушыларды айналадағы өмірмен жақсы болуға, адамға мейіріммен қарауға, жақсылық істеуге тәрбиелейді.

         Мен өзімнің тәжірибеме жүгіне отырып, «қазақтың ұлтжанды әрбір азаматы Абайын тануы керек» дер едім. Сол себепті де оқушыларға Абайдың қара сөздеріндегі даналықты, поэзиясындағы қуаттылықты, сөзіндегі шешендікті арасында өткізген «Абайды оқы, таңырқа» атты Абай оқуларын ұйымдастыру арқылы оқушы санасына білім мен тәрбие нәрін сіңіре білдім деп есептеймін. Абай шығармаларының  оқушыларға білім мен тәрбие беруде алатын орны ерекше. Осы ісімді жалғастыра келе, өзге де қазақтың ақын-жазушылары туралы түрлі деңгейдегі іс-шараларды    ұйымдастыруды дәстүрге айналдырдым.

         Бүгінгі мектеп кітапханасы өз уақытының деңгейінде болып, мектептің дамуына атсалысып, оған балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеуде белсене көмектесуде. Оқушыларға білім мен тәрбие беру - қазіргі мектеп кітапханаларының ең маңызды міндеттерінің бірі.

         Жеке тұлғаны рухани-адамгершлікке тәрбиелеудің  мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқуға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.

         Мектеп кітапханасында оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде әртүрлі қызмет түрлері қолданылады.

         Ауызша түрі: дәрістер,   оқу   кештері, факул ьтативтік сабақтар;библиографиялық шолулар, сұхбаттар, кеңестер; оқырман конференциялары;  шығармашылық,      әдеби-музыкалық, тақырыптық кештер;  танымал тұлғалармен кездесу кештері; диспуттар, дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар;  тұсаукесерлер.

         Көрнекілік түрі:аралас көрмелер;  стендтер.

         Баспа басылымдары: библиографиялық шолулар, библиографиялық көрсеткіштер; жарнама материалдар: хабарландыру, шақыру қағаздары және т.т.

         Кешенді түрі: әртүрлі үлгідегі (ауызша, көрнекі, баспа) кітапханалық сабақтар (апталық, онкүндік, айлық), экскурсия.

         Оқушыларға   рухани- адамгершілік тәрбие беруде кітапханашыларға нақты жағдай мен алғышарт болуы қажет. Оған мыналар қатысты: оқушылардың    талаптарын жақсы білу; рухани-адамгершілік тәрбие мақсатында оқушылардың қызығушылығын арттырудағы іскерлік; кітапханада   жақсы анықтамалық-библиографиялық ақпараттың болуы.

         Осы мақсатты ұстана отырып, мектеп базасында медиатека жасақталу үстінде. Сол сала бойынша жасалған жұмыстардың нәтижесін көре отырып, оқушылар үшін «ғылыми орталық» болып саналатын кітапханаға ақпаратты жүйенің бірінші кезекте қажет екенін ұқтым.

         Жас ұрпақ тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі мол. Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза, адамгершілігі мол, парасатты, халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеуді мақсат етіп қоюымыз керек.

Ғұлама ұлы бабамыз Әл-Фараби: «Тәрбиесіз қолға білім салма» десе,Ахмет бабамыз: «Біз әрқашан білімге ұмтыламыз. Негізінде, ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет, тәрбиелі білімдар... Міне адам! Міне тұлға!» деп тәрбиесіз берілген білімнен ешқандай пайда жоқтығын баса көрсеткен.

         Біз осы кағидаларды әрқашан жадымызда ұстауымыз керек. Ең алдымен, таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықтарды сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Женни А., Стиль, Куртис С., Мередит, Чарльз Темпл. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. Методикалық құрал N1.  

2.     Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1955 ж.

3.     Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., 1959 ж.

4.     Ақшолақов Т. Мектепте әдеби шығарманың компоненттерін оқыту А.,

a.     1974 ж.

5.     Жұмажанова Т. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру мәселелері. А., 1982 ж.

6.     Тілешова С. Әдебиет сабағында жазу жұмыстары А., 1971 ж.  

7.     Дауыс пен көрініс. (оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық журнал) А., 2001 ж., N2-8.