Кемтар балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуі

П.ғ.к., доцент Базарбаева К.К.,

магистрант Мыканова А.

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан Республикасы.

 

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан күрделі жаңалықтар, өзгерістердің кемтар балалар мәселесіне де байланысты екендігі айқын. Атап айтқанда, дамуы ауытқыған кемтар балалардың дұрыс тәрбиеленіп, жан-жақты дамуына көп көңіл бөлініп, олардың іс-әрекеттеріне және барлық қасиеттерінің ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізіліп, өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Сонымен қатар мұндай балалардың біліміне, іскерлігіне, қабілетіне, эмоциялық ерік жігеріне ден қойылып, арнайы мектептер, үйірмелер, бала бақшалар ашылды.

Қазіргі кезде «балабақша-мектептер» әртүрлі психология-педагогикалық бағдарламадағы көмектер алуда. Кемтар балалардың әр біреуін өзін жеке тұлға ретінде сезініп, өмірдегі орнын таба білуге үйрету үшін алдымен өзін-өзі тану тақырыбына байланысты жаттығулар, тренингтер, баяндамалар оқылуы қажет.

Кемтар балалардың оқу, ойын, еңбек үстіндегі қоршаған ортасымен эмоционалды қатынасы бақыланып, жағымсыз эмоциялардың жойылуы үшін әдістемелер пайдаланып, қолға алынған тиімді шара. Түрлі ауытқушылығы бар балалардың эмоционалды күйлерін бір-бірімен және қалыпты күйдегі балалармен салыстыру қандайда бір қорытындының шығыуына себепші бола алады. Өмірге келген әр кемтар баланың қыр-сырын білу үшін жан-жақты бақылаулар жүргізіледі. 

Мінез-құлқы, эмоциясына байланысты бұл балаларды мектеп жасына жеткеннен-ақ қоғамдық өмірмен, жаңа ортадағы өз міндеттерімен таныстырамыз. Осы кездерде кемтар балалардың өздерінің ішінен қабілетті, эмоциялық ахуалын қалыпты меңгере алатындарын көре аламыз.

       Эмоцияның бала өмірінде дамуы жайлы әр кезеңдегі балаға мысал келтіре отырып, салыстыру түрінде Ч. Дарвин, Г.Рибо, Г.Спенсер, Н.Н. Ланге,              У. Кеннон, Э.Клапар, В. Гюго т.б. жазса, психикалық дамуы кешеуленгендердің жалпы эмоциялық ахуалдары жөнінде А.В Запорожец, П.Я Трошин, И.Куртман, С.Л.Рубинштейн, Л.Н.Каменский, Т.А. Власова, М.С.Певзнер, И.Б.Шевченко, Лапшин т.б. жазды. Сондай –ақ анамальды балалардың эмоционалды қозғыш болуының себептері жайында ғалымдар тарапынан мәселелер көтеріліп, идеялар  ұсынды.

Кеміс балаларға тәрбиеші, ата-аналар тарапынан білім беріп, эмоцианалды жетілулеріне шығармашылық жұмыстарды ғана жүргізген жеткіліксіз. Сонымен қатар баланың эмоцияналды дұрыс жетілуі  үшін алдымен өзінің тілегінің, талпынысының болуы қажет. Жүргізілген зерттеулер көрсекіші бойынша дамуы кешеуленген балаларды тәрбиелейтін мектептердің кейбіреуі әлі де балалардың өміріне эмоционалды әсер етулер анағұрлым маңызды екендігін түсінбей отырғанға ұқсайды.

Кіші мектеп жасындағы кемтар балаларға арналып ұйымдастырылған психикалық ойындар өте аз. Шығармашылық әрекетке бейімдеу, ақыл-ой әрекетін белсендіру тәсілдедері шектеулі ғана. Мектеп жасындағы керең балалардың отбасындағы эмоционалды қатынастар мәселесі әлі күнге шейін  арнайы психологияның зерттеу пәні болған емес. Бұл сұрақ Е.И.Исенин, Б.Д.Корсунский, В.Петшок т.б. психологтардың зерттеулерінде кіші балаларға арналып қарастырылған болатын.

Кемтарлықпен туылған балаға тәрбиелеушілер тарапынан білімді жан-жақты беру, оларға өз-өздерін кемсітуге жол бермеу және өз-өзімен жетіліп, дамуына көмек көрсету баланың эмоцияны дұрыс меңгеріп, қабылдауына арнайы ашылған үлкен бір жол.

       Мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселесі бүгінгі күнге ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі, ерекше қамқорлықты қажет ететін осы санаттағы балаларға Президент пен Үкімет көп көңіл бөлуде. Облыста кемтар балаларды оңалтудың бағдарламасы жасалынып бекітілді.

       Бағдарламаның мақсаты туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және психикалық кемістігі бар 18 жасқа дейінгі кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы олардың тұрмыс – тіршілігіндегі шектеуді жою және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатынасу жағдайларын жасау

       Бағдарламаны орындау мақсатында аурудың түрлері мен ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың ақыл – ой жағынан даму ерекшеліктері мен ойынға қабілетін, білім алу мен қарым – қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіншіліктерін анықтай отырып, іс- шаралар жасалынған болатын.

       Оны жүзеге асыру бағытында ауданда біршама жұмыстар атқарылды. Мәселен, ауылды жердегі 18 жасқа дейінгі кемтар балалар толық тексеруден өткізілді. Олардың даму ерекшеліктері анықталып, диагноздары белгіленген. Тексеруден өткен барлық балалар жергілікті емханаларда дәрігерлердің бақылауына алынып, диспансерлік есепте қадағаланып тұратын болды.       Реаблитациялық еммен қамтамасыз ету мәселесі де жылдан – жылға өсіп келеді.

Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі - ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулық - комплексті түсінік. Ол аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын білдіреді, сонымен катар, тұрғылықты жердегі экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жұмысына байланысты.

Бала ми шарының күрделі функциясы, оның психофизиологиялық дамуы ойлау жүйесінің ерекшелігімен, моторика жағдайымен байланыстылығын педагогика мен психология саласын зерттеуші көптеген ғалымдар көрсетіп кетті. Көбіне мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың бағдарлау әрекеттерінің жеткілікті дәрежеде дамымауынан олардың қолының бұлшықеттеріне көп зақым келеді. Бұл әсіресе, кіші мектеп жасындағы балалар мен ақыл-есі кем оқушылардағы бұзылыстардан көрініс береді. Бұл көптеген ғалымдармен зерттелген, әсіресе Р.И.Лалаева, В.Г.Петрова, А.К.Аксенова, В.В.Воронково және тағы басқалар. Моториканың дамымай қалуы жазу қабілетінің баяулауына және бұзылуына алып келеді. Ақыл-есі кем балаларда бұл дамымай қалушылық өздігінен қалыпқа келмейді, яғни арнайы жағдайларда оқытудың арнайы әдістері мен тәсілдеріне қолдануды талап етеді.

Демек барлық тапсырмаларды орындау нәтижелерінің жоғары көрсеткішке ие болуы алдағы уақытта жазуға үйретуде бала қолдарының ұсақ моторикасының қалыптасуына алғышарт бола алады.

Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден үнмен немесе балабакшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірденелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда манызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарып жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды. Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар: баланың класқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының сабақтары, үйдегі және қо-ғамдық орындардары мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу тусіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету - бірінші класс оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің жаңа кезенінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.

 Ұсыныстар:

         Біздің елімізде мүмкіншілігі шектелген балалар ерекше қамқорлыққа алынған. Алдағы уақытта да оларға жете көңіл бөлінуі керек.

         Елбасы өзінің жолдауындағы халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету атты тармағында «өңірлік әскери жан – жалдарға қатысушылар мен халықтың басқа да бірқатар санаттарына мемлекеттік қолдау көрсету деңгейін көтеруге болады, әрі солай істеу қажет деп санаймын» - деп атап өтуі оған куә.

         Кемтар балаларға арналған мекемелер Тараз қаласында да жұмыс істейді. Өкінішке орай, олардың саны көбейіп те келеді. Бұрындары мұндай арнаулы орын облыс орталығында болса, қазір олар алыс  шалғай ауылдарға жетті. Сондықтан, елді  мекендерде психологиялық, медициналық, педагогикалық кеңес беру орталықтары да жұмыс істеуі қажет.

         Кейбір бала – бақшалар мен орта мектептерге логопедиялық топтар бар, бұлардың бәрінде түзету кабинеттері ашылса, жұмыс жасаса болар еді.

         Түптеп келгенде, дамуы ауытқыған балалармен жұмыс істеу әдістемесін білетін психолог, педагогтар мен дефектолог мамандығына деген сұраныс артып отыр.

 

пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.     Агавелян О.К. Социально-перцептивные особенности детей с нарушениями развития  Челябинск: 1999

2.     Айзенберг Б.И., Кузнецова Л.В. Психокоррекцоинная работа с детьми имеющими нарушение психического развития. М:  1992

3.     Григорьева Л.П,Сташевский С.В.  Основные методы развития зрительного восприятия у детей с нарушением зрения   М : 1990

4.     Дети с задержкой психического развития /под.ред. Т.А.Власовой, В.И.Лубовского,Н.А.Цыпиной    М : 1984

5.     Дульнев Г.Н. Учебно – воспитательная работа во вспомогательной школе. / под ред.Т.А. Власовой и В.Г Петровой. М:  Просвещение 1981

6.     Еременко И.Г.Олигофренопедагогика.  Киев:   Вища школа  1985

7.     Тигранова Л.И.  Умственное развитие слабослышащих детей  М: 1978

8.     Ульенкова У.В. Шестилетние дети с задержкой психического развития. М:  1990

9.     Учащиеся вспомогательной школы. Клиника – психологическое изучение./ под ред. М.С. Певзнер, К.С. Лебединской /  М:  1979