«Сұхбат», «кәсіби сұхбат» теориясының педагогика және психология ғылымдарында қарастырылуы

П.ғ.к., доцент Базарбаева К.К.,

магистрант Муталипова Н.

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан Республикасы.

 

Педагогикалық сұхбаттың анықтамасына тоқталмас бұрын біз ең алдымен сұхбат сөзінің мән-мағынасын ашып алайық.

Педагогикалық әдебиеттерде сұхбат әңгіменің бір түрі ретінде қарастырылады.Әңгіменің бұл түрі зерттеушісінің обьектісінің өзінің іс-әрекеті туралы түсінігін баяндау динамикасын белгілеуге көмектеседі. Сұрақ – жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ – жауап мәтінінде белгіленген іс - әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді. Зерттеушінің міндеті зерттелушінің әңгімесін қолдауда. Сұхбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және жеткілікті тәжірибесін қажет етеді. Сұхбаттың мақсаты – зерттеушінің педагогикалық жағдаяттарға деген көзқарасын қайта құруда, сұхбаттасушылардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеушінің түсінуінде. Зерттеуші күрделі кәсіби – педагогикалық іс - әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну сұрақ-жауап субъектісінің терең қарым-қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік,когнитивтік және операционалды компоненттерін түсіну жағдайында ғана мүмкін екенін ескеруі қажет. Көптеген мамандарға сұрақ-жауап жүргізу барысында тенденциялар мен құбылыстар дамуының заңдылықтарын қорытындылап түсіну мен анықтау мүмкіндігі туындайды.

Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сандық және сапалық тұрғыдан талдау жасау қажет. Сұхбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.

Әңгіме-сұхбат арқылы тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін келтіруге болады. Әңгіме-сұхбат жеке-жеке әрбір оқушымен,сондай-ақ топпен де жүргізіледі. Әңгіме-сұхбатта жанама,тура, ашық және жабық сұрақтарды қолдануы мүмкін. Тура сұрақтар керек құбылыстарды айқындауға тікелей бағытталады. Жанама сұрақтар керек құбылыстардың жанама түрде айқындайтын фактілерді анықтауға бағытталады. Ашық сұрақтар ерікті жауапты керек етеді. Жабық сұрақтарда жауаптардың бірнеше варианттары болуы мүмкін, олардың арасынан ең лайықты дегенін таңдап алу керек.

Әңгіме-сұхбат өткізу үшін ең алдымен сұрақтардың тізімін жасап алу керек, ол сұрақтар жүйелілікте орналасуы керек, сондай-ақ олар зерттеушінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы қажет.

Ауызша  баяндау әдістерінің бірі- сұхбат әдісі болып табылады. Ол да басқа әдістер сияқты әрқалай пайдалануы мүмкін. Мысалы, мұғалім қайсы бір оқу материалын түсіндіре отырып, оқушылардың алдына жаңадан алған ақпараттары мен бұрын игерген білімдерінің арасындағы байланыс туралы сұрақ қояды. Әйтсе де бұл барлық жағдайда оқушылардың ойлау қызметін дамытуға толық мүмкіндік жасамайды. Оқушыларды ғылыми ізденіс тәсілдерімен қаруландыратын ізденістік сұхбаттар (проблемалық оқыту элементтерімен бірге) тиімдірек болып табылады. Осындай сұхбаттар оқушылардың оздерінің шамасы жететін танымдық міндеттерді шешуіне мүмкіндік береді. Мұғалім оқу материалын түсіндіре немесе өткенді қорытындылай отырып, оқушыларға оларды танымдық міндеттерді (өз ойларын айтуға, қайсы бір фактілердің мәнін түсіндіру, атқарылған тәжірибеден қорытынды жасау, т.б.) өзбетінше шешуге жетелейтін сұрақтар береді.

         Осындай сұхбаттарды  пайдаланғанда оқушылар ізденістік қызметке тиімдірек тартылады. Оқыту процесіндегі осындай сұхбаттар оқушылардың оқылатын материалға қызығушылығын арттырады, ойлау қызметінің белсенділігін реттейді, материалды саналы түрде игеруді қамтамасыз етеді. Сұхбат әдісі оқушылардың талдау, жалпылау, салыстыру сияқты ойлау қызметімен қарулануына мүмкіндік жасамайды.

         Дәстүрлік сұхбат оқушыларға қандай да бір ақпарат, қайсыбір жалпы ұғымдар ұсынылған және олар одан өз бетінше қорытынды жасаған жағдайларда танымдық қызметтің индуктивті де (бағыттаушы сұхбат, эвристикалық), сондай-ақ дедуктивті сипатына ие болуы мүмкін. Осындай сипаттағы сұхбаттар оқу уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін оқу материалдарын бекітуде жиі қолданылады.

         Сұхбаттың кейбір басқа да түрлері болады. Мысалы, жаттауға ұсынылғанды тексеруде катехикалық сұхбат қолданылады. Оның мақсаты- жаттау және жаттап алынғанның есте жақсы сақталуын тексеру. Осындай сұхбаттар мұғалім айтудағы қателіктерді бірден жоюға және оқушымен бірге шетелдік мәтінді дұрыс айтуға тырысатын шет тілдері сабағында жиі қолданылады.

         Әдістердің бұл тобында оқулықпен немесе кітаппен жұмыс істеу әдісі ерекше рөл атқарады. Оқыту процесінде оқушылардың алған ақпараттың барлығын сақтау мүмкін емес. Олар қайсыбір оқу пәні бойынша  білім негізделетін басты жағдайларды есте сақтауы керек. Оқушылар жекелеген жағдайларды өзбетінше оқулықтан немесе басқа оқу әдебиетінен іздестіруі керек.

Сұхбат (интервью)- 1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат, диагностикалық сұхбат, 2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып,әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат.

Интервью (ағыл.interview-сұхбаттасу), сұхбат - көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандайда бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью, түсіндірмелі интервью болып екіге бөлінеді. Олардың өзі іштей жіктеледі. Хабарламалы интервью түріне-тілші мен әңгімелесуші екеуінің сұрақ-жауап түріндегі диалог интервью, тілшінің бір ғана сұрақ беріп, оған әңгімелесушінің ұзақтау жауабы монолог интервью, әңгімелесуші айтқанының мазмұны ғана түйіліп берілітінін мазмұндама интервью жатады. Бұларда түсіндіру талдау болмайды. Сұхбаттың есебі ретінде ғана танылады. Түсіндірме интервью түрлеріне-интервью суреттеме, баспасөз маслихаты, дөңгелек стол басындағы әңгіме, брифинг, анкета жатады. Бұларды дерек оқиға, құбылыс хабарланып қана қоймайды, олардың қыр-сыры кеңірек түсіндіріліп, күрделі жайттарға түсіндірме беріледі. Брифинг сұхбат берушілердің ұсынысымен жұртқа қажетті нәрсені түсіндіріп қою ниетімен өткізіледі. Баспасөз маслихатында көптеген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысуымен бір сала немесе әлденеше маманмен қатар сұхбат жүргізіледі. Журналистер кезекпен сұрау қойып, сұхбаттасушылар оған жауап береді. Дөңгелек үстел барысындағы әңгімеде нақты бір проблемамен айналысатын мамандар шақырылып, оларға қатар сұрақтар қойылады да, жауаптары тыңдалады. Әркім өз түсінігін ортаға салады. Анкета түріндегі интервьюде сұрақтар таратылып, жауаптар жазбаша түрде алынып жарияланады.

Интервью жанрының тиімділігі-мәселені білікті де мазмұнды ашуға мүмкіндік береді, ақпарат құралдарының халықпен байланысын жақсартады. Бұқаралық ақпарат құралдарының түріне қарай интервью радиоинтервью, телеинтервью, т.б.болып бөлінеді.

Сұхбаттасу әдісі. Танымның кеңінен таралған құралдарының түріне психологияда сұхбаттасу әдісі жатады. Сұхбаттың мақсаты – жауап берушінің сөзінен объекттивтік және субъективтік деректер туралы ақпарат алу. Психологияда қолданылатын сұхбаттасу әдісін екі түрге бөлуге болады:

1. « Бетпе – бет» - сұхбаттасу, арнайы жоспармен зерттеушінің жүргізетін сұхбаттасу, арнайы жоспармен зерттеушінің жүргізетін сұхбаты;

2. Сырттай сұхбат – анкета, ол өз бетінше толтырылады. Ауызша сұхбат психологиялық зерттеулер үшін дәстүрлі әдіс болып табылады. Оны түрлі ғылыми метептер мен бағыттардың психологтары ертеден бері пайдаланып келді. Бірақ сұхбаттасуға алғашкы ақпаратты жинау әдісі ретінде біршама шектеулік тән. Психологиялық зерттеулерде сұхбаттасуды қолданудың аясы жан–жақты:

-       зерттеушілердің алғашқы кезеңдерінде бақылау жоспарымен жұмыс істеу үрдісінде тек қана сұхбаттасу пайдаланылады. Сұхбаттасу мәліметтерінің көмегімен зерттеу проблемасы бойынша өзгерістер анықталады, жұмыс гипотезасы ұсынылады;

-       сұхбаттасу басқа әдістердің көмегімен алынған мәліметтерді анықтау, кеңейту және бақылау үшін қызмет етеді. Сұхбаттасудың екі түрі кездеседі: қалыпты және қалыптан тыс.

Қалыптан сұхбаттасуда қойылатын сұрақтар және олардың бірізділігі алдын ала анықталып, барлық жауап берушілерге мазмұны бірдей болады. Зерттеушіге кейбір сұрақтардың мазмұнын өзгертуге немесе жаңа сұрақтар енгізуге, сұрақ беру тәртібін өзгертуге болмайды.

Қалыптан тыс сұхбаттың әдістемесі керісінше, толық икемді, кейбір өзгерістерді енгізуге болатындығымен сипатталады. Зерттеуші сұхбаттың жалпы жоспарын башылыққа алады, нақты жағдайларға сәйкес сұрақтың атын, сұрақтың қойылу тәртібін өзгертуге құқығы бар.

Сұхбат-тәрбиеші мен тәрбиеленушілерлің пікір алысуға екіжақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Сұхбаттың әңгімеден айырмашылығы – сөйлесушіні тыңдап оның ойын ескере отырып, онымен қарым-қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай әңгіме моральдық, этикалық, тәрбиелік мәні бар тақырыптардан тұрады. Сұхбат мақсаты – адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.

Этикалы сұхбатқа нақты деректер, оқиғалар, сыныптағылардың қылықтары себепші болады. Мұндай сұхбаттың оқиға ізінше немесе кейінірек, балалар өз қылықтарының жақсы не жаман екенін ойластырып түсінген соң өткізіледі. Сұхбаттасудың нәтижелілігі бірнеше маңызды шарттарға байланысты.1) Сұхбаттасудың мәселесі болғаны маңызды. Тәрбиеші шәкірттерін үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты балалардың өздерінің табуына көмектеседі. 2) Этикалы сұрақтар алдын ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған дайын желі бойынша өткізілуі тиіс. Тыңдаушыларға өз ойларын баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды басқалар ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас нышанымен қарауға үйрету керек; 3) Сұхбатты дәрісбаянға айналдыруға болмайды .4) Сұхбаттасу құралдары тәрбиеленушінің жан сезіміне жақын болғаны абзал; 5) Сұхбаттасу кезінде барлық көзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды салыстыра білудің маңызы зор; 6) Әңгімеге дұрыс жетекшілік – тәрбиеленушінің оңды шешімге өз бетімен келуіне арқау.

         Әңгіме-сұқбат. Бұл ұйымдастыру мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме-сұқбат алдын-ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, өзіне қажет мәселелерді бөліп алады, әңгіме-сұқбатты тіркейтін құралдарды дайындайды (бейне таспа, аудио таспа, стенография), бұлар көбінесе әңгімелесушіні ашық әңгімеге тартуға кедергі жасауы мүмкін. Зерттеушінің кәсіби білімі және үлкен сыпайылық сезімі болуы қажет, сол арқылы ол әңгімелесушіні ашық әңгімеге тарта алады.

Әңгіме-сұқбаттар әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі (мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар білім берудің әртүрлі деңгейдегі басшылары). Олардың білім беру саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруді басқа әдістер арқылы алынған ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады. Алдын-ала дайындалған әңгіме – сұқбаттармен қоса экспромт әңгіме – сұқбаттарды жүргізуге болады.

Н.В.Кузьминанің көрсетуінше, педагогикалық жүйе- қоғамдық- тарихи түсінік және педагогикалық жүйенің әр тарихи типі белгілі бір мемлекеттік, педагогикалық пен тарихи мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл жүйе педагогикалық ұжым ұйымдастыратын (өзінің маңызды элементі сияқты) үйренуші тұлғасын оған мақсаты, жүйелілік және ұзақ мерзімді әсер ету процесінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Педагогикалық жүйенің өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құрылымы бар және мұның өзі ары қарай қарым-қатынасты, құрылымдық,   функионалдық мазмұндық сияқты бірліктерді талдау үшін айрықша маңызды.

Қорыта айтқанда, сөздік емес тілдесудің қай түрі де сөз алысу барысында өте маңызды жәрдемші (кейде дербес) роль атқара отырып, сөз мәнісін күшейту не кемітумен бірге, әңгімелесуге катысқандардың ниеттерін білдіреді. Сөзбен бірге қолдана отырып, вербалды емес белгілер де адамдардың өзара байланысты қызмет әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Хмель Н.Д. Педагогика.-Алматы, 2003 ж.

2. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ.-Алматы, 2006 ж.

3. Қазақ тілі терминдердің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология.-Алматы «Мектеп» 2002.

4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002.

5. Сейталиев Қ. Жалпы психология /университеттер мен педагогикалық институттардық педагогика мамндықтарына арналған оқу құралы/.-Алматы, «Білім»,2007.

6. Бабаев C.Б., Бабаева К.С., Оразов Ш.Б. Педагогика жалпы негіздері және тәрбие теориясы. –Алматы,2008.

7. Н.Берікұлы. Педагогика. Дәріс курс. – Алматы «Нұрлы әлем», 2003.