Үсенова С.М., Маемирова М.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
МАЗАСЫЗДАНУ
ТУРАЛЫ ПСИХОЛОГ –
ҒАЛЫМДАРДЫҢ
ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН ОЙ-ПІКІРЛЕРІ
Психология тарихында мазасыздануды түсіну ең
алдымен жеке тұлға туралы түрлі теориялық дамуымен
байланысты. Ең
алғаш мазасыздануды зерттегендердің бірі З.Фрейд болды [1,2].
Ол былай деді:
"мазасыздануды бәсеңсіту үшін, адамның психикасы
сублимация, регрессия, проекция, үнемдеу деген сияқты
қорғаныс механизмдерін қалыптастырады. Мазасыздық
сезімі жеке адамның дамуын тежелтеді, себебі онымен күресу
үшін көп энергетикалық күш-қуат
жұмсалады".
Бірақ,
бұл Фрейд бойынша мазасыздануды жоюдың бірiнші тәсілі
ғана. Екіншісі, жағдайларға тікелей мойын бұру болып
табылады.
Фрейдтің
оқушылары, неофрейдистер яғни Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливан және т.б
мазасыздануды жеке тұлғадағы базалық, яғни негіздік кайта
қүрылу, түзіліс деп есептеді. Мысалы, Э.Фромм былай деп
жазады, мазасыздық сезімі адам табиғаттан қол үзгенде
пайда болады деп, оның әлеуметтік аспектілеріне көңіл
бөледі. К.Хорни мен Г.С.Салливандар мазасыздануды ана мен баланың
қарым-қатынасы тұрғысында түсіндіреді. Бұл
ғалымдар мазасызданудың қайнар көзі деп, Фрейд
сияқты биологиялық себептерден емес, әлеуметтік себептерден іздеді [1,2].
Мазасыздану
проблемасына өте жиі гуманистік бағыттағы психологтар
К.Роджерс, В.Франкл, А. Маслоулар мән берді. Олар өзгелерге
қарағанда, өзін-өзі дамытуға ұмтылған
дені сау жеке тұлғаға катысты түсіндірді [3,4]
Л.С.Выготский
өз зерттеулерінде үнемі мына құнды жайтты ескертті:
яғни, адам психикасы тұтас процесс ретінде зерттелуі тиіс.
Адамның жеке тұлғасының интелектуалды және
аффективті жақтары арасында тығыз өзара байланыс болуы тиіс.
Кеңестік дәуірде психологтар көбінде интеллектуалды
аумақты зерттеуге аса мән берді. Ал, эмоционалды күйлерді
зерттеу идеологиялық себептерге орай рұқсат етілмеген еді.
Мазасыздануды орыс нейрофизиологтары И. М, Сегенов, И. Павлов, В. М.
Бехтеревтер де өз еңбектерінде қарастырып өткен.
Жалпы
психологияда эмоционалды күйлердің проблемасы Б.Г.Ананьев,
Л.С.Выготский, Ф.Е.Василюк, Рубинштейн еңбектерінде де
қарастырылды. Олар эмоционалды күйлердің базалық,
теориялық негіздерін қарастырды.
Мазасыздануды
эксперименттік тұрғыда зерттеуді алғаш С.Д.Спилбергер
(С.D.Spielberder) және оның ізбасарлары бастаған. Бірақ
әлі күнге дейін мазасыздану детерминациясы мен функциясының
механизмдері айқын емес. [5,6]
Жекелеген
мазасыздануды біздер, жағдайға қатысты субъект әрекеті құрылымының
теріс сигналы деп түсінеміз. Мазасыздану негізінен жеке
тұлғаның жағымсыз сипаты емес. Әрбір адамда
өзіне тән мазасыздану деңгейі болады. Бұл пайдалы,
яғни жеке тұлғаның белсендiлiгінің шарты
ретіндегі мазасыздану болады.
Физиологтар
еңбектерінде, соның ішінде К. Прибрам зерттеуінде эмоция нейрофизиологиясы
бойынша былай дейді: "кез-келген эмоциялық күй, соның
ішінде мазасыздану да сыртқы жағдайлардағы жаңа нәрсеге
ағзаның реакциясы ретінде физиологиялық деңгейде пайда
болады.
Біздің
проблемаға қатысты С.Л. Рубинштейннің түрліше
эмоционалды күйлерді жіктеуі жайлы айтып кетуге болады. Ол аффектілер,
елігулер және көңіл-күйлер деп бөледі де,
көңіл-күйлерді сананың бақылауынан тыс-санадан
тысқары пайда болады дейді.
Ол В.К. Вилюнас
мазасыздану табиғаты туралы ұғымын талдай келе былай дейді:
"Мазасыздану - нақты жағдайда мінез-құлықты
басқаратын және түзейтін механизм".
Біздің
зерттеуіміздің басты мақсаты бағдарлану іс-әрекеті
ретіндегі бастауыш сынып окушыларындағы мазасыздану байкалуының
маңызды механизмдерін белгілеу, анықтау.
Эмоционалды
қалыпты зерттей отырып, топ динамикасының кейбір аспектілерін
бақылауға болатындықган, оның құрылымы мен
принциптерінің өзгерісі әлеуметтік, жас ерекшелік және
педагогикалық психология үшін өте маңызды әрі
өзекті болады.
Г. Салливан теориясы бойынша, мазасыздану екі түрлі
болады: невротикалық және экзистенциалды.
Мазасыз (қорқак) адамдар: бастауыш мектеп
немесе жалпы бала кезенде қорқыныш сезімі ақырға шегіне
жетеді, яғни олар адамдардан, өзге балалардан, ит,
найзағайдан т.б қорқады.
Ресей ғалымы А.М.Прихожан өзінің
"Жас өспірімдер арасындағы тұлғааралық
мазасыздануға психологиялық талдау" деген еңбегін жазды.
Ал, ғалым Н.Имедадзе мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздануы
жайлы тың мәселені көтерді. Оның пікірінше, мазасыздану
"Жеке-дара, сараланған қалып-күй жеке бастың
қасиеті. Әлеуметтік қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін кауіп туғызатын ситуацияларға
эмоционалды тұрғыда көзкарас, қатынасты білдіру".
Н.В. Имедадзенің берген анықтамасына
көптеген кеңес дәуірінің психологтары В. Белаус, В.
Бакеев, В. Кисловская, Т. Купцовалар келісіп, қолдады.
Сонымен, мазасыздану дегеніміз — қиындық
жағдайындағы әлеуметтік қажеттіліктер фрустроциясын
бастан кешіру.
Ал, бастан кешулер дегеніміз Л.И.Бажович
айтқандай-ақ, ерекше эмоционалды формада қажеттіліктерді
қанағаттандыру дәрежесін бейнелейді.
Мазасыздану мен тынышсыздық таламусты
тітіркендірген кезде байқалған (Делгадо).
З.Фрейд ұғымынша, мазасызданулар
қорқыныштан бөлек аффектілер мен когнитивті процесстерді
қосып алады. Қажетттіліктерді түйсінген адам ізденістік
әрекетін әрі қарай жалғастырады. Дамып келе
жатқан жеке адамның негізгі проблемасы мазасыздануды жою болады.
Мазасыздану күтетін немесе алдын-ала болжалған шиеленістің
күшеюі немесе қанағаттанбаудан туады., және кез-келген
жағдайда (ол шындық, немесе қиялдағы болсын)
қауіп төнгенде дамуы әбден мүмкін [7].
З.Фрейдің
психоаналитикалық теориясы XIX гасырда физика мен биология
дамыткдн позитивизм климатында өсті. Индивид ең алдымен сыртқы
әлеммен өзара әрекеттестік арқылы ұстап
тұрған күрделі энергетикалық жүйе деп қарастырылды.
XIX ғасырдың аяғында социология мен антропология
ғылымдары дербес пәндер ретінде дамып қалыптаса бастады. Осы
жаңа ғылымдар түсінігінше, адам көп дәрежеде
қоғам жемісі. Психоанализге мазасыздану проблемасы жайлы
көптеген еңбектер жазған. Ғалымдар Э.Фромм, К.Хорни мен
Г.С.Салливандар болды. Э.Фромм "Сүйе білу өнері",
және "Бостандықтан көшу" деген ірі
еңбектерінде мазасыздануды тек қорғаныстық механизмдер
деп атады [5].
Жалпы алғанда, баланың ата-аналарымен
қарым-қатынасында қауіпсіздікті жоятынның барлығы
мазасыздануды тудырады. Қауіпсіздікті сезбей тұрған, мазасыз бала бойында
оқшаулану және дәрменсіздік сезімін игеруге арналған
түрліше стратегиялар дамиды. Ол бала зұлым немесе, керісінше,
өте ақылды, яғни өзі жоғалтқан махабабатты
қайтаруға дайын болатындай қалыптасуы мүмкін. Балада
шындықка сай емес, өзінің бейнесі калыптасуы да мүмкін
[6].
Гарри Стек
Салливан — "психиатрияның тұлғааралық теориясы деп
аталатын жаңа тұжырымдаманы жасаушы ірі ғалым. Оның
негізгі, маңызды қағидасы жеке адамды қайсыбір
гипотетикалық мазмұн, мағына. Оның негізі –
тұлғааралық қарым-қатынастар"- деп
түсіндіреді. Яғни, жеке адамды нақты әлеуметтік
ситуациядан тыс зерттеу мүмкін емес дейді.
Кейбір
тұжырымдама авторлары мазасыздануды мінез акцентуациясы деп санайды да, мазасыз
жеке тұлғалар деп типтерге бөледі. Мысалы, ол автордың
бірі К.Леонгард ол былай дейді: "Бала өскен сайын мазасыздануы
азаяды".
Гуманистік
бағыттағы психолог-ғалым В.Франкл мазасызданудан
құтылудың тәсілі ретігіде логотерапияны қолдануды
ұсынады [7,8].
Психикалық күй – қалып проблемасы
және оның ішінде эмоционалды күйлер проблемасын өте
ертеде зерттеген. Ертедегі
философтар еңбектері негізінде психикалық қалып
ұғымы категориалды сипатқа ие болды. Мысалы, Аристотель
бойынша, психикалық қалыптар — адам жанының ерекше
күйі. Аристотель ой-пікірлері арқылы, психикалық феномендер
бірлігі, жиынтығы аффективті
сипаттағы және сана, әрі еріктік күй сияқты психикалық
қалыптарға бөлінетіндігі анықталды (Тален, Плотин,
Августин) [8].
Психикалық
күй-қалып, оның ішінде мазасыздану, қорқыныш т.б
жайлы XX ғасырдың І-ші жартысында орыс зерттеушілері В.М. Бехтерев,
Д.Н. Левитовтар терең зерттеді. Олардың айтуынша, психикалық
күй-қалып — яғни адам психикасының байқалуында
үнемі адам әрекетін бояп тұратын және оның танымдық
іс-әрекетімен еріктік аумағы және тұтас жеке
тұлғасына байланысты сыртқы сипаттармен қатар
жүретін күй.
1.
Фрейд
3, Психологическое «Я» и защитные механизмы. – М, 1991
2.
Фрейд
3. «Я» и «Оно», в 2т Тбилиси, 1991
3.
Фрейд
3. Психоанализ. - М, 1994
4.
Хорни
К Наши внутренние конфликты. -М,І993
5.
Sullivan Н.S Sһе interpersonal thеогу оf psychiatry. New Yоrk:
Nоrtоn, 1953
6.
Роджерс
К.Р Взгляд на психотерапию. Становление человека. -М.1994г
7.
Франкл
В.Человек в поисках смысла. -М,1990
8.
Августин
А Исповедь. -М,1992