PhD докторы, ХАА академигі Оразгалиева А.К.
Мадиева Ә.З.
«Өзін-өзі
тану» пәні мұғалімі, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің психологы, ШҚО, Аягөз қаласы
Тұйықтық немесе ұялшақтық психология
ғылымындағы зерттелуі күрделі әрі өз алдына жеке
мәселе. Егер бұл проблеманы ғылыми тұрғыдан
саралайтын болсақ, зерттеушілердің пікірінше,
ұялшақтықтың арқасында жастардың басым
көпшілігі азап шегуде.
Көптеген психологтар, әлеуметтанушылар және басқа
да мамандар ұялшақтықтың пайда болуының
себеп-салдарын кең түрде зерттеуге тырысты. Ол
ұялшақтықтың неден туындайтынын көрсетті. Жеке
адамды тұлға ретінде зерттеушілердің пікірінше
ұялшақтықтың адамда ата - тектен тараған,
яғни тұқымда бар деп сараланады.
Бихевиористердің айтуынша, ұялшақтық
қоғаммен тіл табыса алмайтын немесе өмірге бейімделуден, не
нәрседен қашқалақтаудан қалыптасатын құбылыс.
Ал психоаналитиктердің ойынша, ұялшақтық өзіне деген сенімсіздіктен, ойын сырт
ортаға шығара алмаудан пайда болатын қасиет болса, әлеуметтанушылар
немесе балалар психологтарының бірқатар тобы ұялшақтықты белгілі бір
жеке термин ретінде қарастыра келе әлеуметтік ортаның
қалыптасуына байланысты туындайды деп тұжырымдайды.
Қоршаған ортада адамның ұялшақ болу
қасиетінің салдары ішкі жан дүниесін аша алмау,
әлденеден қорқу, өзін қоршаған ортамен
байланысқа түсіре алмауы, соның нәтижесінде артық
қобалжу, өзінің ой-пікірін емін-еркін түсіндіре алмау
сияқты әрекеттерге әкеп соғады. Бұндай
жағдай адамның
бәрінде болады деп те айту қиын. Өйткені, әрбір жеке
тұлғаның психологиясы сан-түрлі, табиғи
жаратылысы да ерекше. Осындай мәселе, көбінесе, мінезі момын,
өзі жұмсақ, терең ойға берілгіш келетін
адамдардың өмірде өз жолын табуда қиналуына әкеп
тірейтіні рас. Бұндай адамдардың достары аз, қоршаған
ортасы тар, өзінің жан дүниесі түсініксіз болып келуі
мүмкін.
Ұялшақтық
психология ғылымында адамның ұяңдық және
тұйықтық мінездерімен өте тығыз байланысты. Бұл
қасиеттер адамның өз бойындағы бар мүмкіншіліктерін
толық көрсетуіне кері әсерін тигізетіні дәлелденген
құбылыс. Ұялшақтықтың
пайда болуы адамда бала кезінен кездеседі. Бұл қасиеттен бала кезінен
дереу құтылмаса, адамның жасы өскен сайын ол әртүрлі
қиыншылықтарға алып келуі ықтимал. Өзінің табиғатында
ұяң әрі ұялшақ жеткіншек бұндай
кедергілерден өте алмай, қиындықтарға қарсы төтеп
бере алмауы әбден мүмкін. Туындаған қиындықтар
кезінде бірден төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы баланың
бойында жинақталып, оның тұйықталуына, ішінен тынып
үндемуіне ұласады да, әр кез аяқасты сәтсіздіктерге
ұшырағанда сәтте оған үнсіз келісіп, қарсы күресуден
бірден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да
күрт төмендей береді. Соның салдарынан өзінің
үнемі жолы болмайтындай сезініп, келешекке көзқарасы
пессимистік бағыт алады әрі өмір сүруге деген
құлшынысы төмендеп, тіпті өзін-өзі жек көретін
сәттері көбейіп кетеді.
Ст. Холл ең
алғаш бірнеше негізгі қарама – қайшылықтарды
бөліп көрсете отырып, жасөспірім мінезіндегі амбиваленттілік
пен пародаксальдылықты сипаттаған. Жасөспірімдердің
бойындағы ұялшақтық пен қорқыныштың
мәселесі анықталған.
Мектеп оқушыларының
тұйық әрі ұялшақ мінезін сынып жетекшілері
күнделікті тығыз қарым-қатынас жасау арқылы
жақсы меңгеруіне болады. Осындай
қасиеттері бар балаларды қоршаған ортаға қанша бейімдесе
де, қызығушылығын тудырады деген іс-шараларды жүзеге
асырса да ешқандай нәтиже бола
бермейтінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Енді сол ұялшақ, ұяң
әрі тұйық балаларды қалай айқындауға болады?
деген сауал да туындайды. Менің
ойымша мұндай балаларға тән белгілер келесідей:
-
табиғатынан үндемейді;
-
көзін үнемі төмен салып жүреді;
-
иығы еңкіш тартып тұрады;
-
бір нәрсе айта қалсаң қорқыныштан шошып, қалтырап
қалады;
-
сөйлегенде ешқашан тура бетіңе қарап сеніммен жауап
бермейді;
-
қарапайым деген сұрақтардың өзіне
әрең жауап қайтарады.
Осылайша, ұялшақ балалар
өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен
уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып
келеді. Оларға абыржу, сасу, қысылу, ұялу, өзін болмашы
нәрсеге кінәлі сезіну сияқты қасиеттер тән болып
келеді.
Сондай-ақ,
ұялшақ әрі тұйық балаларға тән
қасиеттердің бірі олар не нәрсені болсын жүректеріне
өте жақын алады, өкпешіл болып келеді. Олар
қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды,
ешкімнің өзіне жақындамауын, тиіспеуін қалап
тұрады. Мұндай жағдайда баланы өз іс-әрекеттеріне
сенімді етіп, күшіне сендіріп үйрету керек. Баланы өз
көзқарасын дәлелдеп шығуға дағдыландыру
қажет. Кейбір балаларда ұялшақтық қиялы
бәсеңдіктен, ойлау қисынының толық дамымауынан,
баяу қимылдың әсерінен болып жатқандықтан,
ақыл-ойды дамытуға көп көңіл аударған
жөн. Әсіресе, балалар өте жоғары бағалайтын
кеңпейілділік, жомарттық, ақылдылық қасиеттерін
дамытуға тырысу керек.
Бұдан шығатын қорытынды, барлық айналадағы
болып жатқан құбылыс адам баласымен өте тығыз
байланысты. Мұндағы басты мақсатымыз қоғамда
белсенділік таныту.
Ал кейбір балалар
табиғатынан ұялшақ болмауы мүмкін, олар топ
бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара
алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан,
үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып кетеді. Өз
пікірін айтуға жасқаншақтанады. Себебі өзгелердің
алдында күлкіге ұшыраймын, мазаққа қаламын деп
қорқады. Егер оқушыңыздан осындай белгілерді
байқасаңыз, онда оның қолынан келетін істі беріп, соны
жасап шығуға бағыт-бағдар беріңіз. Бала орындап
болып, сізге көрсеткенде, міндетті түрде мадақтап,
ынталандырыңыз. Бұл балаға өз қолынан іс
келетіндігіне сенімді болуына көмектеседі.
Адамның бойындағы
тұйықтық пен ұялшақтықты
жеңудің бірден-бір жолы – аудиторияның көзінше
баланың жетістігін айтып мақтау.
Жасқаншақтық пен
ұялшақтық, әсіресе, әсерленгіш типтегі
балаларға тән болып келеді. Бұл типтегі балалар үшін
өрескелдік, жылылықтың болмауы, басқалардың
күлуі психологиялық травма болып табылады.
Тұйық балаларға өзінің
ата-анасы мен мұғалімдерінің
немқұрайлығының артуы, достарымен өзара
қарым - қатынастарының дұрыс болмауы
қоғамда қиын баланың көбеюіне әкеліп
соғуда.
Балалардың мінез-құлқындағы
ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан
емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие
бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты
мінез-құлық деп аталынады. Ол дегеніміз агрессивті
мінез-құлық, үрей, қорқыныш, депрессия.
Қазіргі уақыт
талабы — білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол,
қоғамда өз орнын таба білетін тұлға
қалыптастыру. Баланы мектепке алғаш келген сәттен бастап дұрыс
тәрбие беру, ауытқушылықтан сақтап қалу
мұғалімнің міндеті. Тәрбиесі дұрыс бала ол кез-келген
адам үшін қашанда қуаныш. Психология ғылымы еш
нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп
дәлелдейді. Сол себепті де баланың қабілетін кеңінен
өрістете дамытуға мектеп мақсатты түрде ықпал ете
алады.
Бұндай жағдайлар
туындай қалған сәтте тұйық балаларға
қолдау көрсетіп, ұстаз ретінде түсіністік танытуы керек,
көбірек көңіл бөліп, осындай мінезді балаларға
толығымен сенетіндігіңізді білдіруге тырысу керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
О.А.Вершинина. Занятия и тренинги со старшеклассниками. Изд «Учитель»
2.
Журнал «Школьный психолог» №41, 2003 год
3.
Сайлаубаев Ж.З. Абай атындағы
қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Психологиялық
— педагогикалық мамандықтар» кафедрасы
4. http://bilimdiler.kz/ Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың
психологиялық ерекшеліктері