Байдалиев Д.Д., Қабылбекова Г.Б.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  КҮЙЗЕЛІСКЕ ҰШЫРАУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

 

Қазіргі таңда, яғни қарқыны ерекше жылдамдықпен өту барысы тұсында, адам баласына қоршаған ортаның өзгерісті жағдайларына бейімделу қиынға соғады, әрі адам бейімделе отырып, эмоционалды теңдікті сақтау керек болады. Адам ағзасы күш-қуатты қайта қалпына келтіруге үлгере алмайды. Әрине, мұндай өмір салты жүйке жүйесінің қажып-әлсіреуіне жеткізуі мүмкін және психосоматикалық аурудың пайда болуына алғышарт жасауы әбден мүмкін.

Халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени -әлеуметтік болып табылады. Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайы басты назар аударуды талап етіп отыр.

Ел Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан-2030» жолдамасының ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында, азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және олардың қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін – жағдай жасау,  салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты науқан үдетіле түсуі қажет [1].

Мұғалімдер мен ата-аналар – балаларды денелік және психикалық жағынан дені сау  болғанын қалайды. «Дені сау тәнде – дені сау рух болады» - деп түсінді ежелгі  ойшылдар.  Балаларда  барлық ішкі  күштер мен психикалық процестер тепе-тең сақталған дені сау  психикасы болуы қажет. Ол адам әректетінің және мінез-құлық пен қызметтің адекватты  сыртқы жағдайларын қамтамасыз етеді.

Жоғарғы сынып оқушысы – балалық шақпен ересектік арасында жатқан адамның дамуы мен жетілуінің белгілі  - бір кезеңі. Ол 16 – 18 жас аралығын қамтиды, яғни сәйкесінше Х – ХІ сынып оқушылары болып табылады.

Жеткіншек жас кезеңінде орын алатын стресстік жағдайларды зерттеу және оның негізінде мінез типологиясын жасау ХІХ ғасырдың аяғында басталды. Бұл мәселені зерттеушілер мінез ерекшелерінің жеке тұлғаның қоршаған әлеуметтік ортаға икемделуіне және қарым-қатынас мәдениетіне үлкен әсер ететінін атай отырып, типология жасаудың қажеттілігін көрсеткен [2].

Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін  әсер қалдырады. Оқушыларды осы жағдайлардың әсерінен көзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы,  тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың барлық бала өмірінде  кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен тығыз байланысты. Баланың күйзеліске ұшырауы бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты  эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік  қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы барлық жүйелер мен функцияларының қайта құруымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;

Екінші кезең – баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, яғни қиын саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық  өзгерістер жеткіншектік ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар кауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының (позитивті болмауы  мүмкін) кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді.

Үшінші кезең – бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас аралығындағы және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай келеді. Бұл уақыт адамның тұлғалық дамуының  өте маңызды және жауапты кезеңі болып табылады.  Сонымен қатар, жасөспірімдік кезеңде  ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді және бұл кезеңдегі психикалық дамудың  ерекшелігі дамудың әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан да бұл жас аралығын немесе  осы жас аралығындағы оқушыларды «қиын жас» немесе «қиын балалар» категориясына  кіргізуіміз мүмкін. «Қиын жасты» екі сөзді талдау арқылы  түсіндіруге болады: 1. Кризистік; 2. Өте қиын, қауіпті. Өйткені бұл кезеңде де физикалық әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас ерекшеліктерінің жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік орта сияқты т.б. көптеген  факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай факторлардың салдарынан «қиын балалар» пайда болуы мүмкін [3].

Қиын балалар дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған нормалардан ауытқуы бар, өзінің психоәлеуметтік дамуы  қалыптасуының жаңа сатысын басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар.

Мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп жасындағы уақытты  кризистік жас деп айта аламыз.

Мұның өзі бұл күйзелістің қауіпті екенін аңғартады. Тек тиісті ықпалдарды, әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы бұл дағдарыстың еш денсаулыққа  немесе психикаға зиян тигізбей өтуін қамтамасыз ету керек – деп білеміз.

 

Әдебиеттер:

1.                 Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 1997, 79 б.

2.        Мудрик А.В.   Современный старшеклассник:  Проблемы самоопределения. М., 1977. 350 с.

3.        Возрастная и педагогическая психология. (под.ред.Крекова С.Д.) М.,1973. 278 с.