Психология развития

Психолог.ғ.д., профессор Р.Б.Каримова

Психолог.ғ.к., доцент   З.Қ.Орманова

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

 

МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ

 

Бала өмірінің ерекше бір кезеңі, оның мектепке дейінгі тәрбиеден өтіп, мектеп оқушысы атты әлеуметтік рөлді қабылдауы. Бұл кезеңнің (6-7-ден 10-11 жасқа дейін) өзіне тән негізгі белгілерін келесі жағдайдан байқауға болады: біріншіден бала мектеп оқушысына айналады, яғни бала өз бойындағы балалық шақтың белгілерін оқушылық ерекшеліктерімен ұштастырады. Мұндай белгілер оның мінез-құлқында, санасында қайшылықтар мен үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты, бұл шақ баланың көзі ашылмаған потенциалын дер кезінде байқап, дұрыс дамуына қолдау көрсетуімен маңызды. Бастауыш сыныпта адамның тума қасиеттеріне қоса, өсе қалыптасатын адам бойындағы психикалық қасиеттердің негізі қаланып, даму барысында әдетке айналуы анық. Сондықтан да ғалымдарды бастауыш сынып оқушыларының потенциалдық мүмкіндіктерін анықтау мен дамытудың тиімді бағыттарын таңдау мәселесі толғандырады. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесін пайдалану, балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі, еңбек қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушылары дамуында анатомиялық-физиологиялық жетілу үрдісі жүріп, дененің барлық мүшелерінде, жасушаларында елеулі өзгерістер болады. Омыртқасындағы мойын, арқа, бел бүгілістері дамиды да, бірақ әлі қатаюы аяқталмайды, омыртқаның иілгіштігі мен ширақтығы дұрыс отыру тәрбиесімен қатар, спорттық жаттығумен шынығу нәтижесінде қалыптасады. Сондай-ақ дамудың ыңғайлы жағдайы болмаса, теріс зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысының денесі дұрыс дамып, тұлғасының сымбатты қалыптасуының маңызды шарты – баланың физиологиялық ерекшелігіне өлшемі ыңғайлы, жиһаздардың болуы (үстел, парта)баланың қабылдауына сай болуы тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Аяқ сүйектерінің қатаюы 9-11жасқа, ал білек сүйектерінің қатаюы 10-12 жасқа қарай аяқталады.Осы жәйтті ескерер болсақ, бастауыш сынып оқушысының жазбаша жұмыстарды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, шаршап, ұзақ жаза алмайды. Бастауыштың 1-2 сынып оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп берудің тиімсіз екендігі анықталады.

6-7 жасқа дейін баланың заттарды, дүниені, қоршаған ортаны қабылдау ерекшелігі репродуктивті бейнелі-елес күйінде болса, 7-8 жастағы баланың қабылдауы оқытудың нәтижесінде продуктивті бейнелі-елес түріндегі қабылдауға қарай өзгереді.

  Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйінде, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады.

Алты-жеті жасар бала мектеп табалдырығын аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап біртіндеп басымдылығын жоғалтьа бастайды.Бастауыш сынып оқушыларының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық түрткілерін (мотив түрлерін) елеулі өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытатын жаңа көздерін ашатын оқу болады.

Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері. Көбінесе үш түрлі қиыншылық жиі байқалады.

Олардың біріншісі  жаңа мектеп тәртібіне байланысты тиісті дағдылар болмаса, балада әдеттен тыс шаршау, оқу жұмысын бұзу т.б. сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп, балалардың жеке-дара ерекшелітерін есепке ала отырып, шаралар қолдануы қажет.

         Бірінші сынып оқушыларының бастан кешіретінқиыншылықтарының  екінші түрі мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен де беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерінұсынып, оны анықтаудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне  баға береді.

Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқыда олар сабақ басталардан бұрын мектепке қуана барды, кез келген жаттығуларға ықыласпен қарап, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге даярлықтары сезіліп тұрды, бірақ 1 сыныпта оқу үрдісі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әдетте, бұл білімге деген қажеттілік арнайы қарастырылмаған.

Бұрынғы КСРО кезеніңдегі психологиялық қызметінің, адам психикасыныңәлеуметтік  табиғаты   және   дамуы   туралы,   яғни   оның  филогенездік және онтогенездік   дамуындағы іргелі теориялық ережелер осы айтылғалы білім     берудегі     психологиялық    қызметтің    тұжырымдамасының негіздемесі бола алады.

Адам психикасы Л.И. Божович, Л.С. Выготский, А.В. Запорожец, К.Леоньтев,    А.В.    Петровский,    С.Л.    Рубинштейн,    Д.Б.    Элькониннің айтуынша, дамудың нәтижесі, психикалық, жетілу адам дамуындағы жиналған тәжірибені әлеуметтік тәжірибені меңгеру үрдісінде болады. Айтылған теориялық болжамға сүйенер болсақ тұлға - сана  әрекеттің қоғамдық турін меңгеру негізінде өмір бойы қалыптасатын, психологиялық құрылым. Тұлғалық қалыптасу өмірдің ең алғашқы минуттарынан басталып, баланың дамуымен бірге жүреді.

Психиканың дамуы  Л.С.  Рубинштейннің айтуынша тек қана өсу деп қарастырмай, сонымен қатар өзгеру үрдісі ретінде, яғни сандық өзгерістер сапалық, түбегейлі, маңыздыға ауысып, екпінді көріністі қайтақұрылымдарболып көрінуі.

Баланың психикалық дамуының алғышарты және негізі оның өзінің іс-әрекеті. А. Н. Леонтьевтің айтуынша, баланың психикасының жетістіктерін  меңгерту немесе үйрену болып табылады. Бұл үрдіс бала іс-әрекеттері адамзат жетістіктері қамтыған көрініс тапқан, қоршаған орта құбылыстарызаттарға қатысты іске асады. Бала өзі белсенді пиғылмен еңбектенген кез-келген оның тұлға ретінде қалыптасуы жүреді. Қалыптасу  алдымен онтогенездік даму    сатысында    басты    болып    табылған    ic-әрекет    әсерімен    баланың психологиялық-тұлғалық    ерекшелігімен    психикалық    үрдістерінде өзгерістерде шартты болған жағдайда жүреді. Басты ic-әрекетті ерекшелеудің мәні, өcin келе жатқан адамның психикалық дамуына оның тигізер әсерінің маңызы үлкен. Осыған байланысты білім беру мекемелерінде әлі де, оқыту тәрбиелеудің ауызша (сөздік) орын алып отыр. Әрине санаға әсер ете отырып тәрбиелеу - маңызды бipaқ да басқа әдістер жоқ емес. Тәрбиелеудің сөздік әдісіне көп көңіл бөлу, оқыту  адамилық формализмге - білімді формалды меңгеруге әкеп соқтыратын және Рубинштейннің айтканындай, оның меңгеру ic-әрекетін ескермей, үлкен балаға адамилық нормаларды енгізіп білдіруі, баланың ақыл-ойының  дамуы мен оның тұлғалық қасиеттері және сапасының түпкі негіздерін  келтіреді.

Баланың  кез  келген  іс-әрекетті  меңгеруі,  үлкендермен  әрдайым қарым- қатынаста болып, араласып және олардың басшылығымен жүзеге асады. Сондықтан да, әрбір баланың тұлғалық және психикалық дамуына қажетті маңызды болған шарт-бұл үлкендермен қарым-қатынас.

Үлкендермен   қарым- қатынас жасау баланың тұлғалық қалыптасуының әрбір сатысына тән ерекше қызмет атқарады.

Ғылыми   тұрғыда мектеп   жасына  дейінгі   және   мектеп балалардың    психикалық    қалыптасуының    алғышарттарын    және қалыптасу   жағдайын,   жас   ерекшелігіне   байланысты   психикалық  дамуы болатын    заңдылықтардың    дара    көріністерін,    сондай-ақ    психологияныңдамуындағы     жаңа     ғылыми-практикалық     бағыттардың,     әдіснама практикалық психология мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жүйелеуді көздейді.

Бұл жерде негізгі мәселе- қазіргі білім беру жағдайында психологиялықкоррекциялау, психологиялық диагностикалау, психологиялық алдын-алу дамыту бағдарламаларын құрып, психологиялық әдістемелер, әдіс тәсілдердіғылыми   негіздеу,    яғни   психологиялық   кәсіби   білімнің   нақты   байланысты қолданылуы.Бұл зерттеулердің академиялық зерттеулерден айырмашылығы, ол текқана қандай да бір психологиялық заңдылықтар мен механизмдерді зерттепқоймай, баланың тұтас тұлға болып қалыптасуындағы айтылғандұрыс дамуын қамтамасыз ететін жағдайды анықтайды. Зерттеу жұмыстарында ғылыми қызметкер практик психологтың анықтаған өзекті мәселелерін сөз етеді.

 Психологиялық қызмет көрсетудің бұл тұрғысын білім беру мекемелерінің /бала-бақша, мектеп ж.т.б. мекемелер/ педагог-психологтары жүзеге асырады. Олардың міндеті – топпен, жеке баламен, ата-анамен, тәрбиеші және мұғаліммен нақты мәселені шешуге арналған басты тұғырлардан айырмашылығы, бұл бағытта жұмыс істейтін психолог-педагогқа жаңа әдістемелерді жасау міндетті емес. Бірақ психология ғылымының бұл жаңалықтарын кәсіби сауатты қолдануға міндетті. Олар ғылыми-зерттеу орталықтарына жедел шешуді талап ететін көкейкесті, өзекті мәселелерді шеше алады.

Қолданбалы тұрғыданбілім беру жүйесіндегі қызметкерлерден психологиялық білімді талап етеді.  Олар психологтармен бірлесе отырып және  жеке психологиядағы соңғы жаңалалықтарды қолданып, оқыту-тәрбиелеу бағдарламасын құруға, әдістемелік материалдарды әзірлеп, оқыту бағдарламалары мен жоспарларын құруға, оқулықтар жазуда бірлесіп жұмыс істейді.

Білім берудегі психологиялық қызмет мақсатыбойынша, практикалық психологтардың кездесетін сәтсіздіктері, күмәндары, қиындықтары мен негізгі мәселелеріне талдау жасай отырып, оларды зерттеу  әдебиеттер арқылы танысқаннан кейін, психологиялық қызмет көрсету саласының мақсаты балалардың психикалық және психологиялық саулығы, - деп айтуға болады.

Психологиялық қызметтің негізгі бағыттары-психологиялық жұмыстың негізгі жұмыс қызметі болып табылады.

Педагог-психологтың жалпы жұмыс уақыты аптасына 36 сағат, бір жылда 1800 сағат, бір айда 150 сағатты құрайды. Оқу мекемелерінің жұмысын ұтымды ұйымдастыру мақсатында келтірілген нұсқауларды ішкі тәртіп ережелерін ескерген жөн.

Осы құжатқа сәйкес психологтың жалпы жұмыс уақыты аптасына 36 сағат, олардың ішінде:

18 сағат – оқушылармен жеке, топпен алдын-алу, диагностика, түзету, дамыту, оқу-тәрбие және мәдени-ағарту жұмыстарына, ата-аналармен және педагогтармен сараптаушы-кеңес беруші және алдын-алу жұмыстарына жұмсауға арналған.

18 сағат – нәтижелерді өңдеуге, оқушылармен, тәрбиеленушілермен жүргізген жеке және топтық жұмыстарға дайындыққа, педагогтармен және ата-аналармен жүргізілетін сараптаушы-кеңес беруші және алдын-алу жұмыстарын дайындық, әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарға, өзіндік білімін көтеруге, қорытындылауға, талдау және есеп беру құжаттарын толтыруға есептеледі.

Сондай-ақ оқу мекемесі әкімшілігінің сұраныстарына сәйкес жұмыс түрлерінің араласып келіп және оларға жіберілетін жұмыс уақытының көлемі өзгеріп отыруы мүмкін. Егер жұмыс түрлерінің кейбіреуіне оқу мекемесінен сұраныс болмаса, онда оларға бөлінген уақыт, басқа жұмыс түрлеріне бөлінеді және оқу мекемесінің әкімшілігімен келісіледі.

 

Әдебиеттер:

1.   Ауыл мектебi 2005-2010 жылдарға арналған бағдарлама (Қазақстан Республикасы  Президентi мен үкiметiнiң актiлер жинағы. Астана 2004

2.   Бусурманова С.Т., Орманова З.К. Формы и  методы  коррекционный  работы  с  детьми  6-7 лет. Алматы. Рауан. 1978.

3.   Гурянова М.П. Российская сельская школа как социокультурный феномен // Педагогика 1999, №7.

4.   Стерлин Л.Ф., Зайцев Е.С. Трудовое воспитание в селькой школе. М., 1990,

5.   Ертаев М.Ә. Еңбек және еңбекке жаңаша қатынастардың әлеуметтiк мәнi. Түркiстан, 2000

6. Нұсқабаев О. Мектеп- жас ұрпақты әлеуметтендiру институты. Алматы, Қазақстан 1997.

7. Адилгазинов Г.З. Теоретические основы совершенствования подготовки учителя к управлению педагогическим процессом в малокомплектной школе.  Дисс., докт. пед  наук. Алматы, 2002