Зейіннің психологиялық мәні

П.ғ.к., доцент Базарбаева К.К.,

магистрант  Сабалакова А.

 «Тұран-Астана» университеті, Қазақстан Республикасы.

 

ҚР «Білім туралы» Заңында көрсетілгендей білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаныңы қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу болып табылады. Сонымен екінші бапта білімнің негізгі міндеттері рухани және дене даму мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің тұрақты негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың дамуына жағдай туғызу арқылы ақыл-ой мен жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттігін байыту болып табылатыны туралы айтылған.  Әр мектептің білім әрекеті әр оқушының қызығушылығы мен қабілеттілігін анықтау, оның дамуына, әлеуметтік бағдарға бейімделу қабілеттілігі мен қоғамдағы табысты іс-әрекетіне бағытталған [1].

Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды ойлауға, қабілеттілігі мен нышандарын дамытуға үйретуі, әр оқушыға өзін көрсетуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауы болып саналады. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. Себебі баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үлгерім деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.  Демек, бастауыш сыныптан бастап оқушылардың  ойлауын дамыту өзектілігі арта түседі.   

Күнделікті білім беру үдерісінде оқушының зейінін дамыту арқылы оның білім алу деңгейінің жоғарылауына, игерілген білімнің беріктігін қамтамасыз етуіне, білім сапасының артуына мүмкіндік туғызады. Кез-келген оқыту-дамытушы болып табылады. Егерде оқыту барысында мақсатты түрде оқушының зейінін дамытуға бағыттап отырса, оқушы басқаның пікірінен дұрыс қорытынды шығаруға, өз ойын толық жеткізе білуге, қиялын ұшқырлауға болады.  

Зейін адам өмірінде және қызметінде көптеген қызметтер атқарады. Ол сол кезеңге қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді күшейтеді де, керісінде, керек еместерін тежейді, ағзаға түсіп жатқан хабарларды қажеттілігіне байланысты іріктейді, бір объектіге немесе іске ұзақ уақыт көңіл бөлуді қамтамасыз етеді. Зейінмен процестердің бағыттылығы, іріктелуі, танымдылығы байланысты. Зейін қабылдаудың нақтылығы мен тәптіштелгендігін, есте сақтау қызметінің мықтылығын және іріктелгендігін, ойлау қабілетінің бағыттылығы мен өнімділігін анықтайды. Зейіннің негзгі түрлерін қарастырайық. Бұған табиғи және әлеуметтік келісілген зейін, тура зейін, еркін және еріксіз зейін, сезімтал және ойшыл зейін жатады.11111111111

Зейінді психологиялық феномен ретінде XIX ғ. аяғымен XX ғ. басында бір топ зерттеушілер қарастырды. В.В.Петухов, Л.М.Веккер, У.Джемс, Т.Рибо, Н.Н.Ланге, А.А.Ухтомский, Н.Ф. Добрынин, С.Л.Рубинштейн, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, т.б. өз еңбектерінде зейінге әр түрлі сипаттамалар берді.

А.Р.Лурия зейіннің нейропсихологиялық негізін зерттеуіне байланысты, А.А.Ухтомскийдің ізімен, доминантыны зейіннің физиологиялық механизмі ретінде қарастырады. Зейіннің феноменін қорыта келе, А.Р.Лурия мынадай тұжырымға келеді: Зейін - бұл қажетті ақпаратты іріктеп алу, әрекеттік бағдар-ламаны қамтамасыз ету және олардың барысына бақылауды сақтау(33.107).

Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алыбында қозу процесі пайда болса,осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесс болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).

Зейінін аударғанының өзінде бала негізгі, қажетті нәрсені байқамауы мүмкін. Бұл олардың ойлау қабілетінің ерекшелігімен түсіндіріледі; балалар барлық зейінін жеке заттар мен олардың қасиеттеріне аударады. Балалардың қиялында пайда болған бейнелер эмоционалды   әсерлер   береді,   олар   баланың   ойлау қабілетіне тежеулі зейін ретінде әсер етеді. Егер заттың мәні бет жағында көрінбесе, егер ол жасырылған болса, онда кішкентай жастағы бала оны байқамайды. Ойлау қабілетінің дамуы мен жетілуіне байланысты балалар зейінін негізгі, басты нәрсеге аудара алатын болады. Балалар мұқият болу керектігін түсініп қана қоймау керек, оны оған үйрету керек.

Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін еске ала отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдары: көрсетуге болады. Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабаңтың жемісті бо луына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Оқу шы еңбектенетін жерде, оның көңілін аударатын қоздыр ғыштардың (шу, баланы қызықтыратын қажетсіз әңгіме лер) болмауы керек, қажетті гигиеналық шаралар сақта луы шарт (таза ауа, тиісті жарық).

Зейінді дамыту жолы-жаттығу және берілген тапсырманы орындату. К.Д.Ушинский: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек» деген Бүкіл сыныпқа, не жеке оқушыға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін. Зейінді дамытуда сыртқы жағдайдың маңызын ескеру дұрыс. Шу, баланың сабағына қатысы жоқ радио, теледидар, қажетсіз әңгімелер болмауы керек. Жарық, таза ауа қажет.

Зейінді тәрбиелеу сабақты жақсы ұйымдастыруға байла-нысты. Сабақ кестесін, өткізу жоспарың әдістерің уақытты үтымды пайдалану қажет. Орынсыз нәрсемен баланың зейінін бөлмеу керек. Қиындығы мен жеңілдігі әр түрлі пәндерді кестеде дүрыс орналастыру қажет.

Ырықсыз зейінді тәрбиелеу үшін мектеп оқушысының танымдық ықыласын дамытып, оның түсіну шеңберін ұлғайтқан жөн. Баланың жалпы аңыл-ойы өскен сайын оның ырықсыз зейінінің дамуы да күшейе түседі.

Ата-аналардан баланың режимін сақтауды талап ету керек. Теледидардың алдынан шықпау, үлкендерге арналған хабарларды көру, ұйқыға кеш жатып, ертемен тұра алмау, демалыс күні де киноға бару, қонаққа бару, кеш қайту бәрі баланы шаршатады. Дүйсенбіде көптеген бала сабаққа әзірлік-сіз келеді, сабаққа қабілетсіз, енжар қарайды, бірінші сабақта ұйқысын аша алмайды, оқу материалын қабылдай алмайды.

Екінші, баланың кеңсірегіндегі бездерінің үлкейіп кетуі. Мұрны бітіп, қақырығы тамағына кетеді, ол асқазанға зиян келтіреді. Баланың басы ауырады, кейігіш, ұмытшақ болады. Мұрнынан дем алмаған соң, үнемі аузымен дем алады, бет бейнесі, көз жанары бұзылады, ерні қабыршақтанады. Миға оттегі жетпейді. Сыныпта отырғаны болмаса, оның сабаққа зейіні болмайды. Баланы мұндай халге келтірмей, ұлғайған безді алып тастату керек. Сылып тастағаннан кейін мұрны ашылып, сөзі түзеледі, көңілі көтеріледі.

Үшінші, зерек, сезімтал деген баланың өзінде де кейде зейінді билей алмаушылық және оны тез аударушылық қабілеті жетпеуі мүмкін. Тіпті кеше көрген киносының, қорыққан жағдайының, не оқыған детективтік әңгімесінің оқиғаларынан арыла алмайды. Тіпті мұғалімнің математикадан, не грамматикадан міндетті түрде жаттап, зейінді мықтап аударатын материалын түсіндіру қажеттігіне ол құлақ аспайды. Өйткені, ол өзінің терең ойымен әуре болып отырады. Кейбір бала сабақ үстінде қажетсіз істермен айналысады, жолдасымен әңгімелеседі, көркем әдебиет кітабын оқиды не келесі сабаққа дайындалады, бірдеңе жазып отырады, қисаңдап, т.б. істер істейді. Балалар қобалжиды, тіпті шулайды, шата-сады, керіседі. Осындайлардан баланы арылта алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оны істей алмаған мұғалім баланың материалды білмегеніне өзі кінәлі.

Зейінді тәрбиелеуге шеберлік керек:

1. Сабақ жоғарғы темпіде, іскер, бірқалыпты жағдайда, шебер ұйымдастырылса, баланың миына жетіп жатса -баланың зейінін өзіне тез аударып алады, барлық бала тез іске кірісетін болады. Балалар кейбір жас оқытушының сабағында көп шулайды. Өйткені, оқылатын материал оларды қызықтырмайды. Не істеу керек? Ондайда әр балаға жеке тапсырма берсең, оның зейіні соған аударылады.

2. Зейіннің физиологиялық негізі - мықты зерттеуге бағытталған рефлекс, И.П.Павлов: «Бұл не?» - деген сұрақ тәрізді екенін айтады. Білуге құмарлық бағыт-зейіннің сипаты. Егер оқылатын кітапта, ондағы материалда жаңалық, қыз-ғылықты, таңғалатың ынтықтыратын нәрсе болмаса, бала күштеуге көнбейді. Бұл есте сақтауға, білуге құмарлыққа бағыттамайды. Сондықтан әр сабақта жаңалық айту керек.

3. Мұғалім өзінің мінезімен, ісімен, әрекетімен баланың зейінін шашып алмау керек. Сабақты өткізу жоспарын алдын-ала ойлау керек, үзіліс арасында тақтаға жазып қою, көрнекті құралды әзірлеп алу, сабақ үстінде аузыңды ашып аңырып тұрмау, бөгде нәрсеге көңіліңді бұрмау;дәптерлердіүлестіріп, уақыт жемеу, зейінді аударып жіберетін орынсыз сөз демеу, балалардың алдында келеңдемеу, жеңілтектікке салынып елеңдемеу мұғалімнен талап етіледі?

4. Байыпты болып жетілмеген, әлі сыныпты толық білмеген мұғалімге балаларға арқаңды беріп жаурыныңды, бөксеңді көрсетпе, бетіңді беріп.жылышырайжасап.бірбаланы емес, барлық баланы көз алдыңда бірдей ұста, аз сөйле, анық айт, сенің сезің оларға нұсқа, әрі болсын қысқа деген принциптер ұсынылады.

5. Балалар тапсырма орындап жатқанда, қосымша тапсырмалар беріп, мысалы: «4 клетка солға шегінуді ұмытпа», «ана ережені еске алың», «мына ережеге көзің салың»т.б. деп.олардың зейінін шашыратуға болмайды. «Бөлмезейінді, тапсырманы бергенде болма ілгерінді-кейінді!» - дегенді ескеру абзал. Сабақ үстінде тапсырма орындау кезінде барлық баланың зейінін алаңдататындай бар дауыспен «Қазтай, қалтаңдама!», «Мырқымбай, мықырайма!», «Қоянбай, қоқаң-дама!», «Жазық! жантайма» деп, ескерту жасауға болмайды. Балаға бастан, бірінші күннен бастап бірыңғай талап қою керек, ал оны бүзса, жаймен тыныштандыр, басқа балаға зиян тигізбе, әр балаға ашуланып «шапан» кигізбе! Бұл да - мұғалім этикасы.

6. Партаға тапжылмай 45 минут отыру, мұғалімді көз айырмай тыңдау, алғашқы кезде қиын іс, оған керек үлкен күш. Бала қозғалады, аузына келгенін қойып қалады, күледі, күмбірлейді. Оның бәрі табиғи нәрселер. Оны құр айқай бақырумен, күштеп көндіріп тәртіпке шақырумен келістіре алмайсың. Ол үшін - минуттік және «жел соғады», «құс қонады» т.б. сергіту керек.

7. Сабақ арасындағы үзілістерді дұрыс, тиімді пайдалануға үйрету керек. Үзіліс кезінде көркем әдебиет оқытпа, коридорда парымен қол ұстастырып жүргізбе, бөлмеге де кіргізбе. Олардың сабақта шаршаған жүйкесін демалдыру үшін үзілісте еркін дем алсың ойнай білсін, досымен әңгімелессің жайдары жарқын күліссін. Әкімшілік, қоғам ұйымдары, мұғалімдер бақыласын. Режимге, шыдамдылыққа, тактке үйрету керек.

Зейін - баланың ісінің нәтижелі болуының бастамасы және есігі. Ол баланы танып-білуге, келесі жұмысқа алдын-ала әзірлеуге жол ашады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

3. Жұмасова К.С. Психология: Оқулық-Астана: Фолиант, 2006-292б.-200б-217б.

4. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. – Алматы., Эверо, 2004.-350б.

5. Берікұлы Н. Жантану. Оқу құралы. – Ақтөбе, 2006ж.-416 б.

6. Рубинштейн Л.С. Основы психологии. –СПб: Питер, 1999.-216 с.

7. Гальперин П. Я, Запорожец А. В. Карпова С. Н. «Актуальные прблемы возрастной психологии» М, 1978г.- 189с.

8. Жұмабаев М.Көп томдық шығармалар жинағы. 3т. – Алматы: Жазушы, 2003.-205б.

9. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – Алматы: Қазақ университеті, 1993ж. -198б.