ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МЕН СПОРТТЫ БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Доцент, ХҚТУ
профессоры Әбділлаев
Ә.К.
ОҚО
Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы
халықаралық қазақ-түрік университеті
Аннотация
В статье дана характеристика теоретико-методологической
основе управления физической культурой и спортом, а также понятие «управление» и «менеджмент» физической культуры и
спорта. Были даны всесторонние характеристики исследователей, которые
неоднократно уточнялись и дополнялись. Опеределеялись цели и задачи
менеджмента, а также рассмотривались, как наука, искуство, функция, процесс и
совокупность профессионально подготовленных специалистов.
Annotation
The article gives a descrtiption of theoretical and
methodological basis of the governance of physical culture and sports,there is
also given the meaning of “governance” and “management” of physical culture and
sports.The formulation and research on the subject were compared and
corrected.The aim and objectives of management were defined. The management was
also considered as the art,the science,the function,the process,and the set of
professionally trained specialists.
Дене мәдениеті туралы білім
жүйесіндегі негізгі және барынша іргелі ұғым,
бұл, өзінен өзі түсінікті «дене мәдениеті» болып
табылады. Бұл сөз ұғымының осылай аталу себебі
адам қоғамы дамуымен астасып жатқан тарихи кезеңдермен
байланысты. Алайда, «дене мәдениеті» сөз тіркесі ХІХ
ғасырдың соңында пайда болды.
Отандық және шетел
ғалымдарының барынша негізделіп дәлелденген
еңбектерінде мәдениетті адамның шығармашылық даму жолдары мен
қайта құрылу нәтижелерінің жиынтығы
ретіндегі табиғат және қоғамдық
құбылыстарды материалдық және рухани
құндылықтарды әсіресе оған қызмет ететін
факторларды тұтас қарастыру мақсатқа лайықты
болады. Жалпы мәдениеттану саласының мамандары (культурологтар)
әлемдік арнайы әдебиеттерде мәдениет
ұғымының 150-ден 250-ге дейін анықтамасы бар екенін
куәландырады. Батыс культурологиясының негізін
қалаушылардың бірі Лесли Уайт: «мәдениет ұғымына
берілген анықтамалардың ішінде, былықтар мен
түсініссіздік толып жатыр»,- деген сипаттама береді. Бірқатар
мәдениет тарихын зерттеуші ғалымдардың мәдениет туралы
мағлұматтары ауыл шаруашылығындағы топырақты
өңдеу (латын тіліндегі культурос
– жерді өңдеу), адамның қоғамдық-тарихи
тәжірибесі үдерісінде тарихи жеткен деңгейі мен
қоғам дамуын сипаттайтын материалдық және рухани
құндылықтарының жиынтығы және т.б.
ауқымында болды. Кей жағдайларда мәдениет ресми
деңгейдегі қысқартылған мағынада жиі
қолданылады. Мысалы, басқару деңгейінде «мәдениетпен»,
кураторлық деңгейде «мәдениет министрлігі», (театрлық,
көркемсурет-бейнелеу, әдебиет және соған сәйкес
шығармашылық ұжымдар, мұражайлар мен кітапханалар
қызметі т.б.) болып тарала береді.
Қазақстанда және
Ресейде нарықтық қатынастың қалыптасуы
кезеңінде үйреншікті «басқару» (қоғамды, саланы,
ұйымды, мекемені) ұғымымен қатар басқа «менеджмент»
ұғымы барынша жиі қолданыла бастады.
Қазіргі кезде «басқару» және
«менеджмент» ұғымы қатынасында екі негізгі пікір
қалыптасты, яғни біреулері бұл ұғымдарды
өзара байланысты бірдей синоним ретінде пайдаланса, басқалары
«басқару» ұғымын «менеджмент» ұғымына
қарағанда елеулі кең мағынада деген пікірді
ұстанады.
Отандық
энциклопедиялық басылымдар мен арнайы әдебиеттерде «басқару»
ұғымы техникалық, биологиялық, әлеуметтік т.б.
олардың белгілі құрылымын сақтауды, қызмет
режімін сүйемелдеуді, бағдарламалары мен мақсаттарын іске
асыруды қамтамасыздандыратын ұйымдастырылған
жүйелердің функциясы, элементі ретінде қарастырылады.
«Басқару»
ұғымын бұлай түсіндіру адамның әлеуметтік
тіршілігіндегі өлі және
тірі табиғаттың әр түрлі аясындағы
спецификалық басқару қызметін сипаттау үшін пайдаланудан
тұратын оның маңызды ерекшелігін айқындауға
мүмкіндік береді. Дене мәдениеті мен спортта аталған
салалардың барлық аясында қолданыста «басқару»
ұғымын заңды қолдануға болады. Кей
жағдайларда спортшы өлі табиғат нысандарын әр
түрлі бейнедегі, жиірек арнайы, транспорт құралдарын
(автомобилді, самолетті, тікұшақты, яхтаны, мотоциклді және
т.б.), сол сияқты тірі табиғат нысандарын (атты,
бұғыларды, иттерді және т.б.) басқару арқылы
әсер етеді.
Алайда
дене мәдениеті мен спортта жаратылыстың тірі нысандарына әсер
ету тек жануарлармен ғана шектелмейді, яғни
биологиялық-әлеуметтік, сол сияқты
әлеуметтік-биологиялық нысандары ретінде алға шығатын
спортшылардың өздарінің организмдеріне де спецификалық
әсер етеді. Бұл жағдай арнайы сөздікте өз
көрінісін тапты. Бұл түсіндірме сөздіктің
авторлары «спортшы дайындығын басқару» сөз ұғымын
қосты. Мұнда өзіне келесі іс-әрекеттерді ендіретін
ең жоғары нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін
спортшылар дайындығының мақсатты бейнедегі дамуы,
олардың іс-әрекетін жандандыру ретінде түсіндіріледі,
яғни нәтижелерді алдын-ала болжалдау, жарыстық
қызметтің параметрлерін спортшы организмдерінің,
функционалдық жүйелерінің дамуын және дайындық
деңгейін үлгілеу, жаттығу үдерісін бағдарлау,
даярлық деңгейін кешенді бақылау, дайындық жүйесіне
түзетулер ендіру. Дене мәдениеті мен спорт материалдық емес
өндіріс саласының бөлінбейтін элементі бола тұрып,
әлеуметтік тіршілік аясына жатады. Осыған байланысты
«басқару» сөз ұғымын дене мәдениеті мен
спортқа сала ретінде қолданыста бұрынғы кеңестік
«Дене мәдениеті мен спортты басқару» дара
оқулығының (1987ж.) авторлары түсіндіргендей
«басқару» сөз ұғымын пайдаланудың
заңдылығы шүба тудырмайды.
Бұл
оқулықта: «Дене мәдениеті мен спортты басқару
адамдардың дене дамуы қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру
мақсатында дене мәдениеті мен спорт саласын жоспарлы түрде
дамыту және олардың қызметін жүйелі қамтамасыз
етуге бағытталған саналы қызметінің нақтылы
әдістері мен үлгілерінің жүйесі болып
табылады»,-делінген.
Дене
мәдениеті мен спорттағы басқаруға бірқатар
заңдылықтар тән, яғни олардың бірі дифференциация (бүтінді
түрлі формаға бөлу) болып табылады. Бұл
заңдылықтың мәні мына келесілерде көрінеді:
өзінің тарихи даму үдерісінде әр түрлі бейнедегі
басқару мектептерінің (адам
қатынастары мектебі, мінез-құлық ғылымдары
мектебі, әлеуметтік жүйелер мектебі және т.б.) біртіндеп
қалыптасу және әр түрлі уақытша кезеңдеріне
приоритетті әсер етуінде адам факторларына, яғни жеке адамдарды,
адамдар ұжымын басқару, басқаша айтқанда
әлеуметтік тіршілік аясындағы басқаруға барынша
маңызды назар аударылады.
Кез келген оқу-ғылыми
пәнді зерттеуді оның негізгі ұғымдарын анықтаудан
бастау маңызды. Бұл әсіресе дене мәдениетінің
жалпы теориясы сияқты пәнді оқып, зерттеу кезінде
мақсатқа лайықты болады.
«Менеджмент» ұғымы
Қазақстанда соңғы жылдары біздің елімізде
нарықтық қатынастар қалыптасуының басында
ағылшын тілінен сөздік қорымызға енді. Сондықтан
да бірінші кезекте шетел мамандарының бұл ғылым туралы
базалық түсініктерін талдап көрейік. Мысалы, «Менеджмент
бойынша Халықаралық анықтамасы» (1990ж) «менеджмент»
ұғымын капитал, ғимараттар, материалдар және
еңбек сияқты ресурстарды тапсырылған мақсатқа
максимальды тиімділікпен жету үшін тиімді пайдалану және
үйлестіру ретінде түсіндіріледі. Іргелі Оксфорд сөздігінде (1994ж.)
«менеджмент» ұғымына келесі түсіндірмелерді береді: 1)
адамдармен қарым-қатынас үлгісі, тәсілі; 2)
басқару өнері және билік; 3) ерекше түрдегі біліктілік
және әкімгершілік дағдылар; 4) басқару органы,
әкімгершілік бірлігі.
«Менеджмент» ұғымы
мазмұнының көп мағыналылығына қарамастан,
оның мәнін ұғыну үшін тән, шетел мамандары
менеджментті нақтылы ұйым, мекемені басқару, «фирмаішілік»
басқару ретінде жиі қолданатындығымен түсіндіріледі.
Біздің көзқарасымыз бойынша дәл осы түсінік
менеджменттің басқарудан негізді айырмасын анықтайды.
Жоғарыда аталған
айырмалық сипатына ресейлік басқару саласының мамандары
ерекше назар аударады. Э.А. Уткин (1998ж.) менеджментті «...
менеджменттің әлеуметтік-экономикалық механизмінің
көп бейнелі қағидаларын, функцияларын және
әдістерін қолдану негізінде нарықтық жағдайда
әрекет жасайтын кәсіпорынның ең жақсы
шаруашылық шығынын нәтижелерге жетуіне бағытталған
кәсіби қызметтің ерекше түрі» ретінде анықтайды.
Іс жүзінде осыған
ұқсас көзқарасты дене мәдениеті мен спортты
басқару бойынша мамандар да ұстанады [1].
«Спорттық менеджмент –
бұл осы заманғы нарықтық жағдайдағы дене
мәдениеті және спорттық бағыттағы
ұйымдарды, мекемелерді тиімді басқарудың теориясы мен
практикасы» [2].
«Менеджмент»-бұл осы заманғы
жағдайдағы және ғылыми негіздегі ұйымдарды,
фирмаларды, кәсіпорындарды тиімді басқару бойынша шаралар
жүйесі. «Менеджмент» - бұл жоспарланған нәтижелерге
ұтымды жолдармен жетуге бағытталған өндірістік
қызметті басқаруды үйлесімді ұйымдастыру жүйесі;
бұл дұрыс ақыл, оймен ұтымды басқаруды
жүзеге асыруға көмектесетін адам білімінің
ауқымы; бұл басқару бойынша жұмыстарды орындайтын
адамдардың әлеуметтік тобы [3].
Бұл ұғымдар
бойынша авторлардың жалпы ұстанымы келесі бейнеде
тұжырымдалуы мүмкін:
1) «басқару»
ұғымы адамның өлі және тірі табиғатта, сол
сияқты әлеуметтік тіршіліктегі ерекше өзгешеліктегі
қызметін сипаттау үшін пайдаланылады, сондықтан да ол тек
әлеуметтік тіршіліктің басқару қызметін белгілеу
үшін ғана қолданыстағы «менеджмент»
ұғымынан кең мағыналы;
2) «дене мәдениеті мен
спортты басқару» ұғымы адамның спецификалық
негізгі үш саладағы іс-әрекетін сипаттауға
бағытталған, яғни өлі табиғатта, тірі
табиғатта және әлеуметтік тіршіліктегі, ал «дене
мәдениеті мен спортты басқару» ұғымын дене
мәдениеті мен спортты халық шаруашылығының саласы
ретінде, басқа сөзбен айтқанда әлеуметтік тіршілік
салаларының бірі ретінде қарастырып, пайдалану мақсатқа
лайықты болады;
3) «дене мәдениеті мен
спорттағы менеджмент» ұғымы нарықтық
қатынасты қалыптастыру және дамыту жағдайындағы
әртүрлі бейнедегі және әртүрлі сипаттағы
дене мәдениеті және спорттық ұйымдардың,
мекемелердің қызметін фирмаішілік басқаруды белгілеу
үшін пайдалану бәрінен де нақтырақ болады.
Жоғарыдағы
тұжырымдарды есепке алып, қажетті жағдайларда зерттеушілер
сала ретінде дене мәдениеті мен спортты басқару, сол сияқты
дене мәдениеті мен спортты фирмаішілік ұйымдастыру ретіндегі дене
мәдениеті мен спорт менеджментіне қолданыста туындаған жеке
мәселелерді қарастырады.
Дене мәдениеті мен
спорттағы менеджменттің мақсаты дене мәдениеті
және спорт салаларының мүмкіндіктері, қажеттілік
жағдайлары ьойынша нәтижеге жету болып табылады. Қазіргі
заманғы арнайы әдебиеттерде менеджменттің (басқару)
мақсаты дене мәдениеті мен спорт саласының «саясаты»,
«философиясы», «миссиясы» сияқты сөз ұғымдарымен
белгіленеді.
Мақсатты анықтау дене
мәдениеті және спорт менеджменті үдерісінің
бастапқы сатысы болып табылады, сондықтан өзінің
мазмұны бойынша стихиялық әсер ету емес, мақсатты бағыттылығымен
сипатталады.
Дене мәдениеті мен
спорттағы менеджменттің мақсатын ұғыну және
тұжырымдау барысын мақсатты болжамдау деп атайды, яғни
оның үдерісінде таңдаған критериіне сәйкес
мақсат иерархиясы (басты мақсат «декомпозициясы» өндіріледі),
«мақсат тармақтары» деп аталатын өзара бірлескен байланыстардың
графикалық ұсынылымдары қалыптасады.
«мақсаттардың тармақтары» бірінші жағынан
мақсаттардың және міндеттердің приоритетін, екінші
жағынан қолданбалылығын белгілеуге және көрекілікпен
ұсынуға мүмкіндік туғызады [4].
Мақсатты
болжалдаудың негізгілері келесілерге жататын белгілі ережелер негізінде
іске асырылады: менеджмент (басқару) субъектісінің араласуын талап
ететін, нақтылы жағдайларды сипаттау; үдерістің емес,
қажетті нәтиже ретінде басты мақсатты тұжырымдау; басты
мақсатты жеке тармақтарына декомпозициялау; альтернативтік
мақсат тармақтарын қоюды болдырмау; менеджмент нысандары
үшін нақтылы міндет түрінде жекелеген мақсат тармақтарын
тұжырымдау және т.б.
Субъект
мен объектінің өзара әрекеттестігі ретінде менеджмент
(басқару) үдерісі нақтылы, механизмдердің
көмегімен жүзеге асады. Дене мәдениеті мен спорт
менеджментінің механизмі дене мәдениеті және спорттық
ұйымдардың мақсаттарын тиімді іске асыруды, олардың
жүргізетін әлеуметтік-мәдени қызметіне қызметкерлермен
тұтынушылардың барынша толық қанағаттануын
қамтамасыз ететін әдістері, құралдары мен
формаларының кешені болып табылады.
Менеджмент үдерісі
тұжырымдалған мақсат негізінде, яғни менеджмент
функциясы жүйесімен мазмұнды ұсынылған нақтылы
механизмді пайдаланумен іске асырылады.
Дене мәдениеті мен
спорттағы менеджмент функциясы басқаруға ықпал жасауды
жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын басқару
қызметінің жеке қатынастағы бағыты болып
табылады.
Менеджменттің негізгі
функциясы келесі себептер бойынша айырмаланады: біріншіден, олар халық шаруашылығы
кешенінің барлық салаларында (материалдық және
материалдық емес салаларында) жүзеге асады; екіншіден, олар
барлық дене мәдениеті және спорт ұйымдарында
(халықаралық, ұлттық немесе аймақтық;
коммерциялық немесе коммерциялық емес; кіші, орта немесе ірі
және т.б.) және кез келген менеджменттің иерархиялық
деңгейінде (жоғары, орта немесе төменгі санаттағы
басшылықтарында) іске асады; үшіншіден, олар нақтылы
функцияларға бейімді, яғни менеджменттің негізгі
функциясының құрамы мен мазмұны өзгермейді, менеджменттің
қандай функцияны атқаратынынан тәуелсіз; төртіншіден,
олар шектелген қор жағдайындағы белгіленген уақыт
аралығында менеджменттің мақсатқа жетуін
басқаруды қамтамасыз етеді.
Менеджменттің негізгі
функцияларына барынша дәстүрлі мыналар енеді:
Ұйымдастыру, ішкі
және сыртқы ауысып отырылатын жағдайлармен сәйкес
бұрын құрылған және қызмет етуші
жүйелерді сапалы жетілдіру немесе жаңасын жасау бойынша
қызмет;
Жоспарлау, әртүрлі
жоспарларды өңдеп, дайындау жолымен менеджмент нысанының
мақсатты бағытта, динамикалық және пропорциялық
дамуы үшін жағдай жасау бойынша қызмет;
Мотивация, дайындалған
жоспарға байланысты қызметкерлерді тиімді еңбекке белсенді
ретін және қызықтыратын, ықпал ету жүйелерін
құру бойынша қызмет;
Бақылау, менеджмент
нысанындағы үдерістердің жүруін бақылау,
тапсырылған бағдарламамен бақыланатын параметрлерінің
мөлшерін салыстыру, бағдарламадан ауытқуын, олардың
орынын, себебін және сипатын анықтау қызметі;
үйлестіру, ұйымның, оның бөлімдерінің
және жекелеген орындаушыларының арасында үйлесімді байланыс
орнатудың көмегімен менеджмент үдерісінің
тоқтаусыз және үзіліссіздігін қамтамасыз ету бойынша
қызмет.
Менеджменттің
негізгі функциялары басқаруға ықпал ету механизмін
сипаттайтын бірегей үдерісті құрып өзара тығыз
байланыста болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Зубарев Ю.А.,Сучилин А.А. Менеджмент и
маркетинг в сфере физической культуры и спорта. Учебн.пособие Волгоград.,
1998г.
2. Переверзин И.И. Менеджмент спортивной
организации. Москва,1998г.
3. Жолдак В.И. Основы менеджментамМалоховка,
1994г.
4. Жолдак В.И., Зуев В.Н. Основы менеджмента
спорта.-Тюмень,1999ж.