Физическая культура и спорт/ 2.Развитие физической культуры и спорта в современных условиях

 

2 курс магистранты Нұрлыбек

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Таэквондо спортының қысқаша даму тарихы

 

Таэквондо шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың бір түрі. Кәріс халқының ұлттық спорты ретінде мәлім. Қазіргі уақытта таэквондоның табынушылары 50 миллион адамнан асады. Жекпе-жектің бұл түрінің танымалдылығы кәріс шеберлерінің машықтану жаттығуларының көне қағидалары мен әдіс-тәсілдерін заманауи спорт ағымымыен үйлестіре отырып, таэквондоны дене тәрбиесі мен өзін-өзі дамытудың бірегей жүйесі ретінде қалыптастыра алуларында. Таэквондр спорттың әдемі көріністі, динамикалық түрі.

Таэквондо жаттығулары мен оларды үйренудің мақсаты болып адамның физикалық, психикалық және рухани-адамгершіліктік бастамалар бірлігінің үйлесімділігіне қол жеткізу болып табылады.

2000 жылдан бастап олимпиядалық спорт түрі болып саналанады. Таэквондо бір жағынан ежелгі спорттың түрі, екінші жағынан заманауи күрес жүйесі болып табылады. Таэквондо ежелгі кәріс қағидаларына, ежелгі күрес түрлеріне сүйенеді. Бірақ қазіргі таңда таралған таэквондоның қалпы ХХ ғасыр шамасында пайда болған. Таэквондо - аяқ пен қолды шебер қимылдатудың ерекше формасы (мұндай анықтаманы 1958 жылы генерал Чой Хон Хи Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ри Синманаға берген). Таэквондода спортшының аяғы мен қолы қатар жұмыс істейді, мақсаты - жарыс ережесіне сай келетін әдістерді пайдалана отырып, жеңіске жету. Таэквондошы әрқашан өз-өзіне сенімді, салқынқанды, сабырлы не нәрсе жасаса да ойланып барып орындайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін азат етілген Кореяда күрестерге қойылған тыйымдар күшін жойды. 1945 жылдан бастап кәріс шеберлері Сеулге оралып, квон жүйесі бойынша жеке дара жаттығуларын жалғастыра бастады. Әрқайсысының жеке дара стилі болды. Квонды жақсы меңгергендер - Чан Му Квон , Чи До Квон, Кан Ду Квон, Сон Му Квон , Му Ду Квон.

1958 жылы генерал Чой Хон Хиге Оңтүстік Кореяның Вьетнамға баратын әскери делегациясын басқару туралы нұсқау берілген. Содан ол әскерлерге спорттың осы түрінен сабақ беріпті. Осылайша 1959 жылы таэквондо Оңтүстік Кореяның әскери базасына алғаш рет ресми таныстырылды. Кейіннен әскери қызметкер, генерал Чой Ох До Квон бұл үрдісті шебер жалғастыра білді. 1960 жылы сәуір айында Ри Синмана басқаратын үкімет құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл кезеңде елде Дж. М. Чан басқаратын азаматтық үкімет құрылып, төңкеріс басталады. Төңкеріс 1963 жылға дейін жалғасты.   Билік өзгергеннен кейін жаңа әскери жасақтың бастығы генерал Парк Чул Хи кез-келген күрес ойындарын дереу тоқтатты. Дегенмен 1961 жылы өткізілген конференцияда бұған спорт шеберлері қарсылық танытты. Наразылықтың арқасында Тусудо қауымдастығы құрылды. Бұның құрамына Кореяның атлеттер одағы кірді. Алайда, әскери күрес сынды спорт түрлері үкіметтің қатаң бақылауында болды. Қауымдастық таэквондо және суот консудо и тансудо деген спорт түрлеріне қолдау көрсетті.

1960 жылы Халықаралық олимпиадалық комитет таэквондоны спорттың «А» класының қатарына қосты.

1965 жылы Корей таэквондо ассоциясы жеке дара құрылды. Спорт шеберлері мен әскери қызметкерлер үкімет басшысы қолдау берген генерал Чойдың қалыптасқан әдістерді жаңартып ойлап тапқан жаңа формасына қарсылық білдіргендер болды Кейіннен Чой таэквондодан халықаралық қауымдастық құрды. (ITF). Чойдың орнына келген Парк Чул Хи саяси баспананы Канадан іздеуге тырысты. Солтүстік Кореяны аралаған ол таэквонданы Кореяның артықшылықтарының бірі деп насихаттады.

Кореяның таэквондо қауымдастығының дамуы елдің әскери құрылымының қалыптасуына да көп септігін тигізді.

1972 жылдың желтоқсан айында Кореяның таэквондо қауымдастығы палгуэ атты жаңа форманы бағдарламаға енгізді.

1972 жылы Сеулде Куккивоннан академиялық мектеп ашылды. 1973 жылдың мамыр айында таэквондодан алғашқы әлем чемпионаты тұсауын кесті.

Ал, 1976 жылдан бері спорттан халықаралық атқару комитеті таэквондоны Оңтүстік Кореяда ресми спорт деп мойындады. Кейіннен WTF Монреалда (Канада) халықаралық спорт федерациясының басты қауымдастығында тізімге тіркелді.

1980 жылы 17 шілдеде Мәскеуде өткен халықаралық олимпиада комитеттің 83 сессиясында таэквондо спорттың бір түрі деген мәртебе алып, 1988 жылғы олимпиада бағдарламасына енгізілді. Содан бері таэквондо әлем чемпионатында елеулі орын алып келеді.

Таэквондоның шығу тарихы жайында қарама-қайшы пікірлер жиі айтылады. Енді соның негізгі екеуіне тоқталсақ, мынадай деректерге қанық боламыз. Бәзбіреулер «Ол ХХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келген. Осы өнерді ойлап тапқан кәрістердің алғырлығының арқасында ғана қысқа мерзім аралығында Олимпиада бағдарламасына еніп, бұл күндері күллі әлемде кеңінен құлаш жайып отыр» десе, енді біреулер «бұл – ХІІ ғасырда пайда болған жекпе-жек түрі, ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас ретінде қалдырған өнері» деген уәжді алға тартады. Аталмыш пікірлердің ақ-қарасын ажыратуды тарихшылардың еншісіне қалдырайық.

 

Әдебиеттер:

1.                 Тхэквондо. Теория и методика. Том 1. Спортивное единоборство: /Под общей редакцией Ю. А. Шулика [и др.] - Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 800 с.

2.   Барчуков И.С. Физическая культура и спорт: методология, теория, практика: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / И.С. Барчуков, А.А. Нестеров; под общ. ред. Н.Н. Маликова. – 3-е изд. - М.: Издательский центр «Академия», 2009. – 528 с.

3.                 Бом В. Тхэквондо: Базовые приемы и техника боя / В.Бом, С. Фаверо, П. Джаннерини. – М.: ООО «Издательство АСТ»: ООО «Издательство Астрель», 2004.