Оқушылардың ауызекі сөйлеу тіл  байлықтарын

дамытудың  әдістемесін жасау, тәжірбиелік- эксперимент арқылы тиімділігін

тексеру

Кульжина Қарлыға Сатылғанқызы          Маңғыстау политехникалық колледжі

   Білім беру саясаты кез келген мемлекеттің мемлекеттік стратегиялық барлық бағдарламаларымыздың тірегі. Демек , ол біздің де экономикалық стратегиялық бағдарламамыздың авангард болмайынша, экономикамыздың өз бетімен қарқынды дамуы, әрі оның халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсарту барысында толыққанды кызмет етуі мүмкін емес. Сол үшін де өзіміздің ұлттық білім жүйемізді қалыптастыру кезінде оның білім тұжырымдамалары мен заңнамаларына және білімдік жобаларымыз бен бағдарламаларымызға білім берудің әлемдік үздік үлгілерін енгіземіз келсе, оларға жан жақты талдау жүргізе отырып, тиімді-тиімсіздігін анықтап, әбден зерделеп алған соң барып, байыппен енгізуіміз керек.

      Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін,тіл мәдениетін арттыру мен дамыту,сапалы білім беру-қазіргі кезде ,тіл мамандарының алдында тұрған басты міндеттерінің бірі.

       Оқушылардың ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын дамытудың әдістемесін жасау тәжірибелік – эксперимент арқылы тиімділігін тексеру үшін:

       білімді дамыту институттарында, ақпараттық-әдістемелік қызметте, білім берудің тірек орталықтарында, біліктілігін арттыруда, мектептер мен басқа жұмыс орындарында, семинарларда, пәндік-әдістемелік бірлестікте, кафедрада,  ғылыми-практикалық конференцияда ұйымдастырылады.

        Бүгінде өз бетінше білімін жетілдіру жұмыстары арнайы бағдарламның көмегімен жүзеге асырылады.

         Ауызекі тілде сөйлеу әдістемесіне келгенде ауызекі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:

а) Ауызекі тілде сөйлеудің монологты және диалогты формалары оқытудың барлық кездерінде қатар жүреді; ә) тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады. Яғни бұл ауызекі тілде сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы; б) қосымша оқыту құралдарының жиі-жиі қолданылуы; в) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызекі тілде сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану. 

        Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай   бағыттай отырып,тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылыкпен   айналыстыруға жол ашып отыр. Алайда, осы іс-шаралардың барлығы  оқытушының  ұйымдастыруы мен шеберлігінің нәтижесінде іске асырылады.

        «Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында»:

        « Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай дасау арқылы интеллектін байыту»- дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен  міндеттерін  ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды.

      Қазақ тілі сабағында оқушыларды ауызекі сөйлеу, тіл байлықтарын дамыту,  дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге,еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі- тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілеттіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады.

       «... барлық жаттығулар оқушылардың тілін дамытуға бейімделе жүргізілуі тиіс. Тіл сабағы негізінен оқушыларымызға тілімізді меңгертуді мақсат етіп қойды. Олай болса, оқу мен жазу сабақтарында әдеби тіліміздің нормаларын сақтау дағдысы бірдей дәрежеде берілуі қажет»-деген ұстанымды басшылыққа алсақ, тіл дамыту жұмыстарына бастауыш сыныптың өзінде-ақ аса назар аударылып келді.

        Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады. Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі оқушылардың сөздік қорды, ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. Атақты ғалым С.И.Ожегов  ол туралы төмендегіше анықтама береді: «Высокая культура речи- это умение правильно , точно и  выразительно передавать мысли средствами языка. Высокая культура  речи заключается не только в следований нормам языка. Она заключается еще и в умении найти не только  точное средство для выражения своей мысли , но   и наиболее доходчивое (т.е. самое подходящее для данного случая»

        Тіл дамытудағы өнімді тәсілдерінің бірі – шығармашылық тапсырмалар.

        Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу –ол жаңа мазмұн жасау. Озық педагогика әрбір бала өзінше талантты, әрқайсысы шығармашыл бола алады. Шығармашыл бала  өзінің қабілетін, күш-қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.

        Тамаша педагог В.Сухомлинский «Шығармышылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да  оқытушының , ата-ананың  негізгі мақсаты баланы өмірге , еңбекке шығармашылыкпен қарауға үйрету» - деп атап кеткен.

        Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін тіл дамыту жұмыстарында бірлікте ала отырып жүргізудің тиімділігі зор. Өйткені оқушы қандай тапсырма түрін орындамасын ,ол тіл арқылы онша қаншалықты меңгергендігі арқылы жүзеге асады. Ол туралы орыс педагогі В.А.Сухомолинский «Красоту, аромат, тончайшие оттенки слова, не только богатство мысли, но красота...» «Яғни , сұлулықты сезіне білдііру   ғана емес, тіл арқылы сол сұлулыққа, өнерге жол ашуда тіл дамыту жұмыстарының маңызы айрықша. Оқушыларды тіл дамыту жұмыстарында шығармашылық жұмыстарға жетелеуде төмендегідей талаптарды басшылыкка алдық:

      -Шығармашылық жұмыстар жеке тұлғаның қабілетін дамытуға бағытталады

     - Білімді өз  беттерімен алу іс-әрекеттері көзделді

     -Оқушылардың қызығушылығына түрткі жасалады

     -модель, жоба құруларына ,ой еркіндіктеріне т.б жол ашылады

     -іздендіру, зерттеу жұмыстарына жұмылдырылыды.

       Осы орайда , тіл дамыту жұмыстарында оқушыларды іздендіру , зерттеу жұмыстарымен жұмылдырудың маңыздылығын Т,А.Ладыженскийдің төмендегі пікірі дәлелдей түседі . « Очень важно дать ученикам конкретную  установку, нацелить их поиск, сделать его осмысленным».

       Тұжырымдай келгенде, шығармашылык  жұмыстар

     -  оқушының создік  қорларын.көркем тілдерін байытады

     -ауызекі сөйлеу тілінде де , жазба тілінде де ойын нақты жеткізуге                                                                         жетелейді

     -сауатты жаза білуге төселеттіреді

     -теориялық білімді тәжірибеде қолдануға жол ашады

     -өз беттерімен ізденуге,шығармашылықпен айналысуға дағдыландырады.

      Қазақ тілі оқытушының негізгі міндеті – оқушылардың ауызекі

сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту. Оқу орыс тілінде жүретін топтарда оқушылар қазақ тілін оқу барысында оқытушының қойған сұрақтарына түсініп, оған жауап қайтаруға үйренген сөздерін бұзбай айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйретіледі.

          Оқушы тілін дамыту үшін әр түрлі әдістермен жұмыстар өткізу керек. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту,мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтіннің мазмұның айтқызуда тірек сызбалардың берері көп.

          Бұл тәсіл жаңа сабақты жылдам түсінуге,есте сақтауға көмектеседі. Тірек сызба сұхбат құрғыза отырп, оқушылардың қазақша сөйлеуге дағдысын қалып толтыруға, сөйлем құрастыруға мүмкіндік береді.

          Тіл дамыту жұмысында сөздікпен қолданудың үлкен мәні бар. Сөздікпен жұмыс істеу балалардың сөздік қорын байытуға негіз болып табылады. Ауыз екі сөйлеу әдісінің бірі диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі тақырапта оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту,жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөздің байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелесуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің граматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады. Бұл оқушының тілін дамытады.

        Қазіргі заман талабына сай көп түрлі педтехнологиялар қолданылуда.

        Оқытушы әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылық пен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады, қазақ тіліне  қызуғышылық көтеріледі, ауыз екі сөйлеу дамиды, коммуникативтік дағдылар қалыптастырылады.

       Қорыта келгенде, тіл дамыту жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ауыз екі сөйлеу дағдыларын шығармашылық қабілеттерін дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындалуына жол ашады. Ең бастысы, сөйлеу тілдерінің көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе білулеріне, сауаттылықтарының артуынада түрткі болады.

 

 

                               Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Білім туралы. ҚР Заңы. З бап. 8 бет Алматы 2001 ж

2. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері 1991ж. 133 б.

3. Сухомлинский В.А «Разговор с молодым директором школы» М.1973. стр 81.