Ертаева Фариза Ертайқызы
Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология,
әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің
2-курс
магистранты
Этносаралық коммуникация жағдаятындағы
тілдік әртүрлілік
(Қазақстанның тілдік
жағдаятының негізінде)
Сөйлесу актілерінің қазіргі
теорияларында
қарым-қатынасқа түсушілер бірдей, екеуіне де
түсінікті тілдік кодты пайдаланады
деген ұғым қалыптасқан. Бірақ, Л.П. Крысиннің айтуынша «
... в конкретных условиях общения абсолютная идентичность кода, используемого
всеми участниками, – явление крайне редкое. Напротив, обычна неоднородность
языкового кода, и степени такой неоднородность различны» [1, 3 б.]. Ғалым келесідей тілдік әртүрлілік жағдайларын
атап көрсетеді.
1.
Қарым-қатынасқа түсушілер
әртүрлі тілде
сөйлейді.
Нақты алғанда бұндай этносаралық тілдесім болуы мүмкін,
бірақ, қарым-қатынас өкілдері бір бірімен сөйлесе
алмағандықтан оның тиімділігі өте төмен.
Этносаралық тілдесім екі коммуникантқа ортақ бір тілдің
болуын қажет етеді. Басқа
жағдайда, келесі мысалда келтірілгендей коммуникативтік
түсінбеушілік туындауы мүмкін.
«Ты
чего испугался пацан? – деді семіз сары орыс.
Шәуке
түсінді. Ауданда почташы боп істегенде орыс сөзіне едәуір
қанып қалған-ды. Жер аударылаған поптың жас
баласымен бірге қыдырып, ойын ойнап, тіл сындырған-ды.
–
Да,
так, – дей салды ол орыстың өзінен емес, көлігінен
қорыққанын айтуға ұялып.
Орыс
баланың аты-жөнін сұрады. Шәуке шұбар тілде
өзінің тарихын айтып шықты.
Орыс
ұзын мойнын қисайтып, сопақ басын сол иығына
қондырып балаға қиғаш қарап, қиялданып
тұрды. Әлден уақытта:
–
Тут
никто ни бельмеса по-русски. Ты – молодец, пацан! –
деді. (Т. Әлімқұлов. Апыл-тапыл қадам – 193 б.).
2.
Қарым-қатынасқа
түсушілердің өз ана тілін біледі, сонымен қатар
серігінің тілін де түсінеді (бірақ белсенді түрде
сөйлей алмайды және толық түсінбейді).
Бұл жағдайда тілдесушілер бір бірін аз да
болса түсінеді. Біздің ойымызша,
тілдесімнің сәтті болуы екі тараптың о бастан
түсінісуге ниеті болуына байланысты.
3.
Тілдесушілер өздеріне ортақ екі не одан да
көп тілді меңгерген.
Қарым-қатынасқа
түсушілердің әрқайсысына бір тіл ана тілі болуы
мүмкін, бірақ бұның тілдесім үрдісіне еш
байланысы жоқ, себебі қарым-қатынас өзара келісім бойынша
бірнеше тілде жүруі мүмкін. Бұған мысал ретінде
қазақ және орыс тілдерін бірдей меңгерген
қазақтардың тілдесім
жағдаятын алуға болады.
4.
Тілдесушілердің әрқайсысы өз
тілін (әдетте тілдесушінің ана тілі) меңгерген, сонымен
қатар қосымша «делдал тілде» сөйлейді; тілдесім сол «делдал
тілде» жүреді.
Қазақстан жағдайында бұндай
жағдай түрлі этникалық топтар өкілдерінің
(орыстардан басқа) арасында байқалады. Мысалы, қазақтар
мен украиндар, қазақтар мен шешендер және т.б. тілдесімінде
орыс тілі «делдал тіл» ретінде таңдалынады. Көптеген жағдайда
осындай коммуникативтік жағдаяттардың қатысушылары орыс тілін
өз ана тілі деп есептемейді және ана тілінде нашар сөйлеп
тұрса да сөйлеу тәжірибесінде орыс тілін басым
қолданады.
Мысалы:
Дежурный миллиционер подошел к старику, покачался на
носках, ухмыльнулся.
–
Как
твой памилиа?
–
Сулейман-заде.
–
А!
Знаим, заним... Ссыльнай? Што просил?
–
Вот
эта.. эта дэятелност нэ понимаю.
–
Кде?
Э-э... деятелност, знашит, не понимаешш? Ты русски жазик не знаиш, да?
–
Деятелност
это... ну... это... знашит... –Дежурный начал хлиться. –Ты что не знаешш?
–
Не
панимаю, – с тоской выдавил горбоносый
Дежурный с досадой вздернул плечами (Г. Бельгер. Я в этот мир пришел, чтобы видеть солнце, 180 б.).
5. Қарым-қатынасқа түсушілердің бірі өз
ана тілімен (Т-1) бірге серіктесінің де тілін меңгерген (Т-2),
бірақ серіктесі ол тілді (Т-1) білмейді немесе жеткілікті түрде
меңгермеген; тілдік қарым-қатынас бұл жағдайда
тек Т-2 арқылы жүзеге асады.
Қазақстанның
тілдік жағдаятындағы орыстардың өзге этнос
өкілдерімен тілдесуі осының бір көрінісі.
6. Тілдесімнің барлық өкілдерібір тілді
қолданатын бір әлеуметтік
топқа жатады.
Тілдік қатынастың бұл жағдаятында
екі нәрсеге баса назар аудару керек. Біріншіден, «әлеуметтік топ» сөзі
«этникалық топ» ұғымымен байланысты емес. Екіншіден,
автордың «ұлттық тіл» немесе «ана тілі» туралы айтып
тұрғаны түсініксіз. Біздің ойымызша, тілдік
қатынас жа,даятының соңғы тобын бірнеше бөлікке
бөліп қарастыру керек:
1)
Тілдесімге қатысушылардың барлығы бір
тілді, ана тілін қолданатын бір этникалық топтың
өкілдері. Мысалы, қазақ тілінде сөйлейтін қазақтар,
орыс тілінде сөйлейтін орыстар және т.б.
2)
Тілдесімге қатысушылардың барлығы ана
тілінен басқа тілді қолданатын бір этникалық топтың
өкілдері. Мысалы, Қазақстандағы өзінің
этникалық тобының арасында орыс тілін қолданатын барлық
этникалық топтарды (орыстардан басқа) алуға болады.
3)
Түрлі этникалық, бірақ бір
әлеуметтік топқа жататын тілдесімге қатысушылар
барлығының ана тілі болып есептелмейтін басқа бір тілді
қолдануы. Мысалы, қазақтар мен кәрістердің орыс
тілінде тілдесуі.
4)
Түрлі этникалық бірақ бір әлеуметтік
топқа жататын тілдесімге қатысушылардың тек біреуінің
ана тілі болып табылатын тілді қолдануы. Мысалы, орыстар мен
қазақтардың орыс тілінде тілдесуі.
Түрлі этникалық топтың өкілдері
тілдескенде «тілдік әртүрлілік» термині «этникалық
әртүрлілік» терминімен
толықтырылады. Бұл екі термин де кең түрде
қолданылмайды бірақ, өзара тығыз байланыста. Тілдік
әртүрлілік этногомогенді орта да және этногетерогенді орта
жағдайында да туындай алады. Қарапайым мысалдар келтірейік: орыс
және қазақ (этногетерогенді орта) орыс тілінде сөйлесе
алады (тілдік бірізіділік), дәл осылай екі қазақ та
(этногомогенді орта) орыс тілінде тілдесе алады (тілдік бірізіділік). Сонымен
қатар екі қазақ (этногомогенді орта) қазақ
және орыс тілінде қат ар сөйлесе алады (тілдік
әртүрлілік).
Нәтижесінде, «этникалық орта сипаты» мен
«тілдік орта сипаты» түсініктерінің қатынасы келесідей
түрлерге ие болуы мүмкін:
‒
этногомогенді орта – тілдік бірізіділік;
‒
этногомогенді орта – тілдік әртүрлілік;
‒
этногетерогенді орта –
тілдік бірізіділік;
‒
этногетерогенді орта – тілдік әртүрлілік;
Біздің зерттеуіміз Қазақстан
жағдайындағы этногетерогенді ортаға назар аударады.
Е.П. Белинская
мен Т.Г. Стефаненконың зерттеуіне сүйенсек этникалық
бірліктің құрылуына әсер ететін факторлар
төмендегідей болып келеді:
1) особенности
этнической специализации в семье, школе и ближащем социальном окружении;
2) осбенности этноконтактной среды, прежде всего ее
гетерогенность/гомогенность;
3) статусные отношения между этническими группами [2, 86 б.].
Барлық этносаралық тілдесімге тән
этникалық және тілдік
ортаның әртүрлілігі және
қарым-қатынасқа түсушілердің коммуникативтік
жоспары мен коммуникативтік әрекеттерінің сәйкес келмеуі
тілдесушілердің оңтайлы коммуникативтік жағдайында орын алса
сәтті этносаралық тілдесімге кедергі бола алмайды. Ал, түрлі
этникалық топ өкілдері этносаралық тілдесімге түссе
тілдесу құралын таңдау мәселесі алға
шығады. Осы себептен әртүрлі этникалық топтар тілдесімінде
тиімді тілдік қарым-қатынас құру үшін
барлық коммуникативтік серіктестерге ортақ тіл таңдалатын
жағдай біздің назар аударуымызды қажет етеді. Бұл
«көпұлтты, мультимәдениетті, поликонфессиональды мемлекет»
ретінде Қазақстан үшін
аса маңыздылыққа ие. Ғалым Э.Д.Сүлейменова
Қазақстанның этнотілдік жағдаятына қарап,
оның тұрғындарын төрт топқа бөледі:
қазақтар мен орыстар ең үлкен диаспора өкілдері;
үлкен диаспора өкілдері; аз санды диаспора өкілдері [3, 53
б.].
Ғалым «аз сандыдиаспоралардың басым,
доминанты рөлдегі тілдер мен мәдениеттеге тәселділігін» атап өтіп, оны этникалық
тілдің басқа бір тілдік ортада ұзақ уақыт
және аз көлемде қолданылуымен байланыстарады.
Қарым-қатынасқа түсуде
тілдің маңызыдылығы арнайы дәлелдемелерді қажет
етпейді, бірақ, этносаралық тілдесімде тіл тиімділіктің басты
шарты болып табылады. Көптеген жағдайларда ол өздеріне жат
этноортаға түскен әртүрлі этникалық топтар
коммуниканттарының жақындығының белгісі.
Нақты мысалдарға сүйенсек, жат тілге
ауысу, яғни, ортақ тілден бас тарту тілдесушілердің біріне
жағымсыз әсер етеді және тілдесімнің аяқталуына
әкелуі мүмкін.
Мысалы:
Қаладағы
пәтерлердің бірінде 27 мен 35 арасындағы екі жас отбасы
мүшелерінің арасындағы әңгіме,
тілдесушілердің барлығы жоғары білімді.
К.
(35 шамасындағы еркек, өзінің Г. серіктесіне): – Алдында
шведтерді қалай қарсы алдыңдар?
Г.
(күліп): -Ой, қызық болды ғой! Разговаривать не
умеем... Отырдық мантыны ақырын жеп.
К.
(А. Және Г. қарап): -Акмарал, вы так хорошо владеете английским.
Ж:
- Енді, если закончила эту специальность. Считай, со школы говорит на
английском.
К:
- Біз сидели молчали, Акмарал одна с ними разговаривала. Енді не істейік.
Сөйлей алмаймыз, отырдық сосын. Что оставалось делать.
Қорыта келе, біз тілдік мәселенің
этносаралық тәлдесімде тек лингвистикалық
тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар, саяси
тұрғыдан да маңыздылыққа ие екендігін үлкен
сеніммен айта отырып, қазіргі Эстония мемлекетіндегі жағдайды мысал
ретінде келтіреміз. Осы елдің тұрғындарына жүргізілген
әлеуметтік сауалнама эстон тілінің жағдайы түралы
көңілге кірбің түсіретін нәтиже берген. Бұл
елге келген респонденттер ешқандай тілдік қиындық
көрмеген. Себебі эстондықтар орысша сөйлеп, оларға
әрқашан жылы қабақ танытқан. Ал қазір
эстондықтар тілді эстон тілін меңгеру деңгейі бойынша азаматтар және азаматтық
құқығынан айырылғандар деп екіге бөлінеді.
1.
Крысин Л.П. Речевое общение в условиях языковой
неоднородности. –М., 1999.-249 с.
2.
Белинская Е.П., Стефаненко Т.Г. Этническая идентичность:
понятие, формирование, модели измерения//Этническая социализация подростка.
–М.-Воронеж.–2000.-189 с.
3.
Сулейменова Э.Д. Полиязычие и языковой сдвиг: к
характеристике языковой ситуации в Казахстане // Полилингизм: Язык – Сознание –
Культура. Международная конференция «Ахановские чтения» под эгидой Мапрял
(Материалы докладов и сообщении) / Ответ.ред. Э.Д.Сулейменова. –Алматы:Қазақ
университеті,2008. –Т.1.- 234 с.