Смагулова Райхан Зарыккановна

 

Университет «Тұран-Астана», Казахстан, Астана қ.

 

Директор образовательного центра и развития «Алатай-Аккозы» raihan.vko@mail.ru

                   Тұлғаны әлеуметтендіру мәселесінің өзектілігі

Аннотация

В статье раскрывается суть и актуальность социализации личности на современном этапе

Ключевые слова: личность, социализация личности, социальное формирование личности

 

Аңдатпа

Мақалада әлеуметтендірудің жалпы мәселелерi, оның принциптерi, бағыты және мүдделерi қарастырылды.

Тірек сөздер: тұлға, тұлғаны әлеуметтендіру, тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы

 

Abstract

The author reveals the essence and relevance of socialization of the person at the present stage.

Key words: personality, socialization of the individual, the social formation of personality

 

 

Республикамызда жүріп жатқан іргелі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар жеке тұлғаны әлеуметтендіру үрдісіне, жас ұрпақ өмірінің барлық қырларына едәуір әсер етуде.

Жеке тұлға көп уақыттан бері тәрбиенің объектісі ретінде қаралып келсе, бүгінде ол өзін өзі ұйымдастырушы және өзін-өзі жетілдіруші субьект ретінде көрініп келеді. Жеке тұлға бүгінде ішкі сұранысқа ие болып, алдына нақты мақсат қоя білуі қажет. Қазақстан Республикасында жеке тұлғаны әлеуметтендірудің стратегиялық бағыты жаңаша әрі шығармашылықпен ойлайтын, өміртану мәдениеті дамыған жаңа адамдарды қалыптастыруды алға тартып отыр. Бұл идея қолданыстағы нормативтік кұқықтық кұжаттарда көрініс тапқан. Олар: "Қазакстан - 2050" стратегиясы, Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылдарға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, Қазакстанның индустриалды жаңаруын 2003-2010 жылдарға дейін дамытудың стратегиясы, Этномәдени білім Тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының білім ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы гуманитарлык білімнің бағдарламасы, Қазакстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.

Тұлғаны әлеуметтендіру - бұл тұлғаның әлеуметтік ортаға, әлеуметтік байланыстар жүйесіне бейімделуі барысында қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені меңгеретін көпсатылы үрдіс, оның нәтижесінде субъект әлеуметтік және мәдени нормаларды бойына сіңіреді. Жеке тұлғаның қалыптасу үрдісі - аз уақытта белгілі бір нәтиже беретін әлеуметтік үрдіс емес, керісінше ұзақ уақытқа созылатын - бүкіл ғұмыр бойы жүретін үрдіс.[1, 69 б.]

XX ғасырдың ортасынан бастап әлемдік қауымдастықта ғұмыр бойғы тәрбие тұжырымдамасы негізінде тәрбие мен оқыту принциптерін түбегейлі өзгерту идеясы кеңінен тарала басталды. Ғұмыр бойғы тәрбиенің басты мақсаты - жеке тұлғаны бүкіл өмір бойы ұдайы қалыптастыру және дамыту, мектептегі (институционалды) және мектептен тыс (институционалды емес) тәрбие мен оқытудың өзара байланысын жүзеге асыру. Тұжырымдама тәрбиелеу мен окыту жүйесін мектепте, колледж бен жоғары оқу орындарында дамытуды; мектепке дейінгі және мектептен тыс білім бағдарламаларын кеңейтуді; құқықтық, экологиялық, экономикалық білім алу мұмкіндігін кеңейтуді; халықаралық ынтымактастықты нығайтуды көздейді. Ғұмыр бойғы тәрбие білім алудың жаңа мүмкіндіктерін тандауға ықпал етеді, білім алушыларды жеке кабілеттерін жетілдіруге ұмтылдырады және өз бетінше білім алу мотивациясын қалыптастырады. Өз бетінше білім алу, өз бетінше жұмыс істеу - оқыту үрдісіне кредиттік білім беру жүйесін ендіру жағдайындағы маңызды факторлардың бірі.

Қоғамның қазіргі дамуы өмірдің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осындай өзгерістер педагогика теориясы мен практикасына да өз ыкпалын тигізуде. Соңғы жылдардағы қоғамда белең алған кейбір тұраксыздық жағдайлар, коғамның әлеуметтік саралануы, рухани адамгершілік құндылық бағдарлардың әркелкіленуі жастар тәрбиесінің өзектілігін арттыра түсуде. Қазіргі заман адамдарға жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді. Солардың арасында: кездейсоқ жағдайларда саналы таңдау жасай білу, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну, сенім тәуелсіздігі, белсенді өмірлік ұстаным, азаматтық коғам құндылықтарын игеру, әлеуметтік өзгерістерге икемделе білу және т.б. талаптар бірінші кезекке шығуда. Аталған касиеттердің барлығын қалыптастыру тәрбие еншісі екені түсінікті. Демек жастардың коршаған әлемдегі әлеуметтік кұбылысқа табысты бейімделуіне ерекше мән беру кажеттілігі туыңдайды. Ол үшін біз тәрбиенің әлеуметтік мәнін жете түсінуіміз керек. Аталған мәселеге катысты әдебиеттерге сүйенсек, онда тәрбиенің әлеуметтік мәні баланы жасанды ортаға емес, үлкен өмірге дайындауында деп түсіндіріледі. Ендеше әлеуметтік тәрбие әлеуметтенген тұлға қалыптастыруға бағытталады. Әлеуметтік тәрбие берудегі жетекші рөл ең алдымен отбасы мен мектепке жүктеледі. Сондыктан бүгінгі тандағы отбасы мен мектептің басты міндеттерінің бірі - бұл тұлғаның әлеуметтік дамуына жағдай жасау болып табылады. Осы орайда, даму деп - ішкі және сырткы факторлар әсерімен бір нәрсенің бағытталып, заңды өзгеруін, ал тұлғаның әлеуметтік дамуы деп - тұлғаны әлеуметтендіру, тәрбиелеу және қалыптастыру үрдісінде тұлға кұрылымының сандық және сапалык өзгеруін түсінген жөн. [2, 43 б.]

Мәселеге қатысты зерделеген ғылыми педагогикалык әдебиеттерге сүйенсек, "әлеуметтендіру" термині жаңа ұғым емес деуге болады.

"Әлеуметтендіру" термині алғаш саяси экономика ғылымында ғылыми айналымға түскен. Оның бастапқы мағынасы жерді, өндіріс кұралдарын және т.б. коғамдандыру дегенді білдірген. Алғаш рет тұлғаға қатысты 1887 жылы американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддистің "Әлеуметтендіру теориясы" атты еңбегінде қолданылған. Автор осы еңбегінде: "әлеуметтендіру дегеніміз - жеке бастың әлеуметтік мінез-кұлкы немесе табиғатының дамуы, адамзат материалын әлеуметтік өмірге дайындау" - деп түсіндіреді. ¥ғымның этимологиясына келсек, "әлеуметтендіру" латын тілінен аударғанда "коғамдық" деген мағынаға ие. Яғни ол - үрдіс ретінде жеке бастың тілді, әлеуметтік кұндылықтар мен тәжірибені, белгілі бір қоғамға не әлеуметтік топқа тән мәдениетті меңгеруі және солар аркылы өзінің әлеуметтік байланысы мен тәжірибесін байытып, тұлға ретінде қалыптасуы. Педагогикада әлеуметтендіру үрдісі - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуының нәтижесі, шарты, көрінісі ретінде қарастырылады. Ол ең алдымен "әлеуметтік кұндылық" және "әлеуметтік тәжірибе" ұғымдарымен тығыз байланысты. "Әлеуметтік кұндылыкты" кең мағынада карастырсақ, оған неғұрлым мәнді әлеуметтік кұбылыс және фактілер жатады. Ал тар мағынада қарастырғанда, ол - адамгершілік және эстетикалық талаптар, адамзат мәдениетінің және коғамдык сананың нәтижесі болып табылады. Әлеуметтік тәжірибе - белгілі бір әлеуметтік ортадағы тұлғаның өмірлік әрекетіндегі игерген білік, дағдылары мен әлеуметтік білімінің жиынтығы болып табылады. Адамнын әлеуметтену үрдісі оның психикасымен тығыз байланыста және өмір бойы үздіксіз жүреді. Әлеуметтендіру кезеңін жіктеуге түрлі тұрғысынан келуші ғалымдар бар. Өйткені XX ғасырдың 60-жылдарына дейін әлеуметтендіру жастық шақта аяқталатын үрдіс деп қарастырылып келді. Ал оның өмір бойы жүретін үрдіс екендігі туралы алғаш пікір білдірген американдық ғалым О.Г.Брим (кішісі). Ғалым сонымен катар ересектер мен жастардың әлеуметтенуінің арасында елеулі айырмашылықтар да болатынын дәлелдеді.

Сонымен қатар мәселені зерделеу барысында әлеуметтендірудің түрлі тұжырымдамаларын талдау нәтижесі әлеуметтендіру үрдісіндегі адамның өзінің алатын рөлі туралы пікірлердің әлі де біркелкі еместігіне көз жеткізді. Сол себептен ғалымдар арасында мәселеге екі түрлі амал тұрғысынан келу қалыптаскан. Бірінші амал тұрғысынан келуші ғалымдар әлеуметтендіру үрдісіндегі адамның рөлін пассивті, ал әлеуметтендіру үрдісін адамның қоғамға бейімделуі, яғни өзінің әр мүшесін оған тән мәдениетке сай калыптастыратын үрдіс деп қарастырады. Бұл амалды субъекті-объектілік деп тануға болады. Мұнда коғам - ыкпалы субъект , ал адам - обьект.

Әлеуметтендіруге екінші амал тұрғысынан келетін ғалымдар адам әлеуметтендіру үрдісіне белсенді араласады, қоғам өміріне тек қана бейімделмейді, өзінің өмірлік жағдайына және өзіне ықпал етеді деген пікірді ұстанады. Бұл амалды субъектілік - субъектілік амал деп қарастырамыз. Әлеуметтендіру мәселесін зерттеуге бүгінгі күнге дейін осындай екі түрлі амал тұрғысынан келу қалыптасқан. Осыған орай әлеуметтендіру тұжырымдамаларының алуан түрлілігіне қарамастан оларды екі үлкен топка жіктеуге негіз бар: бірінші және екінші амал тұрғысынан келетін тұжырымдама иелері деп. Мәселен, бірінші амал тұрғысынан келетін тұжырымдамалары мен оның өкілдері: Э.Дюрикгейм, Т.Парсонс, Дж.Х.Баллантайн, Э.Мак Нейл, Дж.У Огбю, Дж.и З.Перри, Р.Дж.Хевигхерст және т.б. Екінші амал тұрғысынан келушілер: У.И.Томас жэне Ф.Занецкий, Ч.Х.Кули мен Дж.Г.Мид, У.М.Уэнтворт.

Ал жалпы әлеуметтендіруге феномен ретінде әр кезеңде түрлі ғалымдар: психологтар, әлеуметтанушылар және философтар мен педагогтар да жеткілікті мән берген. Атап айтатын болсақ: А.Г.Асмолов, Н.А.Бердяев, Е.В.Бондаревская, Л.С.Выготский,С.И.Гессен, В.А.Караковский, И.С.Кон, А.Н.Леонтьев, Р.А.Литвак, А.В.Мудрик, И.П.Подласый, Г.А.Цукерман, Мордахаев және т.б. Отандық ғалымдарымыз Ы.Алтынсарин, Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, А.Н. Тесленко, С.Қалиев, К.Қожахметова, М.Демеуова, Загайнова және т.б. еңбектерінде әлеуметтендіру мәселесі жекелеген қырларынан қарастырылған. Сонымен қатар әлеуметтендіру мәселесі жекелеген қырларынан да зерттеле бастағанына көз жеткіземіз. Маселен саяси әлеуметтендіру, кұкықтық әлеуметтендіру және т.б. Бүгінгі таңда түрлі әлеуметтендірудің әлі де  калып келе жатканы белгілі. Мәселен, кіші мектеп класындағыларды, мектепке дейінгі жастағыларды, девиантты балаларды, мүмкіндігі шектеулі жастарды әлеуметтендіру, әлеуметтендірудің гендерлік аспектілері, халыктық педагогикадағы әлеуметтендіру мәселелері бойынша жеке-дербез зерттеулердің кажетілігі күннен-күнге артуда.

Әлеуметтендіру мәселесі педагогика ғылым болып қалыптаспанға дейінгі кезеңде, халыктық педагогиканың басты мәселелерінің бірі болған деуге болады. Мәселен, ертегі, аңыз әңгіме, мысалдар, дастандарда да көрініс береді. [3, 21 б.]

Дегенмен бүгінгі таңға дейін әлеуметтендіру мәселесі әр кырынан зерттеліп, оны шешу тетіктері аныкталып қойған деуге ертерек. Өйткені педагогикалык әдебиеттерде әлеуметтендіру мәселесінің түрлі қырлары сөз болғанымен, оны практикада жүзеге асыру тетіктері ғылыми негізделмеген, әсіресе мемлекеттік тілдегі толымды зерттеулер әлі де қажет-ақ. Бүгінгі таңға дейін жастарды әлеуметтендіру мәселесінің ғылыми әдістемелік қамтамасыз етілуіне келсек, ауыз толтырып айтарлықтай еңбектерді кездестіре алмаймыз. Сол себептен де бұл мәселенің практикада жүзеге асуы жүйелі ғылыми сипатта көріне  алмай отыр. Сондықтан әлеуметтендіру мәселесінің теориялык негіздері мен оны жүзеге асырудың тетіктерін ұсынатын іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіліп, мемлекеттік тілдегі ғылыми қордың қатарын толтыруы тиіс. Әсіресе әлеуметтендіру пәнаралык зерттеулер аймағы ретінде; тұлғаны әлеуметтендірудің туу, даму, қалыптасу тарихында қазақ ойшылдары мен ғалымдарының әлеуметтендіру мәселесі туралы ой пікірлерінің алатын орнын айқындау; Қазакстан жастарын әлеуметтендірудің жай-күйі мен тәжірибесі, болашағы; жастарды әлеуметтендіруді сипаттайтын мемлекеттік нормативтік- кұкыктық кұжаттарға талдаулар жасау мәселелері басты назарда болса деп ойлаймыз. Шағын мақаланы максаты - мәселеге қазақ тілді ғалымдардың назарын аудару. [4, 86 б.]

Әлем күн санап адам танымастай өзгеруде, ал адам ше? Әрине адамда соған сай өзгеруге міндетті. Дегенмен қоршаған ортадағы өзгерістер қаркыны мен адамның оған бейімделуі арасында көптеген мәселелер туындайды. Жаһандану үрдісінің ықпалынан тез өзгермелі заманда өмір сүруге мәжбүрміз. Ересектерге мамандығын, өмірлік әрекетінің стилін, ойлау стилін, өмір сүру салтын өзгертуге тура келуде. Бұл барлық адамға бірдей оңайға соқпауда. Адамдардың барлығы дерлік заман ағымына сай біркелкі ілесе алмайды. Жалпы әлеуметтендіру үрдісінің өзектілігі де міне осында сияқты. Демек адам - Тарихтың куәсі, катысушысы ғана емес, оны жасаушы әрі кұрбаны деуге болады [5, 55 б.]

Қоғам болашағы жастар колында екені әрі соңғы он жылдыкта басқару үрдісіне жастардың ерте тартылуы аталған мәселеге ерекше мән беруді кажетсінеді. Жастар мен ересектердің әлеуметтенуінің өзара елеулі айырмашылықтары бар. Ересектер жаңа жағдайға сай тез бейімделуі керек екенін саналы түсініп тұрса да барлық кезде ол қолынан келе бермейді. Өйткені оның бойында қалыптаскан сапалар мен қасиеттер бүгінгі күн қажеттілігі мен кейінгі ұрпақты қанағаттандыра алмауда. Ал қазіргі заман ағымын күнделікті шынайылық ретінде қабылдап, одан өзге өмірді білмейтін жастарды аға ұрпақтың қабылдауы да - бір мәселе. Міне бүгінгі таңдағы жастарды әлеуметтендіру осы екі мәселенің арасындағы көпір қызметін атқаруы тиіс.

 

   Әдебиеттер:

1 Тесленко А.Н. Социальная адаптация и трансформация профессиональных групп в современном обществе. - Сборник тезисов. Москва, 2005. С.29-32.

2 Мудрик А.В. Социализация человека. - М., 2006.

3 Кон И.С. Социология личности. - М., 1967.

4 Әуелғазина Т. Жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуінің ерекшеліктері. - А., 2006.

5 Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте: Психологические исследования. М., Просвещение, 1968. 464-6.