Педагогические науки/ 5. Современные методы преподавания

мектеп директоры Толеубаева Г.А.

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласының О.А. Жаутіков атындағы №1 қазақ орта мектебі

 

Математика  сабағында көрнекілік  принципті   қолдану технологиясы

 

Білім - кез келген мықты мемлекеттің тірегі. Білімнің мемлекеттік саясаты стратегиялық мақсатқа бағытталған: болашақ ұрпаққа инновациялық және шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті етіп тәрбиелеу, оның жеке тұлға болып қалыптасуында адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін алдыңғы орынға қоя отыра өсіру. Білім беру - қоғамдық ұйымдастырылатын және реттелетін, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа әлеуметтік маңызды тәжірибені тұрақты түрде беру процесі екені мәлім. Бүгінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту әлемдегі білім жүйесіндегі өзгерістерді, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, әлемдік білім жүйесіне кіру мүмкіндіктерін ескере отырып іске асырылмақшы.

Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді.

Оқу əдісі педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тəсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі тəсіл болып есептеледі.

Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.

Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір бірімен байланысты жүзеге асады. Мысалы: саналық, көрнекілік, жүйелік, шамаға лайықтылық және тағы басқалар. Оқушылардың математика пәнінен білім деңгейін көтеруде көрнекілік принциптерінің рөлі ерекше.

Қазіргі уақытта психологиялық - педагогикалық және әдістемелік  әдебиеттерде көрнекілік, көрнекі оқыту, көрнекілік түрлері, көрнекі құралдары жіктемесінің сан-алуан жолдары келтіріледі.

Ғылыми әдебиеттер мен мектеп практикасында «көрнекілік» сөзі үш мағынада қолданылады. Біріншіден, ол кейбір обьектілер (көрнекі құралдарды), екіншіден, кейбір қасиеттері реалды заттар, құбылыстар, ойлау), үшіншіден, адамның белгілі бір іс-әрекетін (көрнекілік құралдарын қабылдау, оларды пайдалануды) білдіреді. Терминнің көпмәнділігіне байланысты оның әр түрлі анықтамалары бар.

Ә. Бидосов көрнекілік принципін жүзеге асыру нақтылық пен абстрактылықтың бірлігі деп түсінеді. Мұның мәні оқытудың әрбір сатысында, білім игеру логикасының желісін басшылыққа ала отырып, сол білімдердің айрықша фактілері мен оқушылардың байқауларының немесе аксиомалардың ғылыми ұғымдар мен теориялардың алғашқы бастамаларын тауып, жеке затты қабылдаудан жалпылыққа, нақтылықтан абстрактілікке және керісінше жалпылықтан жекелікке, абстрактіліктен нақтылыққа көшу заңдылықтарын анықтау болып табылады. Сонымен қатар оқу процесіне көрнекілікті пайдаланғанда бірқатар әдістемелік талаптарды орындаған жөн екенін ескертеді: көрнекі құралдар сабақтың мақсатына сәйкес іріктелуі тиіс көрнекі құралдарды пайдаланғанда оқушылардың оларды дұрыс қабылдауын қамтамасыз ету үшін, құралдың неғұрлым маңызды жақтарына назар аударған жөн; сабақта көрнекі құралдар шамадан тыс көп болмағаны яғни мақсатқа жетуге қажеттілерін ғана пайдаланған   маңызды. Егер сабақ кезінде бірнеше көрнекі құрал көрсетілуі керек болса, олардың бәрін бір уақытта емес, әрқайсысын қажетінше кезегімен пайдаланған орынды [2].

Мектепте  көрнекіліктің  бірнеше  түрі   қолданылады.   Мысалы,  жаратылыс    көрнекілігі  оқушыларды   өмірде   бар  обьектілермен  таныстыруды   көздейді.   Көлемдік  көрнекілік   ақиқат  дүниенің  көлемдік   бейнесін  беру   мақсатында   қолданылады.  Оған   фото- суреттер,  картиналар,  диапозитив,  дыбыссыз  кино және  т.б.   жатады.   Дыбыстық   көрнекіліктер  дыбыстық   бейнелер,   шығармалардан үзінді   оқу,  дауысты  таспаға  жазу,  шет  тілін   үйренуге   магнитофонды  пайдалану және   т.б.  қамтамасыз   етеді.   Символдық  және   графикалық   көрнекіліктер   абстрактылы   ойлауды   дамытуды   мақсат    етеді.   Мұндай   көрнекіліктер   болмысты  символ   түрінде   сипаттайды.   Мысалы   жоспарлар,  карталар,  схемалар,  диаграммалар,  т.б.  Суреттерді   анимациялау,   түр-түсін   өзгерту,   оған   дыбыстар   қосу   мүмкіндігі   көрнекілік  принципті    жүзеге   асырылуы   болып   табылады.

Көрнекілік материалдарға плакаттар, таратпа материалдар, тест материалдары, техникалық оқыту құралдары, жалпақ тілмен айтқанда сабақты оқушылардың тез игеруіне, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізетін, қолмен ұстап, көзбен көруге болатын барлық материалдарды жатқызуға болады. Қазіргі таңда сабақтарда техникалық оқыту құралдарын қолдану мүмкіндігі мол. Техникалық оқыту құралдарына компьютер, мультипроектор, интерактивті тақта, бейне  магнитофон, мультимедиа кабинеттерін жатқызуға болады.

Көрнекілік  принципінің   жаңаны   тануда,   бейнені   елестетуде,   материалды   ұзақ   есте   сақтауда   тиімділігі    жоғары.   Компьютерде   оқушылар  графикалық    бейнелерді   түрлендіріп,  ондағы   обьектілерді   өзгерте  алады,   ал   оқу   киносы   мен   теледидарда   мұндай   мүмкіндік   жоқ. Ойлаудың    ерекшеліктері  «Ойшылдар» математикалық   мәселенің  маңызын   бірден   түсінеді.  Математикалық   есептерді   шешу  кезінде  логикалық   ойлауының   күштілігімен,  ерекшелігімен,   дербестігімен   өзге-шеленеді.  Басқа   пәндерді   оқу  барысында   негізгісін   меңгереді. Шығарма   жазу  барысында ортақ   қорытынды   шығару  үшін фактілерді   салыстыруы   көрінеді. Сондай-ақ «Суретшілердің»  ойлауы да көрнекілікке   негізделген.  Әдебиетке қарағанда   математикалық    ауызша  материалды   түсіну  оған   қиын   түседі.  Өзінің  жазбаларында,   конспектілерінде  негізгіні  бөліп көр-сету   жоқтың   қасы.  Жалпы   қорытынды   жасау   үшін   салыстыруды   өте   сирек   қолданады.

Мектептерде оқытылатын математика пәнінен әртүрлі электрондық оқулықтар, бағдарламалар бар. Электрондық тақтаны қолданғанда Microsoft Power Point бағдарламасы арқылы слайдтарды құрастырып, осы тақтада көрсетуге болады. Бұл бағдарлама арқылы сабақ жоспарларын, әртүрлі жарыс сабақтарын ұйымдастыру және тағы да басқа көптеген материалдарды жасау компьютерді қолданудың алғашқы курсынан өткен адамдарға еш қиындық туғыза қоймайды. Ал компютерді кез келген ауыл мектептерінен табуға болады. Қандай көлемде, қай тақырыпта көрнекілік материалдар жасау өз қолыңызда. Тек ынта мен уақытыңызды бөлсеңіз болғаны. Ал бұл еңбегіңіздің өз кезегінде ескеріліп, жемісін беретініне күмәніңіз болмасын.

Математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, заманауи технологияны, яғни компьютерлік техниканы математика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сабақ өтсе сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын.

Әдебиеттер:

1 Омаров С.Қ., Мұқатаев А.А., Сәрсекеева Ж.Е. Педагогика. Оқытудың несиелік жүйесіндегі сабақтар. Оқу құралы. – Қарағанды:  Гласир, 2007. - 220 б.

2 Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. Алматы: «Мектеп» 1989.- Б. 56-57.