А.В.Таңжарықова
Филология
ғылымдарының кандидаты
Қазақ
прозадағы туған жерге деген сүйіспеншілік
9+лі сипатта.
Қаламгер Мәди
Айымбетовтің «Қара шаңырақ»
әңгмесінің де негізгі тақырыбы – туған жер,
туған үй мәселесі.
Шығармадағы
фольклорлық сипатты екі тұрғыдан көрсетуге болады.
Оның ең бастысы – туған жерге қатысты. Жалпы жер
ұғымы – ежелден бергі түсінік (мифтік, тәңірлік)
бойынша, өзгермеудің, мәңгіліктің,
тұрақтылықтың символы. Яғни «туған жер»
әлемнің реттелген, игерілген, тәртіпке келтірілген,
кеңістігі (ата-бабалар қонысы, атамекен, атажұрт). Оның
сыртындағы «жат», «бөтен», кеңістік жауға тән
кеңістік иелерінің мекені (сиқырлық, зұлым,
күштердің мекені). Туған жердің тауы мен тасы,
өзен суы бәрі осындай киелі қасиетке ие. Тұтастай
алғанда, адамның кесір күштерден қорғанатын
панасы, саясы дейтін ұғымды жинақтайды.
Жым-жырттықтан
кұлағың тұнады. Көз алдың өзгермейтін
бәз-баяғы бір көрініс – дөңес-дөңес
төбе қырқалар, тіркесіп ұбак-шұбақ кетіп
жатыр, кетіп жатыр. Солардың арасындағы бір еңісте
отырған үш киіз үй – біздің ауыл. Ортадағы
Сәрсет көкемнің үйі, артезиан құдығы
жанындағы оның көмекші шопаны – Оршанікі, ал бергісі –
біздікі.
Сәрсет көкем осы
Дөңбелдегі жайлауға күз түскенше отыруға
атам мен әжемді орталықтағы үйден бөліп
көшіріп әкелген. Мен де оларға ілесіп келдім. «Жігіт болып
қалған адамсың, қойға көмектесерсің»,
– деді Сәрсет көкем.
Сәрсет көкем –
менің әкемнің ағасы, сондықтан оның
айтқаны, ойға алған ісі – екі үйіміз үшін де
бұлжымайтын заң.
Бәтиса жеңешем
орталықта тұратын біздің үйді «қара
шаңырақ» дейді, ал әкемді «мұғалім» деп
мамандығымен атайды.
Әжемнің маған
түсіндіруінше, қара шаңырақ аталуымыздың себебі –
атам мен екеуінің бізбен бірге тұратындығынан екен.
Сәрсет көкем мен Бәтиса жеңешем олардан тиесілі еншісін
алып, бөлек үй болып кеткен, яғни өздерінің
шаңырағын көтерген [1, 374].
Қазақтың
патриархалды үлкен отбасы қауымы ата-ана, балалар және
немерелерден тұрған. Кейде қауым мүшесіне
әкенің аға-інілері мен олардың әйелдері
және балалары, өлген туыстарының балалары да кіретін.
Мұндай отбасындағы адамдар саны 25-30 тіпті одан да көп
болатын кездері болған. Сөйтіп олар бірнеше үйленген
ұрпақтардан құралып, бір жерде тұрып, бірігіп
еңбек етеді, ішім-жемі, киімі де бір қазаннан ортақ
болған.
Үлкен патриархалды отбасылардың
экономикалық негізі қазақ-тарда мал болды. Оны
мүмкіндігінше бөлгізбеуге тырысты. Дүние-мүлікті белу
ата-ана олгеннен кейін немесе бір-екі баласының ер балалары коп болып,
олардың ер жеткендерін үйлендіру қажет бол-ганда гана
жасалатын.
Үлкен отбасыларда әкенің рөлі өте жоғары болған. Жасы
үлкен информаторлардың айтуы бойынша қазіргі заманда
тәрбиенің бұзылуы әкенің рөлінің төмендеуінен дейді.
Үлкен патриархалды отбасында әке
үкімі шексіз болған. Ал әке өлген соң оның орнына жанұя бастығы болып
қалған үлкен ағаның
үкімі барлық басқа жанұя
мүшелері үшін заңды болған. XIX ғ. қазақтағы дара, шағын жанұя
үстемдігінің кезінде де әкесінен бөлініп өз
алдына жеке отбасы болып кеткен ұлдарына әкесінің не үлкен ағасының белгілі мөлшерде ықпалы жүрген. Шаруашылығы, яғни мал-мүлкі бөлек болғанмен, барлық балалары әкесімен ақылдасып, оның айтқанын көпшілік жағдайда екі
қылмайтын. «Үлкен үй» деп аталатын атасының не
әкесінің үйін «қара шаңырақ» деп те
қатты сыйлайтын. Әкесі өліп, кенже баласына не кейінгі ұрпақтарына ауысса да, «қара
шаңырақ» сол қалпында сақталып, әкесінен тараган
барлык үрпақ үшін қадірлі, қасиетті орда есебінде
де болады. Бұл әдет қазақтарда күні бүгінге дейін
кездеседі. Қара шаңырақты қадірлеу ата-баба аруағын
қадірлеумен байланысты нанымның бір түрі болумен бірге, бұдан үлкен патриархалды отбасының ыдырау
кезіндегі дара, шағын отбасылардың арасындағы патриархалдық қатынастардың
сілемін сақтай түсу нышанын да көреміз [2, 113].
Жазушы осы этникалық
дәстүрді шығармасына негіз ете отырып, ата-әже, немере
ақырм-қатынасындағы табиғи жалғастық,
мейірім, сезім жылылығын алға тартады.
Жайлауға көшіп
келгенде де әжем мен атам өздерінің қара
шаңырақ мәртебесін катаң сақтайды.
Көкемдердің үстіне кірмейді, үйлерін бөлек
тігеді.
Сәрсет көкемдер
отырған бұл жер «Дөңбел» деп аталады. «Шөбі
шүйгін, кұдығының суы мол, ауасы – сабат, жақсы
жайылыстың бірі», – деген атамның сөзіне Сәрсет
көкем кәдімгідей желпініп калады. Ата сөзі арқылы
жер-судың жайын білетін қарттардың образы танылады.
Егер әңгіме сол
жерде, яки қалада болған оқиғаны баяндап,
ешқандай ғажайыпты, тылсым ұғыммен байланыстырмаса,
ондай әңгімені топонимикалық аңыз деп білу қажет.
Мұндай әңгіменің басты нысанасы – мекеннің
атының қайдан пайда болғанын түсіндіру емес, сол
мекенде болған оқиғаны хабарлау, бірақ сырттай
қарағанда әңгімеші мекеннің атын түсіндіріп
отырған сияқты болып көрінеді.
– Басшыларға рақмет.
Қадірімізді біледі. Жылда әйтеуір таңдаған жерімізді
береді. Күзге шейін мал мамырлап семіреді, бұл арада. Абырой деген
сол емес пе, аға! – дейді ол, атамның Дөнбелін
мактағанына әбден разы болып.
Сәрсет көкем
өзінің әкесін, менің атамды, аға дейді. Папам да
солай атайды.
Атамның бұл
арадағы – Дөңбелдегі шаруасы: ауылдың,
үйдің, қотанның төңірегінде оны-мұны
істеу. жеке малдарға қарау. Күрең бие биыл жаз ортасы ауа
құлындайды деп жүр. Соның күтіміне, жайына ерекше
карайды. Сауынға ұстап отырған Сәрсет көкем мен
Оршаның биелеріне қоспай, күренді атам шідерлеп
ұстайды.
Әжем мен бастаған
үш үйдің бар баласына ши суыртады. Еңіс
жаққа, қалың шиге барып ши суырамыз. Әжем көлеңкеге
керме құрып, күнұзағына ши тоқиды [1, 375].
Халықта:
«Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер», «ұяда
не көрсе, ұшқанда соны ілер» деген мақалдар бар. Осы
даналық сөздердің мәнісі: баланың мінез-құлқының
қалыптасуында үйелмен тәрбиесі маңызды рөл
атқаратындығын тұжырымдаған.
Қазақ
арасында патриархалдық-рулық қатынастың негізінде
қалыптасқан жеті атаға дейін қыз алыспайтын
экзогамиялық некенің негізінде туыстық тектестіктің
заңдылықтары қатаң сақталған. Әрине,
таптық қоғамдағы бай мен кедейдің жіктелісі бұл тектестіктің
тұнығын шайқалтып, қайшылықтар тудырған,
дегенмен күні бүгінге дейін бұл қазақ
арасындағы негізгі өмір сүру
заңдылықтарының бірі.
Демек,
бүгінгі ұрпақтың арасындағы қатыгездік,
обал, сауап ұғымдарын еске алмаудың өріс алып бара
жатқандығын жазушы осы деталь арқылы кәрі
әжесінің қылығымен танытып өтеді. Себебі
отбасындағы әже-ана – ғасырлар бойы халық
тәрбиесінің наным-сенімінің құпиясын бойына
жинақтаған отбасының ұйытқысы.
Қазақ
арасындағы туыстық және жақындық
қатынастарға байланысты қалыптасқан жүйенің
соншалықты кеңдігі мен тұрақтылығы
қоғамның төменгі сатыдан жоғарғы
сатыға өтіп, өзгеріп отыруына байланысты семья да ылғи
жаңарып, өзгеріп отыратын болса, туыстық жүйе,
керісінше, мейлінше баяу дамып, тек семьяда болған келелі
өзгерістерге байланысты өзгереді.
Әжемнің қасында
жүруінің Гүлбан үшін есебі де жоқ емес, шай
үстінде әжемнің өзі ғана тәттілеп тістеп
отыратын өрік-мейіздерінің бір шеті оған да молырақ
ауысады.
Өзі және
ертекқұмар. Қасына жолап кетсең болды, ертек айтып
берші деп тұрып алады. Білетін азғантай ертегімді айта-айта
тауыстым. «Ертегім жок енді» десем, бәрін қайтадан айт дейді.
Қайтадан айтасың, тағы айтасың, тағы
қайталайсың, әбден жалықтырады. Ақыры
ертекқұмар Гүлбаннан қашып құтыласың.
Ал әжем оған ертек айтудан тіпті де жалықпайды.
Өрнектеп, түрлі-түсті етіп тоқитын шиіне
түрлі-түсті жүн орап отырып, «Ерте, ерте ертеде» деп ертек
шертеді.
Қай халықта да
жұбайлар отбасын құрған соң, олар баласы болуын
арман етеді. Себебі бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс
берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу-діңгегі. Сондықтан
да қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп ой
топшылаған.
Жаңа үйленген жастар
алғашқыда бала мәселесіне онша мән бермегенмен, жас
келіннің аяқ басқаны, мінез-құлқы,
жүріс-тұрысы тәжірибелі ененің көз
қиығынан қалыс қалмайды. Баласынан немере сүйіп,
ұрпағын өсіруді армандаған аналар келіні келе сала бала
көтермесе, алаңдай бастайды. Ал келіні көпкешікпей екіқабат
болса, енесі келінін ерекше қамқорлыққа алып аялайды.
Сәбидің дүниеге келуі, өсіп ержетуі,
халықтық этиканы бойына сіңіруі әжелердің
назарында ұсталған. «Немерем жаннан тәтті» дейтін
әжелеріміздің мінез-қасиеттерін автор осы
әңгімеде әке мен немерелер арасындағы жылылық,
сүйіспеншілік сезімдер арқылы өрнектеген.
Шығарманың өн
бойына өріліп отырған
тағы бір желі автордың әке жайлы ой-көзқарасымен
байланысты. Ол кейіпкерінің өз тағдыр-талайы, отбасына
қарым-қатынас, сезімі арқылы бедерленген.
Қазақтағы
әке рөлінің биіктігі оның отбасы, жалпы әулет,
туған-туыс ішіндегі беделіне ұласқан. Ал, ол мәртебе
отбасындағы ұлдарға беріліп, ұл балалардан да отбасына,
әулетке деген жауапкершілік талап етілген. Көп балалы
отбасындағы үлкен ұл әкенің көмекші серігі
ғана емес, өзге отбасы мүшелеріне ықпалды
тұлға болған, барлық балалары онымен ақылдасып,
көпшілік жағдайда айтқанын екі етпеген. Өз алдына енші
алып, бөлек-бөлек тұратын ағайындылардың басын
үлкен үй «қара шаңырақ» мәртебесіндегі
әке үйінде жинап тұру да үлкеннің міндетіне
тиген. Бұл жөнінде Х.Арғынбаев:
«Үлкен үйдің
шаруасын әрбір отау иелері өзінікіндей санап, ол үйден
көмек дәмететін, жетпегені болса, алып тұратын. Кенже бала
қазақ дәстүрі бойынша әкенің мұрагері
есебінде әкесінен бөлінбейтін де, оның
шаңырағына, мал-мүлкіне ие болып қалатын», – дейді [2,
34]. Шығармада ұрпақ мәселесіне аса жауапкершілікпен
қараған халықтың көзқарасы көрінеді.
Әке мен ананың перзент жайлы кезектесе келетін толғаныстары
қазақ жан дүниесінің тереңіне бойлап, перзент жайлы
ұғымдарды кестелейді. «Балаң –
бауыр-етің» дейтін қазақтың перзентке,
ұрпағына деген сүйіспеншілігі мен
қамқорлығы жайлы ойлар әңгіменің
бүкіл сюжеттік жүйесіндегі негізгі арқау.
Қарт кісілердің
перзенттерін сағынған сезімін көру үшін жазушы
түс көрудің символикалық мәнін пайдаланады.
Бұл жөнінде зерттеуші Г.Пірәлиева: «Адамның есі
бүтін болмайтын күйлері
болады. Сондай күйлердің
бір түс көру. Ұйқы дегеніміз – мерзімді демалыс, тыныс
алыс. Ұйықтаған
адамда сана не мүлдем болмайды,
не кем болады... Шырт
ұйқыда жатқанда адам
түк сезбейді. Бірер
ұйықтап алған соң ұйқы сергек бола бастайды, ұйқылы – ояу
деген күйге келеді. Сондай кезде
санамыз кіресілі-шығасылы болып, түс көрсек керек. Түс дегеніміз ояуда көретін
нәрселеріміздің
пернесі болады. Түсімізде сол пернелерді өңіміздегі екен деп ойлаймыз», – дейді [3, 271].
Орталыққа атамның
не үшін бара жатқанын білемін. Папамдардың хабарласпай
кеткеніне екі жұмадан асып кеткен. Дөңбелге келіп-кетіп
жүрген зоотехник, управ сияқты бірен-саран адамнан естіген
орталық басының жалпы амандығы атам мен әжемді
канағаттандырмайды. Оның үстіне әжем
орталықтағы үйден хабар болмай кетсе, түс көргіш
болып алады. Әжем бүгін таңертеңгісін шай үстінде
атама:
– Мұсақұл
үйдің төбесіне шығып жүр түсімде.
Мұсақұлжан-ай, не қарап жүрсің десем,
нардың тайлағы келмей калды, соны қарайын деп едім дейді. Өзінің
қабағы салыңқы, – деп, түсінде папамды
әлгіндей жағдайда көргенін уайымға беріле отырып айтып
берді. Атам калың қабақтарын түксите түсіп, шайын
сораптап, үндемейді. Яғни әжемнің айтқан
түсі оған да әсер еткені. Ол шайды күндегідей көп
ішпей, шыны аяғын төңкеріп, бетін сипап орнынан тұрып
кеткен.
Шығарманы оқып
отырғанда үйдің адам өміріндегі маңызы жайлы
ежелден келе жатқан таным-түсініктердің бояуы
қалыңдай түседі. Фольклорлық түсініктегі үй
– тұтастай тұрғыда киелі мәнге ие, – дейтін
ұғым сақталған. Әжем жаулығының
ұшымен көзінің жасын сүртіп тұрып:
«қасиетіңнен айналайын, қара шаңырақ» деп
күбірлейді.
Мен Нұрғалымға
енді жеңісті, масатты кейіппен караймын. «Көрдің бе, Санат
ағам келіншегін біздің үйге әкеле жатыр, той біздікінде
болады» дегенді оған үнсіз ұқтырамын [4, 381].
Ал жазушы Болат
Қанатбаевтың «Ескі жұрт» әңгімесінде туған
жер, ескі қоныс жайлы ұғымдар ана образымен тұтасып та
алынған. Дәстүрлі дүниетанымдағы
жер ұғымы – фольклорлық танымның түрлі
кезеңдерін бойына жинақтаған. Кеңістік жайлы мифтік
ұғымдар бойынша, Жер – орталық нүкте. Адамға
игілік беруші, күш-қуат қайнары, өткен
ата-бабалардың мекені. Сондықтан табиғат
құбылыстарының құдайы ішінде Жер-су
құдайы маңызды рөл атқарған. Жер-Ана
ретінде қамқоршы ғана емес, қаһарына қарсы
келсе, жауыздық әкелетін күш ретінде де сипатталады.
Сондықтан жерге қатысты көп тыйымдар қалыптасқан.
Шығарманың
пейзаждық суреттермен басталуында Әуезов стилінің әсері
байқалады. Қара күз. Қара сүр аспан. Теңіз
үстінен ертенді-кеш қара қошқыл шуда бұлттар
аласапыран кешіп жатады.
Жаға бойының оты
әлдеқашан күйіп кеткен, сынып сыпырындыға
айналған. Қымыздықтың жидегі қызарып
толысқан, жапырағы қауышып, ызғырық желмен
ызыңдап, жағымсыз ән салады. Ұлы теңіздің
көкшіл-жасыл тұңғиық түсі оңып,
қара барқын қалың бояуға малынып, ауыр
тартқан.
Қүңіренісі де
өзгеше. Жаздағыдай көбік шашқан көңілді,
арынды күйі жоқ. Тынысын тереңнен алып толқыны
күдірейіп төңкеріле тұтас келеді де, жағадағы
қожыр-қожыр жартастарды солқ еткізіп, ыңырана,
ышқына соғады. Ішін тартып сұрлана қалады да,
күңіреніп барып, қайта күрсінеді. Жартасты
жағалаудан әріректе осының бәріне жоғарыдан
қарап, қара тастан өрілген маяк тұр. Толқын
оған да жетіп, қара қошқыл шалап басқан табан
тасына көбігін шашып қайтады. Одан әрі күн етіп
күнсіген, сәні кетіп сәңкиген балық
қа-былдау пункті. Бұл кезде ол жағадан алыс,
қаңырап қалған, етегін толқын шаймайды,
төбесін шулатып шағала ұшпайды. Абажадай үлкен
қақпасы ызғырық жел қаттырақ соғып
өтсе, шиқ-шиқ етіп ойбайлап қояды.
Табиғаттың қатқыл, сұрқай суреті
болашақтағы баяндалар оқиғаның сыр-сипатын
аңғартқандай.
Жарға құлап
кетердей сұғындыра салған қоңыр үйде
Ұлбосын кемпір бүкшеңдеп, күн көріс қамымен
шойын пешке отжағып, әлденелерді қоңырсытып жатыр.
Күзгі суық сүйегінен өтіп, сырқыратып жібергесін
отжақпауға лажы қалмаған. Сәлден соң
үй іші жылынды. Беліне орап алған түбіт шәлісін енді
иығына жамылды. Тон үстінде тұмсығын бауырына
тығып, бұйығып жатқан тарғыл мысық үй
жылынған соң орнынан тұрып, рақаттана керіліп,
төтті есінеп алды да, сып етіп терезе жақтауына қарғып
шықты. Сонан соң пырылдап-сырылдап «Алласына» сыйынып, «дәрет
ала» бастады [4, 21].
Шығармадағы басты
фольклорлық сипат үй архетипінің шеберлікпен бейнеленуінен де
көрінеді. Себебі, бұл жазушы шеберлігі арқасында жалғыз
басты ананың өткен өміріне, туған жұртына,
туған үйіне деген адалдығы адам жанына тереңдей
бойлататын психологизмнің бір амалына айналған.
Жалғыздық пен
қарттықтың азабын тартқан ана тағдырын
суреттейтін автор тілінің шырайлығы баурайды. Кейуана
тірлігінің тірегі – аруаққа деген сенім. Шамасы келмесе де
жұма сайын иіс шығарып, шекпен пісіріп аруақтарды риза етуді
парыз санайды.
«Бүгін күн жұма
екен-ау. Иіс нан пісіріп, Өткіл шалға құран
оқытайыншы. Шал байғұс пен қарашықтарымның
басына бүгін шүберек байлап қайтқаным дұрыс
болар», – деп кемпір ішінен күбірледі де, орнынан сүйектері
сытыр-сытыр етіп зорға көтеріліп, шай аяқты жиыстыруға
кірісті [4, 23].
Кәрілік меңдеген
жалғызлікті жанға осы істің қаншалықты ауыр
тигенін тәптіштей суреттеу арқылы автор көне
наным-сенімнің қиналғанда сүйеніш,
қысылғанда демеу болатынын көркемдік детальға
сидырған.
Итпен мысықты ғана
серік етіп қаңырап қалған ауылда ата жұртын
қимай қалып қойған қарттар тағдыры
шығармадағы Өткіл шал мен Ұлбосын, Ұштап кемпір тағдырлары
арқылы сипатталған. Олардың арман, үміті арқылы
қазақ қарияларының бойындағы төзімділік,
сабыр мен тіршілікке деген сенім күші өрнектелген. Демек,
психологиялық тұрғыда тәжірибеге сүйене отырып,
келешек ғұмыр елесін жеке бастың ерекшелігіне
қатыстырып, қиял құнарымен болжау жасайды. Үміт
факторы адам болмысының басты әлеуметтік тегершігіне
сақталған. Жер басқан пенденің арманына көне
алмай, тілек қанаты қайырылған күйіне автор жиі назар
аударып, себептің салдарын іздестіреді: «Адамның кейіп «дүние
шіркін-ай» – деп өлмегі екі көздің бірінен күткен
достығы қастық боп шығып, әмсе жер соға
бергендігінен. Әйтпесе, жасындағы алланың
дүниесінің қысы, жазы, күні, түні өзгерген
емес!».
Шығармада бір ғана
адамның өмір өткелдері ғана емес, ауылдың ежелгі
кәсібі – балықшылықтың қазақ даласында да
өркен жайып, құлдыраған кезеңі
болғандығын кейіпкер тағдырымен тамырлас алып
қараған.
Балықшылық
бұрындары қазақта кең тарамаған, тек үлкен,
балығы мол сулардың жағасында жұт я басқа
себептермен көшу-қонуға шамасы келмей қалған қазақтардың
ғана айналысатын тіршілік түрі еді. Бірақ
табиғат-ананың сыйы – балық, еңбек еткен адамға
еңбегін еселеп қайыратын болғандықтан Атырау,
Ақтау, Балқаш және оларға құятын өзендер
Жайық, Сыр, Іле, сондай-ақ Ертіс жағалауларында
балықшылықты кәсіп еткен қазақ
қауымының пайда болуына әкеліп соқты. Балықшылар
балық аулауға қажет жабдық, аспаптарды жасап алуды
үйренді, балық аулаудың тиімді мезгілдерін, орындарын,
әдіс-тәсілдерін меңгерді.
Жастық жігерлерін
балық аулау, балықты өңдеу жұмысына арнаған
қариялардың өткенді аңсауы, қартайғанда қараусыз
қалуы, қиындыққа төзіп атамекеннен табан
аудармауы авторлық баяндау мен кейіпкерлер тілінде қатар
көрініп жатады. Ұлбосын кемпірдің өзге
қарттарға қарағанда қасіреті
қалыңдау. Оның себебі, маңдайында халін сұрар,
демеу болар перзентінің жоқтығы. Жазушы отбасы
кикілжіңінің себебін ашып көрсетіп,
қазақтағы бала асырау салтын жақсылықтың,
ізгі жолдың бастауы ретінде көркемдеген.
Алайда, қазіргі
қазақ арасындағы дәстүрлі
таным-түсініктердің аясы тарылып, қауымдық,
әлеуметтік мұраттардан гөрі жеке отбасылық
мүдделер басымдық ала бастағаны белгілі. Отбасы ішіндегі
жіктелістің күшеюі салдарынан баланы асырап алу, бауырына салу
ұғымдары да көмескіленген.
Бір күні күйеуі
үйге ішіп келді. Сонан соң өмірде істемегенін істеп,
«Ұлболсын» деп атын атап шақырған. Өзінен мүшел
жас үлкен күйеуінің бұл қылығына
Ұлболсын таң қалды.
– Ұлболсын, екеуіміз де жас
емеспіз. Ертеңгі күніміздің қандай боларын кім біліпті.
Қарындасымның көп күшіктерінің бірін алып келгелі
отырмын. Екеуімізге қара болсын, қолғанат болсын... Оған
не дейсің? – деді күйеуі даусы бұзылып.
Ұлболсын біраз уақыт
не дерін білмей отырып қалды. Ішкі дүниесінде ылғи да
сан-сапат арпалысып жататын алапат сезімдерін сыртқа шығармай,
тұншықтырып үйренген ол сол жолы да тығылып ештеңе
айта алмаған.
– Сен... немене?
Қуанбағаның қалай? Қанша айтқанмен
қандасым ғой ол...
Ұлболсын сонда
күйеуінің алдында алғаш рет шерін тарқатып,
еңіреп алған.
– Неге қуанбайын!..
Ойбай-ау... Тұл етіп жаратқан қу Құдай-ау...
Ағаш екеш, ағаш та жапырағын жайып, мәуелейді-ау...
А-а-аа-аһ-аһ!..
Күйеуі сілейтіп сабап,
соққыға жыққанда көзіне жас алмай,
бедірейіп қатып қалатын
Ұлболсын сонда тоқтай алмай, емін-еркін
аңыраған.
– Өй, мына
Құдай атқырдың мұнысы несі-ай, қой енді,
қой, – деп күйеуі әбігерге түсіп, мұны
қалай жұбатарын білмей, біраз әуреленген еді.
Күйеуі ертесіне
қарындасының үштегі ұлы – кішкентай Қонысты
бауырына салды. Ұлболсынның сай-сүйегі сырқырап, бауыры
езіліп, тал бойы босаған. Өмірінде сезінбеген, мас болғандай
керемет күй кешіп еді. Сонда.
Кішкентай Қоныстың
жолы құтты болды. Ол келген соң, бір жылдан кейін
Ұлболсын бала көтеріп, ұл босанды. Сондағы оның
қуанғаны-ай! Өмірге қайта келгендей
құлпырып, жасаңғырап еді. Бірақ
нәрестенің ғұмыры ұзақ болмады. Одан кейін
босанған екі баласы да алғашқысының кебін киді.
Сөйтіп, Үлболсын шау тартқаңда көрген үш
қызығынан өң мен түстей қалай
ажырасқанын да білмей қалды. Бұл қатал
тағдырға түсіне алмады, сенбеді. Үш қызығы
– үш кішкене томпешікке айналды. Қабаты қалың
қара жердің қызығына айналды! [4, 24].
«Аруақтар қорымын»
демеу санап, үмітіне шырақ еткен кемпірдің жан азабын
тереңдей көрсеткен бұл суреттер М.Әуезовтің
әйелдің қазақ қоғамындағы мына
ойларын тірілте түскен. «Әйел тіршілігінің жарастығы
жанындағы бесікте, алдындағы балада. Қайын ата, қайын
ене, жар қасында ол болмаса, әйел өмірі жарастықсыз,
қызықсыз, мағынасыз. Әйел ана адам баласының
ұрпағын өсіретін қарызы бар және
қазақтың түсінуінше әйел үй ішінің
жарастығы, үй ішінің ұйытқысы. Онсыз еркек
өмірі – гүлсіз өмір [М.Әуезов. Қазақ
әдебиетінің тарихы. А. 1991. 51-б.].
Шығармадағы
Ұлбосын кемпір – сол жарастығы бұзылып жаны
жалғыздық зардабын шеккен әйел. «Жастығымда бейнет бер,
қартайғанда зейнет бер» деп тілек тілейтін
қазақтық қағиданың мәні – отырып,
тұруға шамасы келмеген кемпірдің жайын құрбысымен
диалог арқылы аша түседі.
Шығармада өлім халіне
жақындаған жанның үміті мен үрейін,
жан-дәрмен талпынысын суреттеген авторлық толғаныс пен ішкі
монологтың қатар өрілімі ақ бұйрықты өлім
тілейтін санаға кереғар сипатта алынған.
Кейуананың көз
жұмар алдында да өшпеген үміті тірілерге
қалдырған аманатында өмір сүреді. «Аманатқа
қиянат жасамайды» дейтін халықтық танымда өсіп,
дүниеден көшкен жанның соңғы үміті
жалғызының тілеуі. Автор қазақ әйелінің
перзент, отбасы жайлы ұғымдармен егіз мағынасын
шығарманың өн бойынан үзбей, оптимистік рухпен
аяқталған. Мұндағы өлімнің өзі –
қайсар рухты қарапайым әйелдің өмірімен
күрестегі биік бейнесін көрсету құралына
айналған.
Шығармадағы әйелдің ежелден келе жатқан
қамқор ана, мейірім мен өмірдің бастауы ретінде сомдап,
ұрпақ бойындағы қайырымдылық пен
жақсылықтың анадан тарайтындығы жайлы
халықтық қағидаларды жазушы бұл қасиетті
тереңдей суреттеген. Және бұған өзінің де,
оқырманының да көзін жеткізе білген.
Мұнда қаламгер
қазақ халқының ұлттық қалыптасу, даму
жолында қазақ әйелінің табиғатына тән
ұлттық болмысты басты назарда ұстаған.
Қазақтың кең даласындай табиғат
құбылыстарымен үндес, көл-көсір
көңіл-күймен бөбектің дүниеге келуінен
бастап, есейген, ержеткен, қартайған, өмірден өткен
кезеңдердің барлығындағы сезімді әлдилейтін,
барлық іс-әрекеттерге құштарландыратын, адамзатты
өркендететін, ұлттық дінді де, тілді де қалыптастыратын
– әйел құдіреті деген ұғымды алғы кезекке
шығарады.
Жар басында жапырайған
жалғыз үй қож-қож жастардың бауырына таскенедей
жабысып тығыла түскен, мұржасынан түтін
көрінбейді. Ода әрі құлазыған ескі жұрт
қоңыраяды. Әлдеқайдан ит ұлыды.
Етекте көк-жасыл
теңіз ышқына дөңбекшіп, мәңгілік
әніне басып, бұрқырап жатыр [1, 21], – дей отырып, жазушы
шығарма кіріспесіндегі табиғат пен адам тағдырын
сабақтастыра қарастыруды эпилогтағы түйінде де
сақталған.
Пайдаланған
әдебиеттер
1. М.Айымбетов
«Нәзік жаңғырық». А, 2006 ж.
2. Х.Арғынбаев
«Қазақ халқындағы отбасы мен неке». А, 1974 ж.
3. Г.Пірәлиева
«Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері». А,
2003 ж.
4. Б.Қанатбаев
«Мезгіл әуендері». А, 2007 ж.
5. М.Әуезов
«Қазақ әдебиетінң тарихы». А, 1991 ж.