Экономические науки”/ 9.Экономика промышленности.

Бұхарбаева Акмарал Жетібайқызы

Статистика мамандығының магистрі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

 

ЕЛІМІЗДІҢ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел халқына Жолдауында елді әрі қарай инновациялық бағытта дамыту қажеттігі көзделеді. Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады.

Соның ішінде көлік қызметі ел экономикасының инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі болып табылады. Нақты әрі үздіксіз жұмыс істейтін көліктік кешен болмайынша мемлекеттің экономикасы ойдағыдай дами алмайды. Бұл ең алдымен, теміржол көлігіне қатысты, сол арқылы халықаралық және аймақаралық жүктер мен жолаушылар тасымалының негізгі бөлігі жүзеге асырылады. Еліміздің экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі: өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған, қоғамымызға тиімді инновациялық саясатты ұстану болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық жобаларды жүргізу мәселелеріне барынша көп назар аударылуда. Жүзеге асырылатын негізгі инновациялық жобалар Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі Көліктік стратегиясында сипатталған. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру  мақсаты - бәсекеге қабілетті ұлттық көлік инфрақұрылымын құру, бұл теміржол көлігі саласын басым дамытуды көздейді. Осы ретте Қазақстанда көлік қызметі саласын жетілдіруде бір қатар жұмыстар атқарылуда.

Экономикалық теория халыққа көліктік қызметтер көрсетудің дамуында көліктің ролі мен орнын белгілейді, көлікті осы замандағы қоғамның инфражүйесінің жалпыға бірдей элементі ретінде, басты өндіргіш күш - өндірістің адами факторы өміртіршілігін дамыту мен үдемелі өндіру шарттарының бірі ретінде қарайды. Еңбек құралдары мен қаражаттарды ауыстыра жылжытып отырып, көлік еңбекті қоғамдық бөлумен туындайтын байланыстарды жүргізеді. Өнімдер мен жолаушылардың алуан түрлерін ауыстыра жылжытып, теміржол көлігі еңбекті аймақтық және аймақаралық, республикааралық кеңістікте аумақтық бөлу нәтижесінде пайда болған   байланыстарды жүзеге асырады. Бұл міндеттер көлік лектерінің айналымының материалдық құралдары ретінде көлік қарамағында болады, олар тарихи үдеріс барысында өз бетінше сала - өндірістік инфрақұрылым саласы болып бөлініп шықты.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясымен көлікті дамытудың басты міндеті - жедел экономиклық өрлеуге сәйкес, көлік инфрақұрылымы елдің экономикалық өсуін шектеуші фактор болмауы үшін жүк және жолаушы лектерін кеңейту мен жетілдіру деп қарастырылады. Басқа маңызды мақсат елдің көліктік әлеуетінің өзін барынша дамыту болып табылады. Бұдан басқа, экономикалық процестердің жаһандануы елдер арасындағы өзара тиімді сауда үшін әлемдік көлік коммуникациялары мен әлемдік рыноктарға қол жеткізу арқылы республика аумағында халықаралық көлік дәлізін кеңейту қажеттігін шарттайды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын жүргізу нәтижесінде көлік жүйесі жаңа сапалы қызмет деңгейіне шығады, оңтайлы көлік желісін қалыптастыруға мүмкіндік туады. Инфрақұрылымды толық өзін өзі өтеу қағидасымен қаржыландыруға көшу оның әрі қарай тұрақты дамуы мен жоғары техникалық және технологиялық деңгейде ұстап тұру үшін ресурстар қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Республикадағы барлық көлік түрін дамытудың негізгі бағыттары ҚР 2015 жылға дейінгі Көліктік стратегиясымен белгіленген. Сол стратегия шеңберінде барлығы 30 млрд. доллар сомаға бірнеше ондаған ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жоспарланды, соның ішінде  50000 шақырымдай жаңа автожолдар салынып қайта жөнделеді, 1700 шақырым жаңа темір жолдары салынады, 2100 шақырым теміржолдары электрлендіріледі, әуежайлар инфрақұрылымын қайта құру мен жетілдіру жұмыстары,  ұлттық теңіз сауда флотын, теңіз порттарының инфрақұрылымын дамыту жұмыстары өткізіледі.

Жылдамдатылған индустриалды-инновациялық стратегия шеңберінде, ел аумағы арқылы өтіп жатқан транзиттік қатынасты дамытуға бағытталған қызмет атқарылып келеді. Көлік және байланыс саласындағы білікті 90 жобалардың 16 жобасына 1 340,6 млрд. теңге қаражат бөлінген, оның ішінде 491,4 млрд. теңге несиеден алынған қаржы. (Сурет 1).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1.  Қазақстан Республикасында  көлік кешенін дамытудың индустриалды-инновациялық жобаларына 2020 жылға дейінгі инвестициялар

 

Республикалық бюджет қаражаты есебінен мұнда 70 млн. доллар игерілген, алайда жобаны жүзеге асыру тек мемлекет бюджеті есебінен ғана емес, халықаралық қаржылық институттардың заемдары мен жеке капитал тарту арқылы да жоспарлануда. Дүнижүзілік банктің уәкілдері 2007 жылы Қазақстан жағымен қосылып «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Халықаралық транзиттік дәлізінің инвестициялау моделі» жобасының мәселелерін талқылады, ал 2009 белді бес халықаралық банктермен меморандумдар жасалды, жобаның техникалық экономикалық негіздері мен корпоративті және жеке капиталды тартудың заңды шараларын кешенінің әзірлемесі жасалып бітті. Индустриалды-инновациялық жобалар заманауи көлік инфражүйесін жетілдіруге, жаңартуға және қалыптастыруға,  оның өткізілім қабілетін үдетуге бағытталған. Олардың нәтижесі көліктік инфражүйені индустриялау картасын жасау және сараптамалық мәліметтерді іс-жүзілік жазыққа көшіру, болашаққа салалық  бағдарламалар мен  Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуын жеделдету Мемлекеттік бағдарламасының негізін қалыптастыратын нақты бизнес-жоспарларын жасауға дайындық болады. Тек 2010 жылдың өзінде ғана, қаржылық дағдарысқа қарамастан, республиканың көлік кешенін дамытуға салынған инвестициялар 355,6 млрд.теңге құрады, оның ішінде: темір жол саласына - 138,5млрд теңге (37%); автожол саласына - 191,5 млрд теңге (57%); су көлігінің дамуына - 12,8 млрд теңге (3%); әуе көлігінің дамуына - 12,7 млрд теңге (3%), яғни төмендегі  суреттен  көруімізге болады:

 

 

Сурет 2. 2010 жылы республика бойынша көлік кешенін дамытуға салған инвестицияның құрылымы

 

  Мемлекеттің транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған бір қатар инфрақұрылымдық жобалар теміржол саласында жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасының көлік және байланыс Министрлігінің мәліметтері бойынша, концессия негізінде Қорғас-Жетіген теміржолының құрылысы басталады. Жобаның жүзеге асыру Қытайдан Орталық Азияға, Иранға, Батыс Европаға, Кавказдың арғы жағына неғұрлым қысқа жолмен тасымалдау бағдарын іске қосуға мүмкіндік береді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Н.Ә.Назарбаев «Через кризис к обновлению и развитию». Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана. // Казахстанская правда  от  3 марта  2009 года. – 4с.

2 Указ Президента Республики Казахстан от 11 апреля 2006 года  № 86 «О Транспортной стратегии Республики Казахстан до 2015 года». – 3с.

3 Стратегия индустрально-инновационного развития Республики Казахстана до 2015 гг. // Астана, 2003.

4 «Инвестиционная модель международного транзитного коридора «Западная Европа - Западный Китай» // - 2007.

5 Стратегический план Министерства  транспорта и коммуникаций РК на 2009-2011 годы, утвержденный Постановлением Правительства РК от 23 декабря 2008 года № 1219.

6 Развитие транспортного комплекса  РК в кризисный и посткризисный периоды до 2020 г. // Астана.