өндірістік әлеуетті бағалау көрсеткіштері жүйесін Егін шаруашылығында қолдану маңызы

 

Утегенова К.А.   Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, э.ғ.к.

Маналиев А.М. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің магистранты

Қалыптасқан экономика жағдайында өндіріс тиімділігін көтеруді ең алдымен нақты өнімнің көлемінің артуы, ұлттық (жалпы) табыстың қоғам мүшелерін толығымен материалдық және рухани жағынан қамтамасыз етуі деп қарастыру керек.

Экономикалық тиімділік көптеген және алуан түрлі факторлардың әсерімен қалыптасады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың проблемасын шешудің күрделілігі мен қиындығы оқшау әрекет ете алмайтындығында, шығындар да бір–біріне өзара ықпал етіп, ұштасып жатады, сондықтан ауыл шаруашылығының тиімділігінің барлық факторларын үш аспектіде:  өндірістің ресурстары  мен шығындары бойынша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру бағыттары бойынша, осы бағыттарды шаруашылық жүргізудің әр түрлі деңгейінде іске асыру бойынша талдаған жөн.

Экономикалық тиімділік барлық уақытта есепке алынып және өзгертіліп отыруы тиіс, олай болмаған жағдайда халық шаруашылығының және нақты кәсіпорынның өнімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жоспарлау мүмкін емес. Негізгі экономикалық заңдардың маңызын және әсер ету механизмін, қалыптасқан қарым-қатынасын, адамдар қызметтің алған бағытын, яғни қоғамдық өндірістің қалыптасуын анықтау және бағалау қиындық туғызады.

Негізгі экономикалық заңдардың негізгі мақсатын және оған жететін тетіктерді анықтау маңызды мәселелердің біріне айналуда. Ауыл шаруашылығының негізгі экономикалық заңдары ең алдымен оның мақсатқа жетуі, ауылшаруашылық өндірісінің деңгейін арттыру, халықтың сұранысын ғылыми мөлшерге бейімдеп қанағаттандыру, барлық тұрғындардың тұтынушылық қажеттілігін толық  қамтамасыз ету және гармониялық үйлесімді дамуына мүмкіндік жасауға бағытталған.

Халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін көтеру, оны жүзеге асыру біраз уақытты, көптеген қаржыны және ресурсты керек етеді. Тек, өндірілген нәрсені ғана бөлуге және пайдалануға болады. Біздің қазіргі даму жоспарымыздың күші, нақтылығы сонда, олар халықтың тұрмысының дамуымен және қоғамдық өндірістің көтерілуімен байланысты. Елбасы жолдауында атап көрсетілген он бағыт бойынша қоғамның негізгі өндірістік күшін дамыту арқылы еңбек өнімділігі артады.

Кәсіпорын потенциалын дамыту оның құраушы элементтерінің бәріне тұрақты басқарушылық ықпалды талап етеді. Талдау, жоспарлау және басқару объектісі потенциал көрсеткіштерінің жүйесі болып табылады. Өндірістік потенциалды бағалау көрсеткіштерінің бірнеше топтарынан тұрады. Өндірістің техникамен жабдықталу көрсеткіштері, негізгі өндірістік қорлардың (НӨҚ) даму дәрежесі:

1) НӨҚ-дың жалпы құнындағы оның активті бөлігінің үлес салмағы;

2) еңбектің қормен жарақтанғандығы – НӨҚ-дың орташа жылдық құнының ең ұзақ ауысымдағы жұмысшылардың санына қатынасы;

3) еңбектің механикалық жарақтанғандығы – машиналар мен құралжабдықтар құнының ең ұзақ ауысымдағы жұмысшылардың санына қатынасы;

4) құрал-жабдықтардың жалпы құнындағы құрал-жабдықтардың дамушы түрлерінің құнының үлес салмағы және саны [1].

Қызылорда облысында қазіргі кезде ауыл шаруашылығын дамытуда мемлекет тарапынан бөлінген қаржы мол, осы салаға жеке меншік инвестицияларының тартылуына жол ашқандығын, соның нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінің соңғы жылдардағы даму деңгейіне біршама артты.

Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 8,7 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 7,4% артты.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 103,9%  құрады.

Биылғы егістікке қажетті 339 тонна күздік, 689 тонна жаздық бидай, 27 тонна арпа, 163 тонна мақсары және 209 тонна жоңышқа және 22601 тонна күріш тұқымы пайдаланылды. Сорт жаңарту, сорт ауыстыру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген 75,5 млн. теңге қаражат бөлініп, Краснодар өлкесінен 335 тонна күріштің элиталық тұқымы әкелініп,1300 гектар жерге егілді.

Сонымен бірге, биылғы жылы 4742 га картоп, 4947 га көкөніс, 7102 га бақша, 100 га мал азықтық асқабақ, 710 га сүрлемдік жүгері дақылдары егілді. Негізгі дақыл күріш – 79598 гектарға егіліп, меже 104,3 пайызға орындалды. Қазір кезде егістікті күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 292,8 мың бас мүйізді ірі қара, 758,9 мың бас қой мен ешкі, 108,6 мың бас жылқы, 43,3 мың бас түйе, және 83,2 мың бас құс өсірілуде. Мал басын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,4 %-ға, қой мен ешкі 3,1 %-ға, жылқы 12,8 %-ға, түйе 8,6%-ға өскен. Ет өндіру 14872 тоннаға, сүт өндіру 37083 тоннаға  көбейген. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен үстіміздегі жылы 2408,2 млн.теңге қаржы қаралып немесе былтырғымен салыстырғанда 5,3%-ға артық қаржы бөлініп отыр. Осыдан бүгінгі күнге қаржылық жоспарға сәйкес 750,0 млн. теңге игеріліп, 146 шаруашылық субсидия алды [2].

Ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік әлуетті толық пайдалану және күріш өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында мына қорытынды шаралар жүргізілуі қажет: күріш егетін шаруашылықтарда күріш - жоңышқа, жем – шөппен көкөніс
ауыспалы егістерін тиімді пайдалану және минералды тыңыйтқышты үнемдей отырып топырақтың құнарлылығын жоғарылату мақсатында инженерлік жүйеде дайындалған жерлерге ғылыми негізделген күріш - жоңышқа ауыспалы егісін (37,5 % күріш, 50 % жоңышқа) енгізу; шаруашылық аралық және шаруашылық ішкі суландыру каналдарын
тазалау мен гидротехникалық құрылыстарды жөндеуді өз уақытында жүзеге асыру; ресурстық материалды тиімді пайдалану мақсатында егістік жерлердің тиімді     қүрылымын  анықтап  енгізу,   өсімдікті  қорғау  құралдары  мен минералдық тыңайытқыштарды оңтайлы қолдану; пайдаланылып отырған материалдық ресурстардың тиімділігін
көтеру мақсатында ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың кооперацияландырылған   қағидаларын кең  қолдану  нәтижесінде шаруа-шылықтың рентабельділігін арттыруға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. СӘБДЕН О. ЭКОНОМИКА: Таңдамалы еңбектері. – Алматы, ҚР БҒМ ҒК ЭИ, 2011.

2. http://agro.e-kyzylorda.gov.kz