МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Мынбаева Аманкул Амантаевна

Қазахстан. Қарағанды. КММ «Шапағат» балалар үйі

 

Омарова Динара Канатовна - Ы.Алтынсарина атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы

Жылқыбаева Қырмызы - Ы.Алтынсарина атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының  студенті

 

Еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен мақсаттар әкелді. Білім стандартының жасалуы, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістің куәсі. Білім парадигмасы өзгерді. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау баланың «мен» ментолитетін және белгілі бір құзіреттілікті  қалыптастыру негізгі субъект болмақ. Құзырлылықтың (құзіреттілік) латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді - деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «Өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар (құзіреттілік) деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық (құзіреттілік) дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы» [1].

Құзірет – дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды) жиынтығы. Ал тіл дамыту сабағында балалардың өз бетінше  жұмысын  ұйымдастыру арқылы білім, білік, дағдының  жоғары деңгейіне шығуы, яғни,  жеке тұлғаның шығармашылық құзыреттілігін жүзеге асыру тақырыптың өзектілігі болып отыр. Американдық психологтардың анықтамасы бойынша  өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – бұл, өз бетімен тани білу, өз бетімен жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең бастысы, жеке  тұлғада өз бетімен жұмыс істеуге  деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет[2].
Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыруда баланың білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде. Ал бұл өзгеріс мектепке дейінгі мекемеде басталады.
   Балабақша  – бұл бала тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Балабақша балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамытады, яғни сөйлеу,оқу, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретуге көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта тәрбиешілер ойын технологиясына арқа сүйейді.

Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады.

Ойынның диагностикалық қызметі- педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады[3].

Орыс педагогы В. А. Сухомлинский: "Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін де емес" деді. Ойын - таным процесінің дамытудың негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек[4].

Тәрбиешіге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Тәрбиешілер өздерінің топтарындағы балалардың  сөздік қорларының дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына назарларын аударады.  Балалардың дамуын және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдер бар. Балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі құммен ойынға  тоқталып өткім келеді. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», тортарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын  жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың  бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі  туады да, ол тілдік және комуникатвті дамыуына жағымды әсерін тигізеді әрі шығармашылық қиялын дамытады. Қыс мезгілінде де құммен ойнауды тоқтатпау керек. Ол үшін әр топта шағынқұмзар болуы керек. Ол ағаш қорап ені мен ұзындығы 70 немесе 80 см биіктігі 20 см болу  шарт. Құмзарға  топтын арнайы бөлінген орын бөлу қажет. Құмзарды оқу әрекеттерінде, балалармен бірлескен әрекеттерінде, дербес ойындарда және шығармашылық жұмыстарда қолдану қарастырлған: 1. «Құммен сурет салуды үйренеміз».  Осы сабақты балалармен бастапқы кезеңде әрқайсысымен жекелеп өткіземіз. Бір заттың бейнесін саламыз немесе көшірме қағаз арқылы бейнелейміз. Суреттің ортасына жіңішке қылқаламмен желім жағып үстіне құм себеміз, 1-2 минуттан соң артық құмды алып тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз.
2.«Суретті құммен саламыз».  Сабаққа түрлі түсті гуашпен боялған және түрлі табиғи реңкі бар құмдарды  қолданамыз. Түрлі түсті құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке алып отырып суретті шығарамыз.
3 «Бауырсақ және түрлі безендірілген қуыршақтар» дымқыл құмнан мүсіндеу.

Қыстың суық күндерін де сыртқа шығу мүмкін болмаған жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар және ойынсауықтар ұйымдастырылады. Атап айтсақ: «Ненің ізі». «Келесіге бер» ,«еркін ойындар».
Құмзар ойыны баланы тәрбиелеуде дамытуда маңызды рөл атқарады. Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастырын қалыптастыруда  маңызды рөл атқарады.
«Өз бетімен шығармашылық жұмысты ұйымдастыру – белгілі бір іс-әрекетте, ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара ерекшеліктері». Балалармен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық мәселе. Осыған байланысты өз бетімен шығармашылық жұмысты ұйымдастыру кезінде  балаларды  зерттеу жұмысының төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады:Баланың жеке ерекшелігін зерттеу;Балалар өз бетінше жасаған өнімдерін жариялау;Игерілген нәтижелерді бақылау.

     Осы кезеңдерге байланысты жұмыс  түрлері  таңдалынып алынды. Нәтижесінде: баланың жеке ерекшелігін зерттеу үшін,   баланың   өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу балалардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Тәрбиеші сабақта ойын технологиясын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Ойын технологиясы арқылы өткізген әрбір сабақ балалардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005. 174б.
 2. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критериі //  2008. 30- 32 б.

3. Михайленко Н.Я.,Короткова Н.А. Как играть с ребенком.- М., 1990.

4. Жуковская Р. И. Воспитания ребенка в игре. – М., 1993.

5.  Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандарты,