ЖАСӨСПІРІМ КЕЗЕҢІНДЕГІ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

                                 Айтжанова Р.М.,  Усипова Р.Б.

       Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

  Жасөспірімдік кезең баланың ересектенуіне өтетін кезең. Әрбір бала өзінің мінез ерекшелігіне қарай сол шақты өткеріп отырады. Кейбір бала ол шақты қиын өткеріп, мінез-құлқында өзгерістер болады,  жағымды және жағымсыз жақтарға қарай. Кей жағдайда бала ол кезеңді тез өткеріп, мінезінде ауытқушылықтар болмайды. Баланың тәрбиесіне мемлекеттің басқару механизмі, мектеп қабырғасының білім беру әдісі, ата-ананың тәрбие беру тәсілі, сондай-ақ ата-анасының тұқым қуалаушылық ерекшеліктері, қоршаған орта, табиғат, ауа-райы, қоғам баланың өсіп дамуы мен тәрбиесіне әсер етеді. Мінез-құлқтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Ұғым бастапқыда ғылымда емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақытқа ұмтылып, ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында қайтадан қолданысқа енді. Алғашқылардың бірі болып бұл салада зерттеу жүргізгендердің бірі – П.П.Бельский. Проблеманы алғаш көтерген белгілі Ресей педагогы П.П.Блонский. Ғалым қиын балалардың жеке бас ерекшеліктерінің өмір жағдайларымен, тәрбиемен өзара әрекетесетіндігін есепке алып, кешенді түрде зерттеулер жүргізіп, оны тәжірбиеде қолдану жолдарын анықтады [1]. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялық күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамыту негізгі мәселе болып қарастырылған. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға да әсері бар» - деп көрсетілген. Қазіргі кезде агрессия мәселесі өзекті болып табылады, өйткені бұл құбылысты күнделікті өмірде (қоғамдық көлікте, көшеде, жұмыста) кездестіріп отырамыз. Мінез- адамның тіршілігіне әсерін тигізетін қасиет. Адамның жеке қасиеттерінің барлығына мінез үлкен әсерін тигізіп, оның адамгершілігін, іскерлігін, қарым-қатынасқа икемділігін анықтап отырады. Мінез-тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі.

Девианттық мінез-құлыққа нормадан ауытқушылық және ол адамның қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауы мен ережеге сай келмейтін іс-әрекеттер жасауы жатады. Девианттық мінез-құлықтың мәнін түсінуде «норма» және «қылық» деген ұғымдар қарастырылады. Психологияда «қылық» адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы және сол тұрғыдан оның өзге адамдарға, өзіне, қоғамға және жалпы табиғатқа деген айқындауы деп қарастырылады. Қылықтың адамгершілік көзқарас тұрғысынан жағымды және жағымсыз нормаларды бұзумен сипатталатын жақтары бар [2].

Жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері әртүрлі. Жанұяда берекенің болмауы, ата-ананың ерекше қамқорлығы, тәрбие берудегі кемшіліктер, өмірде кездесетін қиын сәттер мен күйзелісті жеңе алмауы, достарымен қоршаған адамдарымен дұрыс қарым-қатынас құра алмауы, жасөспірімдердің бос уақытының көп болуы, қоғамда болып жатқан жағымсыз жаңалықтардың, ақпараттардың көп болуы, мектепте психологиялық көмек көрсету қызметінің дұрыс жүргізілмеуі, ата-ананың жағымсыз іс-әрекеттері, алкогольді ішімдік қолдануы, баланың тәрбиесімен айналыспауы. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады.Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін [3]. Девиантты мінез-құлықтың ерекшеліктеріне : агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, суицид т.б. жатады. Мектепке балалар отбасында мінез-құлқы қалыптасып келеді, осыдан кейін оқу тәрбие ісінде оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдауда үлес қосады. Көптеген балалар үшін агрессивті мінез-құлық үлгісінің басты қайнар көзі-отбасы болып табылады. Ертеден белгілі қағиданың бірі ол адам бойындағы таза қасиеттердің қалыптасуында отбасылық ықпалдың алатын орны.Сондықтан адам өмірінде отбасы тәрбиесінің маңызы зор.

Э.Фромм «агрессия-тек адамға немесе жануарға шығын келтіру ғана емес, сондай-ақ жансыз затқа да зиян келтіру» деп анықтама береді. Жасөспірімдк кезеңде баланың сыртқы және ішкі агрессиясы күшейеді. Жоғарғы қобалжуы, абыржуы, күмәндану, түрлі қорқыныштарға бейім келеді, мінезіндегі қатыгездік, ересектерді түсінбеу сияқты мінездер пайда болады.  Ата-ананың осы кезеңдегі балының мінез-құлқын түсінбей қатал жаза қолдану баланың агрессиясын баспай, одан да қатты ерегісуіне алып келеді. Мұндай агрессиялыққа баланың темпераментінің табиғи ерекшелігінде, мәселен эмоциялық әсерленгіштігі, тез қозушылығы өтпелі кезеңде ықпал етуі мүмкін. Девиантты мінез-құлық ол заң бұзушылықпен ерекшеленеді. Оның мынандай типтері бар: Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық,  бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп  жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді. Ашкөздік мінез-құлық  майда ұрлықтар, қоқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық. Наша сату және тарату. Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады [4].

«Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»- деп айтқан болатын Абай Құнанбаев. Үйде ата-анасынан көп таяқ жеген бала тілалғыш болғанымен достарының арасында агерессисы басым болады. Әуестенушілік қоғамдағы үлгі тұтатын беделді адамдардың болмауы да балаға кері әсерін тигізіп отырады.Интернет желілерінде жағымсыз әсер еттетін адамдардың іс-әрекетін көріп ақпарат естуі баланың сана сезімінің төмендеуіне ықпал етеді.

Жеке-даралық дамуындағы ауытқушылығына негіз болатын қоршаған ортададағы факторларды бейтараптанндыру. Балаға әлеуметтік жағынан ғана көмек көрсетпей психологиялық жағымда атмосфераны құра білу, қиындыққа төтеп бере алатындай мінез қалыптастыру. «Еліміздің- ертеңгі тірегі жастар, болашақ жастардың қолында» деген елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы. Елімізде жастар саясатын қазіргі таңда қолға  алып отыр. Онда жастардың өмір сүруі, құндылықтары мен міндеттері қарастырылған және жастар Ассамблеясы құрылған,онда жастардың бос уақытын тиімді өткізілуі, қоғамдық қажеттіліке сай білім алуға үлкен мүмкіндіктер бар. Жастардың психологиялық және физиологиялық денісаулығы мықты, еңбекке қабілетті, білімді ізденімпаз, жасампаз болуы баршамызға байланысты.

Отбасы тәрбиесі адамгершілік құндылықтарды бала бойына сіңіре өсіруі тиіс.Жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу үшін салт-дәстүрмізбен әдет-ғұрпымызды әрбір ата-ана жақсы түсіне біле отырып балаға мұра етіп қалдыруы шарт. Ел болып,  көпшілік қоғаммен бірігіп мінез ауытқушылығын  бірлесіп алдын алуға тырысуымыз керек. Ата-ана бала тәрбиесіне келгенде білімдерін жоғарылатып жан-жақты болып, баланың өсуіне, болашағының қалыптасуына ықпал жасап, аяғынан нық тұра алатындай тәрбие беру керек. Мектеп қабырғасында психологтар қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы қажет. Әрбір оқушының бос уақытын дұрыс ұйымдастырып қоғамдық жұмыстармен айналысып белсенді болуына үлестерін қосу тиіс.Баланың күш қуатын пайдалы істермен шұғылдануы мінездегі ауытқушылықтын алдын алуына септігін тигізеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.   Шағырбаева М.Д. Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез-құлық ауытқушылықтар және алдын алу жолдары.- Алматы, Әл-Фраби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,- www.rusnauka.com.

2.   Манауова Е.Н. Оқушылардың агрессивті мінез-құлық түзетудің ерекшеліктері //Бастауыш мектеп.- 2013 –Б.5.

3.   Оспанова О.Т. Жеткіншектер девиантты мінез-құлқының алдын алудың кейбір тәсілдері.//Қызықты психология - 2014,-  №2- Б.15.

4.   Мұқатаева Х. Девиантты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері.//Мектептегі психология – 2013,- №12(66) –Б.10.