Кутумова Г.М.

Чапаев атындағы орта мектеп, Жамбыл облысы, Қазақстан

 

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ

 

Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек. Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады: сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау; Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс; оқытушының да, студенттің де білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.

Химияны оқытуда компьютерді қолдану, ғылыми мүмкіндіктерді еркін меңгеруге көмек сілтейді. Химияны оқытуда ақпараттық технологияларды ендіру студенттерді компьютерлік білімдерін меңгертіп, қабылдау мүмкіндіктеріне үлкен жол ашады. Ақпараттық  технологияларды тиімді пайдалану кезінде сонымен бірге студенттерде мотивациялық өзгеріс жүреді. Қоғамды ақпараттандыру өсіп келе жатқан ұрпақты жаңаша ерекшеліктермен, ерекше үлгімен тәрбиелеуге мүмкіндіктер береді. Сол себептен әдістемелік бағыт белсенді әрекет жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының (ЖАТҚ) қолдануы болып табылады. 

Компьютерлік нұсқауландыру, модельдеу, көрнекіліктерді қосу, интерактивті тақтаны қолдану, диалогтарды  орнату ақпараттық құралдардың қасиеттерін анағұрлым тиімдірек етер еді, ұйымдармен лабораториялық немесе практикалық жұмыстар жасайтын ұйым жұмыстарын жеңілдетіп, тәжірибелі – ғылыми жұмыстардың қолдану аясын кеңейтер еді.

Химияны оқытуда компьютерді қолдануды талап ету, оқытуды біршама жеңілдетіп, сабақты алдағы уақытта еркін меңгеруге септігін тигізеді, компьютерді қолдану  түсініктерді тез меңгеруге көмектеседі, яғни микро әлем туралы түсінік, атомның құрылысы, молекула, ең күрделі химиялық түсініктерінің бірі – химиялық байланыс, электро теріс көрсеткіш, жоғары температураны оқып білгенде (қара және түсті металлургия), улы заттармен болатын  реакциялар (галогендер), химиялық зерттеу кезіндегі реакциялар және т.б.

Компьютер арқылы моделдерді көрсету олардың заңдылықтарын терең ашып, нәтижесінде жаңа сабақты толығымен еркін қабылдау мүмкіндігіне жол ашады, студент осы сияқты мүмкіндіктермен заттың жеке қасиеттерді ашу, олардың өлшеулерін енгізу, оларға талдама жасау, және осылар арқылы қортындылар шығару мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады [1].

 Химияда  компьютерді қолданудың негізгі бағыты – берілген тәжірибе кезіндегі ақпараттардың бақылануы мен өңделуі. Дәл осы сияқты мақсаттарға негізделген компьютер, студенттердің ғылыми жобаларын арттырып, танымдық қызығушылығын арттырып, мотивацияларын жақсартып, ғылыми ойлау қабілеттерін дамытады.

           Компьютерді мектепте, жоғары оқу орындарында қолдану, білімді жүйелі түрде басқаруға, сонымен қатар компьютерді пайдалану оқытушыларға педагогикалық бағдарламалар құралдарының  (ПБҚ) қолдануда, оқытудың оқу тәрбие жоспарын біршама жеңілдетіп, жаңа мүмкіндіктер ашып береді. Бұл, әсіресе, жаратылыстану - ғылыми циклді пәндер үшін, соның ішінде химия пәні үшін өте маңызды іс болып табылады, себебі осы сияқты пәндерді меңгеру студенттер үшін ауыр болып есептеледі. ПБҚ қолдану  өтетін тақырыпты бірнеше рет қарап шығуға, қайта жаңғыртуға және оқушыға түсінікті болу үшін сатылы көрсету мүмкіндігіне ие болады. Білім беру процесінде  ақпараттық технологияларды пайдаланудың мақсаттылығы олардың көмегімен оқушылардың ғылымдығы, мүмкіндігі, көрнектілігі, танымдығы мен белсендігі, оқуға жеке бет бұрыс секілді дидактикалық принциптер едәуір эффектісі түрде жүзеге асуымен анықталады. Жаңа ақпараттық технологияны (ЖАТ) пайдалану кезінде оқытудың әртүрлі әдістері, формалары мен құралдары ұтымды түрде тоғысады [2].

        Қоғамды ақпараттындыру – бұл глобальді әлеуметтік жүйе, оның басты көрсеткіші қоғамда өндіру барысының жиыны, жиылуы, өндіріс, сақтау және ақпаратты осы жолда қолдана білу, ақпараттық техниканың негізінде жүретін және түрлі ақпараттық айырбастауда орын алатын жүйе болып табылады. Ақпараттық құралдар, оқу  барысында  қолданатын, негізінен компьютерлік білімділікті талап етеді, қиын мәселе кезінде елеулі дұрыс шешімді қабылдауға көмек береді, білім дәрежесінде өзіндік жұмыстар жүргізуге, ақпаратты өңдеуге, өзін-өзін басқару, оқу жұмыстарының талдауына, ақпаратпен жұмыс істей білу мүмкіндіктерін береді.

Қазіргі таңда жалпы оқытушылардың алдында тұрған негізгі міндет – ұлттық менталитеті жоғары, сана – сезімі дамыған, өзіндік көз – қарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы бағытта жоғары оқу орындарында берілетін ғылымның теориялық әдістемелік негіздерінің, яғни сабақ түрлері мен оның сапасын арттыру жөнінде түрлі жұмыстар жүргізілуде. Соның негізінде жалпы жаратылыстану пәндерінің ішінде химия ғылымы жоғары оқу орнындағы оқылатын негізгі пән болып табылады. Әр сабақта бағдарламалар ретін қолдануға болады, сабақ мақсатына орай және мұғалім мен  компьютер мүмкіндіктері арқылы нәтижелі оқыту барысы үшін ақпараттық құралдар профильді химияны оқыту курсына лайық болуы тиіс, яғни көрнекіліктері жоғары сапалы, оңай әрі тиімді, жалпы оқытылуы нақты және тәжірибелі білікті, терең нәтижелі және жалпы меңгерілуі тиімді.

        Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер). Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде студенттің жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

        Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады. Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.

       Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етудің категориясы - модельдеу бағдарламалары мен микромирлер. Бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты.

 

Әдебиет:

1.       Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.

2.       Н.Р. Юсуфбекова. Общие основы педагогической инноватики: опыт разработки теории инновационных процессов в образований. - М.,1991.