Ағылшын
тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа
технологияларды қолданудың тиімділігі
Кансеитова У.Р.п.ғ.к.,
аға оқытушы
(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Еліміздің
өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы
үлкен мәселелердің бірі-келешек ұрпақтың
рухани дамуы. Бұл бағытта Елбасы Н. Назарбаевтың
ұлттық рухани дамудың кең көлемді
мәселелерін екшей келе «Егер біз мемлекет болғымыз келсе,
өзіміздің мемлекетімізді ұзақ мегзеп
тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын
түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып қазақ
жастарын эстетикалық талғамы жоғары, мәдениетті,
ізгілікті, сезімтал, өнер сүйгіш етіп қалыптастырудың
маңызы ерекше.
Сондықтан оқушыларды ағылшын тілі
сабағанда көркем шығармаларды қызықты өту
үшін сабақта жаңа технологияларды пайдалану керек. Жаңа
технологияларды енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта
оқыту жүзеге асырылып, сабақ
қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс
істей отырып, саралап, даралап, оқытуға мүмкіндік туады.
Ағылшын тілі сабағында
көркем шығарманы оқытуда жаңа технологияны тиімді
қолдануда оқушылардың танымдық белсенділігі артады,
оқушының жеке өзіндік жұмыс атқаруына және
ең бастысы оқушының білім жетістігін жақсартуға
ықпал етеді, сөздік қоры молайып,
пәнге қызығушылықтары артады. Жаңа
технологияларды пайдаланудағы сабақтың ерекшелігі
оқушылардың өздері жаңалық ашуға
ұмтылады, әрі ізденіп жауабын тауып, өз
көзқарасын дәледейді.
Сабақта оқыту мен
тәрбиенің мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады,
оқушылардың ой-өрісі кеңиеді, қабілеті дамиды,
көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолданып
жаңаша оқыту күн санап дамуда. Іс-әрекет
өздігінен жұмыс істей алатын, өзінің әлеуметтік
орны арқылы оқушылардың абстркациялы ойлауын дамытып,
таным-білу қабілетін арттыратын оқу үрдісінің негізі. Сондықтан
ағылшын тілі мұғалімдеріне қойылатын талаптың
ауқымы өте жоғары.
Мұғалімнің
сабақты жоспарлаудағы жауапкершілігі оқушылардың шетел
тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына
мүмкіншіліктер туғызады. Оқушылардың танымдық –
шығармашылық әрекетін белсендіру үшін ,
оқушыларға білім беруде мәселелі баяндау, өздігінен
өзденуге мүмкіншілік жасайтын жағдай жасау.
Ел Президентінің
жолдауында көрсеткендей қазіргі шәкірттеріміз ертеңгі
күн әлем кеңістігін еркін ену үшін білім беру
жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Олай
болса ағылшын тілі сабағында көркем шығармаларды
оқытуда оқудың дәстүрлі үрдісіне жаңа
технологияларды пайдалану арқылы сабақ мазмұнын
түрлендіріп отыру. Оқыту барысында оқытушы алдына мынадай
мақсаттар қойю керек:
оқытудың заманауи технологияларын меңгере отырып, оны
сабақ беру процесінде қолдана білу.
І. Оқушының
зиялы, сезімтал жан болып өсуіне, оның шығармашылық
қабілеттерінің дамуына көмектесу.
2. Оқушылардың
танымдық белсенділіктерін арттыру, оларды өмір бойы дербес
оқуға, өз бетімен ізденіп білім алуға дайындап,
білімнен өзіне қажеттерін ала білуге үйрету.
3. Оқушының
өзі тілін үйреніп жатқан ел мен оның мәднеиетіне,
біліміне, өнеріне деген өз көзқарастарын
қалыптастыру, сол тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тілін үйреніп жүрген
ел өкілдерімен байланыс орнатып, оны түрлі
қарым-қатынас жағдайларында ары қарай дұрыс жауап
беруге үйрету, яғни
ағылшын тілінде ауызекі сөйлесіп, түсінісе білуге,
өз ойын айтуға дағдыландыру. Шетел тілін үйрету
үшін оқушылардың сол тілде сөйлесем деген талпынысын
тудыру керек және сол мақсатқа алуан әдістерді
яғни жаңа технологияларды жоспарға сәйкес қолдана
білу қажет.
Ағылшын
тілі сабағында көркем шығармаларды оқыту оқушылардың
рухани дүниесін байытады, ой-өрістерін кеңейтеді,
көркемдік талғамын тәрбиелей отырып, достыққа,
мәдениетке тәрбиелейді.
Ал оқушы бойына терең біліммен
қатар жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда оқытушының
атқарар қызметі зор.
Тіл - мәдениет айнасы. Тіл
арқылы тек қана адам және оның қоршаған
ортасы, өмірінің әлеуметтік жағдайы емес, сонымен
қатар, халықтың қоғамдық танымы, діні, ұлттық мінезі, өмір
сүру тәсілдері,
дәстүрі, әдет-ғұрпы, адами
құндылықтар жүйесі мен дүниетанымы көрінеді.
Ағылшын тілін меңгеруде тек сол тілдің (грамматикалық,
фонетикалық ережелерін) теориясын білу жеткіліксіз. Әр ұстаз оқушының
сабаққа деген қызығушылығын арттыру
мақсатында техникалық құрал-жабдықтар мен
түрлі көрнекіліктер әзірлеп, сабақ мазмұнын
жаңа бағытта түрлендіріп отыру керек. Сабақтың
сәтті өтуінің басты талабы – уақыт, сондықтан
әрбір минутты ұтымды пайдалана білу керек. Келесі маңызды
бөлік – сабақтың
мақсаты айқын болуы шарт. Сонда ғана үш
мақсаты: оқыту, дамыту, тәрбиелеу сөзсіз
сақталады
Ағылшын тілін сабағында көркем
шығармаларды оқытуда жаңа технологияларды пайдалануда, қажетті әдістерді тиімді пайдалана білгенде ғана өз
мақсатына жетеді. Оқытушы ағылшын тілі сабағында
қазірде қолданып жүрген белсенді оқыту, іскерлік,
рөлдік ойындар, миға шабуыл, дөңгелек үстел,
сайыстар оларды талдау, топтық жұмыс, тренингтер қолданылатын
интерактивті әдістерді пайдалана
білу керек.
Бұл
әдістері оқушының интеллектуалдық,
шығармашылық деңгейін жоғарлатып, жекелігін
қалыптастырады. Белсенді оқыту әдістері
мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырып,
шығармашылық әлеуметінің дамуына және
кәсіби әрекеттің шыңдалуына жол ашады.
Оқытушылардың қазіргі кезде ағылшын тілі
сабағында көркем шығармаларды оқытуда пайдаланып
жүрген әдістерге
тоқталсақ:
Көркем шығармаларды оқытуда
ұтымды әдістердің бірі – ойын. Ойын – бұл көптеген білім беру
мақсаттарына қол жеткізудің белсенді бір әдісі екені
рас.
Қай тілді де үйрету
кезінде ойын элементтерін пайдалану жеке тұлғаның тілге деген қызығушылығын
арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуіне септігін
тигізеді. Ойын арқылы оқушылар тілді үйренуде женіл
қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде шаршағандарын сезбей, әсерлене,
қызыға отырып тілді тез үйренеді.
Осы ойын әдісі арқылы оқу
үдерісін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға
толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын
молайтып, жаңа алынған сөздерді есте сақтауына,
өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге
жаттықтыруға, әрі тілін дамытуға көмектеседі.
Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп, ойналған кезде
ғана нәтижелі болады.
Сондықтан ойын
элементтерін шетел тілінде үйретуге пайдаланған кезде
төмендегідей талаптар қойылады.
1)
Белгілі бір қабілетті қалыптастыру
2)
Белгілі бір тілдік іс-әрекетті дамыту
3)
Шетел тілінде екінші біреумен қарым-қатынас жасауға
үйрету
4)
Қажетті мүмкіндік пен психикалық қызметтерді дамыту
5)
Білім беру
6)
Тілдік материалды еске сақтау
Көркем
шығармаларды оқытуда лексикалық ойындар жаңа
алынған сөздерді жеке тұлғаның тез жаттауына,
олардың түрлі жағдайларда пайдалануына, әрі тілін
дамытуға көмектеседі.
Әртүрлі
ойындарда әртүрлі лингвистикалық дағдылар
қалыптасады: ауызша, сөйлеу, оқу, жазу. Дидактикалық
ойындар кез келген оқу материалын қызықты етіп, білімді игеру
үрдісін жеңілдетеді. Дидактикалық ойындарға тілдік
(даярлау) және сөйлеу
(шығармашылық) ойындар жатады.
Фонетикалық ойындар
дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.
Жалпы шетел тілін
үйретуде ойын элементтерін пайдалану тілді үйренуді
жеңілдетеді. Мысалы, «Жұмбақ шешу» ойыны оқушыларды
тілін жаттықтырып, еске сақтау қабілеттін жетілдіреді,
өз бетімен ойлануына мүмкіндік береді.
Елімізде
болып жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін
айқын пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп
отырған мұғалімдерге үлкен жауапкершіліктер
жүктейді.
Ел Президентінің
жолдауында көрсеткендей қазіргі шәкірттеріміз ертеңгі
күн әлем кеңістігін еркін ену үшін білім беру
жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек.
Сондықтан ағылшын тілі мұғалімдеріне қойылатын
талаптар ауқымы өте жоғары. Қорыта айтқанда,
ағылшын тілі сабағында көркем шығармаларды
оқытуда жаңа технологияларды қолданғанда;
Оқушының
зиялы, интеллект ретінде және сезімтал жан болып өсуіне, оның
шығармашылық қабілеттерінің дамуына көмектеседі.
Оларды
өмір бойы дербес оқуға, өз бетімен ізденіп білім
алуға бейімделеді. Оқушының өзі тілін үйреніп
жатқан ел мен оның мәднеиетіне, біліміне, өнеріне деген
өз көзқарастары қалыптасады, сол тілге деген
қызығушылықтары арттады. Өздерінің
қабілеттеріне, мүдделеріне орай тілін үйреніп жүрген ел
өкілдерімен байланыс орнатып, оны түрлі қарым-қатынас
жағдайларында ары қарай дұрыс жауап беруге үйренеді.
Оқытушы сабақ
өту барысында осыдай әрүрлі әдістер пайдаланса, онда
мұғалім өз алдына қойған міндеттеріне жетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мұхтарова М.С. Ана тілі
сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту//Бастауыш
мектеп-2008 №3-24б.
2. Амандықова Г.Н.,
Мұхтарова Ш.Е. Шет тілін оқыту әдістемесі.-Астана, 2010. 260
б.
3. Нұрланбекова Е.Қ. Қазақ
ақын-жазушыларының
шығармалары арқылы
студенттердің танымдық белсенділігін дамыту (ағылшын тілі пәні негізінде). Автореф. дисс. п.ғ.к. –Алматы: 2006
РЕЗЮМЕ
В
этой статье рассматриваются особенности применения новых технологий на уроках английского языка при изучений
художественных произведений.
SUMMARY
This article discusses the features of using new technologies while teaching
literary texts at English lessons