ӘЗІРБАЙЖАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛДІК РЕФОРМА
Оспанова
Б.Р. ф.ғ.к.
Әрбір ұлттық тілдің даму тарихы
ұлт тарихымен тығыз байланысты. Ол өзінің ішкі даму
заңдылығы бойынша дамып жетіле келе, белгілі бір дәуірде
өзге елдер тілдерімен де қатынасқа түседі. Басқа одақтас республикаларға қарағанда
Әзірбайжан Республикасының да төл тілі мемлекеттік тіл
ретінде ресми түрде ертерек танылды.
1978
жылы Әзірбайжан КСР Конституциясына түзету (151 бап) енгізілді,
онда «Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тілі әзірбайжан
тілі болуы керек» деп айтылды. [1,7-31]. Кейінірек, 1989 жылдың
тамызында, Кеңес Өкіметі билігі шеңберінде
шығарылған Жарлық әзірбайжан тіліне жоғары
баға беріп, оны мемлекеттік тіл деп жариялады. Мұның
өзі 1991 жылдың 30 тамызындағы Егемендік туралы Декларациямен,
1991 жылдың 5 қазанындағы Тәуелсіздік туралы Декларациямен
бекітілді. Бұл құжаттарда байырғы халық
тілінің рөлі ерекше көрсетіліп, кейінірек
әзірбайжандық деп аталатын халықтың негізгі
құндылығы анықталды. Ал Кеңес Өкіметі
құлағаннан кейін Әзірбайжан Республикасы
алғашқылардың қатарында өз Тәуелсіздігін
жариялады. Тәуелсіздік алған жылдары Әзірбайжан мемлекеті
қайтадан латын әліпбиіне көшуді қолға алды. Бұқаралық
ақпарат құралдарының бір бөлігі латын
әліпбиімен жаза бастады. Әзірбайжанда латын графикасына
көшуге саяси, экономикалық, мәдени, лингвистикалық,
қоғамдық-әлеуметтік мәселелер себеп болды. Осы
аталғандардың ішінде алғашқысы саяси, одан кейінгі
кезектегісі экономикалық және тілдік мәселелер болған.
1991 жылы 25 желтоқсанда Әзірбайжан Республикасының
Президенті А.Муталибов «Латын графикасы негізіндегі әзірбайжан
әліпбиін қалпына келтіру туралы» заңға қол
қойды [2]. Бұл заң бойынша Әзірбайжанда 1940
жылға дейін қолданылған 32 әріптен тұратын латын
графикасындағы әліпбидегі кейбір әріптердің таңбалануына
өзгерістер енгізе отырып
қолдану ұсынылды. Кеңес Өкіметі
құлағаннан кейін оның құрамында
болған түркі мемлекеттері егемендік алып, ұлттық
саналары көтеріліп, өз рәміздерін, ұлттық
құндылықтарды дәріптеуді қолға алды.
Бұл бағытқа алғаш болып бет бұрған
елдің бірі – Әзірбайжан Республикасы болды. Әзірбайжан
мемлекетінің шекаралас әрі туысқан Түркия мемлекетімен
тығыз мәдени, саяси, қаржы саласындағы
қарым-қатынасы да осындай шешімдер қабылдауға
өзіндік тұрғыдан үлкен ықпал жасады.
Әзірбайжан халқы үшін ХХ ғасырдың 90 жылдары
үлкен отаншылдық серпіліс, ұлттық сананың
көтерілген кезеңі болды. Осының негізінде елде графика
реформасы жасалды. Оған әзірбайжан тілінің кирилл
әліпбиі негізіндегі жазудың екіжақтылығы
дағдарысқа әкелді. Себебі орыс тілінен енген сөздерді
өзгеріссіз жазуға арнайы жасалған кирилл графикасы
олардың тұрпатын өзгертуге мүмкіндік берген жоқ.
Сонымен қатар, ұлттық рухтың көтерілуінің әсерінен
орыстану саясатын жою, көршілес мемлекеттермен теледидар, сауда,
БАҚ құралдары арқылы ақпарат алу мақсатында
ұлттық жазуға негізделген графикаға деген
қажеттілік туындады.
Әзірбайжанның
латын қарпіне өткенге дейінгі жағдайы посткеңестік
дағдарыс кезеңінде елде көптеген саяси ағымдар мен діни
секталар көбейіп, ұлттық отаншылдық сезімінің
көтерілу үдерісімен бірге үлкен саяси пікірталас, тартыс
кезеңі қатар жүрді. Осындай жағдайда ұлттың
басын біріктіретін шаралар қолға алынуы керек болды. Ол – тіл
мәселесі болды. Бұл мәселенің бірден бір шешімі
мемлекеттік тілді мемлекеттің барлық тұрғындарының
мүддесіне қызмет еткізу еді. Ал орыс тілінің жазылу
заңдылығына негізделген кирилл графикасы тілдің осындай
қызметіне жауап бере алмады. Халық арасында латын жазуымен
өркендеп өсіп жатқан Түрік мемлекетінің
мәдениетіне, экономикасының дамуына бет бұру керек деген
сияқты көзқарастар күшейді. Әзірбайжан
тілінің өз ішінде де диалектілік тармақтар мен айырмашылығы
бір-бірінен алшақ сөйленістердің болуы жалпыға
ортақ басым әдеби тілдің қалыптасуына кедергі жасады.
Ол дегеніміз тілдің өзіндік дамуына әсерін тигізді.
Әзірбайжан мемлекетінде қабылданған реформа негізінде елде
орыс тілінің беделі күрт төмендеді, мұның себебі
Әзірбайжан халқының ең көп пайызын
әзірбайжан тілділер құрады. Мемлекеттің
құрамында ұлттың пайызы үстем
болғандықтан, басқа ұлт өкілдерінің
арасында да мемлекеттік тілді білмейтіндер аз болды. Ұлттық
мүддені көздейтін «Народный фронт» атты саяси басым
күштердің ұйымы белсенділік танытып,
қоғамдық өмірдің өзгерістеріне
қатысып өз үлестерін қосып отырды. 1991 жылы
Әзірбайжанда түрік тілінің нұсқасындағы
әліпби қабылданды. Алғашқы заң
қабылданғаннан кейін ел ішінде осы мәселеге қатысты
әртүрлі көзқарастар болды. Осыны
ұзаққа созып, аяғын ушықтырып жібермес үшін
Үкімет қатаң қадағалау саясатын ұстанды. Артық-ауыс
пікір білдіруге теріс қарады. Тіпті агрессиялық
қатаңдықпен барлық қарсылықтарды тыйып
отыруды ұстанды. Бір жақтылықты ұстанған саясат
өз жемісін берді. Қазіргі кезде Әзірбайжанда латын графикасына
өту процесі аяқталды. Осы кезеңге дейін аталған
мәселе бойынша айтарлықтай наразылық болмағанымен,
қоғамда, әсіресе орыс тілді басылымдарда әр түрлі
пікірлер қызу талқыланып жатты. Әзірбайжан
Республикасының 1991 жылғы 25 желтоқсандағы «Латын
графикасы негізіндегі әзірбайжан әліпбиін қалпын келтіру
туралы» № 33 Заңында Әзірбайжанда 1940 жылға дейін
қолданылған 32 әріптен тұратын латын графикасы
негізіндегі әзірбайжан әліпбиі кейбір толықтырулармен қалпына келтірілсін деген қаулы
шығарылды. Аталған құжатпен қатар Заңды қолданысқа енгізу
тәртібі бекітілді. Заңда латын графикасы негізіндегі әзірбайжан
әліпбиін қалпына келтіруге қатысты жұмыстар және
олардың орындалу кезеңдері көрсетілді. 1992 ж.
қыркүйектен бастап орта мектептердің 1-сыныптарындағы
сабақтар жаңа әліпбимен жүргізу; - орта
мектептердің жоғары сыныптарында, орта арнаулы және
жоғары оқу орындарында латын графикасы негізіндегі әліпбиді
оқыту бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру; -
барлық оқу орындарында оқытушылар мен басқа да
қызметкерлер үшін латын графикасы негізіндегі әліпбиді
үйрену бойынша дәрістер ұйымдастыру; - елдегі барлық қызметкерлердің
латын графикасы негізіндегі әліпбиді меңгеруін қамтамасыз ету
бойынша шаралар ұйымдастыру мәселелерін қолға алу; елдегі
газеттер мен журналдардың орыс әліпбиімен қатар латын
графикасы негізіндегі әліпбиді қатар қолдануын жандандыру; -1993
жылдан бастап орта, орта арнаулы
және жоғары мектептерге арналған оқулықтарды
латын графикасы негізіндегі әліпбимен басу; латын графикасы негізіндегі
әліпбиді енгізуді аяқтау; - баспаханалардың жұмысын
латын графикасы негізіндегі әліпбиге сәйкес жүргізу бойынша
іс-шаралар кешенін қабылдау [3] туралы шараларды ұйымдастыру
қажеттігі қамтылды.
Тіл туралы Ереже
1992 жылдың 16 қыркүйегіндегі жарғымен бекітілді, онда
ресми шешімдерді өмірдің барлық салаларында жүзеге
асыруге аса көңіл бөлінді. Аталған ережелер сонымен
қатар Мемлекеттік тіл туралы Заңмен, оның 1992 жылғы 22
желтоқсанындағы қайта қаралған редакциясымен,
кейінірек 1995 жылғы 12 қарашасындағы Конституциясымен де
бекітілді [4;114-115]. Осы жарлықтарда, басқа да ресми
құжаттарда тілді қолдануда – білім алуда, жұмысқа
орналасуда, өз мәдени деңгейін арттыруда – үлкен
және кіші халықтар үшін тең
құқықтар жарияланды [5;27]. Іс жүзінде бұл
шаралар жартылай ғана орындалды, себебі әзірбайжан тілі қоғамдық өмірде
кеңірек таралып, парламентте, ресми басылымдарда, қарулы күштерде басқа тілдерді
ығыстыру есебінен қолданыла бастады.
1995 ж.
Конституциясы қабылданбастан бұрын зиялылар ортасында мемлекеттік
тіл атауын таңдаумен байланысты: әзірбайжан тілін (azerbaican dili)
немесе түрік тілін (turkce) таңдау туралы белсенді
қоғамдық саяси пікір таластарқызу жүрді. 1992
жылғы Мемлекеттік тіл туралы Заң мемлекеттік тілді бірізді «түрік тілі» деп
атады. Алайда 1995 жылғы Конституцияның 23-бабында тілді әзірбайжан тілі деп өзгертті.
Мұның өзі Әзірбайжан Кеңестік Социалистік
Республикасының 1978 жылғы Конституциясындағы атауға
сай еді. Осынай атау басым бағыт алды. Бірақ пікірталастар бір
қатар уақыт тыйылмады, себебі тіл атауын жас тәуелсіз Республиканың атына сәйкес келтіру
қажет болды [6; 48-58].
2001 жылы
мемлекеттік тілге қатысты
қаулылыр жаңа Заңға енгізілді, ол 2002
жылдың қыркүйегінде парламентте қабылданып, оған
президент Гейдар Алиев қол қойды. Заң күшіне 2003 жылы
1 қаңтарда енді. Әзірбайжан латын әліпбиін қайтып
енгізді. Бірінші рет бұл 1920-шы жылдары орын алды.
Әзірбайжандықтардың әліпбиді өзгертуге
қызығуы тарихи дерек, латын әліпбиіне көшу талпынысы
Әзірбайжанда Түркияға
қарағанда жеті жыл бұрын басталған [7;349].
Тәуелсіздікті жарияланғаннан кейін жаңа әріптерді жазу
үлгісі және латын графикасына көшуге қатысуға
қатысты ұсыныстарды қарастыру жөнінде комиссиялар
қатар тағайындалды.
Тәуелсіздіктің
он жылынан соң әзірбайжан тілі мемлекеттік тіл ретінде көп
салаларда табысты пайдаланылды. Бірақ бұл жеткіліксіз деп саналды.
2001 ж. 18 маусымында президент Гейдар
Алиевтің «Әзірбайжан тілін қолдануды жетілдіру туралы»
Жарлығы шықты. Жарлық Мемлекеттік тіл туралы Заңды
неғұрлым тиімді де толық орындауды көздеді [8;
301-313]. Онда мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдарда латын әліпбиін пайдалану талабы қойылдыЖарлық
жақын арада орындалатын он
қаулыны қамтыды, оның ішінде Әзірбайжан
Республикасы Президенті жанынан Тіл
жөнінде Мемлекеттік комиссия құру жөнінде және
«Әзірбайжан Республикасындағы
мемлекеттік тіл туралы» жаңа заң жобасын дайындау туралы
шаралар да болды [8; 301]. Әзербайжан Республикасы латын графикасын
негізіндегі әліпбиге құжат түрінде түбегейлі
көшіп алғаннан кейін, мемлекеттік тілдің қолданылу
мәселесіне айрықша мән берді.
1991-2001
жылдар аралығында мынадай шаралар жүзеге асырылды: ең бірінші
орта білім беретін мектептің бірінші сыныбы мен басқа сыныптары
латын графикасында білім алды; 5-6 жылдың ішінде барлық
ісқағаздары кезеңімен жаңа қаріпке
көшірілді; осы аралықта барлық мемлекеттік мекемелер латын
жазуына көшірілді; соңында барлық БАҚ латын
әліпбиіне көшірілді. Сөйтіп, өту кезеңінің
соңында Әзірбайжан Республикасының Президенті Г.Әлиев
2001 жылдың 18 маусымында «Мемлекеттік әзірбайжан тілін
қолдануды жетілдіру туралы» Жарлық шығарады [9].
Процестің аяқталғанының белгісі ретінде Республика
Президентінің 2001 жылдың 9 тамызындағы «Әзірбайжан
тілі мен әзірбайжан әліпбиінің күнін өткізу
туралы» Жарлық қабылдады [10]. 1991-2015 жылдар аралығында
жүргізген реформалар негізіндегі латын әліпбиінің
алдыңғы жазуға қарағанда
артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталайық.
Әзірбайжан жазу-сызуы үшін қазіргі әзірбайжан
әдеби тілінің латын әліпбиі мен оған көшу
кезеңінің артықшылығын ғалымдары былай деп
көрсетті: латын графикасы әзірбайжан тілінің дыбыстық
қорындағы фонемаларды белгілейді, ал орыс графикалы жазу әзірбайжан
тілінде жоқ, бірақ орыс, басқа тілдерден енген
ғылыми-техникалық терминдер бөтен фонемаларды да
таңбалайды; латын графикасына көшкен кезде түркі тілдес
басқа халықтар да латын әліпбиін қабылдаған
болатын, сондықтан түркі әлеміне ортақ жазу ортақ
ақпарат алмасуға қолайлы болды; графемалық жүйесі
ықшамды әрі қолайлы
болғандықтан, әзірбайжан тілінен сауат ашу процесі
жеңілдеді.
Жастар
латын қаріпін тез үйреніп алып, оның таралуын қолдап
отырды; көршілес мемлекет Түркияның ресми әрі
коммерциялық телеарналары Әзірбайжанда еркін
көрсетілетіндіктен, латын графикасы негізіндегі бейне ақпарат легі
әліпбидің игеріліп, қолданылуына дұрыс бағыт
жасады. Әзірбайжан мемлекетінде латын әліпбиіне көшу
кезеңінде ұтымды жақтарынан бөлек кемшіліктері де
кездесті: мектептер латын қарпіне көшірілген алғашқы
жылдары оларды оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау
ісі бірден алға баса алмады, мұғалім тапшы болды. Кирилл
графикасында білім алған мұғалімдер үшін латын
әліпбиін оқып-үйрену қиынға соқты;
балаларға арналған латын қарпіндегі әдебиеттер тапшы
болды; ересектерге арналған латын жазуын оқытатын курстардың
аздығынан ұрпақ арасындағы түсіністік
қиындап қалды; кирилл
графикасына негізделген бір ғасырлық мұралардың
барлығын толықтай халық пайдалана алмады бірақ ол
мәселені шешу қазіргі таңда да жүргізіліп жатыр.
Мысалы,
««Әзербайжан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы»
Әзербайжан Республикасының Заңын қолдану туралы»
Әзербайжан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 2
қаңтардағы № 835 Жарлығында Әзербайжан
Республикасы Министрлер кабинетіне бір айлық мерзім ішінде
қолданыстағы заңнамалық актілерді «Әзербайжан
Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» Әзербайжан
Республикасының Заңына сәйкестендіру туралы ұсыныс
жасап, Әзербайжан Республикасының Президентіне ұсыну;
Министрлер кабинеті мен жергілікті биліктің тиісті орталық
органдарының нормативтік-құқықтық актілерін
аталған Заңға сәйкестігін қамтамасыз ету
және ол туралы Әзербайжан Республикасының Президентіне
хабарлап отыру; аталған Заңды бұзғандығы
үшін жауаптылықтың түрлерін белгілейтін заңнамалық
актінің жобасын даярлап, Әзербайжан Республикасының
Президентіне ұсыну және т.б. тапсырылады. (2004 жылғы 25
мамырдағы № 71 Жарлыққа сәйкес түзетулермен) [11]. Одан кейін 2003 жылғы 27
қыркүйекте «Әзербайжан Республикасындағы мемлекеттік
тіл туралы» Әзербайжан Республикасының Заңын орындауды
қамтамасыз ету туралы» Әзербайжан Республикасы Президентінің
№ 923 Жарлығы шықты [12]. Төменде келтірілген
құжатта да аталған мақсат көзделді.
«Бұқаралық баспаларды латын графикасы негізіндегі
әзербайжан тілінде жүзеге асыру туралы» Әзербайжан
Республикасы Президентінің 2004 жылғы 12
қаңтардағы № 56 Өкімінде: «2004 жылдың
бастапқы кезеңінде латын графикасында басып шығаруға
жататын шығармалар тізімі бекітілсін (тізімі қоса берілген)»
делініп, осы мақсатта әртүрлі құрылымдарға
тапсырмалар беріледі (2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 466
Жарлыққа сәйкес түзетулермен) [13]. 2008 ж 18
қыркүйектегі № 3051 құжатта көрсетілген тізімдегі
кітаптардың 9-ы сөздіктер мен энциклопедиялар, 15-і
Әзербайжанның халық әдебиеті, 100-ден астамы
классикалық және қазіргі әзербайжан әдебиеті,
30-дан астамы әлемдік әдебиет үлгілері азербайжан тіліне
аударуды қаржыландыру туралы құжат қабылданып
қаржы мәселесі дұрыс жолға қойылды. Жаңа жазуға көшу
үшін, сөзсіз, сөздіктер қажет болды. Әзірбайжан
жазушылар Одағы басылымдарын тек латын графикасында шығаруға
және жаңа сөздіктер құрастыруға
нұсқау алды [14; 295-308].
1998 жылы Oruj Musaev латын әліпбиінегізінде жаңа
әзірбайжан-ағылшын сөздігін шығарды
(Azerbaijani-English Dictionary in the
New Latin Alphabet). Келесі жылы Стамбулда басқа сөздік - Azerbaijan Turkesinden Turkiye Turkesine
buyuk sozlik- әзірбайжандық түрік-түрік тілінің
Түркияда пайдаланатын сөздігі жарық көрді, оны Yasar
Akdogan құрастырған. Латынданған
әзірбайжантілінің жаңа орфографиялық сөздігі 2004
жылы шықты. «Азербажан тілінің түсіндірме сөздігі»
(«Azərbaycan dilinin izahlı lüğəti», 1 том, 2005, 744б
., «Азербайджан-орыс тілі сөздігі» («Azərbaycanca-rusca
lüğət», 1 том, 2006, 896б., «Парсы-орыс тілдірі сөздігі»
(«Farsca-azərbaycanca lüğət», 2007, 640б., «Азербайджан
-ағылшын тілдірі сөздігі» («Azərbaycanca-ingiliscə lüğət»,
2006, 288 б., «Араб-орыс тілі сөздігі»
(«Ərəbcə-azərbaycanca lüğət», 1 том, 2007,
440 б. аталған сөздіктер
латын әлібпиінде дайндалды. Сонымен қатар Роженің
(Rogers Thesaurus)синонимдер мен антонимдердің тезаурусы үлгісінде
дайындалған Жаңа әзірбайжандық тезаурусты (15000 сөз) Shaig Jabirogly 2005 жылы құрастырған болатын.
Мұның өзі тіл қорын дамытуға елеулі үлес
болды. Автор сонымен қатар орыс тілінен енген сөздер орнына
жаңа әзірбайжан сөздерін кіргізуге талпынды. Ақыры 2010
жылы бірлескен түрік-әзірбайжан
ғалымдарының күшімен жаңа төрт тілді
медициналық терминдер сөздігі шықты. Сөздікті
баспаға Murat Yurdakok, Nasib
Guliev, Naila Rahimova дайындады.
Бұл еңбек ағылшын тілінде
Turkish-English-Azerbaijani- Russian Dictionary of Medical Terms деп аталды. Сөздікте 2 956 термин
қамтылған (Turk dili 705, қыркүйек, 2010, 285).
Қазіргі кезде Әзірбайжан Ұлттық ғылым
Академиясының И.Насими
атындағы Тіл білімі
институты басылымға сөздіктер қатарын дайындады.
2004 ж.
көктемі мен қысында президент жарғысы бойынша
әзірбайжан әдебиеті мен әлем классика туындылары,
сөздіктер, энциклопедиялар көп данамен шығарылып,
кітапханаларға таратылды. Бұл латын графикасындағы
әзірбайжан тіліндегі кітаптарды қол жетімді ету мақсатында
жасалды. Жастар әдебиетіне ерекше көңіл бөлінді, себебі
жаңа графикаға көшу оқушыларға қажетті материалдарды тапшы етіп,
жалпы сауаттылық мәселесін ушықтырды. Сонымен қатар
2007 жылға Әлем әдебиетінің 150-томдығын
шығару жоспарланды. 2007-2008 жылдары латын әліпбиін қайта енгізуге байланысты
туындаған қиындықтарды жеңу үшін ЮНЕСКО
қолдауымен «Әзірбайжан тілінің қазынасы» жобасы
басталды. Жоба мақсаты болып әзірбайжан әдебиеті
шығармаларын және әлем классика туындылары
аудармаларының толық мәтіні базасын «Әзірбайжан
тіліндегі әлем классика үлгілері»
және «Әзірбайжан тілінің қазынасы» айдарымен
шығару болды. Khabar және
Dunya әdәbiati басылымдары да жергілікті оқырмандар арасында
әзірбайжандық және халықаралық әдебиетті
кеңінен таратуға арналды. 2011 жылғы 4 шілдеде
«Әзербайжан Республикасының тіл бойынша Мемлекеттік
комиссиясының құрамын бекіту туралы» Әзербайжан
Республикасы Президентінің Өкімімен Мемлекеттік комиссия
тағайындалды. Оны Әзербайжан Республикасының Президенті
Г.Алиев басқарды.
Тағы бір маңызды
құжат 2008 жылғы 18 қыркүйекте «Әлем
әдебиетінің көрнекті өкілдерінің
шығармаларын әзербайжан тілінде басып шығаруды
қаржыландыру туралы» Әзербайжан Республикасы Президентінің №
3051 Өкімі шықты [15].Жоғарыдағы
құжаттардың орындалуының негізінде Әзербайжан
Республикасы он жыл ішінде латын қарпіне көшіп бітті. Осы жалдар
аралығында бірқатар пікірлер көзқарастар болды
қиындықтарда болды,
дегенмен әзербайжан халқы жаңа әліпбиді меңгерді ғылыми, көркем
әдебиеттер, әлем әдебиеттері осы әлібпимен басылды.
ЖОО, метеп және орта білім беру жүйесінде қолданылатын
оқулықтарда латын әлібпиімен басылды оларды уақытымен
қаржыландырды. www.latin.az
веб сайты өз дәрежесінде осы мәселелерді шешуде өз
үлесін қосты. Онлайн аударма ісі де өз дәрежесінде
қызмет істеді. Ойымызды қортындылай келе мынандай тұжырым
жасадық: ең бірінші кезекте «Әзербайжан
Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» Әзербайжан
Республикасының Заңы қабылданып, қолданыстағы заңнамалық
актілерді осы Заңға сәйкес жүргізілді; латын графикасы негізіндегі
әзербайжан әліпбиі, әзербайжан тілі күні заңмен
бекітілді және оның орындалуы қатты қадағаланды
осының негізінде олар тез көшті; латын графикасы негізіндегі
әзербайжан әліпбиін қалпын келтіруге қатысты
жұмыстармен олардың орындалу кезеңдері нақты болды;
Тілдік нормаларды бекітуші органдар белгіленіп, бұл нормалардың
сақталуын орындалуын заңдық түрде
қадағаланды. Көркем әдебиеттерді латын әлібиіне
аудару үшін қаржы жүйелі түрде бөлініп оның
орындалуы қадағаланды. Жалпы біз аталған мәселені
зерттеу барысында байқаған бір ерекшелігіміз заң
шығарылады осы заңның орындалуы үшін нормативтік
құқықтық актілер қабылданған құжаттардың
орындалуын бақылауға арналып отырады. Әрине бастапқы
кезде өзіндік қиындықтар болды мысалы, латын әліпбиіне
көшуде мұғалімдер үшін латын әліпбиін
үйренудің қиынға соғуын, жаңа
әліпбимен басылған балалар әдебиетінің тапшы болуын,
ересектердің жаңа әліпбиді игерудегі қиындықтарға
ұшырауы мен орыс жазуына негізделген мұраларды пайдалану
мүмкіндіктерінің аздығы болды және қоғам белсенділерінің
қарсы топтары да болды бірақ жиырма бес жыл ішінде олар осы
қиындықтарды түзетумен болды.
ӘДЕБИЕТ
1 Jala Garibova
Language policy in post-Soviet Azerbaijan: political aspects. Citation Information: International Journal of the Sociology
of Language. Volume 2009, Issue 198, Pages 7–32, ISSN (Online) 1613-3668, ISSN
(Print) 0165-2516, DOI: 10.1515/IJSL.2009.024, July 2009
2 Закон
Азербайджанской Республики О восстановлении азербайджанского алфавита с
латинскои
графикой (25 декабря 1991).
3 Вейсаллы Ф. Я. Основы
структурной лингвистики / Ф. Я. Вейсаллы. – Баку, 2005. – 342 с.
7 Strauss, Johann
2010. 'Purisme
et modernisation linguistique: le cas du turc de Turquie et de
l'azerbaidjanais', in Michel Bozdémir and Louis-Jean Calvet (eds.),
Politiques linguistiques en Méditerranée (Paris, Honoré
Champion 2010 ), pp. 349–76.
9 Указ Президента Азербайджанской Республики Об усовершенст-вованииприменения государственного
языка 18 июня 2001 г.
10.Указ Президента
Азербайджанской Республики Об учреждении Дняазербайджанского алфавита и
азербайджанского языка (9 августа 2001)
11.Указ
Президента Азербайджанской Республики О применении Закона
Азербайджанской Республики «О
государственном языке в Азербайджанской Республике» (2 января 2003); Указ Президента
Азербайджанской Республики Об обеспечении исполнения Закона; Азербайджанской Республики «О
государственном языке в Азербайджанской Республике» (27 сентября 2003)
Распоряжение Президента Азербайджанской Республики Об осуществлении массовых изданий на
азербайджанском языке с латинской графикой (12 января 2004); Список книг, предусмотренных в первую
очередь к переизданию на азербайджанском
языке с латинской графикой (12 января 2004)
12.
Управление делами Президента Азербайджанской Республики
Президентская
библиотека Указ Президента Азербайджанской Республики Об обеспечении исполнения
Закона Азербайджанской Республики «О
государственном языке в Азербайджанской Республике»
Гейдар АЛИЕВ. Президент Азербайджанской
Республики№ 923 (27 сентября 2003)
13.Распоряжение Президента
Азербайджанской Республики Об осуществлении массовых изданий на азербайджанском языке с
латинской графикой. Президент Азербайджанской Республики.
Ильхам Алиев
город Баку, 12 января 2004
г. № 56. С поправками согласно Указу от 27 сентября 2006 года № 466
(«VneshExpertService»).
(12 января 2004) Указ
Президента Азербайджанской Республики О совершенствовании Правил выдачи
специального разрешения (лицензии) на некоторые виды деятельности.
27 сентября 2006
года № 466 www.mincom.gov.az/Список книг, предусмотренных в первую очередь к
переизданию на азербайджанском языке с латинской графикой (12 января 2004) Распоряжение
Президента Азербайджанской Республики
О финансировании издания
произведений выдающихся представителей мировой литературы на азербайджанском
языкеПрезидент Азербайджанской Республики Ильхам Алиев (18 сентября 2008) город Баку, 18
сентября 2008 года. №
3051
14. Rahmati, Nemat: „Der
schwierige Weg Aserbaidschans in die Unabhängigkeit am
Beispiel der Bildungspolitik und Schriftreform“, in: Orient, 42/2 (2001), р.р.
295-308
15.Распоряжение Президента
Азербайджанской Республики. О финансировании издания произведений
выдающихся представителей мировой литературы на азербайджанском языке
Ильхам Алиев Президент Азербайджанской Республики
город Баку, 18 сентября
2008 года № 3051.