Сейтiм
Айдана, Мажитаева Шара
Е.А.Букетов
атын.КарМУ, Қарағанды
А. СЕЙДІМБЕК ШЫFАРМАЛАРЫ ТIЛIНIҢ КӨРКЕМДIК
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
Көркем
әдебиет стиліне тән ерекшеліктердің бірі тіл байлығы
екендігі мәлім. Көркем шығармада қолданылмайтын
сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген
шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес,
кейіпкер тілінен де тұрады. Ал кейіпкерлер әр жастағы,
әр мамандықтағы, білімдері де әртүрлі
деңгейдегі адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да
әрбір нақтылы көркем шығармада кейіпкер
сөзінің өзіне тән әлеуметтік-психологиялық
сипаттамасы болады. Кейіпкер тілінде кәсіби сөздер де, жергілікті
тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады.
Көркем әдебиет стилінің екінші бір ерекшелігі – оның
көп стилді болып келетіндігі.
Зерттеушілер
жазушылар көркем шығармадағы жалпыхалықтық
тілдің негізгі сөздік қорын, сөздік
құрамын, тілдегі мақал-мәтелдерді, шешендік
сөздерді, қанатты сөздерді қаншалықты қалай
пайдаланды, оларды қаншалықты, қалай байытты,
ұсттартты, оның сол байыту, ұстартуы қаншалықты
заңды, жарастықты, соны тексереді. Өйткені тіл – көркем
шығарманың негізгі элементтерінің бірі, жазушының
негізгі құралы. Демек, адам ойын, сезімін, әсерін, ісін жазушы
осы арқылы бейнелейді.
Қай
сөздің қаншалықты көркемдік деңгейіне
көтерілуі оның лексикалық мағынасы мне жазушының
рухани өрісіне байланысты. Сондықтан, әрбір жазушының
өзіндік сөз қолданысы болады. Мәселен, Ақселеу
Сейдімбек шығармалары тілінде әртүрлі сөз
қолданыстарын байқай аламыз [1,32].
Әдетте, кейбір жазушы шығармаларында «тіл»
деген сөз, «қызыл тіл» деп қолданылады. Ал, Ақселеу
Сейдімбек «тіл» сөзін өз шығармасында былайша суреттейді:
Қара тіл,
қанжар тұяқ, қанға тоймас,
Қанша керіп
тұрса да алмай қоймас.
Шұбар
тұяқ жиренді тауып салсаң,
Ердің
құнын берсең де басын жоймас [2,227].
А. Сейдімбек
шығармаларында одағай сөздерді көп кездестіреміз.
Жазушы өз шығармасында кейіпкердің тұлғасын ашу
мақсатында оларды барынша мол қолданады.
- Пай-пай, мына шұбар да мал деуге аузы бармайтын
жануар екен! (Аққыз)
- Бәрекелді, бұған тең келер
өзен болса, осынша жанды әуре-сарсаңға салып,
қыруар күш, қаншама шығын жұмсап, былайша
тырбанбас едік қой (Атамекен)
Ойбай-ау, мына сияқты мығым қос топшысы
бар, мына сияқты жалпақ қанаттары бар, мына сияқты
жалпақ қанаттары бар бүркіт тегі осал бола ма, осал болып
еңбегіңді еш қыла ма?
(Ақиық)
Сонымен қатар
жазушы шығармаларында еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді
пайдаланып, ойнақы өрнек, айшықты кестелер жасайды.
Тек қана босағаға сүйелген жез
леген қатқыл дауыстан шың-шың
еткені болмаса, үй іші үрейлі, тым-тырыс меңіреулікте
қарая үңірейіп тұра берді
(Қыз ұнатқан).
Аз сәтте айыл-тартпаларын шірей тартысып, ақ
бауыр сойылдарын ыңғай ұстасып, сарт-сұрт атқа
міністі(Аққыз).
Ақселеу
өз шығармаларында фразеологизмдерді де ұтымды пайдалана
білді. Әдеттегідей, жер
аяғы кеңіп, мал тойына бастасымен-ақ, аралбай –
тарақты елдерінің аралас-құраласы молайып,
жөн-жоралғының көбейген шағы. Өзі де
алапаты артық, мысы жеңбей
қоймайтын, адамзаттың сұлуы
еді-ау!...Түнқатардың әкесі бар өмірін
байдың есігінде өткізген,
қой аузынан шөп алмайтын, құдай деген адам болатын.
Ақселеу
Сейдімбек «Бүркіт» деп аталатын әңгімесінде
құсбегілікке қатысты теминдерге жеке-жеке тоқталып,
оларға анықтама береді. Соның ішінде ол құс
жемінің түрлеріне ерекше тоқталады. Шығармадағы
«қансоқ», «қызыл», «тартпа», «сарбөртпе», «тоят»,
«үрген өкпе», «боз өкпе» секілді терминдер әңгіме
барысында бірнеше рет қайталанады.
А. Сейдімбек
өз шығармаларында халық тілінде қалыптасқан
эпитет, теңеу, әсірелеулер мен литоталарды жиі әрі
ұтымды жұмсап, тілімізді байытумен ерекшеленеді.
Әдеби
шығармалардағы осы бір түсініктер бір-бірінен ерекшеленіп,
тілдегі, әдебиеттегі қызметтеріне сай жазушы шағармаларында
қоланылады. Мәселен, теңеудің тілдегі қызметі
жайында ғалымдар нақты пікірлер айтады. Яғни теңеу
дегеніміз – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру
арқылы сипаттау тәсілі. Әр нәрсені салыстыру негізінде
жасалатын бейнелі сөздер, туынды мағыналы сөздер,
құбылту түрлері аз емес [3,53].
Енді міне, қазір де сол әдет айсыз
қараңғыда аш бөрідей
тау жебелетіп, жортуылға алып шығып еді
(Аққыз).
Елім деп еңіреген ерлер осынау найзадай тік біткен, жалаңаш, жалғыз биіктің
түстік жақ сауырын жалдап шығып, қарауыл қарайды екен (Талға біткен жалбыз).
Қозы өрісіндей
ғана жерге жайылған бұлақ табанының көкорай
шалғынына ірге тиістіре, шүпірлей қонысқан.
Аққыздың ақыл-көркіне
таңдай қағып, Наймантайдың жігіттік өнеріне бас
иіп, ауыздан-ауызға әдемі аңыздай
әңгіме таралып жатты (Аққыз).
Шығар күндей шындықты
әлдеқашан ұмытып кетіп, енді ғана еске
түсіргендей (Бір атым насыбай).
Жазушы өз
шығармаларында теңеуді қолдану арқылы табиғат
көріністерін,
тұрмыстық жайларды, кейіпкерлердің психологиялық халін оқырман
қауымға әсер етерліктей етіп беруге тырысады.
Сонымен бірге А.
Сейдімбек эпитеттің көмегімен сөзге көп мағына
сиғызып, автордың кейіпкерге, оның іс-әрекетіне,
кеіпкердің кейіпкерге іс-әрекетіне көзқарасын
ұтымды шебер береді. Жалпы эпитет дегеніміз – заттың, не
құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдеретін
бейнелі сөз. Эпитет ұғымға, нәрсеге бейнелілік,
нақтылық сипат береді.
Автор кейіпкерге
мінездеме беру мақсатында эпитеттерді жиі әрі ұтымды
пайдаланады. Мәселен:Сол «алтын күрек» жел де биыл
қыс қаһарына мініп, қар бекіген кезде соғып еді (Тәтті
тіршілік). Сары сағыз боп
кепкен қайыңның безіндей қатты, етсіз тықыр басы
сүйірлене, әдеттен тыс ұзын көрінеді (Зерде). Шілде айының буалдыр сағым ойнаған сәскелік кезі болатын (Көңіл
шіркін). Көп жасаған жасымен
емес, көпті көрген басымен төңірегіне қадірі
артқан көне көз
адамның қазасына аяқ жетер жер құлақтанып,
өрел айтушылар ағылып келіп жаттыАқыры, не керек, содан
қашан өз қолы аузына жеткенше, осы тесік өкпе болып көрмегені жоқ (Бір атым
насыбай).
Е. Жанпейісов
көркем әдебиет стиліне тән сөздерді 4 топқа
бөледі. Ол сөздер шоғыры Ақселей Сейдімбек
шығармаларында да атқаратын қызметі зор екендігі белгілі.
Автор шығармаларындағы бейнелі сөздерді Жанпейісовше талдасақ:
1) Стильдік
қызметіне қарай көпшілік қолды сөздер: су, қозы-лақ, аспан, тіл т.б.
2) Поэтикалық
кестелі сөздер: көңіл,
сезім, қажыр-қайрат, күлкі т.б.
3) қарапайым
сөздер
4) диалектизмдер: леген, насыбай.
Қай
сөздің қаншалықты көркемдік деңгейіне
көтерілуі оның лексикалық мағынасы мен жазушының
рухани өрісіне байланысты. Сондықтан әрбір жазушының
өзінің сөздік қолданысы болады. Мәселен, А.
Сейдімбек кейіпкер тілін, кейіпкер мінезін еркін жеткізу мақсатында,
әрбір диалог барысында қаратпа сөздерді қыстырып отырды.
Оған мысал:
– Сыздеке, қыраныңыз
құтты болсын!
– Ей, Мұса, Кекшіліңнің
қызығын көп көрдің ғой сен.
– Мұсеке,
адам қартайғанда бір бала дейді ғой
т.б.
Жалпы
жазушының халық тіл байлығын жетік меңгергенін
байқатуда, көркем шығармаларда типтік образ жасауда, жеке
кейіпкердің тілдік ерекшелігін аңғартуда жоғарыда
аталған мәселелердің маңызы зор.
Көркем
шығарманың мазмұны ондағы кейіпкерлердің
іс-әрекетін айшықты сөзбен бейнелеп, суреттеп көрсету
арқылы түсініледі.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1. Мажитаева Ш. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби
тілі. Қарағанды, 2007. 234 б.
2. Сейдімбек А. Аққыз. Алматы: Атамұра, 2002.
3. Сыбанбаева А. Метафораның тілдік болмысы және концептуалды
метафоралар. Алматы, 2002.