Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

Матаева Бақытгүл Үкіжарқызы магистр,

«Психология және педагогикалық коррекция»

кафедрасының аға оқытушысы

Елубай Айгүл

Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

«Дефектология» мамандығының

3 курс студенті

 

Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық –педагогикалық  сипаттамасы

Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Оқудағы қиыншылықтар олардың жүйке жүйесінің әлсіреуінен тереңдей түседі – жүйкесі тозып, соның салдарынан олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды. Арнайы педагогикада «психикалық дамудың тежелуі» ұғымы баланың психикалық іс-әрекет дамуының артта қалуын сипаттайды. Зерттеушілердің(Т.А.Власова, И.Ф.Марковская т.б.) көпшілік пікірі бойынша мұндай кешеуілдеудің негізгі себептері бас миының органикалық зақымдануы болып табылады. Олар туа біткен немесе жатыр ішінде, туукезінде сонымен бірге ерте балалық шақта пайда болуы мүмкін. Психикалық функциялар (кеңістікті қабылдау, ойлау, сөйлеу, танымдық, эмоциональды-еріктік сферасында, мінез-құлқы мен тұлғасында т.б.) құрлымы күрделі кешенді болғандықтан және бірнеше функционалды жүйелердің байланысына негізделгендіктен, олардың қалыптасуы психикалықдамуы тежелген балаларда баяу,өзгеше өтеді. Психикалық дамуы тежелген балалардың қабылдауы, қалыпты дамудағы балалармен салыстырғанда төмен деңгейде екені байқалады. Бұл сенсорлық аппаратты қабылдауда ұзақ уақытты қажет ететіндіктен баланың қоршаған орта туралы білімінің шектеулілігінен, таяздығынан анық көрінеді. Заттардың ұқсас қасиеттері, әдетте, бірдей болып қабылданады. Аталған балалар жазылуы ұқсас әріптерді жиі шатастырады, ажырата алмайды. Психолог Г.Спирнектің пікірінше, көру қабілетінің бұл ерекшелігі баланың оқуда қиналу себептерінің бірі.

Жүйелі оқыту кезеңінің барысында ПДТ балаларда көру және есту қабілеттерінің жоғарғы формаларының кемістігі байқалады,күрделі қимыл іс-әрекетін жоспарлаудың және оны орындаудың жеткіліксіздігі байқалады. Осы категориядағы балаларда кеңістікті қабылдау жеткіліксіз дамыған: кеңістік бағытындағы ұзақ уақыт бойы бағдарлауы практикалық әрекет негізінде жүзеге асады,кеңістікті талдау мен біріктіру барысында қиындықтар туындайды. ПДТ балалардың зейін ерекшеліктері тұрақсыздығымен, шашыраңқылығы мен, шоғырлануының төмендігімен, ауысуының қиындығымен сипатталады. ПДТ балаларда қабылдау қабілетінің дамуы да төмен, мұны балалардың қоршаған әлем туралы білімдерінің жеткіліксіздігінен, шектеулігінен, үзік-үзіктігінен, әдеттегі қалыптан басқаша тұрған заттарды, сызбалық бейнелерді тани алмайтындығынан (егер олар сызылып тасталған немесе бірінің үстіне бірі орналастырылған болса) байқауға болады. Аталған категория балаларында зейінінің ауысуы бірқалыпты дамиды. Көптеген зерттеушілер ырықты зейіннің жетіспеушілігін психикалық дамуы тежелуі кезіндегі таным іс-әрекетінің сипаты ретінде анықтайды. Бұл категория балаларында зейіннің  тұрақсыздығы мен жұмыс қабілетінің төмендеуі жеке даралық формаларға ие: кейбір балаларда тапсырманы орындаудың басында зейін мен жұмыс қабілеті жоғарғы деңгейде болады да, соңына қарай төмендейді; басқаларында зейін біраз уақыттан кейін шоғырланады, яғни ол балаларға   іс-әрекетке ену үшін қосымша уақыт қажет; үшіншілерінде бүкіл тапсырманы орындау барысында зейіннің құбылуы мен жұмыс қабілетінің  бірқалыпсыздығы байқалады.

Психикалық дамуы тежелуіне тән  тағы бір белгі ес- дамуындағы ауытқулар. Бұл балаларда есте сақтау өнімділігінің төмендігі, оның тұрақсыздығы; ырықты етіске қарағанда ырықсыз етістің басым болуы; Есте сақтау тәсілдерін қолдана алмауы; есте сақтау көлемінің дәлдігінің  жетіспеушілігі; материалды тез ұмытуы т.с.с. байқалады. Осы категорияның балалары естің күрделі түрлерін қиын меңгереді. Сөйтіп, ПДТ оқушылардың көбі 4-ші сыныпқа дейін механикалық есте сақтауды қолданады, ал қалыпты дамуындағы құрбыларында бұл кезде ырықты сөздік мағыналық есте сақтау жылдам дамиды.  Кіші мектеп жасында көрнекі-әрекеттік ойлауы сәл ғана ауытқыса, көрнекі-бейнелік ауытқудың біршама. Сөйтіп, бұл балалар жүйелі оқытудың бастапқы сатысында заттарды түс, пішін сияқты көрнекі қасиеттері бойынша дұрыс топтастыра алады, бірақ заттың мөлшері мен қасиеті ретінде анықтай алмайды. ПДТ балалардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда 20-30 % төмен деңгейде. Сөздік қорында бар сөздердің өзін қолданғанда, олар көбінесе қате жіберіп, сөз мағынасын толық түсінбейтінін көрсетеді. ПДТ оқушылардың грамматикалық қорыта білуі әлсіз, олардың сөйлеу тілінде грамматикалық конструкцияларды дұрыс қолданбауы жиі кездеседі. ПДТ балалардың мінез-құлқы да өзіндік ерекше. Олардың жетекші қызметі – әлі де ойын болып қалады.

С.А.Домишкевичтің, З.И.Калмыкованың, И.Ю.Кулагинаның, Т.Д.Пускаеваның еңбектеріне  жүгінетін болсақ, онда психикалық дамуы тежелген балаларда ойдың барлық түрлерінде аналитикалық-синтетикалық әрекет жеткілікті қалыптасқан. Затты немесе құбылысты талдау кезінде балалар тек үстіріттің, маңызды емес қасиеттерін атайды. Нәтежиесінде ПДТ балалар қалыпты дамудағы құрбыларына қарағанда заттың екі есе аз белгілерін анықтайды. Топтастыру операцияларын өткізу барысында балалар үшін негізгі қиындық заттың немесе құбылыстың екі және одан да көп қасиеттерін ойша біріктіре алмауынан туындайды.  Мектеп алдында психикалық дамуы тежелген балаларда негізгі ойлау операциялары сөздік-мағыналық деңгейде қалыптаспаған. Балалар ұғымдар иерархиясын меңгермеген. ПДТ баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Дидактикалық материалды жеткілікті түрде қолдану, қазақ тіліндегі оқулықтардың жеткілікті болуы, көрнекі құралдардың эстетикалық және педагогикалық талаптарға сәйкес келуі, ойын құралдарының әртүрлігі, іс-әрекеттен тыс техникалық құралдардың жеткілікті қолданылуы – бұл баланың сөз сөйлеуін жақсы меңгеруінің бір шарты болып табылады.  Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру.  

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері //Дефектология. 2011. №3. 17 б.

 2.  Кальпебаева Г. Психикалық дамуы тежелген балаларды ақыл-есі төмен балалардан ажырату. //Дефектология. 2010. №4. 15 б.

 3. Певзнер М.С. Об отборе детей с временной задержкой темпа психического развития и стойкими цереброастеническими состояниями в специальные классы. //Дефектология, 2003, № 5.

4. Материалы конференции «Проблемы коррекционно-развивающего обучения» //Дефектология, 2003, №3