Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

Матаева Бақытгүл Үкіжарқызы магистр,

«Психология және педагогикалық коррекция»

кафедрасының аға оқытушысы

Әмірханқызы Ақтоты

Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

«Дефектология» мамандығының

3 курс студенті

Мүмкіндігі шектеулі балаларға танымдық қабілеттерін арттыруда ойын ұйымдастырудың маңызы

Ойын- балалар үшін айналаны танып білу тәсілі. Ойын-балалардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасауына және көңіл-күйіне жағымды эмоциялық жағдай туғызады. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтсақ: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да, жоқ және болуы да, мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзіне қоршаған орта туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап  жанар оты »

К.Д.Ушинский «өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі, белсенділігін оята білуі мұғалімнің көмекшісі»-деді. Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға ойынды таңдағанда балалардың жағдайын ескеріп отыру керек. Олар өз қажеттіліктерін ыммен, қолмен, көзбен, бет-әлпетімен жеткізе алады. Ойын кезінде мүмкіншіліктері шектеулі балалар шаршамау үшін, ойын түсінікті, қызықты, мазмұнды болу керек. Сондықтан балалар шаршамай, жалықпау үшін баланың денсаулығына әсер ететін ойындарды таңдап алу керек.

Тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары: тәрбеленуші мен тәрбиеші арасындағы  педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы, тәлім-тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту,оның бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы, балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы, тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы шарт, ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйелі, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып бірнеше компоненттерін құру, балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру.

Баланың жеке тұлғасының дамуында ойындық әрекеттер аса маңызды болып табылады. Ойындар мынадай түрлерге бөлінеді:

дидактикалық, тіл дамыту, қозғалыстық, театарландырған және сюжеттік-рөлдік ойын, дамытушылық. Мақсаты: талап, мотивті операциялы, мазмұны нәтижелі. Ойынды түрлендіру, ойындық әрекеттерді қайта жүргізу үшін мұғалімнің өзі түрлі практикалық әдістерді меңгеруі қажет.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді: заттық дидактикалық ойындар- дидактикалық ойыншықтармен  және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады, үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «лото», «домино», «пазл», «мазайка» және тағы басқа, сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты-балаларға  білім,білік, іскерлік, әдет-дағдыларды  игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Дидактикалық ойындардағы негізгі міндеті-балалардың ақыл -ойын дамыту, білімін байыту. Дидактикалық ойын балалардың қоршаған тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.

Сюжетті рөлді ойындар ақыл-есі кем балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Сонымен қатар, сөзжұмбақтар мен ребустар көп септігін тигізеді.Сюжеттік-рөлдік ойын түрлеріне: «Отбасы», «Мектеп», «Автобус», «Дүкен», «Шалқан», «Көкжиектің үйшігі». Осы ойындарды үйрету барысында міндетті түрде музыканың жетегі қажет.

Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға іс-шара өткізу үшін барлық мамандар ойын терапиясы әдісін жақсы меңгеру керек. Бұл әдісті барлық мамандар әр түрлі бағытта қолданады. Ойын терапиясын қолданудың негізгі мақсаты балаларға когнетивті, сезімталдық, әлеуметтік, жекелей тұлғаны жүйелік дамуына көмектесу. 

Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға ойын тәсілдерін қолданғанда қойылатын мақсат: достық, жақын қарым-қатынаста болу керек, баланы сол күйінде қабылдау керек, балаға шыдамдылықпен қарау керек, бала өзін еркін сезіну керек, балаға қысым жасамау керек, баланың өз қалауына қарсы болмау керек, ойын кезінде баланы асықтырмау керек.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез-құлқындағы  кемшіліктерді түзету, дамыту-педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралы ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірді танып, айналадағы өмір құбылыстарын байқай отырып, білуге қызығушылығы оянып, осы сезім арқылы талпыныстарға ұмтылады.

Ойын баланың даму құралы, таным көзі,білімділік,тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Балаға ойын әртүрлі әсер береді, кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығырмашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Міне, ойын дегеніміз-тынысы кең, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі.

Баланың ойынды өзі ұйымдастыра алуы, белгілі ережелерге бағына бастау, ойынды жеткізуі, ондағы заттармен олардың қарым-қатынастарын, тұрмыстағы қиялының пайда болып, өзінше ақиқатты өзгертіп құрастыра білуі-ерік саналарының дами бастағандығын көрсетеді. Ол біртіндеп айналасындағы дүниеге қарым-қатынасын өзерте бастайды.

 

                                                Әдебиеттер:

1. Батырбекова.Г. Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қабілеттерін ойын арқылы дамыту.«Дефектология» журналы. Астана, 2016/3.

2.Берсугирова.Т. Балалардың таным процестерін ойын арқылы дамыту.«Дефектология » журналы.Алматы, 2015/8.

3.Г.Н.Сергиенко «Учимся, говорим, играем».

5.Рахматова.М.Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ойынның маңызы.«Дефектология» журналы. Алматы, 2015/4.