Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

Матаева Бақытгүл Үкіжарқызы магистр,

«Психология және педагогикалық коррекция»

кафедрасының аға оқытушысы

Сабаз Тоғжан

Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

«Дефектология» мамандығының

3 курс студенті

Мүмкіндігі  шектеулі балалардың сенсорлық дамуын ойын арқылы қалыптастыру

   Мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы және әрекетті геометриялық көріністерді, түрлі түстерді қалыптастыру қазіргі қоғамда оларды өмірге және еңбекке дайындау үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

     Сенсорлық даму – көруді, естуді, сезінуді дамыту.Қоршаған ортаны көзбен көріп қабылдау.Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту оқушының білім- біліктілігінің артуына әсер етеді.Қандайда болмасын затты қабылдауы – өте ұзақ процесс. Бұл процесс балабақшадан басталып , мектепте жалғасын табады.Оқушы заттарды қабылдап қана қоймай, сонымен қатар ұстап, сезіне отырып, оларды орналастыру жұмыстарын үйренеді.

   Сенсорлық даму төмендегідей үш бағытта жүргізіледі:

·                       Заттың пішінін қабылдау.

·                       Заттың көлемін қабылдау.

·                       Заттың түр- түсін қабылдау.

    Балалардың сенсорлық қабілетін дамыту барысында түрлі деңгейдегі ойындардың маңызы зор.Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды- бейнелі, қимыл- қозғалыс дидактикалы, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.

   Мазмұнды – бейнелі ойынның ерекшелігі : оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызыметі айқын өнерпаздық пен шығармашылық сипатта болады.

   Дидактикалық ойындар барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып балалар музыкалық ойыншықтармен, заттардың пішініне түсіне, көлеміне қарай іріктеуге , әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.

      Мүмкіндігі шектеулі балалардың сенсорлық қабілетін дамуға арналған ойындар мен тапсырмалардың мақсаты : тек көріп қабылдауға ғана емес, сонымен қатар, оқушының есте сақтауын, ой өрісінің дамуын,түсінігінің, сөйлеу тілінің дамуын қалыптастыруды көздейді.

«Бағдаршам» ойыны

   Ойынның барысы: Оқушыларға бағдарамды көрсетіп, оның 3 түрлі түсінің артқаратын қызметі, пайдасы түсіндіріледі. Сынып оқушыларын сыртқа шығарып,осы ойын ойналады. Бағдаршамды өзім жүргіздім. Оқушылар дөңгелетіп тұрады, ең алдағы оқушы көлік жүргізуші жұмысын атқарады. Тәртіп бұзған. Ережебұзған оқушылар біртіндеп ойынан шығып отырады. Жолда жүру ережесін бірде-бір бұзбаған оқушыны мадақтау қажет.

 «Пішінді тап» ойыны

   Мақсаты: оқушыларға заттарды бірнеше белгілері бойынша салыстыруға үйрету; пішін және мөлшер туралы білімдерін бекіту.

   Ойын барысы: тақтаға түстері және мөлшері әртүрлі геометриялық фигуралар қойылады. Мұғалім айтады: «Тақтадағы фигуралардың ішінен кішкентай қызыл фигураны тап, ол көпбұрыш емес», т.с.с. Басқа фигуралар мен осыған ұқсас тапсырмалар ойластыруға болады.

   Балалардың сенсорлық қабілеттерін дамытуда ойын терапиясының маңызы зор.Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезінде ойын әрекетінің психологиялық негізінде құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үдемелі өзгертумен және ең алдымен бала тұлғасының барлық жағынан дамытудың фундаменті болып табылатын оның интелектуалдық ортасына байланысты.

 

Пайдаланған   әдебиеттер:

1.      Сапарова А. Мүмкіндігі шектелген балалардың дамуын қалыптастыру.  //Дефектология. 2009. № 4-5 37-38 б.

2.      Қарағойшина И. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыптастыру. . //Дефектология. 2015. № 1. 9-12 б.

3.     Г.А.Екжанова, Е.А.Стребелова «Коррекционно-развивающее обучение дошкольников с нарушением интелекта.».

4.                                                                                                                                                                                              .Берсугирова.Т. Балалардың таным процестерін ойын арқылы дамыту.«Дефектология » журналы.Алматы, 2015/8.