Е.К. Молдакенова
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық
ұлттық университет, Астана
(E-mail: erke_totai_77@mail.ru)
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ
БАСҚАРУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
Әлемнің әр түрлі елдерінің
ауыл шаруашылығын қолдау тәжірибесін қорыту
көптеген елдердің субсидиялауды ауыл шаруашылығы
өндірісін қолдаудың шешуші құралы ретінде
пайдаланатынын көрсетті. Алайда алдыңғы қатарлы ауыл
шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы елдер (Австралия, Жаңа
Зеландия, Аргентина, Бразилия және т.б.) өндірушілерді тікелей
субсидиялауды қолдамайды.
Қазіргі уақытта әлемдік аграрлық
экономиканың және демографияның жаңа
қарқыны қалыптасуда, аймақта интеграциялық
процестердің дамуы айқын,
климатта жаһандық өзгерістер орын алуда.
Қазақстан Кеден Одағына кіріп, жақын келешекте
Әлемдік Сауда Ұйымына кіруді жоспарлауда. Бірақ
саладағы еңбек өнімділігінің төмен деңгейі,
пайдаланылатын технологиялардың жеткіліксіздігі, өндірістің ұсақ тауарлығы ауыл
шаруашылық өндірісін интенсивті негізде дамытуға, материалды,
еңбектік және басқа да ресурстарды толыққанды
пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды
орындауға мүмкіндік бермейді. Аталған факторлар отандық
аграрлық сектордің бәсекегеқабілеттілігін
төмендетеді, ал ол Әлемдік Сауда Ұйымына жағдайында шетелдік
импорттық өнімнің басым болуына, жергілікті
өндірушілердің өткізу нарығынан шығып
қалуына әкелуі мүмкін.
Дамыған елдерде пайдаланылатын субсидиялау
жүйелерінен аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің мынадай
негізгі нысандарын бөлуге болады: бағаны қолдау (АҚШ),
гектар мен мал басына төлемдер арқылы табысты қолдау (ЕО
елдері), тарихи табыс деңгейінің негізіндегі төлемдер
арқылы табыстарды қолдау (Канада) және кредит берудің
артықшылық режимдері (Бразилия). Әкімшілендіру
тұрғысынан алғанда субсидиялаудың қарапайым
түрі гектарға немесе мал басына төлеу болып табылады.
Экономиканың аграрлық секторын қолдау
деңгейінің көрсеткіштері бойынша Қазақстан
салыстырмалы көрсеткіштерде орташа деңгейде тұр. Ауыл
шаруашылығын жалпы қолдау бұл жағдайда ауыл шаруашылығы
құрылымдарына бюджеттен төлемдерді де, жанама қолдау
шараларын да (мысалы, тарифтік қорғау) қамтиды.
Cурет 1. Елдің
ЖІӨ-нің үлесі ретінде ауылшаруашылықты жалпы
қолдау,
2014-2016
жылдардағы орташа көрсеткіш, %
Қазіргі уақытта ДСҰ шеңберінде
ауыл шаруашылығын тікелей мемлекеттік қолдау шараларынан бас тарту
бойынша үрдіс басым болуда. ДСҰ мен әлемдік аграрлық
азық-түлік нарықтарында Керн тобының елдері (Австралия,
Аргентина, Жаңа Зеландия, Канада және басқалары)
неғұрлым көп мәнге ие болуда, оларда ауыл
шаруашылығына тікелей субсидиялардың ең төмен
деңгейі бар және саланы өндірістің бәсекеге
қабілеттілігін және тиімділігін өсіру есебінен дамытуда. Ауыл
шаруашылығын тікелей қолдауды пайдаланбайтын Керн тобы
елдерінің тәжірибесі субсидиялардан бас тартқаннан кейінгі
кезеңдегі өндіріс факторларының жиынтық
өндіргіштігінің неғұрлым жоғары өсуін
көрсетеді (сурет 1).
Қазақстанға қатысты бұл
әрбір ел өзінің ауыл шаруашылығын қолдау
жүйесін әзірлейтінін растайды, бастысы сол қолдау
өндірушілерді ынталандыруы, жер мен малдардың өнімділігін
арттыруы, экспортты ынталандыруы тиіс.Аграрлық саладағы
алдыңғы қатарлы елдердің қазіргі даму
үрдістерін талдау Қазақстанның АӨК одан әрі
дамуы мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру және
аграрлық бизнесті дамыту үшін тең қолайлы
жағдайлар жасау есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағдарлануы тиіс
екендігін көрсетті.
Бұдан басқа дамыған елдерде ауыл
шаруашылығының жеке бағыты – органикалық
өнімнің өндірісі қалыптасты. Әлемдегі
органикалық өнім нарығының дамуы дәстүрлі
ауыл шаруашылығы өнімдерімен салыстырғанда
неғұрлым жоғары және тұрақты
бағаларға қарамастан жеткілікті жоғары өсу
қарқынын көрсетуде. Органикалық өндірістің
отандық өнімдері әлемнің дамыған елдерінде
мойындалған органикалық өндірісті сертификаттау жүйесін
енгізгеннен кейін ғана шетелдік тауарларға қатысты
бәсекеге қабілетті болуы мүмкін.Халықаралық
сертификаттау жүйесін енгізу арқылы органикалық өнімдер
өндірісін ынталандыру үшін жағдай жасау керек.
Өнімді сақтау және тұтынушыларға
дейін жеткізу логистикасын дамыту жолымен нарықты отандық
өндірістің азық-түлік тауарларымен одан әрі
молықтыру, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші кооперациялау жолымен дайындау, қайта өңдеу және
сақтау пункттерін құру бойынша шараларды іске асыру
қажет. Осылайша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі саясатын еңбек өнімділігі жоғары
АӨК субъектілері үшін өнімді тауарлық өндіруді
қолдауға бағыттау қажет, бұл отандық
өндірісті қарқындатуға және көлемін
көтеруге мүмкіндік береді.
Ветеринариялық және фитосанитариялық
қауіпсіздік жүйесін дамытуға ерекше назар аудару қажет.
Жоспарланып отырған ДСҰ-ға кіру
ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші халықаралық тамақ қауіпсіздігі стандарттарына
сәйкес келетін сапалы және қауіпсіз өнімді жеткізуді
талап етеді. Осыған байланысты, халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастық шеңберінде заңнамалық базаны
жетілдіру мәселесін пысықтау қажет, жануарлардың
ауруларына қарсы күрес стратегияларын қайта қарап,
ауруларды бақылау, қадағалау және мониторингілеу
үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бар
зертханалардың тармақталған желісін құру керек.
Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың кенттер
деңгейінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Фитосанитария
саласында аса қауіпті организмдермен күресудің заманауи
қауіпсіз әдістерін енгізу жөніндегі бірқатар іс-шаралар
жүргізу қажет.
Алдыңғы қатарлы технологияларды
енгізуді ынталандыру және отандық ауыл шаруашылығы
өнімдерінің өндіріс көлемдерін ұлғайту
мақсатында қолданыстағы қолдау шараларымен қатар
жеке дақылдарды тікелей субсидиялаудан жеңілдетілген
қаржыландыру арқылы қолдауға біртіндеп көшуді
(кредиттер және лизинг бойынша пайыздық ставканы субсидиялау,
қаржы ұйымдары алдындағы ауыл шаруашылығы
тауарларын өндіруші қарыздарын
кепілдендіру жүйесін және сақтандыру жүйесін енгізу),
сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде инвестициялық субсидиялауды
көздеу қажет. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық
тұрақсыздығын болдырмау және олардың
қысқаруына жол бермеу мақсатында аталған
кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды жүзеге асыру
қажет .
Агроөнеркәсіп кешені
индустриялық-инновациялық дамытуды жоғары технологиялы
инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ су
ресурстарын ықпалдастырылған басқару қағидаттарын
енгізу жолымен жүзеге асыру қажет.
Мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру
мақсатында субсидиялау жүйесін жетілдіру қажет.
ДСҰ-ға кіру, сондай-ақ отандық ауылшаруашылы тауарларын
өндіруге тең жағдайларды қамтамасыз ету үшін
жоспарланып отырған кезеңде мемлекеттік қолдау деңгейін
ықпалдастыру процестері шеңберінде тиісті келісілген
көрсеткіштерге дейін жеткізу қажет.
Қазіргі уақытта ДСҰ шеңберінде
ауыл шаруашылығын тікелей мемлекеттік қолдау шараларынан бас тарту
бойынша үрдіс басым болуда. ДСҰ мен әлемдік аграрлық
азық-түлік нарықтарында Керн тобының елдері (Австралия,
Аргентина, Жаңа Зеландия, Канада және басқалары)
неғұрлым көп мәнге ие болуда, оларда ауыл
шаруашылығына тікелей субсидиялардың ең төмен
деңгейі бар және саланы өндірістің бәсекеге
қабілеттілігін және тиімділігін өсіру есебінен дамытуда. Ауыл
шаруашылығын тікелей қолдауды пайдаланбайтын Керн тобы
елдерінің тәжірибесі субсидиялардан бас тарқаннан кейінгі
кезеңдегі өндіріс факторларының жалпы
өндіргіштігінің неғұрлым жоғары өсуін
көрсетеді.
Қазақстанға қатысты бұл
әрбір ел өзінің ауыл шаруашылығын қолдау
жүйесін әзірлейтінін растайды, бастысы сол қолдау
өндірушілерді ынталандыруы, жер мен малдардың өнімділігін
арттыруы, экспортты ынталандыруы тиіс.Аграрлық саладағы
алдыңғы қатарлы елдердің қазіргі даму
үрдістерін талдау Қазақстанның АӨК одан әрі
дамуы мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру және
аграрлық бизнесті дамыту үшін тең қолайлы
жағдайлар жасау есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағдарлануы тиіс
екендігін көрсетті.
Сонымен бірге дамыған елдерде ауыл
шаруашылығының жеке бағыты – органикалық
өнімнің өндірісі қалыптасты. Әлемдегі
органикалық өнім нарығының дамуы дәстүрлі
ауыл шаруашылығы өнімдерімен салыстырғанда неғұрлым
жоғары және тұрақты бағаларға
қарамастан жеткілікті жоғары өсу қарқынын
көрсетуде. Органикалық өндірістің отандық
өнімдері әлемнің дамыған елдерінде мойындалған
органикалық өндірісті сертификаттау жүйесін енгізгеннен кейін
ғана шетелдік тауарларға қатысты бәсекеге
қабілетті болуы мүмкін.
Әдебиеттер тізімі:
1. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан
халқына Жолдауы
2.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 18.02.2013ж. № 151 Жарлығымен
бекітілген «Агробизнес -
2020» Бағдарламасы
3.
Шайтан Б.И. Инновации в АПК/Шайтан Б.И. – Алматы, 2015. - с. 207.
4.
Толысбаев Б.С., Вступление Казахстана в ВТО: проблемы
и перспективы // Научно-теоретический журнал.
«Вестник Казахского инновационного университета» №1. 2014.
5.Габдуалиева Р.С. Проблемы страхования
сельского хозяйства Республики
Казахстан /Р.С.Габдуалиева //Международный сельскохозяйственный журнал.-Москва. - 2014. - №6.- с.12-18
6.Гордеев А. Экономические механизмы
регулирования агропромышленного производства/ Гордеев А.//Экономист. – 2013. - № 6. - с.90-93.