Усенова М.Т., Дильмухамедова У.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Банк жүйесінде корпоративтік басқаруды ұйымдастыруды бағалау үшін әдістемелік қадамдар

 

Корпоративтік басқаруды тиімді бағалау шеңберіндегі зерттеудің теориялық талдау бізге әртүрлі әдістер туралы қорытынды жасауға мүмкіндік туғызды.олардың ішінде бағалау индикаторының заманауи жүйесі – ұзақ мерзімді жетістіктерге жетуге бағытталған банктің жаңа құралы. Бұл құралдар ресурстарды орналастыруға, персоналды басқаруға, ақпараттарды жинау мен қайта өңдеуге және басқару процестерін жетілдіруі мақсатында банк қызметінің бағалау көрсеткіштер құрылымын көрсетеді. Ұйымдық басқаруға мүмкіндік беретін бағалау индикаторларын жүйеге келтірудің бірнеше қадамдары бар.

Қазірге кезде ең танымал әрі кең тараған әдістеме болып Нортон мен Капланның Balanced Scorecard – BSD деп аталатын көрсеткіші қолданылады, оның мақсаты банктерге стратегиялық мақсат пен жедел басқаруды жүргізу.

Көрсеткіштер жүйесі концепциясы 1990 жылдары Нолан Нортонның институтында «Болашақтағы қызметті ұйымдастыру көрсеткіштері» деп аталатын тақырыптағы зерттеудің нәтижесінде пайда болды. Ол институттың ғылыми бөлімі KPMG (Kevel Peat Marwick Goerdeler - әлемнің ең ірі консалтинг компанияларының бестігіне кіретін аудиторлық консалтингтік компания). Бұл зерттеуде аса назар бизнесті бағалаудың дәстүрлі қадамның альтернативі ретіндегі қаржылық крсеткіштегі емес тиімді өлшеудің жаңа әдістерін іздеуге аударылды. Жұмыс барысында бағалаудың көпфункционалды жүйесі тиімді болып табылады. Сол кездегі бизнесті тиімді бағалаудың әдістері тек қаржы көрсеткіштерінде ғана құрылып, болашақта ұйымның экономикалық құнын қамтамасыз ете алмады. Олар толық тиімділік танытпады және материалды емес активтердің құнын бағаламады (қызметкерлердің білімі мен ақылын, мәліметтер базасы мен ақпараттық технологиялар, тиімді жедел процестер инновациялық өнімдер мен қызметтер, қоғамдық, мемлекеттік және заң құрылымдарымен ара-қатынас). 

Қазіргі таңда дың тиімділігін қамтамасыз ететін келесі көрсеткіштерді атап айтуға болады: көрсеткіштердің тепе-теңдік жүйесі КТЖ-Нортон мен Копланның үлгісі, КТЖ-Мейсел, қызмет ету Пирамидасы және ЕР2М және тиімділік Призмасы. Бұл көрсеткіштердің жүйені құруда принциптері бірдей және корпоративтік басқарудың тиімділігіне аса маңызды әсер етпейтін қаржылық емес сипаттағы бірнеше негізгі моменттермен толықтырылатын қаржылық көрсеткіштерді енгізеді.

КТЖ-нің негізгі ерекшелігі, ол банк қызметкерлері тартылған және клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған бизнес-процестермен тығыз байланысты.

Э.Нели, К,Адамс, М.Кенерли сияқты ғалымдардың айтуынша: КТЖ-қаржылық көрсеткіштерге негізделген дәстүрлі басқаруға қарағанда жақсы өңделген жүйе мен компанияның стратегиялық бағытын көздейтін элемент үлгісі. КТЖ- басқару мақсатына жету үшін банк қызметінің нәтижесін бағалау жүйесіндегі қаржылық емес көрсеткіштерді қосу жолымен басқару жүйесіне ақпараттық мүмкіндіктерді кеңейту үлгісі.

КТЖ нақты алға қойған мақсат пен міндеттер жүйесінде банкті басқарудың жалпы жүйесі әдістерін анықтайды, сондай-ақ КТЖ үлгісі бойынша құрылған негізгі төрт деңгейді анықтайды: қаржылық, клиенттік, ішкі бизнес-процес, оқыту және өсу.

Қаржылық-тиімділік КТЖ. Қаржылық нәтижелер банк жағдайы көрсетілген көрсеткіш болып табылады, сонымен қатар индикатор есебінде түседі, яғни компанияның біртұтас қабылданған стандарттарға сай болуы және компанияны жетілдіру жоспарын жүргізу мен ендіру.  Қаржылық көрсеткіштер: өнім рентабельділігін көтеру, өз кірісінің пайдасы, ақша ағымы, таза пайда.

Клиенттік жүйе жетекшілерге өздерінің өнімдерін өткізу бойынша қажетті нарық пен тұтыну базасы негізгі сегменттерін анықтауға көмектеседі. Бұл осы жүйенің инфрақұлымды құрудың алғашқы деңгейі. Екінші деңгейі өнім тиімділігінің негізгі қозғаушысын анықтау болып табылады, яғни: мақсатты сегменттегі нарық көлемі мен үлесі, сатып алушылардың қанағаттануы, клиенттік базаны сақтау, жаңа клиенттерді тарту, клиенттердің табыстылығы.

Ішкі бизнес-проценттің жүйесі бәсекелестікті нығайту мақсатында жетілдіру мен дамытуды қажет ететін негізгі процестерді анықтайды. Осы жүйе тиімді болған сайын, тартылған клиенттер саны мен қаржылық нәтижелерге тәуелді банк ұсыныстарының құны жоғары болады. Басты бизнес-процестер ашлғаннан кейін осы процестер мен тиімділік көрсеткіштер сипаттайтын негізгі қозғаушы күштер анықталады. Оқыту және өсу жүйесі ұйымдардың болашақта ұзақ мерзімді өсіру мен дамытуды қамтамасыз ету үшін құратын инфрақұрылымын анықтайды. Банкті және банктік жүйені өсіру және дамыту мынадай үш біріккен және бірін-бірі толықтыратын факторлардың нәтижесі болып табылады: адам ресурсы, жүйе және ұйымдастырылған процедура. Тиімділіктің негізгі қозғаушысы қызметкерлерді қанағаттандыру және ұстап тұру, олардың біліктілігі, басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпараттарды алудың мүмкіндігі, ақпараттық жүйенің тиімділігі.

КТЖ-сін банк жүйесінде қолдану келесі кезеңдерден басталады:

·        банкті дамыту жоспарын құру;

·        банктің негізгі мақсатынан басталатын функционалды мақсатқа дейін орындау;

·        функционалды мақсатқа жету үшін негізгі табыс факторларын анықтау;

·        тиімділіктің негізгі факторларын және олардың мақсатын анықтау, сонымен қатар оларың орындалуына жауапты тұлғаларды тағайындау;

·        жеткен мақсаттар туралы мәліметтер жинағын осы процесті жеделдету мүмкіндігі бойынша ұйымдастыру.

КТЖ-сін қолдана отырып банк менеджерлері корпоративтік қатынастың негізгі процестері мен жетілдіру механизмдерін және басқару жүйесін басқарады. Ол процестер: компанияны корпоративті жүйеге аудару, бизнес-жоспарды жүзеге асыру және ресурстарды орналастыру, персоналдарды оқыту, банк стратегиясын орындаудың ағымдағы мониторингі, кері байланыс. КТЖ өңдеу процесі арасындағы үзілісті жалғауға және стратегияны қалыптастыруға мүмкіндік береді. КТЖ компания серіктестері, банк қызметкерлері, кредиторлар мен жергілікті басқару органдары, яғни корпоративтік қатынас қатысушылары арасындағы қатынас тиімділігін қамтамасыз ететін менеджменттің сапалы жаңа жүйесін құру құралы ретінде жүргізіледі.

Нортон-Каплан КТЖ-сі менеджерлерге бизнесті төрт түрлі жақтан қарауға мүмкіндік береді, яғни ол мынандай сұрақтарға жауап береді:

·        қандай қаржылық міндетті акцонерлер бізден күтеді?

·        клиенттер бізден қандай қызмет түрлері мен өнімдер күтеді?

·        біздің акционерлер мен клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін біз қандай бизнес-процестің жетілдіру жолын іздестіруіміз керек?

·        өзіміздің стратегиялық міндеттерімізді жүргізу үшін біз қандай біліммен, технологиямен және жаңалықтармен хабардар болуымыз керек?

КТЖ-не енгізілген әрбір көрсеткіш банктің стратегиясын барлық қызметкерлерге жеткізу байланысы болуы керек.

КТЖ-сін өңдеу және ендіру тәжірибесі көрсеткендей, бұл үлгі корпоративтік басқарудың экономикалық тиімділігін сипаттау үшін қолданылады. Осылайша, КТЖ негізінде басқару үлгісін құру процесі мен КТЖ-н қолдану арқылы корпоративтік басқаруды жүргізу процесін айыра білу керек.

Әрбір тәуекел түрін бағалау айып баллын беру жолымен жүргізіледі. Соған сәйкес, таңдалған балл жиыны бойынша корпорацияның рейтингі жоғары болған сайын, тәуекел дәрежесі үлкен болып, корпоративтік басқару тиімділігінің деңгейі төмен болады.

Корпоративтік басқару тәуекелін бағалау санаты мен оның бағалау әдістемесін тереңірек қарастырайық.

Айқынсыздық: жоғары балл саны – 14.

Компанияның ақпараттық айқынсыздығымен байланысты берілген факторлар 4 түрге бөлінген: батыстық стандарт бойынша қаржылық есептілікті жүргізу, АДР бағдарламасының болуы, акционерлер жиналысын өткізу туралы дер кезінде хабарлама және компанияның жалпы беделі мен ашықтығы. Акционерлік капиталдың таралуы: жоғары балл саны – 13

Акционерлік капиталдың таралу қаупі тәуекел факторларының бірі болып саналады. Директорлар кеңесінің шешімі бойынша шығарылатын акциялар санының көп болуы акционерлік капиталдың таралуына әкелетін эмиссияның жоғары тәукелін көрсетеді.

Активтерді шығару  /трансфертті баға қалыптастыру: жоғары балл саны – 10.

Бағаларды бекіту әдістерін қаржылық есептілік пен келісімдер орнату тәсілдерін талдау жолымен жасалады.

Бірігу/ қайта құрылу: жоғары балл саны:10.

Егер компания бірігу немесе қайта қайта құрылу жағдайында тұрса, қысқа мерзімді даму кезінде сенімсіздік тудырып, активтердің жойылу тәуекелі туындайды.

Банкроттық: жоғары балл саны – 12.

Бұл фактор салық бойынша ірі қарыздар мен мерзімі өткен кредиторлық қарыздардың шамадан көп болуын сипаттайды.

Корпорацияларға айып баллдары ірі кәсіби компаниялардың орнына тіркеу ұстаушы-фирмалардың «калталы» қызметін қолдағаны үшін есептеледі.

Үлгіге байланысты 35 айып баллын алған корпорациялар тәуекелі жоғары болып табылады, олар корпоративтік басқарудың төменгі деңгейін сипаттайды, ал 17 балл рейтингін алған компаниялар соған қатысты қауіпсіз және басқарудың жоғары деңгейіне саналады.

Қарастырылған корпоративтік басқарудың тиімді бағалау әдістері зерттеліп жатқан мәселелерге қатысты әртүрлі қадамдарды сипаттайды. Бұл былай түсіндіріледі, біріншіден, корпоративтік басқару – бұл барынша көп қырлы категория және зерттеушілер тиімділікті бағалауда әртүрлі тәсілдерді қолдануды талап ететін мақсаттарды көздейді; екіншіден, әдістердің көп деген түрлерінің болуы корпоративтік басқарудың барлық кедергілерінен құтқарушы көздері болып табылады.