КӨЛІК
ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ
ҚҰРАМЫ
Л.Б. Гончаров атындағы қазақ
автомобиль-жол академиясы
э.ғ.к., доцент Калгулова Р.Ж.
аға оқытушы
Альжанова А.З.
ҚР Президентінің
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында инфрақұрылымды екі бағытта:
ұлттық экономиканы жаһанданған ортаға біріктіру,
сонымен қатар елдің ішінде аймақтарға жылжуды» дамыту
қажеттілігі туралы айтылған. Н.Назарбаевтың пікірі бойынша
Қазақстанның сыртында өндірістік
көліктік-логистикалық объектілерді құру үшін
елдің сыртқа шығатын шығуларға аса назар аудару және өзіңнің
пайдаңды мұқият есептеу маңызды болып табылады. Осы
мақсатпен арнайы «Қазақстан
Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын
дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға
дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы
жасалынды. Бүгінгі күні ірі жалпы ұлттық
инфрақұрылымдық жобалардың қатары жүзеге
асырылуда, олардың нәтижесі 2020 жылы Қазақстан
арқылы транзиттік тасымалдауды екі есеге жоғарылату керек. 2050
жылы бұл сан 10 есеге өсуі керек», - деп жолдаудың
мәтінінде айтылған [1, 5 б.].
Жаңа еуразиялық
логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды
басымдықтардың бірі. Оған қазірдің өзінде
қомақты инвестиция жұмсалды. Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет.
Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік
тасымалдың жылдық көлемін:
- контейнерлермен
тасымалданатын жүктер үшін 7 есе – 2 миллион контейнерге дейін;
-
жолаушыларды әуе көлігімен
тасымалдауды 4 есе – 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды
тапсырды мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстанның
үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында. Транзиттік тасымалдаудан
түсетін табысты 5,5 есе – жылына 4 миллиард долларға дейін
көбейту қажет.
Биыл республикалық маңызы бар 4400
шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту
жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін соның кем
дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп,
кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі.
Еліміздің көлік және транзит
әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді
іс-қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік
дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін
қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын
басқаруға, қызмет көрсету деңгейін
арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше
көңіл аудару қажет [2].
Заманауи кезеңде көліктік
инфрақұрылым үйлеспеушілік және орналастырудың теңсіздігі,
қызмет көрсету және басқарудың
нарықтық тетігінің жетіспеушілігі кесірінен
экономиканың дамуын тежеп тұрған фактор болып саналады.
Сонымен бірге экономиканы жаһандандыру жағдайында, шаруашылық
мемлекет аралық байланысты маңызды белсендендіруге себепші болатын
көлік және логистиканың рөлі мен маңыздылығы,
міндеттері өлшеусіз өсу үстінде.
Осымен байланысты заманауи экономикада
соңғы тұтынушының сұранысын
қанағаттандыруға бағдарланған
кәсіпорынның, аймақтың, елдің логистикалық
инфрақұрылымын қалыптастыру өзектілікке ие болып отыр.
Көліктік-логистикалық кешен елдің экономикасы
өсуінің драйверлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта
макроэкономикалық деңгейдегі инфрақұрылым ретінде
халық шаруашылығының негізгі (базалық)
салаларының тиімді қызмет
атқаруы үшін негіздер құру мақсатында
экономиканың өндірістік және өндірістік емес
аумақтарына қызмет көрсететін салалардың,
құрылыстар мен қызмет түрлерінің жиынтығы
түсіндіріледі. Микроэкономикалық деңгейде
инфрақұрылымды қалыптастырушылардың нақты
мазмұны қызмет көрсетудің нақты объектілерімен
алдын ала келісілген, олар нарықтың қызмет атқарушы
субъектілері болып табылады: өндірістік және
көтерме-саудалық кәсіпорындар.
Басқаша айтқанда,
аймақтық көліктік инфрақұрылымға
көліктің барлық түрлерінің оның
құрастырушы бөлшектері мен бөлімдерін қоса
алғанда барлық көліктік жүйесін, сонымен қатар
өнім немесе тауарды жабдықтаушыдан тұтынушыға жіберу
саласында жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы
инфрақұрылымына қызмет көрсететіндердің
барлығын енгізу керек (сурет 1).

1 сурет.
Көлік инфрақұрылымының негізгі элементтері
Көліктік инфрақұрылым
логистикалық инфрақұрылыммен өзара әрекетке
түспесе тиімді жұмыс жасай алмайды. Біздің
көзқарасымыз бойынша, теориялық тұрғыдан алғанда
көлікті және логистикалық инфрақұрылымдар
жеке-жеке жұмыс жасай алады, кеңестік кезде ол солай да болды.
Бірақ нарық жағдайында көлік және
логистикалық инфрақұрылымның арасында көлікке де,
логистикаға да қатысты жалпылық болуы қажет.
Біздің көзқарасымыз бойынша жіктеу
сұрағын қарастыру кезінде қызметтік белгілері бойынша
объектінің құрамына элементтерді енгізіп және
бөлуді қолдана отырып бір ымырағы келуге болады. Мысалы,
көліктік инфрақұрылымның құрамына тек
техникалық жақтарын енгізу (жолдар, ішкі су жолдары, порттар,
әртүрлі коммуникациялар, әуежайлар және алуан
түрлі көліктерді байланыстырудың басқа да
нүктелері және басқалары) және логистикалық
инфрақұрылымның құрамы (қоймалар, ыдыстар
және басқалары). Нақты көлік
түрімен бекітілген жол бойынша тасымалдау міндетін шешетін көліктік
кешеннен КЛЖ айырмашылығы, ол жеткізудің берілген тізбегі
бойынша жүктің анықталған категориясын тасымалдау
үшін логистикалық тізбек құрады (кесте 1).
1 кесте – Көліктік
және логистикалық кешеннің көліктік-логистикалық
жүйеден айырмашылығы
|
№ |
Негізгі
элементтері |
Көліктік
кешен |
Логистикалық
кешен |
Көліктік-логистикалық
жүйе |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
басқару |
Көлікті басқару
жүйесі |
Логистиканы басқару
жүйесі |
Тауарлар
қозғалысын жоспарлау және бақылаудың
біріктірілген жүйесі |
|
2 |
Инфрақұрылым |
Көліктік
инфрақұрылым |
Логистикалық
инфрақұрылым |
Жүктің
құнына қосылған операцияның кеңейтілген үлесімен
көліктік инфрақұрылым (контейнерлік терминалдар,
жүкті кедендік рәсімдеу орталығы және т.б. |
|
3 |
Жылжымалы құрамы |
Көліктің
барлық түрлері |
Қоймалар, ыдысты
орау, қоймалық және
манипуляциялық жабдықтар |
Барлық
логистикалық тізбек бойынша жүкті интермодалды тасымалдау
үшін көлік және буып-түю |
|
4 |
операторлар |
Көліктік компаниялар |
Логистикалық
компаниялар |
Көліктік компаниялар
және логистикалық делдалдар (3PL) және интеграторлар (4PL) |
|
5 |
міндеттері |
Тасымалдауды
көліктің анықталған түрімен тапсырысшы анықталған
жолмен орындау |
Логистикалық
қызметтерді орындау |
Жеткізудің
анықталған тізбектері шегінде жүктің
анықталған категориясы үшін логистикалық тізбектерді
құру шарттары |
|
Ескертпе - дерекөз негізінде автор
құрастырған [4, 76 б.] |
||||
Логистикалық жүйені көлікпен қамтамасыз
етудің, тасымалдауды басқарудан басқа негізгі
міндеттерінің бірі болып қоймалық қызмет көрсету
табылатыны анықталған. Берілген жағдайда тауарлық
қорларға қатынасы бойынша логистиканың мақсаты
бір уақытта екі өлшем, яғни белгі бойынша кеңістік
және уақытта қорлар мен ағындарды оңтайландыру
болып табылады, ол өлшемдер:
-
сұраныстың
мүмкін тербелісін есепке ала отырып әрбір айқындама бойынша
жеткілікті мөлшердегі жоғарғы мүмкін
ассортименттің көтерме қоймалар мен дүкендерде
сатылуына қол жетімділік;
-
тауардың
айналымдылығын жоғарылату, яғни тауарды сатып алу
(өндіріс) мен оны тапсырысшыға беру аралығындағы
кезең уақытын қысқарту.
Қорларды басқару тауарды жоғарғы сату
мақсатында қоймалық қалдықтардың орнын
толтыру міндетіне түйістіріледі.
Үлгілік аймақтық логистикалық кешен
көрсететін негізгі міндеттер ретінде келесілер анықталды:
-
жобаны жүзеге асыруда
ірі жеке инвестицияларды тарту;
-
жол бойындағы
сервистің кешендік инфрақұрылымы және
жоғарғы технологиялық өндірістік-қоймалық
объектілердің құрылысы;
-
ақпараттық,
коммуникациялық және инженерлік-техникалық
қамсыздандырудың заманауи және тиімді жүйелерін
құру;
-
дамушы ірі бөлшек
құрылымдар мен желілерге арналған тиімді үлестірушілік
желілерді құру;
-
халықаралық
стандарттар мен нормативтерді қолдану негізінде ақпараттық
алмасу, есеп және құжатайналымын жүргізу,
автокөлікті енгізуді оңтайландыруды, жіберуге қарайлайтын
заманауи ақпараттық технологияларды енгізу;
Жалпы
қолданыстағы көліктік-логистикалық
инфрақұрылымды құру міндеттерін шешуді жеделдету,
мемлекеттің, халықтың адекватты қажеттілігі, елді
әлеуметтік-экономикалық дамыту, сонымен қатар мемлекеттік
бюджетке жүктемені төмендету мақсатында көліктік-логистикалық
инфрақұрылымды дамыту үшін бюджеттен тыс қаражат,
соның ішінде жеке инвесторлардың қаражатын тарту тетіктерін
қалыптастыру қаже [5, 45 б.].
Көліктік-логистикалық
инфрақұрылымға бюджеттен тыс қаражат тартудың
негізгі бағыттары ретінде келесілерді ұсынуға болады:
-
көліктік-логистикалық
инфрақұрылымды ұстау және құрылысы кезінде
бюджеттік қаржыландыруды бюджеттен тыс қаржыландырумен алмастыру
және мемлекеттік-жеке серіктестігі арқылы қосымша
қаржылық ресурстар тарту және өз кезегінде мемлекеттік
меншікте тұрған объектілерді қолдану үшін оған
төлемдер енгізу;
-
көліктік-логистикалық
инфрақұрылымды қолданушыларға қызмет
көрсетумен, жобалаумен, құрылыспен, жөндеумен,
көліктік инфрақұрылыммен, құрылыс материалдарын
өндірумен, жол сервисімен байланысты мемлекеттік емес
кәсіпорындарды кеңінен тарту;
-
қарыздар, несиелер,
сонымен қатар мемлекеттік кепілдемелер жолымен саланың мемлекеттік
секторы үшін қаржылық ресурстардың қосымша
көздерін құру.
Мемлекеттік
қолдаудың маңызды құралдары ретінде
нормативтік-құқықтық құжаттарды,
дамыту бағдарламасын, логистикалық қызметке салық салудың
сараланған жүйесін жасауды қарастыруға болады.
Қазақстанда
ірі мултимодальдық көлік-логистикалық компаниясын
құру қажеттілігіне, мәселелерді шешу жолдарына
негізделген.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан
Республикасының Президентi - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы, "Егемен Қазақстан газетi" № 7 шығарылым,
2013ж, 5-7 б.
2.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 31 қаңтар .
3. Грузовые автомобильные перевозки. Сарафанова Е.В.,
Евсеева А.А., Концев Б.П. - М.: Транспорт, 2013.
4. Гудков В.А.Пассажирские автомобильные перевозки / В.А.
Гудков, Л.Б. Миротин, А.В. Вельможин, С.А. Ширяев. -М.: Транспорт, 2012
5. Савин В. И. Перевозки грузов автомобильным
транспортом: справ, пособие. - М.: Дело и Сервис, 2012.